Ғылыми жұмыс (жоба): Информатика | MathCad бағдарламасы

Зерттеу жұмысының мақсаты: Mathcad бағдарламасын зерттеп, бағдарламаның мүмкіндіктерін көрсету әрі бағдарламаны информатика, физика, математика пәндерінде оқытудың маңызын таныту.
Гипотезасы: Қазақстан 2050 стратегиясын іске асыру үшін, мемлекетіміздің әрбір азаматы инновациялық технологияларды толық меңгеріп, күнделікті өміріне енгізуі керек.
Зерттеу кезеңдері:
Mathcad туралы жалпы мәлімет
Mathcad – тың қарапайым құрылымы
Mathcad көмегімен физика – математикалық есептеулер жүргізу
Эксперимент әдісі: кітапханамен, ғаламтормен, информатика пәніне арналған журналдармен жұмыс.
Зерттеу жұмысының жаңашылдығы: еліміздегі ақпараттық – коммуникациялық технология құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіру.
Эксперименттің қолдану аясы:: жасалған жұмысты мектеп бағдарламасына енгізу үшін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне ұсынуға болады.
Зерттеу нәтижесі мен қорытынды: Mathcad бағдарламасының пайдасы дәлелденіп, мектеп бағдарламасында қолдану аясы көрсетілді. Зерттеу барысында маңызды ойлар түйінделіп, ұсыныстар мен шешу жолдары көрсетілді......
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Физика | Кеплер жаңа планеталар жүйесі

Зерттеудің мақсаты: Күн жүйесінен өзге экзопланеталарды зерттеу барысында анықталған Кеплер - 11 планеталар жүйесін зерттеп, оларда тіршіліктің болуы мүмкін бе? Болса адам үшін маңызы қандай екендігін анықтау.
Зерттеудің міндеттері: 1. Түрлі ақпарат деректерін оқу, талдау, салыстыру.
2. Өзгелердің осы аталған тақырыпта білетіндерін тыңдау, ой бөлісу
3. Осы уақытқа дейінгі бар мәліметтерді көзіммен көру.
4. Көргендерімді, естігендерімді оқығандарымды жазу, суретін салу, макетін жасау.
5. Барлық жинақталған материалдарды талдай отырып ой қорытындысын шығару.
Зерттеудің болжамы: Кейінгі кездері Кеплер орбиталық телескобының көмегімен анықталып жатқан экзопланеталардың тіршілік үшін үлкен маңызы бар деп болжаймын.
Жұмыс жоспары:
Кіріспе:
І. ХХ ғ. адамзат тарихындағы «Ғаламды игерудің» маңыздылығы.
ІІ. Негізгі зерттеу бөлімі.
1. Кеплер телескобының жұмыс істеу принципі
2. «Кеплер»- 11 жаңа планеталар жүйесі.
3. «Кеплер»- 22 би планетасы.
4. Өзге де жетістіктер
Қорытынды.
Жобамен таныстыру......
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Әдебиет | Қазақтың ырым тыйым сөздері

Тыйым – халықтың тәлім - тәрбие, үлгі - өнеге, ақыл - кеңес берудегі тәрбие құралдарының бірі. Бұл негізінен балаларға арналған, оларды жаман әдеттен, жат пиғыл, ерсі қылық, әдепсіз істерден сақтандыруда өте үлкен қызмет атқарады. Кейде оғаштау іс істеп қойсақ, үлкен кісілер ылғи да: «Олай істеме, жаман болады» деп атайды. Халық арасында кең тараған осындай тыйым сөздерді зерттей отырып мен олардың жас балаларға арналғандарын жинақтадым. Сонымен бірге мағынасы, тәлім - тәрбиелік мазмұны жағынан бүгінгі заман талабына сай келетінін байқадым. Яғни біз ата - бабаларымыздың даналығы сол – қанша ғасырдан бері тыйым сөздердің мәні өзгермей, қасиеті кетпей бүгінгі заман жастарына беретін өнегесі көп. Ғұлама ғалым Әл - Фараби айтқан «Адамға бірінші білім емес тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» деген сөздеріне қазақтың тыйым сөздері толық мысал бола алады. .....
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Математика | Қазақтың ұлттық өлшем бірліктері тақырыбына ғылыми жоба

Байырғы өлшем бірліктерімен танысып, әдеби тіліміздің қалыптасуына өзек болып отырған халық тілінің сақталуына ұйтқы болу.
Ғылыми болжам:
Егер мен қазақтың байырғы өлшем бірліктерін зерттесем, қазақ тілінің тарихына, халықтың этнографиясына деген қызығушылығым оянып, пәнге деген ықыласым арта түседі.
Зерттеудің негізгі кезеңдері:
1 - кезең - "өлшем бірліктері ", "байырғы өлшем бірліктері"деген терминдермен жұмыс істеу. Аймақтық жазушылардың еңбегімен танысып, қосымша әдебиеттерді іздеп, зерттеу.
2 - кезең - мектеп оқушыларымен сұхбаттасу, сауалнама алу, алынған мәліметтерді сұрыптау, зерттеу, бір арнаға тоғыстыру.
3 - кезең - ұсынылатын зерттеу жұмысын дайындау, рәсімдеу.
Зерттеудің әдіс - тәсілдері: Материалдарды талдау, оларды салыстыру, жүйелеу, қорытындылау.
Жаңашылдығы: Байырғы өлшем бірліктерін зерттеу барысында аймақтық жазушылардың еңбектерінің қолданылуы......
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Әдебиет | М Әуезов Абай жолы романындағы әйелдер образы

Еліміз егемендік алғалы бері қазақ әдебиеті тарихының ежелгі және орта ғасыр дәуірі дербес пән ретінде бұрынғыдан да кең көлемде әрі тұрақты түрде оқытыла бастады. Өйткені дәуір шындығын, заман ақиқатын қалпына келтіріп жатқан ұлы бетбұрыс кезеңінде бізге көненің көзіндей болып ғасырлар қойнауынан жеткен рухани мұраларды, соның ішінде жазба әдеби жәдігерлерін танып - білудің қажеттігі ерекше артып отыр.
Өйткені жазба мұраның осы күнге толық түп нұсқасы жетпей, архивтерде шаң басып жатқаны бірімізге аян. Яғни, осы деректерді алып ғылыми түрде дәлелдеу , жарыққа шығару қажеттілігі туындайды. Тарихи дерек пен тәжірибе жекенің жадында сақталады. Бұл орайда халықтың жады арқылы жеткен мұралардың деректік тұрғыдан объективтілігі басымдау болады. .....
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Физика | Ғарыш әлеміне саяхат

Зерттеудің мақсаты:
 Ғарыштың таңғажайып сырларымен танысу, ғарышқа алғашқы қадам, ғылымның адам өміріне қосқан үлесін зерттеу, білу;
 Қазіргі заман талабына сай ғылыми - техникалық процестерді игеріп, өз мүмкіндігімді ашу;
 Ғарыш дәуірінің басталуы, оны игерудегі жетістіктер жөнінде танысып, жеке шығармашылығымды кеңейту.
Зерттеудің бөлімдері:
 Кіріспе
 Ғарыш ұғымы оның пайда болуы, ғарыштық техника.
Негізгі
 Ғарыштық корабльдің ішкі құрылысына жалпы сипаттама
 Ғарышты зерттеуге өз үлесін қосқан ғарышкерлер
 Ғарышқа алғашында нелерді ұшырады
 Ай жердің табиғи серігі
 Жалпы космос, негізгі жетістіктер
 Адам - ғарыштық тіршілік иесі.
 Ғарышты игерудің ғылыми практикалық маңызы.....
Ғылыми жобалар
Толық
0 0