Реферат: Тарих | 15 16 ғасырлардағы Қазақ Қырғыз қарым қатынасы

ХҮ-ХҮІ ғасырлардағы Қазақстан мен Орта Азия тарихы маңызды тарихи оқиғаларға толы болды. Осы кезеңде Қазақстанда моңғол ұлыстары ыдырап Қазақ хандығы құрылса, Орта Азияның батыс бөлігінде Темір мемлекетінің орнына Шайбани тұқымдары билік басына келді, ал шығыс бөлігінде Моғолстан хандығының орнында қырғыз бірлестігі пайда болған еді.
ХІҮ ғасырда қырғыз тайпалары Алтайды мекендей отырып Моғолстан мемлекетінің құрамында болып келді. Алтайды мекендеген қырғыздар ХІҮ-ХҮ ғ.ғ. мұсылман авторларының деректерінде «моғол» немесе «шағатай» сияқты ортақ терминдермен аталып келген. Мұның өзі қырғыздардың этникалық тарихын оқып білуде қиындықтар туғызды.
Тарихи деректерде 1389 жылы Әмір Темірдің Моғолстанға жорығы кезінде Іле-Ертіс аралығында ХҮІ-ХҮІІ ғ.ғ. қырғыз халқының құрамына кірген бұлғашы тайпасы талан-таражға салынғандығы туралы айтылады (1, 101-111 б). Орта ғасырлық тарихшы Сайф ад-дин Ахсикендидің «Маджмуат-тауарих» атты шығырмасында Темір әскері қырғыздардың негізгі үш бірлестігінің барлығын (бұлғашы, оң және сол қанат) тұтқындап Самарқантқа алып кеткен және олар сол жақтан әр тарапқа қоныстанған дейді.....
Рефераттар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): XIX ғасырдағы мәдениеттің дамуы 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.4 XIХ-XX ғасырдың басындағы Қазақстанның мәдениеті
Сабақ тақырыбы: XIX ғасырдағы мәдениеттің дамуы 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 7.2.2.3 – ұлттық музыкалық аспаптардың қолдану ерекшеліктерін сипаттау
Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының ұлттық музыкалық аспаптар түрлері мен оның пайда болу тарихын, қолдану ерекшіліктерін анықтау.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Өлең: Күләш Ахметова (Ғасыр қасіреті)

Қай заманда тимеген жанға сүргін?
Тыртығы мен тарихтың таңбасы — ырғын.
Қайсар халық қаншалық күрессе де,
Қасіреті қалмаған әр ғасырдың.
Қарап тұрсаң дамудың мәңгі заңын,
Адам жолы — қиямет, зарлы жалын.
Ғасырлардың иығы — қызылала...
Мен айтпай-ақ қояйын арғы жағын.
Мен бармай-ақ қояйын ар жағына,
Мың-мың жылдың дауына, жанжалына.......
Өлеңдер
Толық
0 0

Реферат: Орта ғасыр мен қайта өрлеу жылдар

Саяси ой тарихында орта ғасырлардағы феодалдық қоғамның орны ерекше. Батыс Еуропада феодализм мың жылдан артыққа созылды (V—XVI ғасырлар). Бұл дәуірде рухани өмірде дін түгелдей үстемдік етті. Христиан діні феодалдық қоғам көзқарасының өзегі, біртұтас христиан мәдениетінің негізі болды.
Орта ғасырдағы Батыс Еуропаның саясат тарихында римдік-католиктік шіркеудің, папалықтың және ақсүйек феодалдардың арасында қоғамдағы басқарушы рөл үшін қиян-кескі күрес болып тұрды. Үкімет басында дін иелері ме әлде ақсүйектер болуы керек пе деген сұрақ сол кездегі саяси білімнің негізгі мәселелерінің бірі болды.
Шіркеудің саяси талабын дұрысқа шығару мақсатымен оны жақтаушылар патшаға құдіретті шіркеу берді, ал оған мұндай абырой, беделді берген құдай. Сондықтан христиан патшалары шіркеу басшыларына бағынуы керек деп уағыздады. Бұған ақсүйектер көнгісі келмей, билікті өз қолдарында ұстағысы келді.
Бұл заманда христиан дініне көп еңбек сіңірген Аврелий Августин (354-430) еді. Ол христиан фәлсафасының негізгі қағидаларын зерттеп, жетілдірді. Оның саяси көзқарастары "Құдай қаласы туралы" деген еңбегінде баяндалған.
Августин барлық әлеуметтік, мемлекеттік және құқықтық мекемелер мен зандарды адамның күнәсінің нәтижесі деп санады. Оның ойынша, құдай адамға еріктің еркіндігін береді, яғни ол өз бетімсн (күнәһар болып) немесе құдай жолымен өмір сүруге мүмкіндігі бар. Соған орай ол адамдарды құдай жолымен және адам жолымен өмір сүрушілер деп екі түрге бөлді. Бұл топтарды рәміз ретінде екі қала деп атайды. Біріншісін, болашақта құдаймен мәңгілік патшалық құратын, екіншісін, жын-шайтандармен бірге мәңгілік жапа шегіп, сазайын тартатын адамдардың екі қоғамы деп түсіндірді.
Христиан дінінің саяси теориясын жасап, шыңына жеткізген монах Фома Аквинский (1225—1274) болды. Оның саяси көзқарастары "Билеушілердің басқаруы туралы", "Теологияның жиынтығы" деген еңбектерінде қаралды.
Аквинский өз шығармаларында Аристотельдің көзқарастарын католик дінінің қағидаларына бейімдегісі келді. Атап айтқанда, ол Аристотельдің адам қоғамдық және саяси тірі жәндік деген пікірін пайдаланды. Жалғыз адам өз мұқтаждығын, қажеттілігін жеке-дара қанағаттандыра алмайды. Сондықтан мемлекет болып бірігіп өмір сүру адамдардың пешенесіне әуел бастан жазылған деп түсіндірді. Мемлекеттік биліктің мақсаты — "ортақ игілікке" жету, адамдарға лайықты, ақылға сыйымды өмір сүруге жағдай жасау. Ол үшін феодалдық-сословиелік жіктелудің сақталуы шарт. Жоғарғы сословиеге бәрі бағынуы тиіс.
Фоманың ойынша, билік құдайдың құдіретімен орнайды. Сондықтан патшалық билік жоғары діни билікке бағынуы керек, оның түсіндіруінше, аспанда құдай, жерде Рим папасы билеуі тиіс. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Болашақ ғасырлардың шежірешілері)

Болашақ ғасырлардың шежірешілері,
Сұп-сұрғылт салқын жүзімді
көрсетейін сендерге,
Менің өткен ізімді жазғыларың келгенде,
Тасқа басып атымды,
Суретімді іліңдер, биігірек төрлерге.
Талып, нәзік кім сүйсе .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): XVI – XVII ғасырлардағы қазақтардың рухани мәдениеті 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.4В XVI – XVII ғасырлардағы экономика мен мәдениет
Сабақтың тақырыбы: XVI – XVII ғасырлардағы қазақтардың рухани мәдениеті 2-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 6.2.2.1 күй, аңыз, шежіре, эпостық жырлардың тарихи дереккөзі ретіндегі маңыздылығын айқындау
Сабақтың мақсаты: Оқушылар ХҮІ–ХҮІІ ғасырлардағы қазақтың рухани мәдениетінің дамуы туралы түсінеді;
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): XIX ғасырдың 40-60 жылдарындағы қазақтардың ортаазиялық хандықтармен қарым-қатынастары 3-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.3А Отарлау және ұлт-азаттық күрес
Сабақ тақырыбы: XIX ғасырдың 40-60 жылдарындағы қазақтардың ортаазиялық хандықтармен қарым-қатынастары 3-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты: 7.3.1.5 – халықтың отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің себеп-салдарын анықтау;
Сабақтың мақсаты: Орта Азия хандықтарының үстемдігіне қарсы Жанқожа мен Есет батыр бастаған азаттық күрестің себеп-салдарын анықтап, көтерілістің маңызын талдайды.
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Ғасырлар перзенті)

Ғасырлар - Аналар
Әлдилеп сәбиін тербеген.
Қатыгез күн туса паналар
Ер ұлға жерік боп шөлдеген.
Ғасырлар - Әкелер
Сенімді мұрагер көрмеген.
Бостандық,
Бақытты әперер
Перзентке зәру боп, шөлдеген.
Ғасырлар - Аналар
Сан рет босанып, толғатқан. .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Ортағасырлық саяхатшылар Қазақстанды қалай сипаттады? (Қазақстан тарихы, 7 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.3A XIII – XV ғғ. Қазақстан
Сабақ тақырыбы: Ортағасырлық саяхатшылар Қазақстанды қалай сипаттады?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.4.1.2 көшпелілердің дәстүрлі шаруашылығының ерекшеліктерін анықтау
7.2.2.5 көшпелілердің қолданбалы өнер жетістіктерін сипаттау
Сабақ мақсаттары: 7.4.1.2 көшпелілердің дәстүрлі шаруашылығының ерекшеліктерін анықтау
7.2.2.5 көшпелілердің қолданбалы өнер жетістіктерін сипаттау.
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0