Пән:Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қазақстан мемлекеттілігінің қайта жаңғыруы (1991-1996жылдар) Сабақ тақырыбы: Қазақстан халықаралық құқық субъектісі Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Қазақстан Республикасы халықаралық аренада танылуына баға беру; Қазақстанның аймақтық және халықаралық ұйымдармен байланысын талдау Сабақ мақсаттары: Қазақстанның әлемдік қауымдастықта алатын орнын біледі.....
Пән:Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Мемлекет тарихы және қоғамдық-саяси ойдың дамуы» Сабақтың тақырыбы: Мемлекеттік егемендікті қалпына келтіру жолындағы қазақ халқының күресі 2 сабақ Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 10.3.4.2 қазақ халқының мемлекеттік егемендікті қалпына келтіру үшін жүргізген күресін зерттеу; 10.3.4.3 Түркістан (Қоқан) және Алаш автономиясы түрінде мемлекеттік егемендікті қалпына келтіру тарихын зерттеу Сабақ мақсаты: Алаш және Түркістан (Қоқан) автономиялары негізінде мемлекеттік егемендікті қалпына келтіру тарихын зерттейді, баға береді;......
Тақырыптың өзектілігі. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін, Еуразияның кіндік тұсында жаңа мемлекеттің пайда болып, көк жалауын желбіреткеніне міне 15-ші жылға аяқ басып барады. Осы он жылдан астам уақыт аралығында елімізде бір ғасырға татырлық оқиғалар болып өтті. Біздің мемлекетіміздің тәуелсіздікке қарай басқан әрбір қадамын оңай болды деп ешкім айта алмас. Өйткені, жас мемлекетіміздің алдында тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін оны орнықтыру, қалыптастыру, нығайту сияқты қыруар жұмыстар тұрған болатын. Оның үстіне бұл жұмыстардың барлығын кеше ғана тоталитарлық режимде болып, демократияның не екенін білмеген елде және жоспарлы экономикадан бірден нарықтық қатынасқа көшкен елде іске асыру өте қиын болатын. Десек те, осы он жылдан астам уақыт аясында біраз шаралардың атқарылғаны белгілі. Ең бастысы ежелгі қазақ жерінде Республикадағы негізгі көш бастаушы қазақ ұлтының төңірегінде елімізді мекендеуші 130-ға жуық ұлттар мен ұлыстардың бірлігі қамтамасыз етілді. Саяси салада демократиялық қоғамды бетке ала отырып, кең көлемді саяси процестерді атқарудың сәті түсті. Кейбір ішкі саяси дағдарыстарға қарамастан Республикамызда Президенттік басқару орнығып, билік құрылымдарының барлық сатыларының рөлі белгіленіп, ішкі саясат саласының басты стратегиялары айқындалып іске асырылып келед ....
Кіріспе Әлемдік экономикада отын энергетика кешенінің рөлі айрықша маңызды. Мұнай және мұнай өнімдері шаруашылықтың барлық дерлік салаларында қолданылады. Кез-келген экономикасы дамыған мемлекеттің өзінің шаруашылықта қандай салалардың басым екендігін көрсетеді. Біздің еліміз үшін мұнай өндіру және ауыл шаруашылық салалар экспорттық табыстардың басым бөлігін қамтамасыз етеді. Қазақстанда шетел инвестициясын тартымды ететін салалардың бірі мұнай индустриясы. Бүгінде мұнай өнеркәсібі республикаға валюталық түсімнің 30 пайызын береді. Диплом тақырыбының маңыздылығы, көкейкестілігі. Қазақстанның әлемдік мұнай нарығына шығуы мұнай нарығын дамытудың негізгі бағыт – бағдарын мұнай экспорттаушы – мемлекеттер мен алдыңғы қатарлы мұнай компанияларының негізгі заңдылықтарын, халықаралық мұнайгаз жобаларын жүзеге асырудың негізгі шарттарын, мұнай саласын қаржыландыру мен инвестициялау мәселелеріне елдің қатысуының саяси және экономикалық салдарының зерттеу қажеттілігі мен өзектілігін тудырады. Осыған байланысты Қазақстанның мұнай – газ кен орындарына «Қазақстан – 2030» стратегиялық мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Қазақстанның дамуын және оның әлеуметтік – экономикалық дамуы деңгейі жоғары елдердің қатарына енуін қамтамасыз ететін басымдықты салалардың бірі ретінде анықталған. «Мұнай мен газ өндіруді және экспорттауды қалыпты экономикалық тұрмысын жақсартуға жәрдемдесетін табыс алу мақсатында жедел арттыру жолымен Қазақстанның энергетикалық ресурстарын тиімді пайдалану біздің еліміз үшін негізгі басым мақсаттарға жетудің бірі». Жаңа мыңжылдықта Қазақстан ұзақ мерзімді келешекте экономикалық өсімнің негізгі көзі ретінде мұнай өнеркәсібіне ерекше көңіл бөліп отыр. Диплом жұмысының өзектілігі – Қазақстан экономикасын дамыту бағдарламасын талдау отын энергетика кешенін дамытудың жыл сайын анықталатын басымдықты бағыттардың тізімдемесінде мұнайдың ішкі және сыртқы құбырлары құрылысы, көмірсутек шикізатын өңдеу, әрекет етуші мұнай өңдеу зауыттарын қайта құру мәселесін шешуге ерекше көңіл бөлінген. Сонымен қатар мұнай – газ саласында ресурсты жоғарлатудың маңызды бағыты көмірсутек шикізатын өндіру, өңдеудің прогрессивті технологиялық процестерін енгізу мен ресурс үнемдеуші және экологиялық факторларды ескере отырып өндірістік циклдік элементтерін бағалау керек. Дипломдық жұмыстың мақсат, міндеттері – Қазақстан Республикасының мұнай – газ саласының қазіргі заманғы жағдайына толық сипаттама беру, сол арқылы мұнай – газ саласын дамыту бағыттарын анықтау. Республиканың экономикалық мүддесін қамтамасыз ету және Ресейден экономикалық тәуелділікті төмендету үшін қолданылып отырған мұнай құбырларын нығайту, жаңғырту, қайта және жаңа құбырлар құрылысы талап етіледі.....
Қазақстанның кең байтақ жерінің табиғаты әр түрлі. Бірін-бірі қайталамайтын табиғат кешендерінен тұрады. Сонымен бірге Қазақстан аумағы 2 дүние бөлігіне жатады, яғни Еуропа мен Азияны біріктіріп жатыр. Осыған сәйкес қайталанбайтын көркем табиғатымен, жазира даласымен, кең массивті құмдарымен, төмен жатқан ойпаттарымен, күрделі геологиялық құрылымымен, көне геологиялық тарихымен, мол табиғат байлығымен, өзара ерекшелігімен кең байтақ елімізді физикалық-географиялық тұрғыдан алғаш рет 1913 жылы академик Л.С.Берк аудандастырды. Осы уақытқа дейін республика жері физикалық-географиялық тұрғыдан әлі толық реттеле қойған жоқ. Соңғы кездері Қазақстан табиғаты 9 ірі физикалық-географиялық аймақтарға бөлінді: 1. Шығыс Еуропа жазығы. 2. Тұран жазығы. 3. Солтүстік Қазақ немесе Батыс Сібір жазығы. 4. Сарыарқа. 5. Орал. 6. Алтай. 7. Сауыр-Тарбағатай. 8. Жоңғар Алатауы. 9. Тянь-Шань. Қазақстан территориясындағы зоналық немесе биіктік белдеулер жүйелерді қарастыру жеткіліксіз. Физикалық-географиялық аймақтың биоклиматтық ерекшеліктерімен бірге түзілу жолдары арқылы қалыптасу тарихын да танып білу керек. Геологиялық, геоморфологиялық түзілу жолдары мен геогендік, антропогендік дәуірлердегі даму тарихы бойынша Қазақстан территориясындағы физикалық-географиялық аудандастырудың өзіндік ерекшелігі бар. Физикалық-географиялық аудандастыру дегеніміз - әр өңірдің өзіндік табиғат жағдайының ерекшеліктерін ескере отырып, жер бетін жеке аймақтарға және олардың бөліктеріне бөлу.....
«Тәуелсіз Қазақстан!», «Қазақстан Республикасы!» неткен керемет, киелі ұғымдар! Біздің Отанымыз тәуелсіз, еркін мемлекетпіз. Бүгінде біз – қанатын кең жайған егеменді елміз. Көк туымыз желбіреп, сол жағымыздағы мақтаныш сезімімен дүрсілдеп тұрған жүрек әнұранымызға әуен қосып, әнұранымыз асқақтай шырқалуда. Тәуелсіздік туының желбірегеніне де, міне 28 жыл толады. Тоғыз жолдың торабындағы алпауыт елдер қатарындағы алып мемлекетімізді әлем жұртшылығы құрметтейді. Тұңғыш Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевта осы егемен Қазақстанның 28 жылда биік тұғырға көтерілуіне елеулі үлес қосты. Ерен еңбегімен осы егемен Қазақстанның әр азаматының жүрегінен орын алған осындай көшбасшымыздың болғанына да мақтанамын.
Мен тәуелсіз елдің патриотымын! Ешқандай қиыншылық көрмей жүргенімде, ата-анаманың жүздерінен қуаныш пен шаттық іздерін байқағанда, көкірегімді керіп «Тәуелсіз елдің патриотымын!» деп айта бергім келеді. Еліміздің бейбітшілігінің, тәуелсіздігінің арқасында күліп – ойнап, еркін білім алып жатқан ерікті елдің еркін ұланының бірімін! Біз 16 желтоқсанда еліміздің егемендігін жариялаған күн екенін білеміз. Сол күні 1991 жылы көгімізде тәуелсіздік туы желбіреді. .....
Мен бақыттымын! Себебі, мен ынтымағы жарасқан, бірлігі ұласқан елде тұрамын. Бақыт бірлігі мен ынтымағы бар елге қонады екен. Демек, мен бақытты жерде туған елімнің бақытты перзентімін. Достығы дархан елімнің аты – Қазақстан! Отан...Бұл сөз - әр адамның жанына жақын, жүрегіне жылы тиер сөз. Құс ұясыз болмайтындай, адам Отансыз болмайды. Ал менің Отаным -......
"Қазақстан" деген ауыр сөздің құдіреті мен қасиетін осы жерде туған әр азамат сезінуі парыз. Қазақ жері, елі бізге ата-бабаларымыздан урпақтан-ұрпаққа келе жатқан асыл мұра. Тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ. Қаншама батыр аға-апаларымыздың жасаған ерліктері бізге......
"Қазақстан-2030" стратегиялық бағдарламасында еліміздің келешектігі дамуына айқынды бағдар берілгені мәлім. Осы орайда ел экономикасында өсіп-өркендеуіне айтарлықтай үлес қосатын бір сала туризм екеніне бүгінде көз жеткендей. Жиьангерлік және саяхатшылық-адамның танымдық көкжиегін қеңейтетін, қазіргі замандағы ғаламат мүмкіншілігі бар, пайдасы шаш етектен келетін, біз элі толық игере алмаған саланың бірі екендігі баршамызға белгілі. Бүгінгі туризм, яғни жиьангерлік және саяхатшылық-бұл мемлекет пен қоғамның экономикалық әлеуметтік дамуының, тұлғаның жан-жақты қалыптасуының маңызды факторы. Сондықтан туристік қызмет көрсету рыногында мүдделі министірліктер мен ведомстволардың, уәкілетті органдардың, туристік компаниялардың, фирмалардың және жеке кәсіпкерлердің күш мүмкіншіліктерін жүмылдыруға, біріктіруге ықпал жасау - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігі жұмысының күн тәртібінен берік орын алған. Туризм әлемдік экономикада басты рөлдің бірін атқарады. Дүниежүзілік Туристік Ұйымның ДТҰ деректері бойынша ол әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін, халықаралық инвестицияның 11 пайыздан астамын, әлемдік өндірістің әрбір 9-шы жұмыс орнын қамтамасыз етеді. Туризмнің қазіргі индустриясы табысы жоғары және серпінді дамып келе жатқан қызмет көрсетулердің халықаралық сауда сегменттерінің бірі болып табылады. 1999 жылы халықаралық туризмнің үлесі экспортқа шығарылатын дүниежүзілік табыстың 8 пайызын, қызмет көрсету секторы экспортының 37 пайызын құрады. Туризмнен түскен табыс мұнай, өнімдері және автомобиль экспорты табысынан кейін тұрақты 3-ші орында келеді мұндай оң үрдіс жаңа мың жылдықтың бас кезінде де ұсақталады деп күтілуде. Әлемдік туристік рыноктың дәстүрлі аудандары өзінің рекреациялық сыйымдылығының шегіне іс жүзінде жеткендіктен, туризмнің өсуі туристер баратын жаңа аумақтар есебіне басым дамитын болады. Осыған байланысты, Қазақстанның әлемдік туристік рынокта өзінің лайықты орнын табуға бірегей мүмкіндігі бар. Қазіргі туризм еңбекшілердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына шығуымен байланысты болды, мүның өзі адамның демалуға және бос уақытын өткізуге негізгі құқығын тану болып табылады. Ол жеке адамды, адамдар және халықтар арасындағы өзара түсіністікті дамытудың факторына айналды. Дүниежүзілік туристік ұйым ДТҰ сарапшыларының берген бағасына қарағанда, белсенді бет-бейнені айқындау саясатын жүргізу - жылына орта есеппен 2,5 процентке келу туризмін көбейтуге мүмкіндік береді. Бұл халықты жұмыспен қамтуға, бюджетті толықтыруға, шағын бизнесті дамытуға және туристік инфрақұрылымды құруға игі ықпал жасайды. Осындай үрдісті басшылыққа алып, көптеген мемелекеттер, оның ішінде жоғары дамыған туристік (индустриясы бар, сондай ақ ТМД-ға қатысушы елдердің бір қатары бет бейне қалыптастыру саясатын жүргізуге қарқынменкірісті. ....