Курстық жұмыс: География | Қазақстан қорықтары

Кіріспе
Көлемі 2,7 миллион шаршы километр жерді алып жатқан байтақ өлке өзінің саялы да аялы қалың орман – тоғайы, оны мекендеген сан түрлі хайуанаттары, айдын – шалқар көлі, сарқырап аққан өзен суымен бай, көрікті. Біздің өлкеде 34 миллион гектар жыртылған құнарлы жер, 186,9 миллион гектар шыбындықтар мен жайылымдықтар, 22 миллион гектар орман, Д. И. Менделеевтің периодтық кестесінің барлық элементтерін жинақтаған түрлі қазба байлықтардың ірі кен орындары, 11 мың өзен, 7 мыңнан астам көлдер мен су қоймалары бар. Сондай-ақ туған өлкеміз алуан түрлі жан – жануарларға өте бай. Осы мол табиғат қазыналарын көздің қарашағындай сақтап, қорғауда республикамыздағы Алматы, Ақсу – Жабағылы, Барсакелмес, Қорғалжын және Наурызым қорықтарына қоса 1976 жылы ұйымдастырылған Марқакөл қорығының маңызы зор. Ұлан – байтақ республикамызда келешекте де осындай табиғи лабораториялар көбейе берсе дейміз.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қазақстан жері – ұлттар достығы мекені (5 сынып, IV тоқсан, 1 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қазақстандағы ұлттар достастығы.
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан жері – ұлттар достығы мекені
Жүзеге асатын оқу мақсаттары: Ж2.Эссе құрылымын сақтай отырып, адамды, табиғатты, белгілі бір оқиғаны сипаттап жазу
ТБ1. Сөз таптары. Болымды, болымсыз етістіктерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану
Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар: Жаңа сөздерді меңгеріп, бейнематериалдың мазмұнын түсінеді.
Көптеген оқушылар: Берілген тақырыпқа байланысты эссе жазады.
Кейбір оқушылар: Жазылған эсселер бойынша өз пікірлерін білдіреді, талдай алады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): XIX ғасырдағы мәдениеттің дамуы 4-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.4А XIХ-XX ғасырдың басындағы Қазақстанның мәдениеті
Сабақ тақырыбы: XIX ғасырдағы мәдениеттің дамуы 4-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 7.2.2.1 – халық ауыз әдебиеті мен музыка өнері туындыларының тарихи дереккөзі ретінде құндылығын бағалау
Сабақтың мақсаты: XIX ғ. өнер туындыларының қоғамдағы саяси-әлеуметтік жағдайды танып білудегі орнын анықтау...
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Экология | Қазақстандағы экологиялық апат аймақтары

Республикамыздың аумағында кездесетiн мол табиғат ресурстары тиiмдi және тиiмсiз жолдармен игерiлiп келедi. Әcipece қазба байлықтарды өндiру мен өңдеу, оларды тасымалдау барысында, ашық кен өндiрiстерiнде кен қазғанданда табиғат орасан зор зардап шегедi. Оның үстіне елiмiздегi полигондар орналасқан аумақтарды экологиялық тұрғыдан апатты аймақтарға жатқызуға болады.
Семей өңiрiндегi сынақ аймағының радиоактивтi заттармен ластану деңгейi өте жоғары. Осы аумақта шоғырланған 154 өнеркәсiп орнынан жылына 294 мың т улы химиялық заттар қоршаған opтaғa таралады. Мәселен, Семей қаласы бойынша ауыр металдардың шектеулi рауалы шоғырлануы жөнiндегi көрсет¬кiштерге көңіл бөлсек, мыс-100, хром-100,қорғасын-100, мырыш-300, кобальт-50, никель-50 есеге артқан.
1990 жылғы мәлiмет бойынша, Қазақстан аумағында ядролық қару сыналғaн жердiң көлемi облыстарда: Ақтөбеде - 4207,5, Атырауда-1635,3, Шығыс Қaзaқстанда-11,1, Жамбылда- 2576,1, Қарағандыда - 4900, Батыс Қазақстанда - 1558,8, Орталық Қазақстанда - 19,6, Maңғыcтayдa - 21,4, Павлодарда - 717,0, Oңтүcтiк Қазақстанда - 8,1, Шығыс Қазақстанда - 941,2 мың га жердi қамтыған. Аталған облыстарда 50 жылдай бойы Ресейдiң әскери ведомостволары 500-ге жуық ядролық сынақ жасап, 20 млн га шұрайлы жердi жарамсыз еткен. .
Батыс Қазақстан аумaғында 1966-1979 жылдар аралырында 24 ядролық қapy сыналған. Сынақ Maңғыcтay облысында 3 рет, Батыс Қазақстанда 4 рет, ал Атырауда 17 рет жасалған. Соның iшiнде ең ipici Азғыр полигоны ғана 61 мың га жердi алып жатыр.3ерттеу нәтижелерi бойынша Нарын, Азғыр құмдарында ауыр металдардың шектеулi рауалы шоғырлануы көбейiп, цезий - 137, кадмий - 80-120, стронций - 150, қорғaсын - 80, нитрат – 88 есеге apтқaн.
1988-1991 жылдар аралығында тек қaнa Тайсойған поли¬гонында 24000 зымыран сыналып, 30 мың т жанармай жaғылған. 1994 жылы 5 шiлдеде және 27 қазанда апатқа ұшырaған "Протон" зымыран тасығышынан бөлiнген гептилен уы Қарағанды облысының жерiне орасан зор қауiп төндiрдi. Оның зардабы елi белгiсiз болып отыр.
Қазiргi кезде Қазақстан жерiнің 33,6 млн га жерi әскери полигондардың кecipiнeн бұзылғаны анықталды. Сол сияқты республика аумaғында барлығы 16 млрд т радиоактивтi қалдық жинақтaлған. Ол қалдықтар Ақмола облысының - 800 га, Жамбыл облысының - 190 га, Қарaғанды облысының - 25 га, Қызылорда облысының - 3 га, Оңтүстiк Қазақстан облысыньщ 2 га жерiн алып жатыр. Мұны Қазақстандағы радиациялық апат аймақтары мен олардағы қазiргi қалыптасқaн жaғдайлар келтiрiлген фактiлер арқылы көруге болады ....
Рефераттар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Менің Отаным – Қазақстан (7 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Қазақстандағы ұлттар достастығы
Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным – Қазақстан
Жүзеге асатын оқу мақсаттары: Ж2.Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын мақала, нұсқаулық, әңгіме құрастырып жазу.
Сабақтың мақсаты:
Жанрлық стиліне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып мақала жазады.
Барлық оқушылар:
Мәтіндегі көркемдегіш құралдарды барынша ажырата алады.
Көптеген оқушылар:
Мақала жаза алады, көркемдегіш құралдарды қолдана алады.
Кейбір оқушылар:
Өзіндік стильде көркемдегіш құралдарды нақышына келтіре отырып мақала жазады......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Шығарма: Менің Отаным-Қазақстан

Менің Отаным-Қазақстан. Мен өзімнің қазақ елінде туғанымды мақтанышпен айта аламын. Қазақ елі өте бай және тәуелсіз ел. Қазақстанда мерекелер өте көп болады. Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш президенті- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Елбасымыз еліміздің көркеюіне үлкен үлес қосқан. Мен президенттің осындай адам болғанына қуанамын......
Шығармалар
Толық
0 0