Тәуелсіз Қазақстан ! Атыраудан Алтайға дейін созылып жатқан осы бір ұлан-байтақ кең дала – менің Отаным. Байтақ дала төсінде талай-талай дүбірлі жорықтар, елі үшін «егеулі найза қолға алдырған» соғыстар, елінің бірлігі мен бүтіндігін ойлаған жыраулар, халқы үшін қасқайып қиындыққа қарсы тұрған небір ұлы тұлғалар өтті. Тәуелсіздік үшін күресте олар патриотизмнің нағыз үлгісін көрсетті. Тарих қойнауына көз жіберсек, кешегі өткен Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай , Шапырашты Наурызбай сынды ерлеріміз қиын-қыстау кезеңде көзсіз ерлік көрсетіп, елін, жерін жау қолына бермеген.......
Есірткі деген сөздің өзі қандай жағымсыз десеңші. Есірткі бұл – ағзаны шірітіп жоятын химиялық зат. Есірткінің түрлері: олар героин, апиын, экстази таблеткалары, молфин, кокаин жатады. Есірткіні пайдалану, сату, шығару заңға қайшы әрекет. Есірткі грек тілінде – ұйқы деген мағына береді. Есірткі адамдарда есеңгірететін әсері бар, ал ол адамның барлық ағзасынан қатты әсер етеді, денесін жансыздандырады. Есірткі – ол улы зат. Адамдардан өлімге әкеліп соғады.......
Қазақтың тілі соншалықты мол. Ләкін қазақтың тіліменен қандай кітап болса да жазуға болады. Қазақ тілі мұншалықты жатық әм анық болар еді, егер де біздің қазақтар аңғарып, бөтен тіл араластырмастан ілгері бастырып сөйлесе. Ыбырай Алтынсарин Тіршілік . Табиғат заңдылығы. Дүниеге шыр етіп сәби келді. Өзін ғана емес, бойында қазақ қанын, қазақ тілін ала келді, себебі ұлты қазақ. Айналаға шолу жасап, іңгәлап жылып, тәп – тәтті күлкісімен тамсандырып, еңбектеп, артынша жүріп, ержетіп келеді. Қалыптасқан жағдай бойынша балабақшаға барып,......
Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес! Соғыс – күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап, жұтатын тажал. Сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестететін газет – журнал материалдары немесе радио, телехабарлар, кинолар, аталар ерлігін мақтаныш тұта, бізге жеткізді. Иә, содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, ешнәрсе де ұмытылған жоқ. Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділігін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Неменеңе жетістің бала батыр, Қариялар азайып бара жатыр. Бірі мініп келместің кемесіне, Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр, - деп тебіренген Мұқағали мұңында жұмырбасты пенде үшін теңдессіз құндылық ұрпақаралық қимастық, сыйластық сезімдері мөлдіреп тұр.Қариялар азайып бара жатқанын, әсіресе олардың ортасында Ұлы Отан соғысынан аман оралған ақсақалдарымыздың қарасы жыл санап азайып барады емес пе?! Солардың жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен, күшімен, ісімен, ерлігімен, еңіреп жүріп жауды жеңіп, тауын шағып, жеңістің таңбасын басқан күн – Жеңіс күні. Бұл күннің толғағы ашшы болса да, туғаны бар халқы үшін қуаныш болған күн. Бұл – ұлы мереке! .....
Кестелеу-қазақ халқының қолөнерінің ерекше түрі. Қолмен кестелеп, өрнек салу-өте көне заманнан қолданылып келеді. Кестелеп, өрнек салу-мата бетіне әшекейлеп безендіру. Кестелеуге әр түрлі маталар және әр түрлі жіптер пайдаланылады. Кесте тігудің негізгі құралы-кергіштер. Матаны керіп ұстайды және оны зақымданудан сақтайды. Кергіштерде бірінің ішіне біріктіретін екі дөңгелектен болады. Оны ағаштан, пластмасссадан, резеңкеден және металдан дайындайды. Инелер-мата қалыңдығымен жіптің жуандығына қарап таңдалады. Қайшылар......
Қазіргі қазақ елі қандай бақыттысың! Аспаның ашық, жерің байтақ. Осыншама кең жер мен алтынға теңер табиғи байлығың бар. Ешкімнен қорықпас егеменсің. Бұдан артық мен үшін мақтаныш сезімі жоқ. Әрбір адам, елін сүйген, елі үшін мақтанып, елі үшін жан күйдірген адам. Өз елі жайлы әңгіме болғанда жүрегі тебіренбей тұра алмайды. Қазақстан – Еуразия материгінің қақ жүрегінде орналасқан тамаша, бірлігі мен достастығы берік мемлекет. Қазақстан – тәуелсіздік жолында көптеген қиындықтар, ызғарлы, қара күндерді басынан өткізді. Ал бүгінгі күнде еліміз − алдағы дамушы елдердің бірі. ......
Мы – эстафета дальнего гонца. Мы-поколение сильных и умелых. Мы-перевыполнение планов смелых. Нам нет числа, нет краю, нет конца. П.Антокольский. Будущее всегда представляешь прекрасным. А будущее города, в котором ты родился и вырос – тем более. Мы живем в городе с развитой промышленностью. Здесь живут горняки и представители других замечательных профессий. За последние годы наш город сильно изменился, к сожалению, не так, как бы хотелось. В нем стало меньше свободного пространства. Десятки магазинов и магазинчиков, кафе, ресторанов, складских помещений и мастерских вытеснили так радовавшую глаз природу. Парки и аллеи города, служившие прежде местом отдыха и прогулок родителей с детьми, бабушек и дедушек с внуками, превратились в торговые ряды.....
«Екінші дүниежүзілік, Ұлы Отан соғысының аяқталғанына жарты ғасырдан астам уақыт өтті... Осы соғыста ата-бабаларымыз ерлік көрсетіп, Отанымызды жау қолынан қорғап қалды. Әлемді оқ пен отқа ораған бұл соғыс адамзат жүрегіне жазылмас жара салды. Бұл шайқаста ажалдан тайсалмай жауға ұмтылған ерлер есімі тарих беттерінде мәңгіге жазылып қалды. Бұл жеңіс осы күнге жетпей қыршынынан қиылған сан мыңдаған боздақтардың аманаты еді. Бес жылға созылған соғыстың аяқталуын зарыға күткен халық арманының орындалғанын, қанды қырғыннын аяқталғанын білдіретін соңғы нүкте ол – Жеңіс еді. Ұлы Отан соғысы жылдарында ел басына төнген қаһарлы қатер миллиондаған кеңес адамдарын басқыншыларға қарсы күреске жұмылдырды. Қазақстан өзінің барлық мүмкіндіктерін – адамдар, өндірістік қуаттар, табиғат байлығы мен рухани қорын майдан талабына бағындырды. Майданға Қазақстанның әрбір төртінші азаматы аттанды. Фашистик Германиямен соғыста 55 миллион боздақ құрбан болды. Әсіресе, Кеңестер Одағы халықтары орны толмас адам шығынын тартты. Майдан даласында 8668,4 мың офицер мен жауынгерлерден айырылдық, уақытша басып алынған аумақтарда, концлагерлер мен каторгалықжұмыстарда 18 миллион бейбіт тұрғындар жау қолында қаза тапты. Біздің Республикамыздың да адам шығыны зор болды. Бұл соғыста Қазақстан 602 939 адамнан айырылды. Әрбір екінші қазақстандық майдан даласынан қайтып оралмады.....
Қазақ халқы жеті санын киелі деп санаған. Жеті санына байланысты ұғымдар да жетерлік. Солардың бірі жетелі елдің жеті белгісі ретінде: Ту, Елтаңба, Әнұран, Тіл, Елбасы, Ата Заң, Дін деп саралап отырмыз. Бүгінгі күні егемендікке қол жеткізіп, Тәуелсіз ел атанып, өзіміздің мемлекеттік рәміздерімізді бекіттік. Біздің еліміздің Әнұраны щалықтап, көк туымыз талай рет әлем көгінде желбіреді. Ол кешегі өткен спорттық олимпиада кездері еді. Біз ол күндерді бүкіл отбасымызбен ерекше еске аламыз.......
Ұлы ұран тау қырандай саңқылдады, Дабысын ұлан-байтақ ел тыңдады. Сонау алыс ғасырлар түкпірінен Түсі суық найзалар жарқылдады. Қасым Аманжолов Міне, уақыт өте келе сұм ажалымен жалмаған соғысқа қарсы отан үшін күреске шығып ерлік көрсеткен бабаларымыздың нәтижесінде биыл Ұлы Отан соғысының жеңісті күндерін жетпіс бірінші рет атап өткелі отырмыз. Дегемен, азаттық пен бейбіт өмірді тарту еткен осынау Ұлы Жеңістің оңайлықпен келе қоймағанын еске түсірсек. Сол кездегі кеңес халқы ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ете отырып, соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізді, ерліктің сан үлгісін көрсетті. Сонымен қатар өздерінің тылдағы қажырлы еңбегімен жеңісті шыңдаған, станоктың қасында, егін даласында, күні-түні мал бағып, тынымсыз жұмыс істеген жұмысшылар, ауыл адамдары бүгінгі күніміздің кепілі болғанды. Әкелерін, ерлерін, ұлдарын және сүйіктілерін көзінен жасы сорғалай жүріп төзімділікпен күткен, олардың орнын жоқтатпаған аналар мен жұбайлар, қалыңдықтар мен қыздарды атап өтпесек болмасты. Ұлы Жеңіс күні өздерінің әкелері мен ағалары қанын төгіп, жанын қиып бақытты өмірін қамтамасыз еткен Ұлы жеңістің құрдастары елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған-туысқандарына, жақын-жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске түсіреді. Соғыс – күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын тажал. Соғыс – адам баласы үшін ең үрейлі, ең қорқынышты сөз. Өйткені, соғыс атаулы адамзатты қырып-жоюға бағышталған. Адам адам болғалы осылай. Талай рет үстемдік, байлық үшін адам қаны суша аққан......