Өлең: Маусымжан (Қазақ ауыз әдебиеті)

Біреу күлсе жалғанда Маусым күлсін,
Күн нұрындай күлімдеп Маусым жүрсін.

[Қайырмасы]
Маусымжан, Маусымжан,
Танимын, қалқам, даусыңнан.

Еркетайы ауылымның - маусым алтын,
Тең құрбысы сағынып айтып жүрсін.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Шіркін, әннің бұлбұлы-ай (Қазақ ауыз әдебиеті)

Сен де мендей, ей құрбым, мен де сендей,
Неге селкеу тартасың көрмегендей, сәулем-ай.
Бір ауылдың сыйласқан баласы едік,
Еш нәрсе алып, еш нәрсе бермегендей, сәулем-ай.

[Қайырмасы]
Шіркін, әннің бұлбұлы-ай.
Өтеді дәурен бір күн-ай.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Тәтті мұң (Қазақ ауыз әдебиеті)

Жанымның аңсары, асыл айым
Жүрегімнің өрті сен
Сағындым несіне жасырайын
Ғашықтықтың дерті сен

Шуақ төккен жаным өзіңнен көңілге
Нұр болып сәуле себілген
Бір өзің, бір өзіңді сүйдім өмірде....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Маржан қыз (Қазақ ауыз әдебиеті)

Асқақтата салғаным жайлау әні,
Баққан малым жайлаудың болған сәні.
Қай жерімнен мін таптың, қалқатайым,
Менің жазған хатыма жауап қане!

Қайырмасы:
Кездескен күн есімде,
Айлы жаздың кешінде.
Еске сақта қалқатай,
Айта берем несіне......
Өлеңдер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ НЕСИЕЛІК АҚШАНЫҢ ҚЫЗМЕТІ

Нарықтық экономикада несие ақшалары банк жүйесінде маңызды рөл атқарады. Несие ықшаларының экономикадағы алатын орны елеулі екендігіне ешбір күмән жоқ. Олай болса, бұл тақырыптың өзекті екеніне көз жеткізуге болады. Жұмыстың мақсаты капиталдың, яғни қарызға берілген ақша капиталының жүру формасын несие, ақша капиталының ақша айналуын және несие берушінің қарыз алушы арасындағы қатынастарды көрсетеді. Оның көмегі арқылы жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттің бос ақша қаражаттарын шоғырландырып, қарыз капиталына айналуы және белгілі уақытқа қолдануға ақылы түрде беріледі.
Несиенің маңызы, сонымен бірге оны қолдау аясы елдің экономикалық жағдайына байланысты үнемі өзгеріп тұрады. Айталық, экономиканы орталықтанған жоспарлы түрде басқарудан нарықтық экономикаға өтуге байланысты біздің елімізде коммерциялық және ипотекалық, лизингтік, трастылық қаржылық банктік операцияларды пайдалану жаңғыртылады, сонымен бірге несие қатынастары мен несиенің көлемі, несие ставкасы да өзгереді.
Сонымен қатар несие қатынастарының нақты көрінісін несиенің формалары мен түрлері сипаттайды. Несиенің негізгі екі формасы: коммерциялық және банктік несие болады. Бұл екі несие бір-бірінен несие субъектілері, құрамы, қарыз объектісі, динамикасы, пайыз мөлшері және қызмет ету аясы бойынша ажыратылады. Несиенің түрлері бұл белгілі бір түрдегі экономикалық қатынас ретіндегі несиеден келіп шығатын белгілі бір қасиеттерге ие.
Қазақстан Республикасының қазіргі уақыттағы экономикалық жағдайы, оның ішінде несиелі ақша жүйесінде үлкен өзгерістер болып отыр. Несие толығымен экономикамен және оның жеке секторларымен тығыз байланысты. Сондықтан да бүгінгі таңда Қазақстанда күрделі өзгерістер болуда, яғни елдің экономикасының дамуы мемлекеттің несие саясатымен тікелей байланысты. Осы жерден байқайтынымыз несие қазіргі уақыттағы экономиканың тірегі болып табылады. “Несие” деген сөздің өзі, латын тілінен аударғанда “сенім” деген мағынада, ол белгілі - бір тұлғаның мойнына алған міндетін орындауға сенім көрсетуге дегенді білдірсе, екінші жағынан, несие, банктердің филиалдарымен несиелік мекемелердің қанат жаюымен ұштасып, сол арқылы қазақ даласының қойнауының капиталын кеңейтуге мүмкіндік береді.
Несиелiк ақшалар – тауар өндiрiсiнiң дамуымен, яғни тауарларды сатып алу және сатудың уақытын кешiктiрiп төлеуге берiлуiмен байланысты пайда болған ақшалар.
Негізінен несиелік ақшалардың негізгі түрлеріне вексель, чектер және банкноталар жатады. Бұл несиелік ақшалардың дамуы мемлекетіміз үшін өте маңызды болып отыр және олар осы жұмысты орындаудың өзектілін көрсетед....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Әлеуметтік топтар қазақ қоғамында қандай рөл атқарды? 4-сабақ (Қазақстан тарихы, 7 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.4 А Қазақ хандығының XVI – XVII ғасырлардағы дамуы.
Сабақ тақырыбы: Әлеуметтік топтар қазақ қоғамында қандай рөл атқарды? 4-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Қазақ хандығындағы әлеуметтік топтардың орнын анықтау
қоғамдық-саяси өмірдегі батыр, би, сұлтан, жыраулардың қызметтерін анықтау
Қазақстан аумағындағы мемлекеттердің билік жүйесінің ерекшеліктерін анықтау
Сабақ мақсаттары: Қазақ хандығындағы әлеуметтік топтардың орнын анықтау
қоғамдық-саяси өмірдегі батыр, би, сұлтан, жыраулардың қызметтерін анықтау.
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Эссе: Абай- қазақ әдебиетінің кірпіші

Қоғамда, поэзияда, музыкада, саяси өмірде өлмес, өшпес із қалдырған- Абай Құнанбайұлы.Ақын Абайдың шығармашылығы мен өмірі- халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоғалтпаған рухани мұрасы.Абай үні, Абай тынысы, Абай лебі- халық бейнесі, заман тынысы, қазақ үні.
Шынайы өнер туындысындағы тұрлаулы идея қалдырған, мәдениет пен ақындығын ұштастыра отырып, ақиқатты толғайтындығы туралы Міржақып Дулатов: :" Әдебиетіміздің негізіне қаланған бірінші кірпіші- Абай сөзі, Абай аты болуы керек...Ең жоғары, ардақты орын-Абайдікі",- деп, көркем өнердің бастауы, сөздің ұлы мағынасын айқындауышы ретінде танытады.

Абай ақындығын халыққа, ағартушылық мақсатқа бет бұрғызған.Ұрпақ мүддесі үшін ғылымның кілтін ашып, жігерлі жастық талабын білімге жұмсауға шақырған-ды.Сұлтанмахмұт Торайғыров:"Асыл сөзді іздесең,

Абайды оқы, ерінбе",- деп, сөз қадірін айнымас темірқазығына айналдырған хәкім Абайдың өнеріне тамсанған кейінгі буын өкілдерінің пікірі Абай образын аша түскендей......
Эсселер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасына шетел инвестицияларын тартудың механизмін жақсарту

Қазақстан Республикасы қазіргі кезде инвестицияға қолайлы мемлекет болып табылады. Инвестицияның өсуіне жағдай жасаушы факторлар арасында, Қазақстанның Азиялық региондағы геосаясатты жағдайын, соның ішінде бай пайдалы қазба орындарын, ауылшаруашылық потенциалын, сонымен қатар жұмысшы кадрларды тағайындаудағы жоғары білім деңгейін айтуымызға болады. Олардың республика аймақтарына қатысты стратегиялық көзқарастары қалыптасқан. Инвестициялы қызмет үшін қолайлы ортаны қалыптастыруға әсер ететін фактор бәрінен бұрын экономикалық және саяси тұрақтылығы, инфрақұрылымның дамуы және банктік жүйе, сонымен қатар дәлдік пен заң орындарының шетелдік инвесторларына қатысты дәлдігі болып табылады.
Қазақстан Республикасына шетел инвестицияларын тарту үшін жақсы жағдай қалыптастыруға әртүрлі теориялық және әдістемелік көзқарастар келесі ғалымдардың жұмыстарында бейнеленген: Б.С. Мырзалиев, Б.С.Изатуллаева, А.Кошанов, Б.Хусаинов, У.Угарова, А.Акашов, А.М.Сулейменова, В.Комаров, А.Алимбаев.
Курстық жұмыстың мақсаты
Қазақстан Республикасына шетел инвестицияларын тартудың механизмін жақсартудың негізгі жолдарын дамыту бойынша кешенді және ғылыми дәлелденген ұсыныстар жасау.
Қойылған мақсатқа сәйкес келесі міндеттер анықталды:
- дүниежүзілік шаруашылықтың жаһандануы және инвестициялық процестің теоретикалық аспектілерін қарастыру;
- шетел инвестицияларының Қазақстан экономикасының даму процесіне әсерін анықтау;
- Қазақстан Республикасында инвестицияларды пайдаланудың негізгі бағыттары мен реттеу мәселелерін қарастыру;
Зерттеу объектісі ретінде республиканың экономикалық сферасы алынды. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Қазақстан Республикасындағы осы кезеңдегі экономика жүйесі және оның ерекшеліктері

Республика экономикасы аса күшті дағдарысты жағдайда болып, әрбір күн үсті- үстіне жаңа проблемаларды көлденең тартуда, ал бұл жағдайда экономиканы тұрақтандыру мәселесін баған сайын қиындатып, оның өзі іс- қимыл стртегиясында да, тактикасында даелеулі түзетулер енгізуді қажет етіп отыр. Өндіріс одан әрі құлдырап, ұлттық табыс азайып бара жатқан жағдайларда жұмыс істеуе тура клкді.
Экономиканың қазіргідей жағдайға тап болуының себептері көп, олар жайында саясатшылар да, ғалымдар да жазып та, айтып та жүр. Солардың көбі республиканың ондаған жылдар бойғы «Социалистік» дамуы кезеңінен бері жалғасып келеді. Бірқатар факторлар республика экономикасының бурыңғы одақ экономикасымен барынша байланысты, Ресейдегі экономикалық реформаның бағыттары мен қарқындарына өте тәуелді болуына байланысты.
Сонымен қатар үкіметте экономиканы республикамыздың жағдайларына сійкес түбегейлі реформалау жөніндегі ғылыми негізделген стратегия да, бағдарлама да жоқ болды. Осы кезге дейін шалғай, көбінесе жергілікті мәні бар шешімдер қабылданып, олар жағдайдыжақсартудың орнына көбінесе нашарлататын, оған қоса кешіктірілетін, қабылданған шешімдерді жүзеге асыру ісінде жасқаншақтық байқалатын.
Мемлекет жаңа экономикалық құрылымдар жасау, кәсіпкерлік қызметтің барлық түрлерін кнңінен өрістету бағытында неғұрлым батыл күш-жігер жұмсауға тиіс болды, өйткені, біз көз жеткізгеніміздей, попополияндырылған экономика жағдайында бағаны ырықтандыру күткендегідей нәтижелер бермейді. Бірақ біз бұл мәселеде шабындық көрсетіп, басқалар қалай жасайды екен деп жалтақтаймыз. Негізінде заң актілері бар, олардың орындалуын, басқарудың барлық буындарын тарапынан қолдау көрсетілуін қамтамасыз етілуі қажет.кәсіпкерлікке қызмет көрсететін бүкіл жүйені, яғни рынок инфрақұрылымын жеделдете дамыту керек ....
Рефераттар
Толық
0 0