Әңгіме: Мұхтар Әуезовтың Еңлік Кебек драмасындағы ғашықтардың жан түршігерлік өліміне әкелген билер шешіміне көзқарасыңыз қандай

Адам өліміне әкеліп соғатын кез келген билер шешіміне мен қарсымын. Ол адамдыққа, адамгершілікке жатпайды.

Автор

Адал махаббаттың құрбаны болған ғашықтардың жан түршігерлік өліміне әкеліп соққан билер шешімінің нүктесі - Еңлік пен Кебектің мойнына арқан салып, екі аттың құйрығына байлап алып, сүйреп, "Матайлап" ұрандатып шауып-шауып төбеге төмпешік жасап тынды. Тіпті адам түгілі, жыртқыш аңда өз баласына өлім тілемейді. Бұл жаза өте қате шешім еді.

Қай заман, қай ғасырда болмасын екі жастың бақытты болғанын қаласа жүрегінде мейірімі, басында тауықтың миындай ақылы болса шешім шығарған билер өлімге кеспес еді. Осындай өлімге әкеліп соғатын билердің ауыр шешіміне себеп - ауылда қалған билердiң сұңғыла Қараменде дәл басып айтқан “менмендiгiнде” және бозбалалардың (матай жағы) жалған намысшыл кеудемсөқтығында. Терең ойсыздықпен, асығыс ақылсыздық арқасында ғашық жандардың өмірі қыршыннан қиылды. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Өлең: Мұхтар Шаханов (Ғашықтық ғаламаты)

Қартаң әйел жұмысыма іздеп келіп, жылады:
"Жалғыз қызым бар еді, айнам,
Тірлігімнің шынары
Еркелеттім,
Өмірімді желкен еттім жолына.
Тек сол гүлдеп толыссын деп,
Тек сол кисін, сол ішсін деп,
Ештеңені аяғам жоқ, бәрін бердім қолына.
Қызым сұлу бой түзеді, ой түзеді жайдары,
Ой түзеді көз жауын ап қызғалдақтай майдағы,
Алды болды құрбысының бірге өскен.
Үмітіме бақ пен қайғы қалай қатар мінгескен?
Бекер,
Бекер жіберіппін еркіне,
Ерте түсіп қалды-ау, сірә, албырт сезім өртіне.....
Өлеңдер
Толық
1 0

Шығарма: Мен ғашық қала

"Мен ғашық қала "

Әлемде болса сан мың қала гүлденген,
Ұнай қоймас кез-келген жер бір демнен.
Өмір сүріп,табиғатын танымай,
Ғашық болма қыдырып жай жүргеннен.......
Шығармалар
Толық
0 0

Өлең: Әліпов Айтбек Рымбекұлы (Ғашық жүрек не дейсің...)

Ғашықтық құмарлықпен егіз екен,
Құмарлық бір нәпсі үшін керек екен.
Ләззатын құмарлықтың татсаң егер,
Сенен артық жан жоқ деп қалады екен.
Ғашықтықтың шынары осы емес пе,
Көңіліңнің рақаты сен болған соң.
Ойламайын десем....
Өлеңдер
Толық
0 0

Махаббат хикаясы: «Агентпен» танысқан ғашықтар

«Агент» деген нәрсе қазіргі жастарды таныстырып қойма, сүйіктілерін табуға көмектесіп, үйлендіріп жататын кездері болады. Бұны Евгений мен Юлия өз бастарынан өткізген.

Әңгімелеп жатқан Евгений: « Мен бала кезімнен биіктікті жақсы көретінмін. Мүмкін содан болар ұшқыш болуды, соның ішінде тікұшақта ұшуды алға мақсат етіп, Ақтөбе қаласындағы әуе қорғаныс күшінің әскери институтына 2008 жылы оқуға түстім. Шынайы махаббатты мында кездестірем деп ойлаған емеспін. Маған өзімнің туған жерімдегі Алматыдағы Ұржар ауылындағы қыздар ұнайтын» - деп өзінің әзілдегенін күлкісімен білдіріп қойды. Мен үшін қыз бала мінезімен көрікті.

Партаға жазылған ұялы телефон нөмір менім өмірімді түбегейлі өзгертеді деп ешкім ойламаған еді.
Мен телефон арқылы агентте кешкі уақытта өте жиі отыратынмын. Ауылдағы достарыммен, бауырлармен хабарласып, жаңалықтармен алмасып отырған сәтте ішім пысты ма? Әлде зеріктім бе? Білмеймін!? Әйтеуір Ақтөбенің сұлуларының бірі Винокурова Юлия дегенге достық жіберіп отыра бердім. Сонда мен қыздар да соншама көкірек бар екенін көрдім. Ол мені ұзақ уақыт қабылдамады. Бірақ менің әңгімемді онымен ұзақ болмады. Мен оған «сіз маған нөміріңізді беріңіз! Егер әңгімеміз жараспай жатсса, мен сізді мазаламаймын»-дедім. Сосын ол маған номерін жазды, оны жазып алапр қағаз , не қалам таба алмай онын нөмірін қарандашпен партаға жаздым.

Уақыт өткен соң жүректе бір жылулық пайда бола бастады......
Махаббат хикаялары
Толық
0 0