Пән:Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: ҚР дамуы (1997 ж-бүгінгі күнге дейін) Сабақтың тақырыбы: Қазақстан «Қайта құрудың» бастапқы кезеңінде (1-сабақ) Сабақтың мақсаты: Қазақстанның «Қайта құрудың» бастапқы кезеңіндегі әлеуметтік-экономикалық жағдайын анықтау Оқу мақсаты: • 9.4.2.2 – нарықтық экономиканың өндірістік қатынастарға әсерін талдау; • 9.4.1.4 - аграрлық секторды модернизациялау бағыттарын талдау; • 9.4.2.4 - сыртқы сауданың экономикаға әсерін зерттеу • 9.1.2.1 – қазіргі кездегі Қазақстан халқының әлеуметтік жағдайын статистикалық деректердің негізінде талдау.....
Жұмыстың өзектілігі: Қазақстанның Оңтүстігінде өсетін ауыл шаруашылығының негізгі дақылдарының бірі – мақта. Бұл аймақ мақта өндіру жөнінен Республикадағы ең ірі өңірдің бірі болып табылады. Соңғы жылдары мақта талшығы еліміздің маңызды экспорттық тауарына айналды. Қазақстан жылына мақтаның 90 % - тін шикізат ретінде шет елдерге өткізіп келеді. Мәселен, 130 мың тонна мақта өндіріп, одан 150 мың АҚШ доллары көлемінде ғана табыс алады. Ендеше мақтаның өндірісін дамытып, оның құнын арттыру керек. Оның жолы - кластерлік жүйе. Облыс орталығында іске қосылған «Қазақ-орыс тоқыма альянсы» ЖШС кластерлік жүйенің негізгі тармағының бірі ашылды. Сонымен қатар, әлемдегі озық технологиямен жасақталған «Ютекс» кәсіпорны да толық қанды жұмыс істеуде. Еліміз егемендігімізді алғалы бері мақта шаруашылығының Қазақстан Республикасының экономикасында алатын орны ерекше. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мақта шаруашылығын одан әрі дамытуға көптеген жағдайлар жасауда. 2005 жылдың 6 –шы шілдесінде «Арнайы экономикалық аймақты» аштырды және осы аймаққа байланысты мақтаның заң жобасына да ұсыныстар жасалынды. Сонымен қоса «Арнайы экономикалық аймақты» дамытуға инвестициялық қызметті ұйымдастыру жөніндегі шаралар мен ережелердің жобасы жасалынған. ....
Кез келген мемлекеттің ең негізгі байлығы – оның халқы. Демографиялық жағдай әрбір мемлекеттің экномикасына, ұлттық және мемлекеттік қауіпсіздігіне тікелей әсер етері сөзсіз. Қазақстан Респуьликасы Президенттің ұзақ мерзімді «Қазақстан-2030» стратегиясының кезек күттірмейтін негізгі міндеттерінің бірі – еліміздегі кең өріс ала бастаған демографиялық проблеманы шешу болып табылады. Өйткені, әсер көлемі бойынша Қазақстан бірінші ондыққа (9-орын) кіруіне қарамастан, халық саны бойынша тым артта қалып отыр (60-орын). Дегенмен, мәселе алықтың орналасу тығыздығына ғана емес. Бұл проблема жер көлеміш шағын, экономикасы дамыған Европа мемлекеттеріне де өріс алуда. 1960-жылдардан бастап 1980-жылдардың соңына дейін тұрақты түрде және де жоғары ырғақпен өсу жолында болған Қазақстанның демографиялық жағдайы 1990-жылдары тоқтап қана қойған жоқ, тіпті үлкен жылдамдықпен кері кете бастады. Бұл процесі 1990-жылдардағы өтпелі кезеңнің негативті жағы деп қарай салу заңды болып көрінуі мүмкін. Халықтың әлеуметтік жағдайы өте төмен деңгейде болып, ол өз кезегінде демографиялық жағдайға кері ықпалын тигізгені рас. Халықтың өлу көрсеткіші артып, туу деңгейі төмендеп кетуіне байланысты табиғи өсім мүлдем болмады. ....
КІРІСПЕ Қазақстан Республикасы үшін экологиялық қауiпсiздiк мәселелерi мен жағдайлары бүгiнгi таңда маңызды орын алып тұр. Мемлекетiмiздiң тәуелсiздiгiмен бiрге жаңа экологиялық қауiпсiздiк жүйелерiн басқару да бой көтерiп келедi. Дұрыс басқару қоршаған ортаны қорғаудың мемлекеттiк саясатын уағыздап, табиғи ресурстарды рационалды пайдалану үшін өте қажет. Өкiнiшке орай Қазақстанда көптеген жылдар бойы өндiрiсте табиғи шикiзаттарды өндiргенде, қоршаған ортаға зиянды қалдықтарды шығару көп мөлшерде болды. Елiмiзде экологиялық қауiпсiздiктi және тұрақты экономикалық дамуымызды қамтамасыз ету мақсатымен, 2003 жылдың 3 желтоқсанында Президенттiң Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған Экологиялық қауiпсiздiк концепциясы жарияланды. Бұл концепция қабылдағаннан бастап көптеген маңызды өзгерiстер болып жатыр. Қоршаған ортаны қорғау заңдылықтар негiзi құрылды.....
Кіріспе Мемлекеттік несие біздің экономикамызда өте маңызды роль атқарады, ал бұл оның актуалдылығын көрсетеді. Ол обективті түрде экономикаға қажет, өйткені ол жалпы қоғамның даму қажеттіліктеріне негізделеді. Курстық жұмыстың басты мақсаты оның маңыздылығын ашып көрсету, яғни мемлекеттік несиенің экономикалық категория ретіндегі қажеттігін, құрлымын, түрлері мен формаларының мәнін , атқаратын қызметтерін жетік білу. Мемлекеттік несие қатысу жақтарының бірі мемлекет, ол заңды жеке тұлғалар несие беруші немесе несие алушы болып табылады. Мемлекеттік несиенің қайта бөлу қызметі халықтың, заңды тұлғалардың, уақытша бос қаражаттарын шоғырландырумен байланысты. Мемлекеттік несиенің реттеу қызметі мемлекет ақша ағымын реттейді, қарыз пайыз мөлшеріне әсер етеді, қарыз капитал нарығында қарыз алушы ретінде қатысып капиталға сұраным туғызып нетижесінде қарыз пайыз нормасы көтеріледі. Негізінен еліміздің мемлекеттік несие жүйесі ақша айналымын реттейді, заңды және жеке тұлғаларға өзінің түрлі қызметтерін көрсетеді, осыған байланысты экономикалық қатынастар туындайды.....
КІРІСПЕ Елбасы Н.Назарбаев елімізді таяудағы он жылда дүние жүзіндегі бәсекеге барынша қабілетті 50 мемлекеттің қатарына енгізу міндетін қойып, оған жетудің алғы шарттары мен жолын саралап айтып, белгілеп берді. Оның бірден-бір және басты жолы - өңдеуші өнеркәсіпті дамыту болып табылады. Бұл бағытта қолға алынып, жүзеге асырылып жатқан игі істер де баршылық. Солардың бірі - кластерлік жүйе. Президент Н.Назарбаев осыдан екі жыл бұрын Республикалық алқалы жиындардың бірінде: "Кластер дегеніміз - тізбектелген технология арқылы соңғы нәтижеге қол жеткізу" деген тұжырым жасаған болатын. Кейінгі кезде кластер ұғымына ғалымдар мен экономист мамандары әрқалай ғылыми түсініктер беріп келе жатқанымен оның түпкі мағынасы бәсекеге қабілетті салалар жиынтығы дегенді білдіреді. Ал, ғылыми сипаттамаларына үңілсек, кластер дегеніміз - қосымша құнды құру үрдісі барысында өзара байланыста жұмыс істейтін жеткізімшілер мен өндірісшілер, тұтынушылар мен өнеркәсіптік инфрақұрылым және ғылыми-зерттеу институтының біртұтас желісі болып табылады. Демек, кластер - тізбектелген өндіріс арқылы бірнеше өңделген өнім түрлерін шығаратын өнеркәсіптік топ екенін аңғаруға болады. Елімізде экономиканың шикізаттық емес салаларын кластерлеу, яғни өңдеуші өнеркәсіп салаларын дамыту мақсатында Н.Ә.Назарбаевтің «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» атты жолдауында бәсекеге қабілетті салаларды біріктіріп, кластер құру керек екендігі алға қойылған. Аталған жолдаудағы бәсекеге қабілеттік, бәсекелік артықшылықтар және салаларды кластерлеу үлгісімен дамыту мәселелерін жүзеге асыру үшін «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» деген Қазақстан халқына жолдауында ел президенті экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін, сондай – ақ экономиканы тиімді дамыту үшін маңызы зор жеті пилотты кластерлерді атап көрсетті. Олар: туризм, мұнай – газ машиналарын жасау, тамақ және тоқыма өнеркәсібі, көлік – логистикалық қызмет көрсет, металлургия және құрылыс материалдары салалары. Кластер – өнімді өндіруден бастап дайын тауар күйіне дейін жеткізудің толық технологиялық тізбегі. Осыған сәйкес шикізаттық салаға сүйеніп экономиканы дамыту тұрақты және ұзақ мерзімді өсуді қамтамасыз етуде сенімді тірек бола алмайтыны бәрімізге белгілі. Қазіргі уақытта экономиканың сыртқы факторларға тәуелділігі күшеюде. Ол төмендесе өндірістің құлдырау ықтималдылығы өседі. Кластерлер даму стратегиясы, корпоративті басқарудың жетілуіне, өндіріс пен инвестиция үшін арнайы жағдайлармен қамтамасыз етілуіне, таңдап алынған кластерлерді қолдау мен дамытуға үкімет саясатының жетілуіне негізделген өндірістік шебер – жоспар жасалуы керек деп ойлаймыз. Көпшiлiк елдер кластерлiк саясатты пайдалануды кластерлiк бастама деп таныды. Әлемде барлығы 500-ден астам кластерлiк бастамалар бар. Қазақстанда 2005 жылдан бастап қазақстандық үкiметтiң “кластерлiк бастамасы” қолданысқа ендi, бұл жетi бағыт бойынша пилоттық кластерлердiң пайда болуы мен дамуына жол ашады: туризм, тамақ өнеркәсiбi, мұнай-газ машинажасау саласы, тоқыма өнеркәсiбi, көлiк-логистика қызметi, металлургия және құрылыс материалдары өндiрiсi. Сондай-ақ кластерлердiң басқа да пайда болу жолдары iздестiрiлуде. Яғни кластерлер туралы ой-идеялар Қазақстанда аналитикалық тұжырымдама ретiнде бекiмей жатып, экономикалық саясаттың құралына айналып отыр десек те болады. Және кластерлер феноменiне қажеттi теориялық талдау жүргiзбей, олардың ерекшелiктерiне түсiнiк бермей, түрлi типтерiн ұқсастырмай-ақ практикада жүзiнде қолданыс тапты. Кластер – экономиканың жүйелi моделiнiң феноменi дегенге мән берiлмей жатқанын да ескеруiмiз керек. “Жүйелi экономика” моделiнiң пайда болуы рыноктар мен трансакциялардың шектен шығармауына байланысты. Экономикалық агенттер қатысушысы көп рынокта емес, қайта аумағы жағынан шектелген немесе белгiлi бiр агенттерi бар локалды рынокта әрекет етедi. Бұл жерде шектен шығармау дегендi тек географиялық мағынада түсiнбеу қажет. Экономикалық өзара әрекет аумақтық, сондай-ақ қатысушылардың институционалдық және әлеуметтiк жақындығына да негiзделедi. Мәселен, географиялық тұрғыдан жабдықтаушы жақын болғанымен, егер ол сенiмсiздiк туғызса, онда ол әлеуметтiк жағынан шалғайда орналасқан деп есептеледi. Қазақстандағы кластерлердiң сараланбаған әдiсi олардың көлемi, қуаты, даму кезеңдерi негiзiндегi өзгешелiктерiн ескермейдi. Ал әлемдiк тәжiрибе көрсеткендей, кластерлер шағын және орта фирмалардан да, сондай-ақ шағын және iрi фирмалардан да құралуы мүмкiн. Университет базасында қалыптасқан, ғылыми орталықтармен байланысы жоқ, өнеркәсiптiң дәстүрлi салаларындағы және жоғары технологиялы салалар кластерлерi бар. Сонымен қатар жаңадан пайда болған, жаңа, дамыған және құлдырауға дайын кластер түрлерi де баршылық. Сәтсiздiкке ұшыраған кластерлер туралы да деректер бар.....
Тақырыптың өзектiлiгi. Бұл жұмыс қазақ елi өз тәуелсiздiгiн алып өркениеттi ел демократиялық құқықтық мемлекет құруға ұмтылып жатқан кезендегi Қазақстан Республикасының “Қазақстан-2030” бағдарламасы бойынша саяси дамуының алғышарттарын зерттеу мәселесiне арналған. Қазақстанның қазiргi саяси өмiрiнде терең әрi тез өзгерiп жатқан қарама-қайшылығы мол, ескi стеротиптерден бас тарту мен жаңа даму түрiн iздеу, саяси-тарихи тәжiрибенi талқылау мен таяу және алыс болашақтағы мақсаттарға бағыт-бағдар жасау сияқты маңызды процестер жүрiп жатыр. Қазақстан Республикасы тәрiздi тоталитарлық жүйеден демократиялық қоғамға өтiп жатқан мемлекетте елдiң саяси дамуының алғышарттарын талқылап, зерттеу мәселесi өте маңызды. Қазақстан қоғамының түбегейлi модернизацияға ұшырауы бұрынғы қалыптасқан саяси жүйенiң, қарым-қатынастар мен саяси дамудың өзгеруiне әсер еттi. Жаңа демократиялық қондырғылар, түсiнiктер, саяси институттар қалыптасты. Қазақстан Республикасындағы жалпы қоғамдық-саяси даму ерекшелiктерi негiзiнде саяси қатынастардың жаңа формалары мен даму үрдiстерiн, әрбiр ұлттың ерекшелiктерiн сақтай отырып, олардың ортақ мүдделерiн қарастыру-қоғамның саяси тұрақтылығын қамтамасыз етер негiзгi мүмкiндiк көздерi. Ал бұл мүмкiндiктерді іске асыруда қоғамдағы саяси және әлеуметтiк институттардың ықпалы мен рөлi айқын сезiлiп отыр. Тақырыптың маңызы Қазақстанның тәуелсiз мемлекеттiлiгiн нығайту кезеңiндегi жаңа мiндеттер мен үлкен өзгерiстер жағдайында арта түсуде. ....
Пән: қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қазақстандағы туризм және экотуризм Сабақтың тақырыбы: Қазақстанда экотуризмді дамыту үшін қолайлы ресурстар жеткілікті Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 8.3.4.1 эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстыру, өз ойын дәлелдеп жазу (аргументативті эссе) Сабақтың мақсаттары: Эссенің құрылымын, даму желісін сақтап, ұсынылған тақырыптың артықшылығы мен кемшілігін салыстырып, өз ойын дәлелдеп эссе жазу....
Кіріспе Ғаламтану жағдайында барлық елдердің негізгі міндеті ұлттық шаруашылық пен жекелеген экономикалық субъектілердің бәсекелес қабілетін қалыптастыру және қолдау болып табылады. Нарықтық талаптардың ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттің ішкі экономикалық мүмкіндіктері мен өндірістік ахуалын одан ары жақсарту мақсатында жаңа бағыттар белгіленуде. Өндірісті жаңаша құрудың, шығарылатын өнімдердің сұранысын арттырудың маңыздылығы да артуда. Мемлекеттің экономикалық тұрақтылығын қалыптастырудың негізгі бағыты ішкі өндірісті өркендету екені белгілі. Бұл тұрғыда, өнім өңдеудің түпкі кезеңіне дейінгі жұмыстарды қамтитын өндірістік кәсіпорындарға деген жауапкершілік те ұлғая түспек. Осы тектес кәсіпорындардың қатарына тамақ өнеркәсібіндегі сүт өнімін өңдеумен айналысатын өндіріс орындарын жатқызуға болады. Аталған саланың ел экономикасындағы маңызы оның ішкі нарықтағы азық-түлік қауіпсіздігін сақтауда, мемлекеттің экспорттық мүмкіндіктерін ұлғайтуда, отандық өзара байланысты кәсіпорындардың тиімділігін арттыруда және олардың сыртқы өндірушілерге тәуелділігін төмендетуде, ауыл шаруашылық өнімдерін мақсатты пайдалануда және бәсекеге қабілетті өнімдер шығару арқылы мемлекеттің әлемдік нарықтағы беделін арттыруда көрініс табады [6]. Өңдеу өнеркәсібінде бәсекеге қабілетті экспортқа шығарылатын тауарлар мен қызмет көрсету өндірісі Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасының басты мәні болып табылады.....