Сабақ жоспары (ұмж): Қыпшақ хандығы 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.2A Х – XІІІ ғғ. Қазақстан территориясындағы мемлекеттер
Сабақ тақырыбы: Қыпшақ хандығы 2-сабақ
Сабақ мақсаты: Қыпшақтардың этникалық, қоғамдық-саяси даму ерекшеліктерін, қоныстанған аумағын талдау негізінде Еуразия тарихындағы орнын бағалау.
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Саясаттану | ҚХР мен Қазақстан арасындағы энергетика саласындағы экономикалық және геосаяси ынтымақтастық үрдісі

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. КСРО-ның ыдырауы және жаңа тәуелсіз мемлекеттердің ыдырауы нәтижесінде әлі жалғасып жатқан әлемнің геосаяси бейнесіндегі өзгерістер, құрамында Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан бар Орталық Азиядағы геосаяси ахуал түбірімен жаңаруына алып келді. Қазіргі таңда Орталық Азияның перифириялық аймақтан (бұрын геосаяси тенденциялар мүлдем байқалмаған) ірі державалар мүдделері мен халықаралық өмірдің басқа секторларының мүдделері қақтығысатын аймаққа трансформациялану үрдісінің жанданған кезеңі.
Қазақстан республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Ғасырлар тоғысында» кітабында атап кеткендей: «Қазақстан алдында үлкен міндеттер тұрды. Бұл мемлекеттілікті қалыптастыру, ... демократияландыру үрдісін дамыту, ... сыртқы саяси курсты жандандыру ...» ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының банк жүйесі

“Банк” деген ұғым Италиян сөзі “bank” – орындық, “айырбас орындығы – айырбас орны” деген сөзінен шыққан. Қазіргі түсініктегі алғашқы банк Италияда 1407 ж. Генуеде пайда болған. ХІІ ғасырда Италияда алғашқы вексель пайда болды.
Несие жүйесінің негізгі буыны – банктер. Себебі масштабы және маңызы жөнінен несие қатынастарынң басым көпшілігі банктер арқылы өтеді. Банктер мемлекет пен кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіптестіктердің, мектептер мен ауруханалардың, институттар мен бала бақшалардың және халықтың уақытша бос ақшаларын шоғырландырып, олардың іс жүзіндегі капиталға айналдырады. Сонымен қатар банк төлем, есептеу, несие беру, сақтандыру және т.б. көптеген сан алуан операциялар жүргізеді.
Тарихта банктің ең жай қызметі, мысалы, тұқым сатып алуға ақшаны несиеге алған жағдай жаңа эраға дейінгі VІІІ-V ғғ. Вавилонда кездескен. Сол сияқты ақшаны несиеге алып ертедегі Египтте, Грецияда, Римде зәулім ғимараттар салған. Ал феодализмге өту кезінде тауар-ақша айналысы және несие қатынастарының ауқымы тарылып, тек XІІІ-XІV ғғ. Сауданың кең өрістеуіне байланысты төлем делдалы ретінде банк ісі қарқынды өрістей бастаған. Орта ғасырда банк ісінің орталығы Италия, Гремания, Нидерланды болып саналса, ал ерте капитализм жағдайында Англия болған.
XV ғ. Ең ірі танымал болған банк Флоренциядағы Медичи банкі болды. Флоренцияда орналасқан бас банк мекемесінің Еуропада 16 филиалы бар. Кейбір елдерде банктің біраз қызметтері заңмен шектеледі. Банк қызметінің қаншалықты қатаң регменттелуіне және лицензиялануына байланысты несие ісін ұйымдастырудың екі типін бөліп қарастырады Нәтижесінде тарихта сегменттелген және әмбебап банктік құрылымдар пайда болды.
Капиталистік банктердің алғашқы ізашарлары Флоренция мен Венецияда 1587 ж. айырбас ісінің негізінде, яғни әртүрлі елдер мен қалалардың ақшасын айырбастауда пайда болды. Банктердің негізгі операциялары ақшаны сақтауға қабылдау мен ақшасыз есеп айырысуды жүргізу болған. Ақшасыз есеп айырысуды жүргізудің мәні – екі клиенттің қатысуымен банкирдің кітабына бір шоттан екінші шотқа белгілі бір соманы аударып жазу. Кейінірек ол осындай негізде Амстердамда (1609 ж.) және Гамбургте (1618 ж.) ұйымдастырылды. Бұл банк ісінің анайы түрі еді. Бұл кезде банктер саудаға және есеп айырысуға қызмет еткенмен, олардың өндіріспен, өндірістік капиталдың қайталама айналымымен байланысы аз болды, несие ақшаларын шығару қызметі де дамыған жоқ. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы лизингтік несиелеу

Кіріспе
Бүгінде еліміздегі экономокалық реформалар барысында көптеген өзгерістер болып жатыр. Әр түрлі заңдар қабылданып, құқықтық мемлекетімізді нығайта түсер түбегейлі шаралар жүргізілуде. Сондай өзгерістердің бірі, еліміздің нарықтық экономикаға көшуімен ілесіп келген күрделі құбылыстардың бірі - «лизинг» тақырыбының кең орын алуы.
Қазіргі кездегі нарықтық экономиканың заңына байланысты еніп отырған бұл ұғымның маңызы зор. Нарықтық экономикалық қатынастың заңы қатаң, икемің және ақшаң болса ғана өмір сүре аласың. Ал мемлекет мойнындағы дотацияға сүйеніп келген шаруашылықтар, зауыт, фабрикалар мұндай қатаң талап тезіне төзе алмай, өмір сүруден қалып, тоз - тоз болып кетті. Яғни белшесінен борышқа батып, банкротқа ұшырады. Олар жаңа экономикалық қатынасқа орай бұрынғы шаруашылықтар орнына қайта құрылған өндірістік кооперативтер. Алайда, олардың құрал - саймандары яғни техникасы бүгінгі күннің талабына сай емес, сапалы өнім беруге жарамсыз. Міне, еліміздің экономикасының өркендеуіне әсер ететін осындай мәселелерді шешуде инвестициялық құрал ретінде мүлікті жалдау шартының бір түрі лизингті қолдану оң нәтиже беретіні сөзсіз. Бұл тақырыптың өзектілігі мынада - ол әлем экономикасында шапшаң дамып келе жатқан қызметтер шеңберіндегі коммерциялық, кәсіпкерлік қызметінің салыстырмалы жүйеде жаңа түрі деп атауға болады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы инфляция ерекшеліктері

Кіріспе
Қазақстан Республикасының Егемендігін алып, тәуелсіз болғанына да, міне он жеті жыл болды. Бұл жылдары елімізде әлеуметтік-экономикалық мәні аса жоғары қыруар игі өзгерістерге қол жеткізілуі «Осы жылдар ішінде тындырған ісіміздің басты түйіні», - деп көрсетті. Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің халыққа жолдауында, - Қазақстанның дербес мемлекет болып қалыптасқаны жатыр. Біздің әлі де есею мен кемелдену кезеңінен өтуіміз керек, Қазақстандағы заматтық қоғамның босағасын бекіте беруіміз керек». Бұдан туындайтын негізгі талаптар мен міндеттерді абыроймен орындап шығудың бағыты экономиканы дамыту, осының негізінде еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын тұрақтандыру, халықтың әл-ауқатын түбегейлі жақсарту.
Осыған орай қазіргі таңда өзекті де, тартымды да мәселелердің бірі еліміздің инвестициялық, құрылымдық саясаты, оның құқықтық реттелуі болып отыр. Сонымен қатар экономиканың жедел дамуы, әлеуметтік өмірді тұрақтандыру, шағын, орта және ірі бизнестің дамуына да үлкен үлесін қосуда. Сондай-ақ Елбасының жолдауында «Қазақстанның әлемдік экономикаға табысты шоғырлануы-мемлекеттің экономикалық дамуындағы сапалы бұзып өтуі» атты басым бағыттарының бірі – Қазақстанды зияткерлік меншік құқықтары қорғалған және сауда белгісі бар тауарларды өндіру үшін қолайлы жағдайлардың қалыптасуы болып тұр.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Қазақ хандығының құрылуы 4-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:6.3 Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы
Сабақ тақырыбы: Қазақ хандығының құрылуы 4-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.3.1.10 – қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау;
6.2.1.3 – тарихи оқиғалар мен процестердің сабақтастығын сипаттауда «Ұлы Дала» ұғымын қолдану
Сабақ мақсаттары: Қазақ хандығының құрылуының тарихи маңызын талдайды.
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): 1822-1824 жж. патша реформалары 4-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.2В Отарлау және ұлт-азаттық күрес
Сабақ тақырыбы: 1822-1824 жж. патша реформалары 4-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 7.1.2.1 – дәстүрлі қазақ қоғамындағы өзгерістерді өткен тарихи кезеңдермен салыстыру арқылы анықтау
Сабақтың мақсаты: 1822-24 жж жарғылары нәтижесінде Қазақстанда болған әкімшілік-аумақтық өзгерістерді түсіну.
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Кәсіпкерлік | Қазақстан Республикасындағы және шет мемлекеттеріндегі кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың ерекшеліктері

Кіріспе
Менің тақырыбының аты “Қазақстан Республикасындағы және шет мемлекеттеріндегі кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың ерекшеліктері”.
Бұл тақырыптың таңдау себебім: дамыған елдердегі кәсіпкерліктің ұйымдастыруы, оның нысандары, қызмет ерекшеліктері; Қазақстан жеріндегі шағын кәсіпкерліктің маңызы мен мәні туралы, менің курстық жұмыстың бастапқы мақсаты болып еді.
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік белсенді дамып келеді. Экономикалық жүйенің кәсіпкерлік түрі кәсіпкерді ең маңызды тұлға санына-экономикалық процесс субъектісіне айналдырды. Өз қызығушылығымен әрекет ете отырып, кәсіпкер біздің қажеттілігімізді қанағаттандырады, біздің өмірімізді гүлдендіреді, оны қолайлы жасайды. Біз кәсіпкерді құрметтеуіміз қажет: ол біз қызығушылық білдірген тауарларды өндіреді, ол бізге оларды жеткізеді, біздің көпшілігімізге көмек береді. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Сақтандыру заңы | Қазақстан Республикасындағы сақтандыру нарығының даму

Кіріспе
Қазақстанның сақтандыру нарығы бұрынғы мемлекеттік сақтандыру жүйесі негізінде қалыптасты. Бұған дейін Қазақстан Республикасында тұрғындармен, кәсіпорындармен және ұйымдармен сақтандыру операңияларын жүргізудің монопольдык кұкығына Мемлекеттік сақтандыру ұйымдары ғана ие болып келді тек бүдан бірнеше жыл бүрын Мемлекеттік сақтандырү үйымдарымен экономикалык және үйымдык түрғыдан байланысты емес дербес сақтандыру үйымдары кұрылып, дами бастады .
Қазакстан Рёопубликасы Президентінің 1995 жылғы "Сақтандыру туралы" заң күші бар жарлығымен сақтандыру шараларын жүргізудегі монополия жойылды және казіргі уақытта республиканың сақтандыру нарығында барлық сақтандыру ұйымдары бірей құқықтық дәрежеге ие болды. Сақтандыру нарығы бұл бір жағынан сақтандыру қызметіне деген сұраным да екінші жағынан ұсыну шараларының жиынтығы .
Отандық сақтандыру нарығы өзінің даму жолында түрлі кедергілерді артка тастап,бәсекелестік ортаны қалыптастыру жолында дамыды ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы және әлемдегі инфляция

Кіріспе
Курстық жұмыс жоспардан, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бірінші бөлімі жалпы инфляция мәні, пайда болу себептері, зардаптары оған қарсы күресу шараларына арналса, екінші бөлімі Қазақстандағы инфляциялық процестерге арналған.
Бұл тақырыптың өзектіліктігі инфляцияның негізгі түрлерін дамыту және оларға туындайтын негізгі мәселелерді шешу болып табылады.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты инфляциялық процестің экономикаға теріс әсерін, қауіптілігін, пайда болу көздерін, түрлерін, әлеуметтік салдарын тереңдете ашып, нақты анықтап, жеткізу болды.
Курстық жұмыстың негізгі міндеті болып, қай жағдай да болмасын инфляциялық процестерді танып, оған тиісті іс-шаралар қолдана білу,не мүлдем болдырмау. Инфляция – осы күндері бүкіл дүние жүзін толғандырып отырған кең ауқымды мәселе, сонымен қатар ол Қазақстанның экономикалық тұрақтылығын, өндірісті, қаржы мен баға жүйелерін бұзып отыр. Инфляция бұл күрделі де көп факторлы құрылыс; осы қағаз ақша айналымына негізделген экономикаға тән және ұдайы өндіріс процесінің бұзылуымен сипатталады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0