Пән:Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.2A Х – XІІІ ғғ. Қазақстан территориясындағы мемлекеттер Сабақ тақырыбы: Найман, керейіт пен жалайырлардың орағасырлық саяси тарихтағы рөлі қандай? 1-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары : X-XIIIғғ мемлекеттерді білу және картаны қолданып, саяси процестерді түсіндіру . Сабақ мақсаттары: X-XIIIғғ мемлекеттерді біледі, атайды Картадан X-XIIIғғ Найман, Керейіт, Жалайыр мемлекеттерін көрсетеді X-XIIIғғ мемлекеттерді картаны қолданып, саяси процестерді түсіндіреді.
КІРІСПЕ Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмінде де қаржы зор рөл атқарады. Қаржы – нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтік-экономикалық мәнін түсіне білудің, оның іс-әрекет етуінің ерекшеліктерін терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор. Негізінен теориялық курс болып табылатын және экономикалық пәндер жүйесінде басты орындардың бірін алатын «Қаржы» курсында қоғамның өндірістік қатынастарының ерекшеліктері, шаруашылық және әлеуметгік ғылымдар құрамдастарының аса маңыздыларының бірі қаржы туралы ғылым зерделенеді. Қаржы туралы ғылым оқу курсы ретіндегі «Қаржының» теориялық базасы болып табылатын экономикалық теорияның (саяси экономияның) негіздеріне сүйенеді.....
Қазақстан Республиканың егемендік алуымен әлеуметтік мәселе жөнінен әр-түрлі туындай бастады. Осы мәселенің ішінде зейнетақымен қамтамасыз ету мәселесі алдынғы орынға шықты. өйткені зейнеткерлер қамқорлықты қорғауды қажет ететін тұлғалардың алдыңғы қатарына жатады. 1990 жылдардың басты кезендерінде зейнеткерлерге зейнетақы төлемдері ретінде төлейтін қаражаттардың болмауы олардың әлеуметтік жағдайының нашарлауына әкелді. Зейнетақымен қамтамассыз ете алмау мәселесі келесі себептерге байланысты болды: 1 мемлекетте қарттардын көбеюі 2 зейнетақы жарналарын есепке ал ып отыратын арнайы үйымның болмауы. 3 өз бетімінен жүмыс істеп жатқан тұлғаларға деген бақылаудын болмауы 4 Бюджеттік емес қорлардың қолдануындағы бақылаудың болмауы 5 әрбір облыстын жағдайын есепке алмай жергілікті бюджеттен ақша төлеудің мүмкіндігінің болуы және т.б. 1998 жылдың 1 қантарынан бастап зейнетақы нарығында күрделі өзгерістер пайда болуы негізінде 1997 жылдың 20 маусымында жарық көрген Қазакстан Республикасындағы зейнетақы мен қамтамассыз ету туралы заң жатыр. 1998 жылдын 1 қантарына дейінгі зейнетке шыққан тұлғалар және еңбек етуші тұлғалар, олар зейнетақы төлеу орталықтары арқылы зейнетақы алу мүмкіндігіне ие болды. Ал 1998 жылдың 1 қаңтарынан бері қарай еңбек етерлі тұлғалар өздерінің жеке зейнетақы шоттарын ашып, қаражат жинақтау мүмкіндігіне ие болды. Активтер басқаратын компанияның жұмысы дұрыс көрсетілмей жатыр деп агенттік зейнетақы қорына айтса, онда қор басқа компанияны тандауына болады. Зейнетақының белгілі бір бөлігі депозит түрінде болады. Ал, көп бөлігі бағалы қағаздарға салынады. Көбінесе мемлекет бағалы қағаздарды сатып алуға жүмсалады, қандайда компанияның банкроттыққа үшырауынан тек 10 % -ды жоғалтады. Ал, 90 % қолда қалады. Осы мәселелерді мен анықтау үшін алдыма мынандай мақсаттар қойдым: 1. Жинақтаушы зейнетқаы қорларының түсінігін анықтай отырып, Қазақстан Республикасында қалыптасқан жағдайларды анықтау; 2. Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық жағдайына талдау жасау; ....
Арал теңізі-Қазақстанның інжу-маржаны, шөл белдеміндегі бірден-бір көгілдір су айдыны еді. Оның апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі- 1066 шаршы км, тереңдігі -30-60 метр, тұздылығы-10-12 % болған. Қойнауы кәсіптік бағалы байлықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген. Арал өңірінің тұрғындары 1970 жылдарға дейін әлеуметтік-экономикалық тұрғыда жаақсы қамтамасыз етілген тіршілік кешті. Теңіз өңііріндегі елді мекендерде 17 балық колхозы, 10 балық өңдейтін зауыт және 2 балық комбинаты тұрақты жұмыс істеген. 1960жылдардан бастап Арал өңірін игеру қолға алынды. Осы аймақтағы игерілген жер көлемі бұрынғыдан Өзбекстан мен Тәжікстанда 1,5, Түркіменстанда 2,4, Қазақстанда 1,7 есеге өсті. Ал Әмудәрия мен Сырдария бойындағы халықтың саны 1960-1987 жылдар аралығында 2,2 есеге артты. Халық санының өсуіне орай суға деген қажеттілік те артты. Осыған орай, 1970-1980 жылдар аралығында Аралға құйылатын су мөлшері азайды. Оның негізгі себептері-антропогендік факторлар еді. Екі өзен бойындағы суды мол қажет ететін күріш пен мақта өсіру ісі қарқындап дамыды (Шардара). Оның үстіне ауыл шаруашылығының басқа да салалары дамыды.Өзен бойлары игеріліп, суды ысырапсыз пайдалану жүзеге асты. Мәселен, Аралға 1960-1965 жылдар арасында 44 мың метр3, су құйылса, бұл көрсеткіш 1974-1978 жылдары 13 мың метр3, ал 1990 жылдары екі есе қысқарды. Нәтижесінде, Арал теңізінің деңгейі 23 метрге дейін төмендеп, оның су айдыны 30-200 км-ге дейін қусырылды. Судың тұздылығы 40 %-ға дейін артты. Оның үстіне екі өзен бойындағы шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен химиялық препараттарды қолдану бұрын-соңды болмаған көрсеткішке жетті. Тыңайтқыштарды қолдану 10-15 есеге өскен. Осындай антропогендік факторлар Арал өңірін экологиялық апатқа ұшыратты. Құрғап қалған теңіз түбінен жыл сайын айналаға зияндылығы өте жоғары 2 млн. т тұзды шаңдар көтеріліп, желмен тарай бастады. Сонымен, Арал апатына себеп болған факторларға: -жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу; -ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау; -суды өте ккөп қажет ететін күріш, мақта дақылдарын барынша көбейтіп жіберу; -жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді пайдаланбау; -табиғат ресурстарын пайдаланудағы жіберілген қателіктер мен оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады. Осы аталған фактілер Арал теңізі экожүйесіндегі тіршілік атаулыны экологиялық дағдарысқа алып келдіБұл жағдайлар адам баласының қолдан істеген қателігі ретінде дүние жүзіне белгілі болды. Арал өңірінде туындап отырған қазіргі экологиялық апаттар нышаны жыл өткен сайын теңіз суын тартылтуда.Оның фаунасы мен флорасы жойылып бітуге жақын. Топырақтың тұздануы өте жылдам жүруде.....
Пән:Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.3C Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы. Сабақ тақырыбы: Қазақ хандығының құрылуы 2-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.3.1.10 қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау 6.2.1.3 тарихи оқиғалар мен процестердің сабақтастығын сипаттауда «Ұлы Дала Елі» ұғымын қолдану Сабақ мақсаты: Қазақ хандарының елді өркендетудегі рөліне баға береді.
Пән:Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.4 А Қазақ хандығының XVI – XVII ғасырлардағы дамуы. Сабақ тақырыбы: Не себепті Қ. Жалайыри: «Жәнібек ханның ұлдарының арасында аса белгілі болғаны Қасым хан еді...» деп жазды? 2-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.3.1.10 Қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау 6.3.2.6 Қазақ хандарының сыртқы саясатын талдау Сабақ мақсаттары: Қазақ хандығының аумағын қалыптастырудағы және дипломатиялық қатынастар орнатудағы Қасым ханның ролін ұғынады.
Пән: Ұазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Этникалық және әлеуметтік процестер Сабақтың тақырыбы: Қазақ мемлекеттілігінің кеңестік түрі 3-сабақ Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 10.3.1.2 Қазақстанда мемлекеттілік тің қалыптасуының тарихи кезеңдерін түсіндіру; Сабақтың мақсаты: Қазақстандағы ұлттық автономиялардың құрылу маңыздылығын түсінеді; автономия, республика ұғымдарының мағынасын түсіндіреді......
Кіріспе Салықтар дүниежүзіндегі барлық адамзаттық өмірінде күнделікті кездесіп отыратын құрал болып келеді, себебі әрбір тұлғаның сатып алатын, тұтынатын заттарының барлығының құрамында салықтың белгілі бір мөлшері тұрады. Мемлекет қоғамның қызығушылықтарын әр-түрлі салада қолдай отырып, сәйкесінше белгілі бір саясатты ұстанады. Мұнда әлеуметтік-экономикалық процесстерді мемлекеттік реттеуінің объектісі мен субъектісінің ара-қатынасының құралы ретінде қаржы-несиелік және баға механизмі қызмет атқарады. Қаржылық-бюджеттік жүйе мемлекеттің қаржылық ресурстарын, яғни бюджеттік және бюджеттен тыс қорларды құру мен қолдану жөніндегі қатынастарды қамтиды. Бұл қорлар мемлекеттің әлеуметтік, экономикалық, құқықтық, діни және қорғаныс сияқты басқа да қызметтерінің тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған. Ал осы қорлардың ҚР-да бүгінгі таңда көп үлесі салықтар мен бюджетке төленетін міндетті төлемдерден құрылатындықтан қаржылық-бюджеттік жүйенің негізгі қорлану көзі салықтар болып келеді. Барлық салықтық және салықтық емес түсімдер, басқа да капиталмен жасалатын операциялардан түскен түсімдердің барлығы мемлекеттік бюджетте шоғырланады, ал мемлекеттік бюджет өз кезегінде республикалық және аумақтық бюджеттерге бөлінеді. Біз алдымыздағы жұмысымызда аймақтық бюжеттердің кірісінің негізін құрайтын жер, көлік, мүлік салықтары туралы бар мәліметті беруге тырысамыз. Бірінші бөлімде біз салықтарға жалпы сипаттама беріп өтеміз: салықтар ұғымы, мазмұны, экономикалық мәні, жүйесі, механизмі және меншікке салынатын салықтардың мәні туралы.....
Кіріспе Республикалық бюджеттің түсім көздері - салықтар мен басқа да міндетгі төлемдерді құқықтық реттеу — республикалық деңгейдегі салық салу аясында салық механизмдерін қолдану, тұрақты бекітілген салыктық түсімдерді — салықтар мен өзге де міндетті төлемдерді алу, сондай-ақ олардың белгіленген тәртіппен республикалық бюджеттің кірісіне уақтылы және толығымен түсуіне тексеру жүргізу барысында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін салықтық құқықтың ерекше бөлімінің институты. Республикалық бюджеттің салықтық түсімдері аясындағы материалдық салыктық қатынастарды құқықтық реттеудін мақсатты бағдары мемлекеттік, сондай-ақ корпораииялық (және жеке меншік) шаруашылық жүргізу ауқымында туындайтын мемлекеттік қаржылық қатынастардың тиімді қалыптасуына қол жеткізуге бағытталады. Мемлекет меншігіндегі республикалық бюджеттін ресурстары Қазақстан Республикасындағы саяси құрылыстың тұрақтылығын, әлеуметтік мүдделерді және елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, сондай-ақ орын алуы мүмкін келеңсіз ішкі және сыртқы экономикалық факторларды болдырмауға септігін тигізеді.....
Пән: Қазақстан тарихы Қысқа мерзімді жоспар бөлімі: 5.1A Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі Сабақ тақырыбы: Не себепті ботайлықтарды жылқыны алғашқы қолға үйретушілер деп атайды? Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 5.4.1.1 ежелгі адамдардың алғашқы кәсібін сипаттау Сабақ мақсаттары: Қазақстанның мыс-тас дәуіріндегі ерекшеліктерін, адамдардың тұрмыс-тіршілігі туралы бейне-баяннан көрсете отырып түсінік қалыптастыру. Мәтінмен жұмыс арқылы кезеңнің ерекшеліктері мен, өзгерістердің себеп-салдарларына талдау жүргізу