Пән: Қазақ әдебиеті Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Абайды оқы, таңырқа! Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін», «Ғылым таппай мақтанба» №2 Оқу бағдарламасына сілтеме: Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні 6.1.1.1. Әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтау. Сабақтың мақсаты: Оқушылардың барлығы орындай алады: Шығармалардың сюжеті мен фабуласын анықтай алады. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Шығармалардың сюжеті мен фабуласына талдау жасайды. Оқушылардың кейбіреуі орындай алады: Шығармалардың сюжеті мен фабуласына талдау жасай отырып, жанрлық ерекшелігін ажыратады.....
Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев осы лауазымға келгелі бұл салаға түрлі реформалар енгізуден жалығар емес. Оның бастамалары қағаздан іске көшпей жатып қызу талқыға салынатын болған. Ал кейбірінің арты үлкен дауға айналып жатыр. nur.kz порталы министр Сағадиевтің халыққа жақпай жүрген бастамаларын тізіп шықты.
Жұмыр жерді мекендейтін сан - мыңдаған тіршілік атаулының ішінде Жер - анаға адам баласынан артық қиянат жасайтын жан иесі жоқ екен. Басқасын былай қойғанда, саналы тіршілік иесі саналатын «нome sapins»- тің күнделікті өмір қажеттілігінен артылған тұрмыстық қалдықтары мен күл - қоқысы ортақ планетамызды тұншықтырып барады. Қасиетті даласын көзінің қарашығындай аялайтын қазақ «ат аунаған жерде түк қалады» деп қастерлеуші еді. Енді табиғат аясына демалысқа шыққан әрбір адамның артында кемінде 10 кило қатты тұрмыстық қалдықтар қалатын болды. Қасіреті қалың қазақ даласында бүгінге дейін жиналған 22 млрд. тонна қалдықтың 96 миллион тоннасы қатты тұрмыстық қалдықтар екен. Бұл арнайы есепке алынған күл - қоқыс алаңдарына төгілгені. Ұлы даламыз - дағы күл - қоқыс «қоры» жыл сайын бірнеше миллион тоннаға көбейіп отыратын көрінеді. Ал ұлы даланың жер - жерінде есепке алынбаған тау - тау күл - қоқыс қаншама?! Қазақстан ҚТҚ (қатты тұрмыстық қалдықтар) мен күл - қоқыстың 97 пайызын арнаулы күл - қоқыс алаңдарына төгумен ғана айналысады. Табиғат - бұл бізді қоршаған орта. Ол адам баласының санасынан тыс, өздігінен пайда болған дүние. Демек, «Адамдардың табиғатсыз күні жоқ, табиғаттың мұны айтуға тілі жоқ.....
Ұлттық бірыңғай тестілеу мәтіндеріне Баян Есентаева мен Нұртас Адамбай туралы сұрақтардың енгізілуіне журналистер кінәлі боп шықты. Талапкерлерге арналған сынақтағы ерекше сауалдарға байланысты анық-қанығын білмек болған тілшілерге Білім және ғылым министрі осылай тап берді.
Ми қайнатар ыстықта аңқасы кеуіп шөліркеген жұрт неше түрлі құты - қалбырлардағы суларды сатып алып жатады. «Кока - Кола», «Фанта», «Спрайт», «Макси чай», «Либелла», «Некси чай» дейсіз бе, толып тұр. Бұрын - соңды аты белгісіз «су жаңа» сусындар қаншама? Ол қайдан шыққан, қалай жасалған, бауырға әсер етіп, бүйректі сыздатып, асқазан ауруын қоздырмай ма, бұл мәселеге бас қатырып жатқан халық жоқ, шөлі қанса болды. Әсіресе, балалар жағы бояғыштар мен стабилизатор, консерванттар, эмульгаторлар қосылып жасалған осындай қызылды - жасылды сусындарға тым құмар. Сонымен, бұлар қандай сусындар? Шөл қандырам деп жүріп денсаулығымызды бүлдіріп алып жүрмейміз бе? Бұл туралы мамандар не дейді екен? Батыс Қазақстан облыстық сараптама және сертификациялау ұлттық орталығы АҚ - ның қызмет және тағамның сәйкес келуі және мақұлдануы бөлімінің жетекші маманы Галина Капустинадан өзімізді мазалаған сұрақтарға жауап тапқандай болдық......
Бескүндік білім жүйесіне көшетін болсақ, оқу жылын жаздың ортасына дейін ұзартуға тура келеді. Бұл туралы бүгін Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлім етті деп жазады Қазақпарат.