Өмірбаян: Әлібек Ибраев

Әлібек Ибраев - "OSPAN ALI productions" креативті агенттігінің жетекшіс

Әлібек Ибраев - Фотограф, суретші және маркетолог. Визуалды өнер арасында сынамалар мен іздеу әдісімен фотосурет индустриясында өзін тапты. 2015 жылы Оспан Әлидің жұмыстары Миландағы EXPO-2015 Қазақстанның ұлттық павильонындағы халықаралық көрмеге қойылды. Бір жылдан кейін Әлібек 500 фотографтың арасынан іріктеліп, жұмыстары Париждегі " Карусель дю Лувр "сауда орталығында" Қазақстанның сұлулығы " фотокөрмесіне қойылған ең үздік 26 авторлардың ТОП-26-ға түсті.

2016 жылы Астанада "Тәуелсіздіктің 25 маманы" атты автордың жеке көрмесі өтті.

2017 жылы көктемде "мен қазақ даласының қызымын" атты екінші жеке фотокөрме ашылды.

Сонымен қатар, 2018 жылы Франция астанасындағы Лувра мұражайының атақты Париж алаңында "Қазақстан ырғағы" атты автордың жеке көрмесі өтті.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Қарахан мемлекеті 4-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.2A Х – XІІІ ғғ. Қазақстан территориясындағы мемлекеттер
Сабақ тақырыбы: Қарахан мемлекеті 4-сабақ
Сабақ мақсаттары: Қарахан мемлекетінде ислам дінінің енуіне байланысты өзгерістерді талдайды, исламның мемлекеттік дін ретінде жариялануының себептерін анықтайды.
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Түріктердің материалдық және рухани мәдениеті 3-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.2A Х – XІІІ ғғ. басындағы Қазақстан
Сабақ тақырыбы: Түріктердің материалдық және рухани мәдениеті 3-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.2.3.2 түркі ғалымдарының, соның ішінде әл Фарабидің орта ғасырлық ғылымның дамуына қосқан үлесін анықтау
6.2.2.4 түркі кезеңіндегі қоғамды бейнелеу үшін М.Қашғари, және Ж.Баласағұни еңбектерінің тарихи құндылығын түсіндіру
6.2.3.3 «Кодекс Куманикус» сөздігінің халықаралық байланыстардағы рөлін анықтау
Сабақ мақсаттары: Түрік ғұламаларының өз еңбектері арқылы әлем өркениетінің дамуына қосқан үлесін бағалайды.
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Қазақ-жоңғар шайқастары 4-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, І тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.4A бөлім Қазақ хандығының XVI – XVII ғасырлардағы дамуы
Сабақ тақырыбы: Қазақ-жоңғар шайқастары 4-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.3.2.1 – Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте танылған хандар мен батырлардың рөлін түсіндіру
Сабақ мақсаттары: Қазақ-жоңғар шайқастарының барысын түсіндіру.
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): XVIII ғасырдағы Қазақстандағы казак-әскери отаршылдығы 4-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.2В Отарлау және ұлт-азаттық күрес
Сабақ тақырыбы: XVIII ғасырдағы Қазақстандағы казак-әскери отаршылдығы 4-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.3.1.3 – Ресей империясының отарлық саясатының себеп-салдарын анықтау
Сабақ мақсаттары: Ресей империясының отарлық саясатының себеп-салдары мен барысын анықтау....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Өлең: Сен ғана (Қазақ ауыз әдебиеті)

Жайма шуақ көктемнің жасыл күні,
Бал-бұлақтан естейсін мың күлкіні.
Аспан асты бір саған құмартқандай,
Тамылжыйды аулақта бұлбұл үні.

Қайырмасы:
Аялап тербеткен,
Сұрашы жер - көктен!
Әлемнің сенде қызығы,
күннің де сенде қызуы,
Бір өзің аңсарым,.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Угай-угай (Қазақ ауыз әдебиеті)

Ай қараңғы аспанда түн емес пе, угай-ай,
Жақсы әйелдер өмірде гүл емес пе, угай-ай.
Қыздар гүл-гүл болғанда, жігіт бұлбұл, угай-ай,
Бұлбұл қонып гүліне түнемес пе, угай-ай.

Угай-угай - әніміз,
Арпа, бидай дәніміз.
Угай-ай деп ән салсаң,
Келіспей ме сәніміз.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Шығарма: Қасиетті жерім - Қазақстан

Бақытым бар үшінші – Отан деген,
Кім мықты? – десе біреу,- Отан дер ем.
Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай – ақ кел – дағы от ал менен.

М. Мақатаев

Біздің қазақ халқы да туған жер қадірін жас ұрпақ бойына, санасына бала кезінен – ақ сіңіруге ұмтылатындығынан туған жер жайлы мақал – мәтелдерден, аңыздар мен батырлық жырларынан көреміз. «Ит – тойған жеріне, ер – туған жеріне» немесе: «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» деп, ерекшелеп көрсетеді. Туған жерін сағынғанда патшалығын да тастап, елге тартқан Бейбарыс баба туралы аңыз да жүрекке жылы. Бұлардың бәрінен шығатын қорытынды әркімге туған жері, туған елі қымбат екендігі деп ойлаймын Егеулі найза қолға алып, еңку – еңку жер шалып, ел қорғаған батыр бабаларымыз бен аналарымыздың бізге қалдырған аманатындай туған елімізді қорғау, нығайту - әрбірімізге парыз. «Елің үшін отқа түс – күймейсің» дегендей, туған елінің бостандығы, жерінің азаттығы үшін күрескен әр замандағы ардақты ерлерін туған елі ешқашан ұмытқан да емес, ұмытпақ та емес ? «Алға қарайтын кез келді. Іске кірісер кез келді. Ерік – жігерімізді танытатын кез келді!» - деп Тұңғыш Президентіміз ауыл халқына да үндеу тастады. Бүгінде алтын бесік ауыл зор өзгерістердің бастауында тұрғандай. Өйткені келешек Қазақстанның нағыз ұлтжанды тұлғалары ауылдан туып шықпақ.Елбасымыз Нұрсұлтандай басшыларды, Шерхан, Әбіштей сөз зергерлерін, Бекзат пен Ермахандай дараларды тудырған алтын бесік – құтты қазынасы мол қазақи әлемнің біздің келешегіміз үшін берері әлі алда. «Таланттар ауылда туып, қалада өледі» деген сөз бар біздің қазақ халқында. Бұл біздің түп тамырымыз – ауылдың құрметіне сай айтылған сөз деп ойлаймын......
Шығармалар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Қазақстан Республикасында меншіктің әр түрлі формаларының қалыптасуы

Республикамызда нарықтың қарым – қатынастарды қалыптастыру бағытында көптеген шаралар жүзеге асырылуда. Оның сан алуан, тәуелсіз және тең құқықты субъектілерінің болуы – нарықты қалыптастыру ен оның тиімді жұмыс істеуінің қажетті шарты . Бұл мемлекет меншігіндегі кәсіпорындардың негізгі бөлігін мемлекеттік басқару органдарына тікелей бағынудан құтқарып, оларды акционерлік, кооперативтік және тағы басқа кәсіпорындарға айналдыруда қажет етеді.
Қазақстан Республикасының “Меншік туралы заңының” біршама ерекшеліктері бар. Сөз болып отырған заң – алғаш рет республиканың өз меншігін айқындап берді. Сөйтіп біздің республикамызда да меншіктік алуан түрлілігіне тұңғыш рет заң жүзінде рұқсат берілді. Сондай-ақ осы құжатта меншіктің бір түрін екінші бір түріне өзгерту мүмкіндігі және оның аралас түрлерінің болатындығы да ескерілген. Сол себепті бұл Заңда отбасы мен шаруа қожалығына, кооперативке, шаруашылық қоғамдар мен серіктестіктерге, қоғамдық ұйымдар мен қорларға, діни ұйымдардың меншіктеріне аранлған арнайы баптар бар.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 6 -шы бабында /1995жыл 30-шы тамыз/ былай айтылады:
1. Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік және бірдей қорғалады.
2. Меншіктік дүниелер өздерінің пайдалануларымен қатар қоғамдық игілікке қызмет көрсетілуін міндеттейді. Меншіктің субъектілері мен объектілері, меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге асыру көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктерді заңмен белгіленеді.
3. Жер және оның қойнауы, су көздері, өнімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады. Жер сондай – ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін.
Жеке меншік азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктерінің меншігі ретінде анықталады.
Мемлекеттік меншік өзі атын айтып тұрғандай мемлекеттің меншігі. Республика аумағындағы мемлекеттік меншіктің субъектісі Қазақстан Республикасы болып табылады. Мемлекеттік мүлікті иелену, пайдалану және билік ету құқығын жүзеге асыру Қазақстан Республикасы атынан белгіленген тәртіптер бойынша Парламентке жүктелген. Ол бұл құқықтарын Үкіметке беруі мүмкін.
Мемлекеттік меншік республикалық және коммуналдық меншік болып екіге бөлінеді.
Республикалық меншік республикалық қазақстан және заң құжаттарына сәйкес мемлекеттік республикалық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүліктен турады. Республикалық бюджет қаражат, алтын –валюта қоры мен алмас қоры, тек қана мемлекеттік меншік объектілері және мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп өзге де мемлекеттік мүлік Қазақстан Ресапубликасының қазынасын құрайды. Сонымен қатар, Республика қазынасының қатарына жер, оның қойнауы, су, өсімдіктер жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар жатады.
Коммуналдық меншік жергілікті қазынадан және заң құжаттарына сәйкес коммуналдық заңды тұлғалардға бекітіліп мүліктен тұлрады.
Дәл казіргі сәтте Қазақстан Республикасында меншіктің жеке және мемлекеттік меншік, сонымен қатар, осы екеуіне тән негізделген меншіктің әр түрлі түрлері заңды деп саналады. Олар:
 Арендалық кәсіпорынның меншігі;
 Кооперативтердің меншігі ;
 шаруашылық қоғамы мен серіктестіктің меншігі;
 Акционерлік қоғамның меншігі;
 Ассоциациялардың және бірлестіктердің меншігі;
 Қоғамдық ұйымдар мен қорлардың меншігі;
 Діни ұйымдардың меншігі.
Сонымен, нарықты экономикаға көшуге байланысты меншік қатынастарын қайта құру өзекті проблемалардың біріне айналып отыр. Меншік формаларының бүкіл қоғамдық организмнің өзін - өзі ұйымдастыру, өзін - өзі реттеуінің қажетті шарты. Бұл жағдайда меншіктің әр түрлі формасы өз орнын табады. Меншіктің әр түлрлі формалары бұл олардың механикалық жиынтығы емес, олардың динамикалық біртұтастығы, олардың бір – бірімен диалектикалық өзара байланыстылығы. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы инфляция және оны реттеу негіздері

Кіріспе
Курстық жұмыстың мақсаты – инфляцияның пайда болатын себептерін толығымен анықтап және баға беріп, одан туатын салдарымен күресудің жаңа жолдарын іздестіру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- инфляцияның әлеуметтік-экономикалық құбылысқа әсерін анықтау;
- ҚР инфляциялық жағдайын талдау;
- инфляция мәселелерін талдаудағы перспективаларын қарастыру.
Экономикалық құбылыс ретінде инфляция көптен бері өмір сүріп келеді. Оны тіпті ақшаның қызметімен тығыз байланысты деп санайды. «Инфляция» термині (латынның inflasio сөзінен шыққан – кебіну, ісіну) ақша айналысына қатысты ХІХ ғасырдың орта шенінде пайда болды және АҚШ – тың Азамат соғысы жылдары (1861-1865) қағаз долларының қисапсыз көп шығарылуымен байланысты болды. ХІХ ғасырда бұл термин сондай-ақ Англия мен Францияда қолданылды. Экономикалық әдебиеттерде инфляция ұғымы ХХ ғасырда бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін кеңінен таралды, ал бұрынғы кеңестік экономикалық әдебиеттерде 20-жылдары жазыла бастады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0