Тақпақ: Бата

Я, құдайым оңдасын,

Еш жамандық болмасын.

Несібеміз нақ берсін,

Жолда жүрген қыдырды,

Қастарыңа алып келсін.

Дастарханың толы болсын,

Туған-туыс аман болсын.

Аумин!
Тақпақтар
Толық
0 0

Қазақша диктант: Қазақ тілі | Бала би

Бала бидің атасы азан шақырып қойған аты — Бименбет. Бала би — лақап аты. Бименбет әкесі Есенәліден он үш жасында жетім қалады. Әкесінің інісі Арғынбайдың атын ерттеп......
Диктанттар
Толық
0 0

Қазақстанда ұялы байланыс тарифтері арзандады

Ұялы байланыс операторлары 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап интерконнект ставкасын 13,02-ден 11,10 теңгеге дейін (ҚҚС-сыз) 15% төмендетті деп хабарлайды ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазақстанда ұялы байланыс тарифтері арзандады"ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің қатысуымен ұялы байланыс операторларының арасында 2012 жылдың желтоқсанында бекітілген интерконнект ставкасын төмендету жөніндегі Меморандумның шеңберінде 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап интерконнект ставкасы 13,02-ден 11,10 теңгеге дейін (ҚҚС-сыз) төмендетілді", - делінген хабарламада.

Интерконнект – операторлар арасындағы желіаралық байланыс. Интерконнект ставкасы бір оператордың басқа операторға өз абонентінің желіден тыс қоңырау шалғанда сөйлесудің әрбір минуты үшін төлейтін соманы анықтайды.
Жаңалықтар
Толық
0 0