Курстық жұмыс: Ауылшаруашылығы | Қазақстанның ауылшаруашылығына гидрометеорологиялық қызмет

1 ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
1.1 Қазақстанның ауылшаруашылығына гидрометеорологиялық қызмет көрсету
Ауылшаруашылық өндіріс көбінесе ашық аспан астындағы цех деп аталады және ондағы өнім тікелей табиғи жағдайларда пайда болады. Климат пен ауа-райын сыртқы орта жағдайы деп қарастырып, маман-агрометеорологтар ауылшаруашылық дақылдарының өнімін қалыптастыру үшін агрометеорологиялық шарттарды салыстыратын қажеттіліктерімен қарастырды. Мұнда тек ауа-райының жағдайын ғана білу жеткіліксіз. Және де белгілі вегетациялық кезеңдердегі орта факторларына дақылдардың қажеттіліктерін ескеру қажет. Ауыл шаруашылығына қызмет ететін әрбір агрометеорологиялық станцияларда, метеорологиялықтармен бірге жүйелі бақылаулар даму фазалары мен өнімділік элементтеріне, күйіне, далалық жұмыстарға жүргізіледі, сонымен қатар топырақтағы өнімді ылғал қоры анықталады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Тәуекел хан қазақ жерлерін біріктіру мақсатында қандай саясат ұстанды? 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 7 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.4 А Қазақ хандығының XVI – XVII ғасырлардағы дамуы
Сабақ тақырыбы: Тәуекел хан қазақ жерлерін біріктіру мақсатында қандай саясат ұстанды? 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.3.1.10 қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау
6.3.2.6 Қазақ хандарының сыртқы саясатын талдау
Сабақ мақсаттары: Тәуекел ханның кезіндегі Қазақ хандығының саяси жағдайын сипаттап, хандықты нығайтуда Тәуекел ханның саяси бағытына талдау жасау.
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Шығарма: Менің Қазақстаным

Арайлап атқан таңы бар, асу бермес асқарлары бар, сайын дала, жазираны мекендеген мейірбан халқы бар ел - Қазақстан. Қазақстан - бүтін қазақ халқының ата мекені, кіндік қаны тамған киелі жері. Ол – менің елім! Тәңірі жер қайысар мал беріп, асты – үсті байлыққа тұнып тұрған осындай өлкені бұйыртқан халқымның арманы да жоқ болар. Неге болмасын?!
«Армансыз адам – қанатсыз құс» демекші, бабаларымның асау арманы,жанын жаншыған намысы ұрпақтан – ұрпаққа жетіп жатты. Ол арман–шексіз-шетсіз жатқан осынау табиғаттың берген сыйына көз алартқандардың отаршылдық саясатынан құтылу еді. Ол жол – Сырым, Жоламан, Қасым, Кенесары, Наурызбай, Исатай, Махамбет, Барақ бастаған және 1916 жылғы көтерілісшілер басшыларының заңды наразылықтарын тудырды.......
Шығармалар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қаржы | Қазақстан Республикасының инвестициялық саясаты

Кез келген мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, және қаржылық тұрақтылығын және әрі қарай өсуін анықтайтын шешуші факторлардың бірі – бұл оның инвестициялық белсенділігі. Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастарға көшкелі бері жүргізілген экономикалық бетбұрыстар халық шаруашылығының негізгі буыны болып саналатын кәсіпорындардың құқықтық, қаржылық-экономикалық және әлеуметтік жағдайын, олардың шаруашылық және азаматтық жүйелердегі дәрежесін айтарлықтай өзгерістерге ұшыраттты. Жеке меншікте, аралас, акционерлік меншікте құрылған миллиондаған кәсіпорындар пайда болды және қазіргі таңда қызмет етуде, көбею үстінде, даму барысында. Осылардың барлығы кәсіпорындардың инвестициялық қызметін ұйымдастыру және басқару механизмінің өзгеруіне себеп болды. Мемлекеттің инвестициялық қызметі оның экономикалық өсуінің, ішкі және сыртқы нарықтарда бәсекелестікке қабілетті болуының алғы шарттарының бірі болып табылатындығы сөзсіз.
Нарықтық қатынастардың дамуымен қатар барлық ұйымдық-құқықтық кәсіпорындардың қаржылық-шаруалылық тәжірибесінде қаржылық инвестициялар да кеңінен етек жайып келеді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Саясаттану | Қазақстан Республикасындағы саяси модернизация

Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі кезеңдегі тарихи дамудың негізгі көріністері тұрғысынан әлемдегі кейбір елдерде авторитаризм мен тоталитарлық режимдрдің құлауынан байқалады. Ал модернизация теориясы тұрғысынан саяси даму билік пен қоғам арасындағы жаңа байланыстар типін қалыптастыру, халықтың көпшілік бөлігіне негізгі шешімдерді қабылдарда ықпал етуге мүмкіндік беретін әлеуметтік – саяси механизамдерді құру болып табылады.
«Модернизация» ұғымы Батыс әлеуметтануында әлеуметтік – саяси, жалпы қоғамдық даму мінездемесі ретінде қолданылады. Яғни модернизация термині жинақталған мағынада қолданылады. Біріншіден, ол қазіргі индустриалдық қоғамның даму сатыларының түрлерін, екіншіден, дамушы мемлекеттердің ұлттық дамудың өндірістік дамуға көшу процесін айқындайды.
Жалпы саяси ғылымдарда саяси модернизация теориялары XX ғасырдың 50 – 60 жылдарында қалыптаса бастады. Оның құрушылары XIX - XX ғасырлардың басындағы атақты зерттеушілердің, сонымен қатар М.Вебердің (мінез – құлықты рационалдау негізде дәстүрлі қоғамнан қазіргі қоғамға өту бағытында европалық мәдениетті дамыту идеясын қозғады), Ф.Теннистің және Э.Дюркгеймнің (еңбекті бөлу негізде «механикалық ынтымақтастықтың» қоғамынан «органикалық ынтымақтастық» қоғамына өту эволюциясының концепциясын ұсынғандар) теориялық мұраларына сүйенді[1].
Алғашында модернизция өзінің табиғаты тұрғысынан Азия, Африка, Латын Американың артта қалған елдерінің өзара байланыстары идеясына сәйкес қолданылды. Қазіргі уақытта модернизация теориясы посттоталитарлық әлемде саяси өзгерістердің бағыты мен мағынасын көрсетеді. Өйткені, өтпелі кезеңдегі елдің саяси даму проблемалары модернизация теориясында толық бейнеленеді. Яғни, ол дәстүрлі мемлекеттің артта қалушылығын жою, динамикасын анықтаушы әртүрлі схемалар мен модельдер жиынты....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Зейнетақы қорлары | Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуындағы зейнетақы қорлары

Кіріспе
Әлемнің көптеген елдерінде зейнетақы қорларының жұмысы қайтадан түрлендірілуде. Бұл әсіресе ТМД елдерінде кеңінен етек алады.
1998 жылы Қазақстан ТМД елдерінің арасында бірінші болып өзінің зейнетақы қоры жүйесін реформалауға кірісіп кетті. Зейнетақы реформасына еркіндік беріп, даңғыл жол ашқан (Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы 1997 жыл 20 маусым) Қазақстан Республикасының заңы болған. Осы негізде бүгінгі күні жаңа зейнетақы жүйесі аяғынан тік тұрды деп айтуға болады.
Қазақстандық зейнетақы қорларының жүйесінің негізінде Чилидегі зейнетақы қорларының жүйесі жатқандығын баса айта кетуге болады. Өйткені бұл жөніндегі Чилидегі 20 жылдық тәжірибе біршама ден қоюға тұрарлықтай. Чили мемлекетінде зейнетақы активтерін зейнетақы қорлары басқарады, олар зейнетақы қорларының салымшыларына зейнетақымен қамтамасыз етудің түрлі схемаларын ұсынады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығы

Адамның жеке мүлкі пайда болған кезінен-ақ ұрлау,өртену, басқа да апаттар нәтижесінде сол мүліктің жойылу қаупі сезіле бастады.
Өндіріс күштерінің даму барысында тәуекел факторлары да өсті. Өз мүліктік мүддесін сақтау барысында мүлік иелері зардап орнын толтыру мақсатында мүдделі меншік иелері арасында біркелкі шығынды үлестіру ойына келді.
Өмір тәжірибесі көрсетіп отырғандай, ең үлкен апат болған жағдайдың өзінде барлық шаруашылық орындары зардап шекпейді, ал табиғи апаттың өзі айтарлықтай сирек болып тұрады. Осы жағдай жеке материалдық қорларды құрмай, қоғамдық “қойма” құруға әкеледі және осы “қойма” мүшелерінің саны неғұрлым көп болса, солғұрлым қаражат мөлшері аз болады.
Осылайша, ынтымақты тұйық шығынды үлестіру қажеттілігі нәтижесінде қоғмадық қатынастардың “сақтандыру” деп аталатын жаңа категориясы пайда болды. Сақтандырудың алғашқы формасы натуралды қорларды құру түрінде болып келді: астық, жем-шөп және т.б. Осы қорлардан зардап шеккен шарушылықтарға көмек көрсетілген болатын. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Ғұндардың жаугершілік жорықтары антикалық кезеңнен ортағасырға өтудің бір факторы ретінде (Қазақстан тарихы, 5 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.4A Ғұндар
Сабақтың тақырыбы: Ғұндардың жаугершілік жорықтары антикалық кезеңнен ортағасырға өтудің бір факторы ретінде
Оқу мақсаты: Халықтардың Ұлы қоныс аударуының оң және теріс салдарларын анықтау
Тарихи деректерді талдау негізінде, антикалық кезеңнен орта ғасырға өтудің заңдылықтарын қорыту
Сабақтың мақсаты: Халықтардың ұлы қоныс аударуы, ғұн жорықтарының маңызы, тарихтағы ғұндардың орны және Атилланың өмірі туралы оқушылардың алған білімдерін саралау;
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Түркі империясы - көшпенділер мемлекеттілігінің классикалық үлгісі (Қазақстан тарихы, 10 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ұлы Дала көшпенділерінің империялары
Сабақ тақырыбы: Түркі империясы - көшпенділер мемлекеттілігінің классикалық үлгісі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 10.3.1.2 Қазақстанда мемлекеттіліктің қалыптасуының тарихи кезеңдерін түсіндіру;
10.3.2.1 деректерді талдау негізінде түркі мемлекеттерінің дамуын зерттеу, мемлекет құрылысындағы сабақтастықты анықтау;
10.3.2.2 ерте және дамыған орта ғасырлардағы түркі мемлекеттерінің геосаяси белсенділігін сипаттау;
10.3.2.3 Түркі әлемінің қалыптасуы мен дамуындағы Түркі империясының рөлін бағалау
Сабақтың мақсаты: Түркі империясы - көшпенділер мемлекеттілігінің алғышарттары мен барысын түсіндіру......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Ғұндардың Қазақстан территориясына қоныстануы қандай өзгерістерге әкелді? (Қазақстан тарихы, 5 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.4A Ғұндар
Сабақтың тақырыбы: Ғұндардың Қазақстан территориясына қоныстануы қандай өзгерістерге әкелді?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме): 5.1.1.3 ғұндардың қоныс аудару бағыттарын тарихи картадан көрсетеді.
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0