Курстық жұмыс: Саясаттану | Қытайдың Қазақстанға байланысты саясаты

Біздің ұлы көршіміз Қытай мемлекетінің тарихының ең бір күрделі де қызық оқиғаларға толы кезеңі - оның 19 ғасырлардағы тарихы болып саналады. Дәл осы кезеңнен бастап, Қытай өзінің осыған дейін өзін қоршаған елдер туралы ежелгі заманда қалыптастырған дәстүрлі өркөкірек саясатына өзгерістер енгізіп, өзінен де күшті елдер мен халықтардың өмір сүретінтіндігін, олармен тең дәрежедегі, тіпті кейде оларға тәуелділікті мойынадайтын саясат ұстануға мәжбүр болады. Осындай жағдайларға байланысты Қытай дипломатиясының нағыз қитұрқы саяси принциптері дүниеге келеді.
Қытай, осы жылдары, өзiмен көршi жатқан көшпелi тайпалардың шабуылына ұшырап, тiптi Қытай мемлекетiнiң территорияларын жат жерлiктердiң бөлшектеп, оны өз иелiктерiне айналдырған кезеңiн де бастан кешiрдi. Қьrтай көшпелiлердiң басқыншылығы салдарынан осы кезеңнен бастап eкi үлкен аймаққа - Солтүстiк Қьrтай және Оңтүстiк Қытай деп бөлiнiп, бiртұтас Қытай халқының тiлi мен мәдениетi, өмip сүру тiршiлiгi, тұрмыс салты мен шаруашылығы жағынан бiр-бiрiнен айырмашылығы бар eкi аймақтың өзiндiк сипатқа ие халқы болып eкire бөлiндi. Солтүстiк Қытай жерi көшпелiлердiң ғасырлар бойғы шабуылдары мен басқыншылық ошағына айналғандықатн және орта ғасырларда, бұл жерде көшпелілердің бірнеше мемлекеттерi өмір сүргендіктен тiптi, жергiлiктi халықтың антропологиялық түр сипаты да өзгеріске ұшырап, олардың тілі де мәдени лингвистикалық жағынан бұрыңғы көне қытай тілінен, әрине, оңтүстік қытайлықтардың тілінен көп айырмашылыққа ұшыраған.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Моңғол империясының құрылуы 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:6.3 А XIII – XV ғасырдың І жартысындағы Қазақстан
Сабақ тақырыбы: Моңғол империясының құрылуы 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.2.2.3 – көшпелілердің әскери өнеріндегі жетістіктерін сипаттау;
6.3.1.6 – картаны қолдану арқылы XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердегі саяси үдерістерді түсіндіру
Сабақ мақсаттары: XIII ғасырдың басында Еуразияның саяси картасында қандай өзгеріс орын алғанын анықтайды.
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстандағы жекешелендірудің негізгі түрлері, әдістері, қорытындысы және қайшылықтары

Кіріспе
Қазақстан Республикасы 1991 жылы КСРО елдерінен бөлініп, өз тәуелсіздігін алды. Қазақстан тәуелсіз, дербес елге айналған соң, бұрынғы КСРО елдеріндегі жүргізілген жоспарлы эконоикадан нарықтық экономикаға өту мақсатын көздеді. Ол үшін ең алдымен барлық тауарлар мен қызметтердің бағасын либерализациялау, мемлекеттің меншігін жекешелендіру қажет еді. Нарықтық экономика еркін баға мен жеке меншіксіз дамуы мүмкін емес.
Нарықтық экономикада маңызды орын алатын «жекешелендіру» болғандықтан, оған тоқталып кетсек:
Жекешелендіру дегеніміз – азаматтардың және заңды тұлғалардың мемлекеттік меншік объектілерін немесе мемлекеттік акционерлі қоғамдардың акцияларын сатып алу. Жекешелендірудің басты мақсаты – жекшелендірілген кәсіпорындарда экономикалық өсуі арқасында ұлттық экономиканың тиімділігін арттыру. Сонымен қатар, мемлекетік бюджет тапшылығын азайту.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚАРЖЫЛЫҚ ТӘУЕКЕЛ МЕНЕДЖМЕНТІН ЖЕТІЛДІРУ

КІРІСПЕ
Қаржылар нарықты экономиканы басқарудың ең тиімді нысаны болып табылады. Қаржы негізінде құрылатын мемлекеттік бюджеттің кірісіне қарай әлеуметтік-кепілдік қызметінің мүмкіндігі белгілі болады. Қаржы саясаты аса нәзік және күрделі аспап, ол жеңілдіктер мен жазалау шаралары арқылы шаруашылық қызметтің барлық жақтарына әсер етеді.
Қаржылар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі қашан да болса оның қаржы жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен бірге қалыптасады. Қаржылар-шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жеке тұлғалардың мемлекет пен екі арадағы мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы қатынастарын сипаттайтын экономикалық категория. Қаржы жүйесін құрайтын міндетті төлем – салық болып табылады.
Қандай да болмасын мемлекеттің салық жүйесі негізінен екі қызметті атқарады. Біріншісі фискалды қызмет болса, екіншісі басқарушы қызметі. Фискалды қызмет ешкімді де алаңдата қоймайды, себебі кез келген мемлекеттің өмір сүруі үшін қаражаттың қажеттілігі өте маңызды нәрсе. Ал басқарушылік қызметі - қаржының ең негізгі қызметі.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Өлең: Ілияс Жансүгіров («Еңбекші қазақ»)

«Еңбекші қазақ» он жасар
Октябрьдің ұлысың.
Октябрьдің әскері,
Партияның тілісін.
Тіл дегеннің мәнісі
Большевиктер бастаған,
Күрескен көптің үнісің
Кешегі отар орнына
Құрылған Қазақстанмен
Бірге сенің туысың.
Ұдайынан он жылдай,
Сол жаңа елді жасауға.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Реферат: География | Қазақстан жеріндегі дәстүрлі шаруашылық мәдени типтер

Қазақ мәдениетін қарастырғанда туатын маңызды мәселе шаруашылық-мәдени типтердің (ШМТ) өзіндік ерекшеліктерін анықтаумен байланысты. Шаруашылық-мәдени тип ұғымы соңғы кезге дейін этнографиялық және тарихи зерттеулерде көбірек қолданылып келді. Шаруашылық-мәдени типтердің нақтылы мысалдары: арктикалық аңшылар, тропиктегі аңшылар мен терімшілер, өзен аңғарларындағы егіншілер, оазистік дихандар, еуроазиялық көшпелілер ж.т.б. Өзінің мағынасы жағынан ШМТ ұғымы мәдениеттанудағы хро¬нотоп ұғымына жақын. Алайда хронотоп негізінен көркем әдебиеттен алынып, рухани мәдениеттің кеңістіктік және уақыттық бітімдерін білдірсе, шаруашылық-мәдени тип материалдық мәдениеттің көрінісін айқындайды. Әрине, ШМТ-тід руханилықпен байланысы жоқ деп сыңаржақты айтылған пікір дұрыс емес. Онда салт-дәстүрлер, сенім-нышандар, фольклор, дүниетаным шаруашылық әдістерімен тығыз байланысты әрекет етеді.
Шаруашылық-мәдени тип ұғымының тым абстрактылы алынған түрі ретінде қоғамдық-экономикалық формацияны да көрсетуге болады. Бірақ бұл ұғым тым дерексіздендірілген және әмбебаптық сипаты жеткіліксіз. Мысалы, еуроазиялық номадаларды осы бес формацияның ешқайсысына тіркеп қоюдың негізі жоқ. Оларды «азиялық өндіріс тәсілінің» өкілдері деудің де реті аз. Бұл жерде Азия қүрылығындағы әртүрлі шаруашылық типтерінің арасындағы айырмашылық жоғалып кетеді. «Дала феодализм!» сияқты атаудың ойдан құрастырылғаны тікелей көрініп тұр.
Батыстық мәдениеттануда «мәдени ареал(аймақ) ұғымы да жиі қолданылады. Бұл ұғымның шаруашылық-мәдени тип ұғымымен жақындығы бар. Бірақ мәдени аймақ негізінен белгілі бір этномәдениеттің жағрафиялық детерминанттық факторларына басты назар аударады. Біртұтас мәдени ареалда әртүрлі ШМТ – дің болуы мүмкін. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Қазақстан Республикасындағы төлем жүйесінің құрылымы

Төлем жүйесі ұғымы нарықтық қатынастар жағдайында қолданылартын, яғни қолма-қолсыз есеп айырысу жүйесінің орнына келген жаңа ұғым болып табылады.
Төлем жүйесіне анықтама бергенде оның пайдалану ауқымынаң кеңдігін ескерген дұрыс.
Төлем жүйесі бұл:
- ақшалай аударымдар мен төлемдерге арналған ережелер, мекемелер және техникалық тетіктер жиынтығы
- шаруашылық субъектілердің материалдық не қаржылық ресурстарды сатып алу барысындағы қабылдайтын міндеттерді оындауға арналған тетңктер жиынтығы
- ақшалай қорлардың орын ауысуына не қозғалысына себеп болатын тетіктер жиынтығы
- орындауға тиісті міндеттемелер шегінде ақшалай аударымдар мен төлемдерді жасайтын төлем құралжарының жиынтығы.
- ақшалай аударымдар мен төлемдерді экономикалық және құқықтық жағынан қамтамасыз ететін бағдарламалардың, байланыс желілерінің және есептеуіш техникалардың жиынтығы.
Төлем жүйесінің мақсаты - тауар мен қызметтерді жабдықтаушы мен сатып алушылар арасындағы ақшалай аударымдар мен төлемдерді уақтылы заңға, ережеге және стаедарттарға сай жүзеге асырып, олардың міндеттемелерін өз уақытында орындалуын қамтамасыз ету ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық деңгейі мен оған қарсы күрес

Қазіргі кездегі біздің елімізде жұмыссыздар саны өте жоғары. Ол тек қана біздің еліміз үшін ғана емес бүкіл дүние жүзі үшін де ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Менің ойымша оның басты себебі, ССР кезінде Республикалар арасындағы өнеркәсіп бір-бірімен тығыз байланыста болып, Совет Одағы құлағаннан кейін көптеген кәсіпорындар жұмысын тоқтатуы және совхоздар мен колхоздарды таратуда дұрыс әдістерді қолданбау деп есептеймін.
Көптеген жылдар бойы еңбек міндет, Отан алдындағы борыш ретінде қарастырылып келіп, оны орындамағандар қоғамдық үгітке ие болып келді. Ал қазір барлығы өзгеріп, адамдар өздерінің жанын сақтау үшін еңбек ете бастады.
Соңғы бес жыл ішінде елдің қоғамдық-саяси және экономикалық өмірінде радикалды қозғалулар байқала бастады. Елді жұмыспен қамту жөніндегі реформалар кең көлемде жүзеге асуымен қатар елдің еңбекке деген көзқарасы да өзгере түсті. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Қазақ Автономиялық Кеңестік Республикасы құрылуының тарихи маңызы неде? (Қазақстан тарихы, 9 сынып, І тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімдік жоспардағы тарау: 9.1А ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан
Сабақ тақырыбы: Қазақ Автономиялық Кеңестік Республикасы құрылуының тарихи маңызы неде?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: Қазақстанда құрылған ұлттық автономиялардың маңыздылығына баға беру;
Қазақ зиялыларының қоғамдағы рөлі мен қызметін талдау.
Сабақ мақсаттары: Қазақстанда құрылған ұлттық автономиялардың маңыздылығына баға беру;
Қазақ зиялыларының қоғамдағы рөлі мен қызметін талдау......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0