Кіріспе Мемлекеттің бірден-бір басты институты болып, бюджет жүйесі табылады. Осынау мыңжылдықтардың өзінде мемлекеттің қаржы ресурстары бюджеттік жүйеге қосылуы арқасында мемлекеттік және жергілікті бөлімдерге өз міндеттерш атқаруға үлесін косты. Бюджеттік жүйе экономикалық және әлеуметтік процестердің қоғам мүддесіне байланысты шешілуін қадағалайды. Бюджет ақша айналымы - ол мемлекет айнасы, экономикалық, әлеуметтік және саяси жағдайының өлшемі. Қоғамның әлеуметтік, экономикалық қүрылымында өте үлкен рөлді мемлекеттік басқару атқарады. Мемлекеттегі экономикалық және әлеуметтік саясатты жүргізудің бірден-бір механизмі қоғамдық қаржы жүйесі және оған кіретін мемлекеттік бюджет болып табылады. Тек осы мемлекеттік бюджет арқылы ғана мемлекет орталықтандырылған және қаржыларды қолдануға және білім беруге жүмсауға қолдана алады....
Кіріспе Салықтар кез-келген елдерде мемлекеттің қоғамдық-экономикалық құрылысы мен саяси іс-бағытына қарамастан ұлттық мемлекеттік кірістердің негізгі көзі болып табылады. Барлық елдерде мемлекеттік шығындар мен салық салу мәселелеріне үлкен көңіл бөлінеді. Нарықтық қатынастар қалыптасқан елдерде салықтар мемлекеттік және муниципиалдық табыстарды қалыптастыруда басты рол атқарады, экономиканы басқарудың күшті негізгі құралы болып табылады. Әсіресе олар ғылыми-техникалық прогрессті жеделдетуге, антиинфляциялық және құрылымдық саясатты жүзеге асыруда белсенді қызмет атқарады. Салықтар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің өмір сүріп дамуының негізі болып табылады. Әрбір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүзеге асыру үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет. Салықтар – мемлекеттің тұрақты қаржы көзі. Мемлекет салықты экономиканы дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланады. Сондықтан мемлекет алдында салық механизмін жетілдіру өте қажетті мәселеге айналған.....
Кіріспе Ақша – тарихи дамыған экономикалық категория. Ақша адамдарға ежелден таныс. Бiрақ оның пайда болғандығы туралы құпия сыры және өмiрiндегi мәнi көп уақытқа дейiн беймәлiм болды. Бұл сұрақтарға қоғам өмiрiн зеттей келiп, оқымыстылар ақшаның тауар айналымында атқаратын қызметтерiн, маңызын жан – жақты ашып, жауап бердi. Ақша – тауар өндiрiстiң өнiмi. Ол қоғам дамуының әрбiр сатысында өндiрiс және айырбас процесiнде адамдар арасында қалыптасатын экономикалық қатынастарды көрсетедi. Қоғам экономикалық әр түрлi үлгiсiне өткенде ақшаның маңызы арта түседi. Орталықтанған – жоспарлы экономикалық ақшаның мәнi шектеулi болды. Ақша, негiзiнен есеп жүргiзу және бақылау құралы ретiнде қосалқы қызмет атқарды. Жоғарғы басқару органдары әрбiр кәсiпорынның шығаратын өнiмiне натуралды және құн көрсеткiштерi түрiнде өнiмнiң көлемiне және түрiне жоспар бекiттi. Сол сияқты өнiм бағасын да орталық органдар бекiттi. Өндiрiлген өнiм тұтынушыларға келiсiм – шарт бойынша натуралыды өлшеммен бөлiндi.....
Бүкіл ғаламшардың халықтары, яғни жалпы адамзат дегеніміз – бүкіл әлемдік адам популяциясы. Адам популяциясының құрылымы мен санының өзгеруін демография зерттейді. Демография (грек. демос –халық)- халықтың құрылымын, құрамын, динамикасы мен көбеюін (туу, өлім, өмірінің ұзақтығы) қоғамдық-тарихи тұрғыдан зерттейтін ғылым. Адамзаттың саны туу қарқынымен анықталады. Бұл жағынан адам кез келген биологиялық түрге ұқсайды. Қазақстан Республикасы халқының саны , 1997 жылғы дерек бойынша 15 млн. 33,4 мың болды. Ал, 1999 жылғы санақ қорытындысы бойынша 14 млн. 953 мың 126 адам, оның ішінде қазақтардың саны – 7 млн. 984 мың адам. Яғни табиғи өсімнің төмендігі байқалған. Табиғи өсім дегеніміз – 1000 адамға шаққанда туғандар мен өлгендердің айырмасы. Қазіргі таңда Қазақстандағы орташа табиғи өсімнің көрсеткіші - 13 адамға тең болып отыр. Ең жоғарғы Қазақстандағы табиғи өсімнің көрсеткіші 60 жылдардың ортасынан бастап 70 жылдардың басында байқалды.. Ол кездегі табиғи өсімнің көрсеткіші 32 адамға тең болған. Халықтың табиғи өсімі республика территориясы бойынша әртүрлі болып келеді. Мысалы, Оңтүстік Қазақстанда – 16 адам, Қызылорда облысы бойынша – 14, Маңғыстауда – 12 адам болса, табиғи өсім бойынша төменгі көрсеткіштер Ақмола облысы – 2 адам, Алматы облысы бойынша – 5 адамды көрсетеді. Халық санының кемуі туылғандар санының кемуі мен мигранттардың санының артуына байланысты болып отыр. 5 жылдағы жалпы туылу коэффициенті 1000 адамға 19,1-ден 14,7-ге төмендеген. Осының нәтижесінде табиғи өсім 2,1 есеге кеміді. Қазақстандағы халық санының өзгерісіне әртүрлі себептер әсер етті. Мысалы, 1927 жылғы болжам бойынша 1932 жылғы халық саны 4,2 миллион адам болуы тиіс болатын, бірақ 1932-1937 жылдардағы ашаршылықтан 2,5 миллион адам қырғынға ұшыраған, соның ішінде қазақтар 32 пайыз, украиндар 30 пайыз, ұйғырлар 50 пайыз, өзбектер 68 пйызға дейін азайып кеткен, халық саны 57 пайызға кеміді. Ал 1926-59 жылдардың арасындағы жүргізілген конфискілеу, коллективтендіру және индустрияландыру кезеңдерінде жер аударғандармен Қазақстандағы тың игерушілердің көптеп келуімен халық саны тағы өзгеріске ұшырады. ....
Пән:Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.4В XVI – XVII ғасырлардағы экономика мен мәдениет Сабақ тақырыбы: XVI – XVII ғғ. қазақтардың рухани мәдениетінде халық өмірі қалай көрініс табады? Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Күй, аныз, шежірелерде, эпостық жырлардағы негізгі тақырып пен ойды анықтайды Сабақ мақсаттары: т б фщ п м и яч 6.2.2.1 күй, аңыз, шежіре, эпостық жырлардың тарихи дереккөзі ретіндегі маңыздылығын айқындау.
Бір ұлттың ұлттық этнонимінің шығуы, оның мән-мағынасы мен сөз төркіні тұманды мәселе. Тарихта ол талай ой-пікірді туғызып, айтыстар көтеретін, сан-алуан жорамал – жоруларды жорыққа шығаратын және бірауызды шешімге келе қою қиын күрделі мәселе. Сол сияқты, ''қазақ'' атауының шығу тегі, оның мән-мағынасы туралы мәселелер талай заманнан бері талқыланып, сан алуан жорамал-жоруларды, дәлел-деректерді тудырады. Менің бұл тақырыпты алған себебім тарих ғылымында әлі күнге дейін, бұл мәселеге дәл, тұжырымды, тоқ етер жауаптың жоқтығы. Бұл мәселені талқылауда, қазақ халқының құрылу, қалыптасу тарихы мен уақыты ''қазақ'' атауының деректемелер де жарыққа шығуынан ажырата білу қажет.Өйткені бір халықтың тарихи қалыптасуы мен оның атының бір уақытта бола бермей, ол ілгерінді-кейінді болып отырады. Алайда, бір ұлттың ұлттық атының шығу тегін, мән-мағынасын анықтау, сол ұлттың арғы тегі мен алғашқы кездегі тарихын түсінуге көмегі көп, маңызды мәселенің бірі. ''Қазақ'' сөзінің пайда болуына байланысты, ғалымдар әлі бір пікірге келген жоқ. Осы сөздің мағынасын түсіндіретін бізге көптеген ертегілер, аңыздар, мифтер, ғалымдардың еңбектері жетті. Кейбір ғалымдар, ''қазақ'' сөзі тайпалардың ыдырау нәтижесінде пайда болып, бұл сөз әлеуметтік мағынаға ие деп жорамал жасайды.....
Кіріспе Инвестициялар – мүлiктiк қазыналардың және оларға құқықтардың, сондай-ақ пайда мақсатында инвесторлар кәсiпкерлiк қызмет обьектiлерiне салатын интелектуалдық меншiкке құқықтардың барлық тұрлерi. Инвестиция (ағылшынның invistor - салымшы) бұл өндiрiстiк, кәсiпкерлiк және басқа да қызметтерге өнiм өндiрудi, жұмысты және қызметтi Ұйымдастыру және пайданы алу немесе басқа да түпкi нәтижелерге (табиғатты қорғау, тұрмыстық өмiрдiң сапасын арттыруы және таға басқаларға) жету мақсатында ұзақ мерзiмдi қаржылық салымдар. Олар материалдық және интелектуалдық бағалықтар болуы мүмкiн. Сонымен қатар инвестиция өндiрiстi дамытуға немесе өнiдiрiстiк емес сфераға күрделi қаржыны жұмсауды да айтамыз. Елiмiздiң геосаяси жағдайы жерасты қазба байлықтың молдығы шетел кәсiпкерлерiнiң аңсарын аударып отырғанымен инвестициялық салада проблемаларда баршалық. Соның ең бастысы өндiрiс орындарының өнiм өндiру көлемiн мүмкiндiгiнше қалыптастыра алмай тұрғандығы дер едiк. Осының салдарынан кейбiр салаларды инвестиция үшін берген қаржының бiраз бөлiгi сол кәсiпорындардың жалақы мен зейнетақы қарыздарын төлеуге жұмсалды. Мысалы, үстiмiздегi жылы инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асыруға бағытталған қаржы мөлшерi 1,2 миллиярд теңге қысқарды. °сiлi, бұл қаржы кәсiпорындарының iшкi құрылымын жетiлдiруге, техникамен жарақтандыруға, тағы басқа мақсаттарға жұмсалуы тиiс болған.....
Кіріспе Кез келген мемлекетте елдің бюджет! маңызды рөлді атқарады ол арқылы: таза үлттық табысты белуге және қайта белуге, жалпы үлттық өнімнің қүрылымына, қоғамның әлеуметтік қамсыздандыруына әсер етеді. Елдің мемлекеттік бюджеті қаржы жүйесінің басты буыны болып табылады. Мемлекеттік бюджет елдің орталықтандырылған ақша қоры. Бюджет арқылы барлық меншік нысандарының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің қаражаттары және ішінара халықтың табысы жүмылдырады. Олар экономиканы әлеуметтік-мәдени шараларды қаржыландыруға, елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға, мемлекеттік басқару органдарын үстауға, жергілікті бюджеттерді қаржылық жағынан қорғауга, үкіметтік борышты өтеуге, мемлекеттің материалдық және қаржы резервтерін жасауға және басқаларға бағытталады. Курстық жүмыс үш бөлімнен түрады: бірінші бөлімінде мемлекеттік бюджеттің экономикалық мазмүны, бюджеттің функциялары, бюджеттің юіассификациялары, мемлекеттік бюджет экономиканы басқару қүралы ретінде осы аталғандар бірінші бөлімде қарастырылды.....