Тақпақ: Көктем

Көктем келді жайнаған,
Күн сәулесі жарқырап
Құстардың даусы сайраған
Осы кез сондай тамаша......
Тақпақтар
Толық
0 0

Тақпақ: Білім

Оқу - білім бұлағы,
Деген сөз бар халықта.
Оқы, үйрен, әрқашан,
Үйренуден жалықпа!
Тақпақтар
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Әдебиет | Қазақтың ырым тыйым сөздері

Тыйым – халықтың тәлім - тәрбие, үлгі - өнеге, ақыл - кеңес берудегі тәрбие құралдарының бірі. Бұл негізінен балаларға арналған, оларды жаман әдеттен, жат пиғыл, ерсі қылық, әдепсіз істерден сақтандыруда өте үлкен қызмет атқарады. Кейде оғаштау іс істеп қойсақ, үлкен кісілер ылғи да: «Олай істеме, жаман болады» деп атайды. Халық арасында кең тараған осындай тыйым сөздерді зерттей отырып мен олардың жас балаларға арналғандарын жинақтадым. Сонымен бірге мағынасы, тәлім - тәрбиелік мазмұны жағынан бүгінгі заман талабына сай келетінін байқадым. Яғни біз ата - бабаларымыздың даналығы сол – қанша ғасырдан бері тыйым сөздердің мәні өзгермей, қасиеті кетпей бүгінгі заман жастарына беретін өнегесі көп. Ғұлама ғалым Әл - Фараби айтқан «Адамға бірінші білім емес тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» деген сөздеріне қазақтың тыйым сөздері толық мысал бола алады. .....
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Өлең: Енесін келіннің жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Қағыңнан алған қорегім,
Қайғылы болды жүрегім.
Қайғылы жүрек жазылар,
Апашым қайдан табылар?!
Мүдіріп кетсем мін болар,
Шариғатқа мін болар.
Иманды болғыр, апашым,
Енді өзіңдей кім болар?!
Әуеден ұшқан лашын,
Қиынға салар ұясын.
Алладан тура келген соң,
Ажалға бар ма лажың?!
Апам бір келді сексенге,
Жылайын жұртым сөксең де,
Қайтадан бүрлеп өнер ме,
Бәйтерек әкеп ексемде.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: 23-сабақ Э дыбысы Әңгімелеу мәтінін жазып үйренемін (3 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Сабақтың тақырыбы: 23-сабақ Э дыбысы. Әңгімелеу мәтінін жазып үйренемін
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.1.1.1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру;
3.2.5.1 берілген тақырып/сұрақ бойынша түрлі дереккөздерден (мәтін/сөздік/сызба/кесте/карта) алынған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау;
3.4.1.1 э, ф, в, ц әріптері бар сөздерді сауатты жазу;
3.3.1.1 жоспар/сызбаны қолдана отырып тірек сөздер арқылы әңгімелеу мәтінін, салыстыра сипаттау мәтінін, көмекші сөздер арқылы пайымдау мәтінін құрап жазу.
Сабақтың мақсаттары:
Оқушылардың барлығы:
- тыңдаған мәтін бойынша тірек сөздерді белгілей біледі, мәтін мазмұны бойынша жабық сұрақтарға жауап береді;
- жаңа сөздердің мағынасын түсіндірме сөздікті қолдану арқылы түсіндіреді;
- үлгі негізінде есте сақтап құрамында э дыбысы бар сөздерді сауатты жазады;
- жоспар бойынша берілген сөздер мен сөз тіркестерін қолданып әңгімелеу мәтін құрап жаза алады
Оқушылардың көпшілігі:
- тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілейді, мәтін мазмұны бойынша ашық және жабық сұрақтарға жауап береді;
- жаңа сөздердің мағынасын түсіндірме сөздікті қолдану арқылы түсіндіреді, сөздерді сөз таптарына қарай топтастыра алады;
- сөз құрамында дыбыстарды ажыратып, сауатты жазады;
- жоспар бойынша сөздер мен сөз тіркестерді өз бетінше іріктеп орынды қолданып мәтін құрап жаза алады;
Оқушылардың кейбірі:
- тыңдаған материалынан тірек сөздерді өз бетінше табады, мәтін мазмұны бойынша ашық және жабық сұрақтар құрастырады және нақты тұжырыммен жауап береді;
- жаңа сөздердің мағынасын түсіндіреді, сөздерді сөз таптарына қарай топтастыра алады;
- сөз құрамында э әрпі бар сөздерді сөйлем құрамында сауатты жазады;
- жоспар бойынша көркем бейнелі сөздерді қолданып мәтін құрап жаза алады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Тақпақ: Отбасым

Анам менің ардақты,
Ақ сүтін маған берген.
Әкем менің жан жақты,
Үйге табыс әкелген.
Атам менен әжем бар,
Тәрбиемен өсірген.
Кіп-кішкентай сіңілім,
Олда қолдау көрсеткен.
Отбасымды оп-оңай,
Теңеймін мен алтынға.
Тақпақтар
Толық
0 0

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Әл Фараби «Қашықтасың туған жер» (6 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Туған жерім - аялы алтын бесігім
Сабақтың тақырыбы: Әл Фараби «Қашықтасың туған жер»
Сабақ мақсаты: Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Мұқағали Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы 3-сабақ (8 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Махаббат және абырой
Сабақтың тақырыбы: Мұқағали Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы 3-сабақ
Сабақта жүзеге асырылатын мақсаттары: (Оқу бағдарламасына сілтеме) А/И2.Автор бейнесі.
Сабақ мақсаты: Автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдау.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әдемі және ерекше қыздар есімдері мағынасы (І әрпі бойынша ат қою)

ІНЖҮ – теңіз астынан алынатын түсі ақ, қызғылт немесе сары, кейде қара әдемі седепті тастар; Маржан.

ІҢКӘР - араб тілінен алынған — құмар көңіл, ынтық, аса жақсы көретін ынтызар. Біріккен тұлғалы есім – Іңкәрбала.
Есімдер мағынасы
Толық
0 0