Төрт түлік малдың ішіндегі ең қасиеттісі түйе болып есептелген. Ол қырық күн шөлге шыдамды, жүк артса – көлік, жесе – ет, ал жүні киімге жараған. Қазақтар түйенің жүнінен түйе жүн шекпендер киген, ол жеңіл әрі жұмсақ сырт киім болған. Түйенің күштілігі, жүйріктігі, шыдамдылығы сияқты түрлі қасиеттері бар, соған орай оны түрліше атайды (желмая, нар, аруана, жампоз, үлек, нарқоспақ т.б.). Асанқайғының шапқанда құстай ұшатын желмаясы естеріңізде...
Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі не?Себебі, тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз – Қазақ тілі.Әр халықтың өзінің ана тілі бар. Тіл – жеке адам ойлап тапқан туынды емес, ол барша ұлтқа ортақ, соның төл перзенті. Сол халықтың мәдени әлеуметтік өмірінде өзіндік мәні бар киелі ұғым.......
Білектің күшімен, найзаның ұшымен, соңғы демі қалғанша туған жерімізді қорғап, бізге аманат етіп қалдырған ұлы даланың ұлы кемеңгерлерінің арқасында бақытты өмір кешудеміз. Алайда, осы баға жетпес байлығымыз «Тәуелсіздігіміздің» құнын кейінгі ұрпақ қалай бағалайды? Компьютер, интернет тәрбиелеген «Жаңа заман адамы» Әнұранымыздың сөзін ұмытып, өз тілін жатсынып жатса, жұдырықтай жүрегім кеудеме сыймай кетеді. Алайда, арамызда ар мәселесін төменге ысырып, асқақ абыройын аяқасты ететіндер де осы қоғамнан табылады. Мен көпке топырақ шашпаймын. Тек осы шығармамды оқыған оқырманға ой салсам болғаны.......
Тарихты таразылап отырсақ, қазақтың басынан өткен қиыншылықтар аз емес. Соның бірі – 1941-1945 жылдар арасындағы Ұлы Отан соғысы. Соғыс... Мен үшін бұл өте қорқынышты сөз, өйткені елімізге көп қасірет алып келген азапты жылдар. Әрине, біз соғысты көрген жоқпыз, бірақ ол туралы естідік, кітаптардан оқып, фильмдерден білеміз. Бұл сұм соғыс әр отбасын шарпып өтті десек қателеспеспіз, сірә. Өйткені біздің кішкентай аулымыздың өзінде талай ана жолдасын, бауырын немесе баласын соғыс кезінде жер қойнауына тапсырғанын ауыл ақсақалдары талай әңгімелеген. Бізді қуантатыны – соғыстан аман қайтқан аталарымыз. Біздің ауылда соғыстан қайтқан ардагерлер көп еді. Қазір тек біреуі ғана арамызда. Ол - Мырзабаев Шәмші атамыз. Енді біз тек ол кісілердің айтқан әңгімелерін есте сақтап, жасаған істерін үлгі тұтудамыз. Ардагер аталарымыз жайлы бірнеше таң асыра әңгімелеуге болады, олар туралы көптеген мәліметтер газет-журналдарда жазылды. Мен өз ойыммен бөлісіп, өзіме таныс жайларды ортаға салуды жөн көрдім. «Асылдың сынығы» дегендей, олардың әрқайсысының орны бөлек. Мен танитын Қалжанов Сарыбай атамыз соғыс жайлы айтуды ұнатпаушы еді. Көп сөйлемейтін, томаға-тұйық кісі болатын. Алайда ол кісінің бағбандығы өзінше бір керемет болды. Еккен ағаштарының бірі қалмай көктеп, жайқалып шыға келетін. Ауыл тұрғындары өтініш айтып, бақшаларына жеміс ағаштарын ектіретін. Ойлап отырсам, мұның сыры, бәлкім, бейнеткештігі мен жасаған ісіне деген жауапкершілігінде ме екен? Кім біледі, бірақ ол кісідей жүрген жерін көктетіп, гүлге орап жүру көп адамның қолынан келмеді.....
Той – халықтың қазынасы. 30 күн ойын, 40 күн тойын тойлаған, жиған тергенін дүбірлі тойда ғана шашатын қазақпыз. Ұлттық тәрбие бесігі бола білген қазақтың тойында әдет-ғұрып пен салт-дәстүр сақталып, мазмұны мен маңызы ерекше болған. Ал қазір ше? Қазіргі тойлар – есепсіз ысырап пен мақтан үшін жасалып жүр десем артық......
Ұлы Отан Соғысын еске алсақ, көзімізге жас келіп, қорқынышты және аянышты көрініс елестейді. Бұл оқиға тарихта қызыл әріптермен жазылады, өйткені сол жылдары қаншама адамның қаны төгілді. Жалпы қазақ халқы басынан қаншама қайғылы және ауыр жайттарды басынан кешірген. Бұл біздің, яғни қазақтардың өте шыдамды халық екенімізді дәлелдейді. Сондықтан ата-бабамыз бізге аманат етіп қалдырып кеткен жерді сақтауымыз керек. Жоғарыда айтылып кеткендей, Ұлы Отан соғысында қаншама адамның қаны төгіліп, қаншама бейкүнә адам өмірінен айырылды. Қаншама қазақтың жас жігіттері соғысқа барып, өмірімен қош айтысты. Ал оның ата-аналары балаларысыз қалды. Тек соғысқа барған жауынгерлердің кей біреулері ғана қайтып оралды. Сол қайтып оралғандардың арасында менің нағашы атамМұғұжанов Мұхамедия Мұғыжанұлы да бар. Мұғұжанов Мұхамедия Мұғыжанұлы-1918 жылы 23 ақпанда, Қарқаралы уезі Нұркен ауылы қазіргі Қарағанды облысының Ақтоғай ауданының Сарытерек ауылында дүниеге келген. 1934 жылы Талғар Ауылшаруашылық Техникумына түсіп, оны 1936 жылы мамандығы бойынша Ақтоғай ауданында жұмыс істей бастады. 1942 жылы 12 ақпанда қызыл әскер қатарына шақырылды. Сол шақта Ұлы Отан соғысы болып жатқан кез еді. 1 айлық дайындықтан өтіп, 95 артиллерия дивизия құрамына қатардағы жауынгер болып қабылданды. 1943 жылдың қарашасында Украина әскери округіне 95 артиллерия дивизиясы құрылды. Дивизия командирлері: ......
«Айналайын халқымнан қазақ деген» деп өлең жолдарында айтылғандай, осыдан бірнеше ғасыр бұрын тарих сахнасында «қазақ» деген атаудың пайда болғаны қандай керемет десеңізші! Содан бері талай тар жол, тайғақ кешкен қазағымды мен мақтан етем, құрмет тұтам. Біраз тарих тұңғиғына үңілсек, қазақ халқының талай жаугершілік заманды бастан кешіргенін білеміз. Сол кезден-ақ қазақ халқы ар мен намысты алға қойып, қасық қандары қалғанша кең байтақ жерімізді жаулардан қорғап қалған. Бөгенбай, Қабанбай, Жәнібек, Жауғашар, Қарасай сияқты батыр тұлғалар ел басына күн туғанда қалың қолын бастап, қазақ халқын бір мақсатқа жұмылдыра білді. Бертін келе XVIII ғасырда Ұлы империяға тәуелді болуы да халқымызды қиыншылықтан көзін аштырмады. Халықты қорғаймын деп өзіне бағынышты еткен империяның малдың ізінде жүріп көшпелі өмір салтын ұстанған, момын халыққа көрсеткен қиындықтары да аз емес еді. ......
Мен елімнің-патриотымын! Патриотизм дегеніміз – Отанға деген сүйіспеншілік. Жеке адамның аман саулығының қоғамдық - мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну. Ол мемлекетті нығайту дегеніміз – жеке адамды күшейту екенін мойындау. Қысқасын айтқанда, патриотизм - мемлекет деген ұғымды жеке адаммен, яғни оның өткенімен және болашағымен қарым-қатынасты білдіреді. Қазақстан Республикасын, оның мемлекеттік рәмізді-Туын, Елтаңбасын, Гимнін қастерлеуге тиісті.......
Мы живем в замечательной стране Казахстан. Недра ее богаты природными ресурсами: газом, нефтью, углем, черными и цветными металлами. Природа разнообразна: бескрайние степи на севере, высокие горы Алатау и Тянь – Шаня на юге, могучие сосны Борового и быстрые реки на востоке - все это сокровища нашей необъятной Родины.....