Функционалды сауаттылық- бұл тұлғаның әлеуметтік,мәдени,саяси және экономикалық қызметіне белсене араласуы,яғни,өз мамандығына,жасына қарамастан заман ағымына ілесе отырып,білімін арттыра түсу.
Қазіргі таңда мен 8 сынып оқушысымын.Алайда,ертеңгі күннің болашағының негізі боламын.Ал сол ертеңгі болашаққа білім берудегі,функционалдық сауаттылық дағдысының пайдасы мен кем тұстарын айта отырып,кемшілікті түзеу мақсатында ұсыныстарымды білдіретін боламын.
Өмірге деген үлкен жолды салып беретін мектептің білім берудегі маңызы зор.Ал сол білім ошағының қазіргі сәттегі жағдайы мен берер тәрбиесі қандай?
Заман талабы бойынша біздің оқып жатқан оқулығымыз бен алып отырған біліміміз функционалды сауаттылыққа негізделеді.Мұндай оқу түрі менің жаныма жағады.Себебі,кезінде тек теориялық негіздермен жұмыс істесек,қазір практикамен жұмыс істей отырып,оқулықта берілген оқылым,айтылым,жазылым дағдылары бойынша өз пікірімізді ашық жеткізе алып,сыртқы ортамен қарым-қатынас жасауға бейімделудеміз.Ал мұның керегі не?Не мақсатпен жасалып отыр деген сұрақ әркімнің көкейін түсуде.Менің ойымша,бұл оқу дағдысы баланың ортамен тілдесе алуы мен қазақтың тарихын жан-жақты түсіндіріп,өзге де білім салаларымен байланыстыра отырып,мамандық таңдауға өз үлесін қосады.Оның үстіне бала өзінің ойын ашық түрде айта алып,бір-бәрімізді критерий бойынша бағалап,әркімнің пікірі өзінше құндылыққа ие бола алады.Әйтсе де әрбір кереметтің бір кем тұсы болуы хақ......
Пән:Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: VI – IX ғғ. Қазақстан Сабақ тақырыбы: Қимақ қағанаты (1-сабақ) Сабақтың мақсаты: Оқушылар: • Көшпелілер мен отырықшы халықтың арасында экономикалық пен әлеуметтік байланысты талдайды.
Қазіргі таңда Қазақстан-бүкіл әлем таныған ел.Қазақстанның асты байлыққа толы.Жері құнарлы,елі жайсан,халқы мейірімді мемлекет.Қазақстан дамыған 30 елдің қатарында,көптеген ұйымдардың құрамында. Қазақ елін әлемдік аренаға танытқан,халық қамын ойлап,ел сенімін ақтап,жарқын болашаққа жол бастаған дара тұлға ол-Елбасы.Тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы тәй-тәй қадам басқан....
Пән:Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 9.3A Қазақстан тоталитарлық жүйенің нығаюы кезеңінде Сабақ тақырыбы: Қазақстандағы 1920-1930 жылдардағы индустрияландыру (1-сабақ) Сабақтың мақсаты: Қазақстандағы индустрияландырудың жүру барысы мен ерекшеліктерін анықтап, нәтижесін талдайды Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.4.2.1. Қазақстандағы индустрияландырудың жетістіктері мен кемшіліктерін талдау......
Жұмыстың жалпы сипаттамасы:. Абай тілін зерттеу- бүгінде қазақ филология ғылымының ауқымды саласы болып қалыптасып отырған абайтанудың өз алдына маңызды, зор тармағы.Абай тілін танып-таныту саласы өзінің зерттеу нысаналары мен әдістерін, сондай- ақ жеке және жалпы мәселелерін біршама анықтап, бір алуан еңбектер ұсынғанымен, арнайы жүргізілетін зерттеулердің қажеттігі даусыз. Абай тілі- кең, ауқымды тіл. Оның көркемдік тұрғысы, тілдік- стильдік арнасы да сан салалы. Бұл жұмысымызда Абай шығармашылығының лексикалық қабатын қамтуды басты нысан етіп отырмыз. Ақын поэзиясында, прозасында лексикалық қабаттардың әрқалай, әртұрғыда қолданғанын зерттеушілердің жұмыстары дәлелдеп отыр .Мемлекеттік ұлттық әдеби жазба тілдің негізін салушы Абай тәрізді қаламгердің тілін бірнеше аспектіден қарастырғанымыз жөн . Абай лексикасын генетикалық тұрғыдан талдағанда негізінен үш қабаттан тұрады деп қарастырамыз. Абай тілінде кездесетін араб-парсы қабытының үлкен тобы –тек ақын шығармашылығында кездесетін, бірақ қазіргі қазақ тіліне енбеген сөздер. Абай шығармашылығы арқылы қазақ әдебиетінің тарихына еніп, лексикалық тұрғыдан зерттелініп те жатқан араб- парсы сөздерінің де маңыздылығын атап өткен жөн.....