Моңғол шапқыншылығынан кейін барлық қазақ рулары мен тайпалары Жетісуда алғаш рет бір мемлекетке біріктірілді. XVI-XVII ғ. қазақ хандығының шекарасы едәуір ұлғая түсті. Өз кезінде “Жерді біріктіру” процесін жедел жүзеге асырып, неғұрлым көзге түскен қазақ хандарының бірі – Жәнібек ханның ұлы Қасым. Қасым ханның тұсында (1511-1523) феодал ақсүйектердің қарсылығы әлсіреп, әскери қуаты артты. “Тарихи – Рашиди”, “Шайбанинама”, т.б. деректерге қарағанда, қазақтардың этникалық территориясының негізгі аудандары қазақ хандығына Қасым хан тұсында біріктірілген. Хандықтың шекарасы батыста Жайыққа, оңтүстік – батыста Сырдың оң жағалауына, Аралдан Маңғыстауға дейінгі жерлерді алып жатты. Оған Сыр бойындағы қалалар қосылды, солтүстікте Қасым ханның қол астындағы қазақтардың жайлау қоныстары Ұлытаудан асты. Оңтүстік – шығыста оған Жетісудың көп бөлігі (Шу, Талас, Қаратал, Іле өлкелері) қарады. Бастапқы кездерде қазақ хандығының саяси-әкімшілік және сауда экономикалық орталығы Сырдария бойындағы Сығанақ қаласы болды. Кейіннен Түркістан қаласы қазақ хандығына өткеннен кейін қазақ хандығының астанаы Түркістан қаласы болды. Қазақ хандығы Түркістандағы Ақ сарайда отырып билік жүргізген. Қазақ хандығының нығаюы және оның күшеюі мемлекеттік беделін арттырып, сыртқы саясат пен дипломатиялық қарым-қатынас саласында белгілі табыстарға қол жеткізді. Қазақ хандығы өмір сүрген Орта Азия хандарымен, Еділ бойындағы елдермен, батыс Сібір хандығымен және орыс мемлекеттерімен сауда және дипломатиялық қатынас орнатты. Қазақ хандығының негізін қалаушы Жәнібек, Керей, Бұрындық хандар – Ақ Орданың атақты ханы Ырыс ханның мұрагерлері, Алтын Орда мен Ақ Орданың 200 жыл ел билеген дәстүрін дамытушы, әскери-саяси және дипломатиялық күрес тәжірибесіне бай адамдар болды. Ал Қасым хан өте үздік шыққан мемлекет қайраткері болды. Қазақ хандығы алғашқыда Моғолстан мемлекетімен достық қарым-қатынас орнатып, Әбілхайыр ханның Жетісуға төндірген қаупіне және ойрат- жоңғар тайпаларының Моңғолстанға жасаған шабуылына қарсы күресті. Жошы тұқымынан шыққан хандармен одақтасып Әбілхайыр ханның мұрагері Шаих Хайдарды жеңді. Қазақ хандығы Қасым хан тұсында орыс мемлекетімен дипломатиялық қатынас жасап, батыс Европаға танылды. Ұлы князь Василий III тұсында (1505-1533) Москва князьдығымен дипломатиялық байланыс орнатты.....
Мен-қазақ, қазақпын деп мақтанамын, Ұранға «Алаш» деген атты аламын. Сүйгенім қазақ өмірі, өзім қазақ, Мен неге қазақтықтан сақтанамын? Сұлтанмахмұт Торайғыров Иә, мен- Қазақстандықпын. Неге? Себебі менің ата-анам, арғы ата-бабам қазақ, осы Қазақстан жерінде туып-өсіп, тамырын тереңге жайған қазақтар. Осы қазақтан тараған ұрпақ болсам, мен қалайша Қазақстандық болмаймын? Оның үстіне мен биыл 16-ға толдым. Қазақстанның толыққанды азаматы атанып, куәлік алдым.Тәуелсіз, егемен еліміздің мен де бір азаматы екенімді сезінудің өзі кеудеме мақтаныш сезімін сыйлайды. Қазір біз оқушымыз. Өз елімізге біздің дәл осы уақытта тигізе алар бірден-бір пайдамыз ол сабақты бар ынтамызбен оқу, еліміздің тарихын оқып, білу, салт-дәстүрін ұстану және құрметтеу, рәміздерді білу және қадірлеу деп білемін. Мен оқитын мектепте әрбір дүйсенбіде жаңа оқу аптасын еліміздің гимнін айтудан бастаймыз.Бұл өте дұрыс деп ойлаймын. Өйткені осы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимнін айтып тұрған сәтте менің бойымды еліме деген, Отаныма деген сүйіспеншілік, мақтаныш, патриоттық сезімдер кернеп тұрады. Бұл әрбір оқушының басындағы жай деп ойлаймын.Ендеше, осының өзі әрбір баланың бойында өз ұлтына, еліне, Қазақстанға деген патриоттық тәрбие беретінінің көрінісі.Патриот деген сөздің өзінде де терең мағына жатыр. Патриот дегеніміз – өз елін, жерін сүйетін, мақтан тұтатын, жауынан қорғайтын, тыныштығын сақтайтын адам.Мен өз елімнің патриоты болғым келеді......
Пән:Биология Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Адам қызметінің қоршаған ортаға әсері Сабақ тақырыбы: Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Оқушылар орындай алады: Адамның іс-әрекеттерінің экожүйеге әсер ететін салаларының мысалдарын келтіру Сабақ мақсаттары: ҚР Қызыл кітабына енгізілген өз өлкесінің жануарлары мен өсімдіктеріне мысал келтіру....
Пән:Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: VI – IX ғғ. Қазақстан Сабақ тақырыбы: Түріктер туралы тарихи деректер (1-сабақ) Сабақтың мақсаты: Оқушылар: • Көшпелілердің шаруашылығы жөнінде араб және қытай деректерін зерттеу;
Пән:Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.3 А ХІІІ-ХV ғғ. І жартысындағы Қазақстан Сабақ тақырыбы: Моңғол империясының ыдырауы нәтижесінде саяси картада қандай өзгерістер болды? 1-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.3.1.6 XIII-XV ғғ. Қазақстан аумағында құрылған мемлекеттерді білу және картаны қолдану арқылы саяси үдерістерді түсіндіру 7.1.1.2 XIII-XV ғғ. Қазақстан аумағында құрылған мемлекеттердің этноәлеуметтік құрылымын анықтау 7.3.1.7 ортағасырлық мемлекеттердің ыдырауының негізгі және қосалқы себептерін анықтау Сабақ мақсаттары: Моңғол империясы ыдырауы нәтижесінде орын алған өзгерістерді көрсету Алтын Орданың өмірлік циклін зерттеу «Тұлғаны таны» ролдік ойынын өткізу.
Қош енді, әкем, қош енді, Қоштасқан жерім осы енді. Қателігім болса енді, Кешір, әкем, балаңды, Кеттің-ау, әкем, кеттің-ау! Көзімнің жасын төктім-ау! Жел ұшырған қаңбақтай, Бұл дүниеден өттің-ау! Кең дүниеге симадың, Артыңда қалды жиғаның. .......................... Жолдасың болсын иманың. Әкетті сені бақиға, Алдамшы тірлік жасаған. Шаңырағың шайқалып, Мұртынан сынды босағаң.....
Жеңіс кілті Отан сүюшілікте. Ол балаға жергөкте жатқаннан бастап үйретілуі, қанына ұлтын сүюшілік ұлттың дәстүрмен сіңіру керек Бауыржан Момышұлы Патриот - Отанның мерейін үстем ету жолында, өз халқына деген сүйіспеншілігі жолында қолда барын, өмірін аямайтын адам. Патриот - ұлтын сүйетін, өз тарихын, туған тілін құрметтейтін,ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан салт - дәстүрін дәріптейтін, ұлттық қадір - қасиетімізді арттыруға үлес қосатын саналы тұлға. Туған елі үшін үнемі тер төге қызмет етіп, халқымыздың мол рухани құндылықтарын бағалай білетін асыл тұлға. Патриоттық тәрбие,ең алдымен,әрбір жеке тұлғаның ата-анасын,туған туыстарын жақсы көруден басталады емес пе?! Өз баласына жақсы тәрбие беру кез келген адамның міндеті, мейлі ол мұғалім,мейлі ол жұмысшы,дәрігер, не тағы басқа маман иесі болсын қоғамда парасатты, адамгершілігі жоғары бала тәрбиелеу кез келген адамның міндеті болуы тиіс. Тату тірлік пен ауызбірлік жылы ұямызға арқасын кең жайғанда адамгершілік атты асыл қасиеттердің адам бойына нық қонатынына, әрине, еш шүбә жоқ. Абай атамыз айтқандай,бүгінгі жастардың дүниенің кетігін тауып, қалануды көздеу,қоғамдық өмірден қол үзбей, өз елін сүюге,өз елінің тұрмыстіршілігін,салт-санасын, әдет-ғұрпын білуге тәрбиелеу- нарықтық кезеңде маңызы жоғары тұрған зор міндеттердің бірі деп ойлаймын.Халқымыздың тарихына терең үңіле білсек,жасынан жарқыраған күміс көмей әнші,жау жүрек батыр, нар тұлғалы палуан елі мен жері үшін аянбағаны баршаға мәлім. Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет екендігін бүкіл әлемге паш етті......
Кіріспе Қазақстанның бағалы қағаздар нарығы он жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келеді. Осы салыстырмалы азғантай уақыт ішінде ол эволюциялық дамудың барлық сатысынан өтті деуге болады, яғни алғашқы құрылудан тұрақтанып, дамуға дейін. Қазіргі кезде бағалы қағаздар нарығы халықаралық тәжірибе есебінен де, ел экономикасының спецификалық ерекшелігі есебінен де модернизацияланып, даму үстінде. Қор нарығының дамуының бір жаңашылығы, ол 2004 жылдың 7-шілдесінде республика парламенті қабылдаған «Инвестициялық қорлар туралы» Қазақстан Республикасының заңы негізінде инвестициялық қорлардың құрылуы. Мұндай заң алғаш рет 1997 жылы қабылданған болатын. Бірақ ол заң ескіріп, қор нарығының даму тенденциясына сәйкес келмей қалды. Осы алғашқы заң негізінде тек бір инвестициялық қор құрылып, бір жарым жылдан кейін инвесторлардың қызығушылығын тарта алмай, жабылып қалған болатын.....
ХVІІ ғ.аяғында Қазақстан аймағында бірнеше феодалдық мемлекеттер, яғни хандықтар құрылды. олардың әрқайсысы сұлтандардың, жеке ірі феодалдардың иеліктеріне бөлінді. Қазақ хандықтарының күрделі мемлкеттік аппараты болған емес. Басқару мақсатында феодалдық қатынастарға бейімделген патриархалдық институттар немесе бұрыннан қалыптасқан ру-тайпалық тәртіп сақталып отырды. Жалпы бұл кезде қазақ қауымы уш жүзге бөлінді. Үш жүздің халқы Қазақ хандығына бағынды. Үш жүзді билеген қазақ ханы "Ұлы хан" болды. Жүздерді кіші хандар, ұлыстарды сұлтандар, ру-тайпаларды билер, ру басылары, ал ауылдарды ауыл ағалары басқарды. Қазақ хандары мұрагерлік жолмен сайланды. Хан өлсе орнына үлкен ұлы отырды. Ер жеткен баласы болмаған жағдайда аға-інілері, немесе олардың балалары сайланды.....