Өлең: Ойланшы өзің (Қазақ ауыз әдебиеті)

Дүние өте шығар құрдай пырлап,
Өтпейді-ау өтерінде, сірә, жарлап.
Екеуің, ойланшы өзің,
Бірге өскен кішкенеден құрбым едің.
Көңіліңді көтерелік күліп-ойнап,
Екеуің, ойланшы өзің.

Дүние өте шығар басыңыздан,
Бала едің әдеп көрген жасыңыздан,
Екеуің, ойланшы өзің......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Атқа көрісу (Қазақ ауыз әдебиеті)

Тайынан мініп қара атты,
Бәйге етіп баптап жаратты.
Тоғыз жыл тынбай жүгіртіп,
Минутын елге санатты.
Іле, Нылқы, Күнестің
Дүлдүлі болды қанатты.
Найзағайдай топ жарып,
Жұртты өзіне қаратты.
Иемдендің тұлпар деп,
Тай күнінде жасында,
Пырағың болсын бақида,
Сойып берем асыңа.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Көрімдік (Қазақ ауыз әдебиеті)

Төрде отырған сыпыра
Жастары үлкен ағалар.
Айттырмай сөзді білетін,
Ақылға артық даналар.
Сіздерге де қуаныш,
Жастары кіші балалар.
Келінді көрген адамнан,
Көрімдік деп мал алар.
Беретінін әр кісі,
Өз үйінде шамалар.
Келініңіз құры емес,
Отқа салып әкелген,
Нәрселері тағы бар.
Көңілі жақсы ағайын
Ашып беріп құттықтап,
Қалағанын және алар.
Алғанменен бергенді,
Көре алмаған ағайын
Сыртынан сөз ғып табалар.
Төрде отырған сыпыра,
Ханы менен падиша,
Келін келді көріңіз....
Өлеңдер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы ақша айналымы

Кіріспе
Ақшаның пайда болуы
Экономикадағы ақшаның пайда болуын, мәнін, қызметі мен рөлін анықтау ұмтылыстарының көп ғасырлық тарихы бар, атап айтқанда бұл сұрақтар Аристотель, А. Смит, Д. Рикардо, К. Маркс және т.б. еңбектерінде-ақ қарастырылған. Ақша теориясын XX ғасырдың бірінші жартысында А.Маршал, П. Самуэльсон, Дж. Тобин, Дж. Хикс, Ф. Мишкин, М. Фридмэн және т.б. сияқты қазіргі кездегі экономикалық ғылым өкілдері дамытты.
Ақшаның пайда болуы, жаратылысы және мәні туралы ортақ пікір жоқ. Бірақ та ақшаны анықтаудың көп түрін шартты түрде екі тұжырымдамаға бөлуге болады: рационалистік және эволюциялық.
Біріншісі (ол XIX ғасырдың аяғына дейін үстемдік етті) ақшаның туындауын мемлекеттің немесе адамзаттың жалпы келісімді бекітуінің нәтижесі ретінде түсіндіреді, яғни ақшаның туындауы тауарлық өндіріспен байланыстырылмайды.
Біздің пікірімізше, келесі тұжырым ғылыми көзқарас болып саналады, ол тауардың айырбастыұ кұнының эволюциялық даму нәтижесі ретінде түсіндіріледі, ақша адамдардың еркіне тәуелсіз түрде пайда болды. Айырбастық құн - бұл олардың салыстырмалы өрнектелуі немесе сатып алушылық құны.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Өлең: Дей салдым (Қазақ ауыз әдебиеті)

Сен де арманда, қалқатай-ей, мен де арманда,
Екі арманда жылайды айрылғанда, дей салдым-ей.
Кішкентайдан бірге өскен-ей құрбым едің,
Нең кетеді артыңа қайрылғанда, дей салдым-ай.

Ей, екеуім-ай,
Екеуім-ай,
Үкілі кер жүрмейді
Жетегіме, дей салдым-ай......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Алқызыл тас (Қазақ ауыз әдебиеті)

Қарағым айналайын, қарақат көз,
Тыңдасаң айтар едім азырақ сөз,
лилалай, сәулем, лилалай.
Барлығы мінез-ғұрып бір өзіңді,
Бағыңа қандай адам боласың кез,
лилалай, сәулем, лилалай.

Қайырмасы:
Ахахай, алқызыл тас,
Күнім-ау құрдас.
Көрген жан дидарыңа,
Болмай ма мас,
Лилалай, сәулем,л илалай.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Агаги, Қалқаш (Қазақ ауыз әдебиеті)

Қиылған құндыз кірпік, қолаң шашты,
Көргенде туған асыл қарындасты,
Ойымда тоқсан түрлі толқын туып,
Көңілден мазам кетіп, ұйқым қашты.
Агаги, қалқаш, ага ги-гай!

Жіңішке бітер айдай сұлу қабақ,
Ақ сүттей толықсыған уыз тамақ.
Шыдасын қалай ғана, шіркін, көңіл,....
Өлеңдер
Толық
0 0