Өмірбаян: Валентин Алифанов

Валентин Алифанов – «Усть-Таловка кентінің балалар өнер мектебі» КМҚКтеатр өнері бөлімінің оқытушысы
Валентин адам саны бес мыңнан аспайтын жұмысшылар кентінде туып өскен. Жоғарғы сыныптардан бастап іс-шараларды ұйымдастырумен айналыса бастады. 10 сыныпта әртістік карьера туралы шындап ойлана бастады, бірақ туған ауылында және Шемонаиха ауданында театр бағыты мүлде болмады. 2007 жылы «Алтай мемлекеттік мәдениет және өнер академиясының» «Театр қойылымы және актер шеберлігі» кафедрасының көркем шығармашылық факультетіне оқуға түсті.

Студенттік өмір өтіп жатты, ол үйіне келгенде ата-анасына: «Оқуымды аяқтағаннан кейін Отаныма қайтып келемін, жақсы өмір сүреміз» деп айтатын еді. Міне көп күткен түлектер оқуды аяқтады. Бірге оқыған курстастары Мәскеуге, Новосибирскіге, Красноярскіге, Екатеринбургке, Кемероваға кетіп жатты.......
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Хақназар хан кезіндегі Қазақ хандығының сыртқы саясаты 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.4 А Қазақ хандығының XVI – XVII ғасырлардағы дамуы
Сабақ тақырыбы: Хақназар хан кезіндегі Қазақ хандығының сыртқы саясаты 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.3.1.10 қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау
6.3.2.6 Қазақ хандарының сыртқы саясатын талдау
Сабақ мақсаты: Хақназар хан кезіндегі қазақ хандығының ішкі сыртқы жағдайын және территориясынын білу.
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Өлең: Алма жай (Қазақ ауыз әдебиеті)

Асыл қайрақ, ендеше, асыл қайрақ, оу,
Жүруші едік тепсеңнің басын жайлап.

Алма жай,
Алма жай, қарғам,
Әлу-гөй.

Келемін деп бұл жерге ойлағам жоқ , оу,
Келіп қалдым бұл жерге дәм-тұз айдап......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Бұрылтай (Қазақ ауыз әдебиеті)

Таңбасы жоқ, ені жоқ бұрылтайдың,
Сағасы өткел бермейді терең сайдың.
Құба жонға шоқытып шыға келсем,
Жұрты жатыр, өзі жоқ қалқатайдың.

Қайырмасы:
Ахау,бикем, жар-жар,
Алма мойын, ақ сұңқар.
Қош-есен бол, құрбым-ай,
Құрбылықпен жүрдім жай.
Ахау, айдай,....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Мүсиді он жеті жастағы қызының жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Туғаннан соң анадан-ой!
Адамзаттың бәрі өлген-ой!

Жетім бала дегізген.
Жетім қалдым жасымнан,
Кетер ме қайғы басымнан.
Біз жыламай, кім жылар,
Айрылған соң асылдан?!
Дүние пәни жалған-ай,
Көңілде қайғы-мұңымды
Таусылмас, айтсам арман-ай!
Арманым қатты, дертім зор,
Қасірет ойлап болдым қор.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Ақ бүркей салған қаралы әйелдің күйеуін жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Ақ бүркей салдым басыма,
Жер ортаға келген шағымда.
Басымнан бағым тайғаны,
Жаратқан Алла осы ма?!
Арман да арман арманның,
Ақ бүркей басқа салғаным.
Тасып тұрған көңілім,
Жасып бір шіркін қалғаның.
Опасыз дүние жалған-ай,
Ақ бүркей басқа салған-ай!
Салмасқа бар ма амалым,
Шырағым сынып қалған-ай!
Құдірет басқа салған соң,
Басымнан бақты алған соң.
Амалым бар ма көнбеске,
Ақылшым сенен қалған соң?!
Ақ бүркей салып жылайын,
Жылатқан соң құдайым. ....
Өлеңдер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының қауымдастықтағы

Кіріспе
Бұрынғы Одақтас Республикалардың, өзіндік егеменді мемлекет болып құрлуы экономикалық және әлеуметтік жағынан үлкен қиыншылықтар мен шығындармен жүруде.
Енді жаңа тәуелсіз мемлекеттер алдында күрделі таңдау тұрды. Олар: қол жеткізген тәуелсіздікке шүкіршілік ете отырып, оқшау қалу немесе Батыстың шикізат көзіне айналу, ал енді ең соцғысы бірлескен Еуропалық Одақты мысал ете отырып интеграциялық байланыстарды күшейтіп, кеңестік аймақта элемдік дамуда жаңа бір орталық құру.
Қазіргі таңда жаңа егеменді мемлекеттердің саяси егемендігінің халықаралық - құқықтық құрлу стадиясы аяқталды, сонымен қатар, элеуметтік - экономикалық және валюталық - қаржы жүйесі де құрлып бітті. Бірақ Кеңестер Одағының ыдырауының артықшылықтарымен қатар кемшіліктері де бар. Солардың бірі Кеңес Одағының ыдырауынан кейін біртүтас халықтың шаруашылық кешен қирады, көптеген сауда -экономикалық және өндірістік - технологиялық байланыстар үзіліп қалды. Бірақ мүның тиімді жақтары да бар, яғни бұрынғы отар елдер әлемдік қауымдастыққа өздерін зайырлы, демократиялық, құқықтық мемлекет ретінде таныстыруға мүмкіндік алды.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): 1836-1838 жж. Бөкей Ордасындағы қазақтардың көтерілісі 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.2В Отарлау және ұлт-азаттық күрес
Сабақ тақырыбы: 1836-1838 жж. Бөкей Ордасындағы қазақтардың көтерілісі 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.3.1.6 – ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының рөліне баға беру
Сабақ мақсаттары: 1836-38жж болған ұлт-азаттық көтеріліс барысындағы тұлғалардың тарихтағы орнын талдайды.
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Өлең: Япыр-ай (Қазақ ауыз әдебиеті)

Жаз болса жарқыраған көлдің беті-ай ау
Көгеріп көрінеді япурай алыс шеті-ау
Дірілдеп толқын басқан мөлдір суың
Шайқайды жас баладай япурай желдің лебі-ай

Алтын бу айна көлдің бетін жабар-ай
Ақ сәуле көктен төніп, япурай, маржан тағар-ай ....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Ақ кербез (Қазақ ауыз әдебиеті)

Мінген атым астымда бұқпа қара,
Ақ бетіңе шаң тисе ыққа қара.
Деңгейінен аулыңның ән салайын,
Танымасаң даусымды шық та қара.

Бетегелі белден боз,
Уағдалы еді айтқан сөз,
Айрылысар күн туды,
Қош-есен бол, айдай,
Ақ кербез, Ақ кербез.....
Өлеңдер
Толық
0 0