Өлең: Сәби балалар үшін жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)

Алатаудың көркі—
Төсінен аққан бұлағы.
Ағын судың сымбаты—
Жайқалып шыққан құрағы.
Оркиіктің көркі—
Ойнақтаған лағы.
Сұңқарды сұлу көрсеткен—
Қанатының қияғы.
Тұлпар жүйрік болмағы,
Құрыштай құйма тұяғы.
Қолында перзент болмаса,
Жігіттің болмас сияғы.
Бала деген—адамның
Қойнынан жанған шырағы.
Баласы жоқ пәнденің
Саңырау болар құлағы.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Жайдарман (Қазақ ауыз әдебиеті)

Көрісеңші көзіме егіндей боп,
Жаңа шыққан егіннің көгіндей боп.

Қайырмасы:
Жайдарман қара көз,
Жақсы құрбым,майдай сөз.

Аңсап,шаршап алыстан келгенімде,
Жан көрінбей көзіме өзіңдей боп.

Қайырмасы.

Айналайын көзіңнің қарасынан,
Хат жазамын қасыңның арасынан.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Байжігітті әйелінің жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Асығыс айтып саспайын.
Бұлаңдап жүрген бұлғыным,
Қысқа болды-ау өмірің,
Аяққа құйған астайын.
Құдай қосқан қосағың,
Зарлап қалды жастайын.
Бес атаның баласы,
Мына бір сөзге қарашы,
Сенген жақсың кеткен соң,
Кімге сеніп жүрсіңдер?
Алыстап бара жатыр ғой
Ағайынның арасы.
Артықша туған арыстаным,
Мақшарда біткей жарасы.
Әуедегі жұлдызым,
Су ішінде құндызым!....
Өлеңдер
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Қазақ халқының тарихындағы отаршылдыққа қарсы күрес кезеңдерін тарих сабағында оқыту әдістері

Қай халықтың болса да ең маңызды ескерткіші оның тарихы. Сол тарихымыздың орыс отаршылдығы және кешегі КСРО кезінде бұрмаланып келгендегі, ақтаңдақтардың болғандығы ақиқат. Сол ақиқаттардың ең үлкені-халқымыздың ұлт-азаттық жолындағы күресі еді. Өткенді білмесең-болашағың бұлыңғыр. Өткенді білу-бүгініңк сабақ, болашаққа бағдар. Өзіңнің тарихыңды тану-елдігіңнің, өскеніңнің айғағы. Біз өткені жоқ халық емес едік, бірақ та сол өткенімізді біле білмей келдік. Біз тарихы жоқ халық емес едік, бірақ та тарихымызды тани алмай келдік. Я, кешегі қызыл империя тұсында тарихымыз өрескіл бұрмаланып, өктем саясаттың құрбанына айналдық. Кенесары Қасымұлы бастаған халық көтерілісі туралы шындықтыбілгенімізден де білмегеніміздің көп болғаны соның айғағы екені анық.
Халқымыздың небір заманды басынан өткергенін «елім» деп еңіреген қандай қасиетті ұл-қыздары болғанын білмей тұрып, өзіміздің кім екенімізді ұғамыз деу бекершілік екендігін ұқтық.
Тәуелсіздік-бұл халық ұшін рухани азаматтық, ешқандай байлыққа айырбастауға болмайтын өлшеусіз бақыт.
Міне осы Тәуелсіздік үшін Кенесары күресті, бар өмірін сарп етті. Қазақ елін біртұтас ел «Алаш» елі болса деп армандады. Тарихты әділ бағасын енді алып жатқан, арысымызды оқушыларға толық жеткізу мақсатында мен шығармашылық жұмысына Кенесарының ерлікке толы өмір жолын таңдадым.
Мақсатым: Оқушыға бізге тәуелсіздікті қалай келгенін түсіндіру, оларды Отанын сүйетін, ер жүрек, ұлт жанды етіп тәрбиелеу.
«Азаттың ащы дәмін, тәуелсіздіктің тәтті дәмін» татқан қайсар рухты Қазақ деген халықтың ұрпағы екендіктерін мақтанышпен айту. Кенесары батырдың туған жерінің азаттығы мен бостандығы үшін бар өмірін арнағнын оқушыларға жеткізіп, жастарды Отанға шын берілген азамат етіп тәрбиелеу. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Өлең: Жолдастар (Қазақ ауыз әдебиеті)

Еңбекшіл – біз кедейдің баласымыз,
Отанның жас жеткіншек панасымыз.
Орнатып бақ ордасын елімізге,
Тайсалмай ілгері өрлеп барамыз біз.

Жиналған көп жолдастар,
Қуанышымыз қол бастар.
Алдарыңа жиналған
Жаңа өспірім біз жастар.
Оқудан артта қалған
Елімізді ағарту – біздің арман......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Әкеден бала жас қалды-ау! (Қазақ ауыз әдебиеті)

Әкеден бала жас қалды-ау,
Ақылдан бәрі бос қалды-ау.
Бісміллә деп бастайын,
Көңілді жаспен басайын.
Иманды болғыр, сабазым,
Зарымды айтып сарнайын.
Сабазым еді ақ маңдай,
Жоқтаушы енді жез таңдай.
Ұжымақтан болсын орныңыз,
Шариғат жолы айтқандай.
Кесте тіктім ершімдеп,
Ою салдым өрнектеп.
Алладан ажал келді ме,
«Орта жаста алсын» деп.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Қазақстандық ғалымдардың ғылымға қосқан үлесі 1-сабақ (Жаратылыстану, 6 сынып, IV тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Әлемді өзгерткен жаңалықтар
Сабақ тақырыбы: Қазақстандық ғалымдардың ғылымға қосқан үлесі 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.7.1.2. Қазақстандық ғалымдардың жаратылыстану ғылымдарынының дамуына қосқан үлестерін талқылау
Сабақ мақсаттары: • Қазақстандық ғалымдардың жаратылыстану ғылымдарын дамытуда қосқан үлестерін анықтау;
• Қазақстандық ғалымдардың жаратылыстану ғылымдарын дамытуда қосқан үлестерін талқылау......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Салық кодексі | Қазақстан Республикасының салықтық жүйесінің құрылымы

Кіріспе.
¥йымдық-қүқықтық жағынан салықтар- бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.
Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратың ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында.
Салықтар қаржының бастапқы категориясы болып табылады.
Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Азамат дамуының бүкіл тарихы бойына салық нысандары мен әдістері өзгерді, игерілді, мемлекеттің қажеттіліктері мен сұрау салуларына бейімделеді. Салықтар тауар-ақша қатынастарының ахуалына әсер ете отырып, олардың дамыған жүйесінде айтарлықтай өрбіді. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі әрқашан салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңарумен қабаттаса жүреді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Өлең: Ау, Ғайша (Қазақ ауыз әдебиеті)

Айналайын, ау, Ғайша,
Өкпем деймін, өкпем деймін.
Жаман атың естілсе,
Өкпелеймін, ау, Ғайша,
Арадағы жел сөзбен кетсең алыс, кетсең алыс,
Менің ашуым басылмас,
Көпке дейін, ау, Ғайша.

[Қайырмасы]
Ал, ау, Ғайша, өзіңнен,
Жалт-жұлт еткен көзіңнен.
Кім қуанып, кім сүймес,
Жалғыз ауыз сөзіңнен......
Өлеңдер
Толық
0 0