Аш қарын жұбана ма майлы ас жемей? Тоқ тұра алмас дәмдіден дәмді іздемей. "Бір тойған - шала байлық" деген қазақ, Ет көрінсе, қайтеді күйсей бермей? Еңбек жоқ, харекет жоқ қазақ кедей, Тамақ аңдып қайтеді тентіремей? Ет пен қымыз сықылды ас жоқ дейді, Ол немене жоқтықтың...
Күллі мұсылманның ұлық мерекесі - Құрбан айт биыл 26 қазанда басталады.
Фото с сайта rus.azattyq.org
Бұл жөнінде Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы хабарлады. Құрбан айттың бірінші күні елімізде демалыс деп белгіленген.
Ал, екінші және үшінші күндері бұл жолы сенбі, жексенбіге келіп тұрғандықтан, үш күн демалыс деп жарияланды.
Ислам мейрамдары күндік емес айлық күнтізбемен есептеледі. Мұсылман баласының ұлық мейрамы, Құрбан айт жыл сайын Зулхиджа айының 10-ы күнімен сәйкес келеді. Биыл, ол 26-қазанға тұспа-тұс. Ертең, Зулхиджа айының бірінші күні.
Құрбан шалу айт намызынан кейін жалғасқаны абзал. Құрбанға 4 түлік мал шалынады. Ірі қара малды 7 адам бірігіп шалуына да болады. Ал, Ұлық мейрам толық 3 күнге, ал 4-ші күні екінті намазына дейін жалғасады,- дейді орталық мешіттің бас имамы.
Естеріңізге сала кетейік, діни бірлестіктер мен мешіттер қайта тіркеуден толығымен өтіп бітті. Сонымен қатар, биылғы жылы Қазақстанға 5500 қажы оралмақшы. Бұл өткен жылдан 1500 адамға артық.
Алпамыс батыржыры – қазақ халқының батырлар жырының ішіндегі ең көнесі. Батырлар жыры — қазақ ауыз әдебиетінің өте ертеден келе жатқан күрделі саласының бірі. Батырлар жыры бір ғасырдың ғана жемісі емес.Ол халықтың ертедегі тұрмыс-тіршілігіне, тарихына, қоғамдық өміріне байланысты туып, солармен бірге жасасқан. Сондықтан да батырлар жыры өзінің қалыптасып, даму процесінде көптеген өзгерістерге ұшыраған. XIX ғасырда батырлар жыры жазылып ала бастады. Бұл кезеңде көптеген ғалымдар қазақ эпостарын зерттеп....
Бір түлкі жүгіріп келе жатып, абайсызда бір терең апанға түсіп кетіпті. Шыға алмай тұрғанда, бір ешкі су іздеп жүріп, әлгі апанға кез болып,түлкіні көреді. - Ей, түлкі батыр, не қылып тұрсың? – депті. - Ой, не қыласың, жаным жай тауып тұр. Қырда әрі....