"Жеті бөлімнен тұрады": Тәуекел Мүсілім тойын осы жазда дүркіретіп атап өтпекші

Отандық шоу-бизнес серісі Тәуекел Мүсілім үйлену тойын осы жазда өткізетін болды. Осы жылдың ең басты мерекелік шарасы аса ерекше үлгіде ұйымдастырылмақ. Белгілі актер мен оның жарының көптен күткен дүбірлі тойы жеті бөлімнен тұратыны белгілі болды деп жазады NUR.KZ.

Бұл туралы еліміздің аса танымал ивент-орталықтарының басшысы Жан Мұқанов мәлімдеді. Тәуекел Мүсілім оған өз тойын басынан аяғына дейін ұйымдастыруды сеніп тапсырған......
Жаңалықтар
Толық
0 0

Қазақстандықтардың орташа жалақысы 112 792 теңгені құрады

2013 жылғы шілдеде бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 112 792 теңгені құрады, деп хабарлайды ҚР Статистика агенттігі өз сайтында.

Атаулы жалақы индексі 2012 жылғы шілдеге 105,8%, ал нақты жалақы индексі 99,9% құрады.

Салалық құрылымда ең үлкен жалақы кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте - 211,5 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 1,9 есеге асады), кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді қазуда - 208,5 мың теңге, қаржы және сақтандыру қызметінде - 198,0 мың теңге (1,8 есе) белгіленді.

Ең төменгі жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығы қызметкерлерінде белгіленді - 56,6 мың теңге, бұл ел бойынша орта көрсеткіштен 49,8%-ға төмен. Өңірлік бөліністе ең жоғарғы жалақы Атырау облысында белгіленді - 197,1 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен 1,7 есеге асады.

Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарында мұның шамасы 79,3 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 29,7%-ға төмен.

Жаңалықтар
Толық
0 0

Елбасы оқушыларға спортпен шұғылданып, кітапты көп оқуға кеңес берді

Бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бір топ елорда мектептері түлектерімен "Жаңа қазақстандық патриотизм" тақырыбында өткізген сабақ барысында оқушыларға спортпен шұғылданып, кітап көп оқуға кеңес берді, деп хабарлайды BNews.kz.

"Егер менің күн тәртібімді білгілеріңіз келсе: мен таңертең алты жарымда тұрамын және бір сағатымды жаттығуға арнаймын. Таңертеңгі жаттығуды ауыр фитнеспен аяқтаймын. Мүмкін, маған бұл керек емес шығар, бірақ мен осы тәртіпке үйреніп алдым. 45 минут аэробика, одан кейін фитнес, осыдан соң суға шомылып, жұмысқа барамын. Жексенбі бір күн демаламын. Мұндай тәртіпке дағдыланғаннан кейін, онсыз өмір сүре алмайсың", - деді Елбасы.

"Өмірде алға қойған мақсатыңа, табысқа жету үшін денің сау болуы керек. Денсаулықты жас кезден сақтаған жөн. Денсаулығың болмаса....

Жаңалықтар
Толық
0 0