Пән: қазақ тілі және әдебиеті Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен. Сабақ тақырыбы: Кейіпкерлердің сипаттамасын жазу.Қайырымдылық қадірлі іс. Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.3.1.1* сурет, жоспар, сызбаны қолдана отырып, тірек сөздер арқылы әңгімелеу мәтінін, салыстыра сипаттау мәтінін/ көмекші сөздер арқылы пайымдау мәтінін құрап жазу 3.4.1.1 дауыссыз п-б, қ-ғ, к-г дыбыстарының емлесін сақтап жазу 3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру 3.4.1.4 х, һ әріптері бар сөздерді ажыратып жазу. Сабақ мақсаттары: Кейіпкерлердің сипаттамасын анықтайды,салыстырады , негізгі идея бойынша өз ойын дәлелдейді, мәтін құрастыра алады Кейіпкерге сипаттама беріп үйренеді. Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қойып, жауап беруді үйренеді; х, һ әріптері бар сөздерді ажыратып жазуды үйренеді.....
Қыз бала туылғанда ренжу, әсіресе анасын айыптау – үлкен қателік. Құран кәрімде «Аллаһ қалағанына қыз, қалағанына ұл бала береді. Біреулерге әрі ұл, әрі қыз бала береді, ал қалағанын тумайтын қылады. Барлық нәрсені хаққымен білетін және бүкіл нәрсеге күші жететін тек қана Аллаһ» делінген. (Шура 49, 50)
Сүйікті пайғамбарымыз «Қыз балаларды қор қылмаңдар» деген. Қор қылу, дінді білмеуден туындайды. Қайырлы перзент сұрау керек. Қайырлы болмайтын болса, қыз немесе ұл болуының қандай айырмашылығы бар?......
Қандай жолдас еді, ол, қандай жолдас еді,— деген сөз оның ділінде де, тілінде де тұрды. Сол бір сөзді қайта-қайта қайталап қойып. ұзақ-ұзақ даққа кетеді. Еріндері күбірлей береді. Оның еріні күбірлеген сайын жанында отырған жұбайы оның өзінше сөйлеп отырғанын байқамай «м-м» деп қала береді. Ол жасаураған бота көздерін Гүлбаршынға бір тастап қайта ойымен болады. Сәлден кейін күбірлейді. Бұл күбірлеген сайын Гүлбаршынның іші қорқа түседі. Бірақ үндемейді. Қазақ ойға кеткенде ойын бұзбай, үндемеуге Гүлбаршын үйреніп кеткен. Сол әдебін-әдетін бүгін де сақтап отыр. Әншейіндегісі бір жөн екен, бүгінгісі әлейім болды. Үндемейді, алайып жасаураған қос шырағы жасқа толып, қанталап кеткен. Шамасы ол сыртта, үйге келгенше де жылаған болса керек.
«Волга» Күнгей Алатауды бөктерлеп Ыстықкөлдің солтүстік жағалауымен жүйткіп келеді. Тасты, кедір-бұдырлы жолды жолаушылар елең қылып отырған жоқ. Тек анда-санда баранка ұстап отырған бала — Қарақ машинасын тоқтатып, артқы қақпағын ашып, ү'ш аяғын буып салған көрсен құйрықты көрқызыл қазақы қойды байлап келеді де, қайта жүріп кетеді.
Машинаның артында екі адам Қазақ пен Гүлбаршын қасқыр ішікке оранып қатар отыр. Күнгей Алатаудың күнгей жағы болса да, қар қалың. Жолдан кішкентай ауытқуға болмайды. Оның үстіне Қарақтың, машина жүргізгені жаңа болмаса да заводтан жаңа шыққан және ілкі келе бастаған ГАЗ—24 сырын алып болмаған машина. Кеш алдында келген суық хабардан кейін-ақ бұлар көз ілген жоқ. Содан соң Қазақ анда-санда жол жабдығын, сөздің мәнін, жауабын айтқаны болмаса артық үн шығаруды қойды. «Қандай жолдас еді, ол?»— деп күбірлей береді, кейде ойы сыртқа шығып кетіп те отыр......
Пән: Әдебиеттік оқу Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Уақыт. Сабақ тақырыбы: Алмас Темірбай «Уақыттың қадірі» Оқу мақсаттары: 3.1.4.1 сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді/ нақыл сөздерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану 3.2.4.1 өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін анықтау Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: шығарманың жанрлық ерекшелігін біледі, сөйлеу барысында вербалды емес тілдік құралдарды қолана алады;; Көптеген оқушылар: шығарманың жанрлық ерекшелігін анықтай алады,сөйлеу барысында мақал- мәтелдерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолданады; Кейбір оқушылар:Шығарманың жанрлық ерекшелігін анықтап, салыстыра алады, өз ойын жеткізуде мақал- мәтелдерді, вербалды емес тілік құралдарды қолданып, дәлелдейді......