Дипломдық жұмыс: Экономика | Қазақстан республикасы аграрлық секторының даму мәселелері және шешу жолдары

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан экономикасында ауыл шаруашылығы ерекше маңызды сала болғандықтан аграрлық салаға байланысты мәселе мемлекет саясатының стратегиялық маңызы бар бағыты болып табылады. Мемлекеттің аграрлық саясаты біріншіден республиканың байырғы тұрғындары – қазақ халқының тағдырына, өсіп - өркендеу және әлемдік өркениетке қосылу мәселелеріне қатысты шешуші роль атқарады. Мемлекет жергілікті халықтың әлеуметтік экономикалық даму деңгейін қамтамасыз ету үшін, оның дәстүрлі, қалыптасқан ата кәсібі – мал және егін шаруашылықтарын, жалпы агроөнеркәсіп кешенін дамытуға экономиканың басқа салаларына қарағанда артықшылық беруі қажет. Ауыл шаруашылығы Қазақстан экономикасының негізгі салаларының бірі болып табылады. Аграрлық сектордың даму деңгейі қашан да қазақстандық қоғамның экономикалық және қоғамдық-саяси тұрақтылығын анықтайтын факторы болып келді және әлі де болып келеді.
Ауыл шаруашылығының еліміздің экономикалық-әлеуметтік өмірінде айрықша орын алатын баршамызға белгілі. Ауыл шаруашылығы дамуының деңгейі көбінесе елдің экономикалық қауіпсіздігін анықтайды. Қазақстанның ауыл шаруашылығына қолайлы жерлері көп болғандықтан, әлем нарығында бәсекелестікке қабілетті агроөнеркәсіп секторын дамытуға барлық мүмкіндіктері бар. Оған қоса, ел халқының жартысына жуығының әлеуметтік жағдайы ауыл аймақтарымен тығыз байланыста. Ауыл республика экономикасы дамуындағы маңызды фактор болса, ауыл халқы еліміздің қоғамдық – саяси тұрақтылығының да шешуші факторы болып есептеледі. Республика халқының 44 пайызы бүгінде ауылдық жерлерде тұрады.
Елбасының 2012 жылғы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағытты» атты Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында Үкіметке мал шаруашылығының басқа салаларын, оның ішінде қой шаруашылығын, сондай-ақ жемазық өндірісі мен шалғайдағы жайылымдық мал шаруашылығын дамыту жөніндегі бағдарламаларды жасауды қамтамасыз етуді тапсырған болатын [1].
Ауыл шаруашылығындағы экономиканың қалыптасуы, агрокәсіпкерлік құрылымдарды қалыптастырып дамыту аз уақыт ішінде өзінің нәтижелерін беретіні, нарықтық жағдайға сай құрылған агроқұрылымдар өндірістік тиімділікті арттыру барысында құлдырап кеткен ауыл шаруашылығының экономикасын жақсаруына, аграрлық саладағы кәсіпкерлік жүйесіндегі шағын және орта бизнестік субъектілердің ұлғая бастағаны мысал бола алады. Ауылдық жерді дамыту тек қана ауыл шаруашылығын дамытуды емес, одан әлдеқайда кең ұғымды, яғни ауылдық қауымдастықты қамтитын бүкіл қатынастар кешенінің дамуын көздейді. Ауылдың тұрмыс жағдайын жақсарту олардың мықты өндірістік және әлеуметтік сала мен қоршаған ортадағы жетістіктерін жақсарту арқылы мүмкін болады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қазақстандағы көрікті жерлер (6 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Қазақстандағы көрікті жерлер
Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы көрікті жерлер
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 6.1.4.1-мәтіннің құрылымдық ерекшелігіне назар аудара отырып, жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау.
Сабақтың мақсаттары:
Тыңдалым материалының құрылымдық ерекшелігіне назар аудара отырып, жетекші сұрақтар бойынша негізгі ойды анықтау ....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Шығарма: Қазақстандық патриотизм – еліміздің тұрақты дамуы мен гүлденуінің негізгі

Ортақ Отан – Қазақстан!
Отан – адамның туып өскен жері, туған – туысқандарымен, жақындарымен бірге тұратын атамекені, алтын бесігі, алтын ұясы. Қазақ жерінде тұратын адамдардың алтын бесігі, Отаны – Қазақстан Республикасы. Қазақстан – бір шетінен екінші шетіне дейін құс қанаты талатын ұлан– ғайыр кең мемлекет.
Егеменді еліміз – Туы, Елтаңбасы, Әнұраны бар тәуелсіз мемлекет. Егеменді ел болып, тілімізді, дінімізді, ділімізді иемдендік. Осы
тәуелсіздікке, егемендікке қол жеткізу үшін талай ер жүректі отандастарымыздың алаулаған жастық шақтары азапқа айналып, өмірлері қиылды. Олар ел тәуелсіздігі, ел бірлігі үшін жауға қарсы тұрды. Талай жастар туған жері Қазақстан үшін Ұлы Отан соғысында, ызғарлы Желтоқсан оқиғасында қазаға ұшырады.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Тәуелсіз Қазақстан

Менің Отаным - Тәуелсіз Қазақстан. Бүгінгі көк туымыздың желбіреп тұрғаны, бейбіт өміріміз батыр ата-апаларымыздың арқасы. 1991 жылы 16 желтоқсанда ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікке қол жеткіздік.......
Шығармалар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Қазақстанның темір жол қатынасы

Тәуелсіздік алған Қазақстанның көлік қатынасында темір жолдың маңызы ерекше зор.Өйткені темір жол арқылы республиканың халқы тек біздің елімізде ғана емес,сонымен қатар бүкіл жер бетінің барлық аймақтарына ешқандай қиындықсыз бара алады және қажетті тауарларын жеткізе алады.Қазіргі кезде Қазақстан темір жолының үлесіне көлік қатынасының барлық түрлері бойынша тасылатын жүктің төрттен үш бөлігін қалалар мен ауылдар және басқада жерлерге жол жүретін жолаушылардың тең жарымы тиеді.Темір жолдарды техникалық жағынан қамтамасыз ету және жүк тасу жөніндегі Қазақстан ТМД елдері арасында Ресей мен Украинадан кейінгі үшінші орында алады. Тек 1991-2003 жылдар аралығында Қазақстан темір жолы арқылы 220-миллион тонна мұнай өнімдері 1,1 миллиард тонна көмір 60 миллион тоннадан астам қара металл барлығы – 2,5 миллиард тонна әр түрлі халық шаруашылығы жүктері тасылған.
Қазақстан темір жол көлігіне талаптар жыл өткен сайын өсіп отыр және оның басты міндеттері Президент Н.Ә Назарбаевтың Қазақстан – 2030 стратегиялық Бағдарламасында көрініс тапқан.Олар темір жол қатынасының негізгі бағыттарын қазіргі кезеңнін талабына сай қайта құру сондай – ақ Трансазия магистралы бойынша жүк тасуды жетілдіру. Шет елдермен байланыс жасауда аса маңызды Достық-Ақтоған станциялары арасындағы жол қатынасын одан әрі дамытып тасылатын жүктін көлемін жылына 10 млн.тоннаға жеткізу. Жүк тасылатын басты аймақтарда қазіргі кезеңнін талабына сай жүк сақтайтын терминалдарды ұйымдастыру барлық көлік және комуникациялық орындардың құрылымдарымен қайтадан қарап жетілдіру.
Бұл маңызды мәселелерді шешуде Қазақстан темір жол құрылымын одан ары жетілдіру ерекше орын алады. Республикада 1977 жылға дейін өз алдына бөлек бір-біріне бағынбайтын Тың темір жолы Алматы және Батыс Қазақстан темір бөлімдері жұмыс істеді.Бірақ олардың іс жүзіндегі қызметі 1991 жылдан басталған нарықтық экономика талаптарына сай келмеді.....
Рефераттар
Толық
0 0

Географиядан сабақ жоспары: Қазақстандық географтардың зерттеулері (9 сынып, I тоқсан)

Пән: География
Бөлім: Литосфера
Сабақ тақырыбы: Қазақстандық географтардың зерттеулері
Сабақтың мақсаты:География ғылымының дамуына үлес қосқан қазақстандықтардың зерттеулері туралы баяндайды..........
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: Менің Қазақстаным - менің болашағым

Тәрбиеші: Ахметова Сандуғаш Боранбаевна, Малайсары ауылы, Малайсары ЖОББМ жанындағы шағын орталық
Тақырыбы: «Менің Қазақстаным - менің болашағым»
Мақсаты:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны, Елтаңбасы және Туы туралы білімдерін дамыту. Балалардың сезімталдық, қиялшылдық; естігенін, көргенін қайта жаңғыртып, есте сақтау, есіне түсіріп толқу, жақсылық істеуге талпыну сияқты қабілеттерін дамыту.
Өз республикасын танып –білуге, жақсы көруге, Отанына деген сүйіспеншілікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының картасы (балалардың суреттері жапсырылған түрлі түсті гүлдер), Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері.
Қанатты сөз:
1. Туған жер – алтын бесік.
2. Отансыз адам - ормансыз бұл-бұл.
Ертеңгілік барысы: Ертеңгілік Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталады. (Балалар орындарынан тұрып әнұранды айтады.)
- Біздің республикамыз Қазақстан деп аталады. Біздің еліміз – тәуелсіз мемлекет. Яғни, біздің еліміз тәуелсіз болғандықтан, өз мемлекеттік әнұраны, елтаңбасы және өзінің мемлекеттік туы бар. Біздің ұлттық тіліміз –қазақ тілі. Республикамыздың президенті – Н. Ә. Назарбаев.
- Балалар, мынау біздің еліміз Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы– көгілдір түсті тік бұрышты кездеме. Тудың ортасында күннің 32 шұғыласы, оның астында қалықтаған қыран бейнеленген. Сабына бекітілген тұста ұлттық оюлармен кестеленген тік жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек – алтын түсті.
Балалармен сұрақ –жауап арқылы түсінгендерін пысықтайды.
- Балалар, тудан ненің бейнесін көріп тұрсыңдар?
- Күн, құс пен оюдың бейнесін көріп тұрмыз......
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0