Қазақша эссе: Ата, Менің атам

Менің атам ел жұртқа сыйлы, қазақи болмысты, қысылғанда талайы келіп арқа тұтқан беделді жан еді,
Шырайы жарқын, кесек ойлы, жанары әрдайым жарық жұлдыздай жанып тұратын өнегелі азамат, өзіне ғана тән ұтқыр да, ұшқыр сөз тұрпаты мен ағайынның ақылшы, қамқоршысы бола білу болмысын бойында қатар ұштастырды. Ер жетіп, ес білгелі атамның ұлағатты сөздері мен үшін өмірлік азық болды. Азық болғанда көмейден өтіп, тәнге қуат бермейді, көкейіңе қонып, жүректен орын табады. Жастайымнан жадыма ақыл мен білім нәрін құйған....
Эсселер
Толық
0 0

Шығарма: Экология және денсаулық

Халқымыз табиғатты анаға теңеген. Өйткені, табиғатта тіршілік өсіп өнеді. Өзіндегі барды адамға, жануарға, өсімдікке берген. Ата-бабаларымыз миллиондап мал өсірсе де жерінің шаңын шығармай, құнарын жоғалтпай, тұнығын лайламай, Ұлы даланы мекендеген жабайы аң-құстарға, жәндіктерге дейін қамқор бола білген. Табиғатта басы артық ештеңе жоқ. Табиғат сырын терең білмей, оған немқұрайлы қарау үлкен апатқа соқтырады. Бір кездері табиғатты бағындыруды мақсат тұтып, ормандар аяусыз балталанды. Аң-құстар шамадан тыс ауланды, жер жөн-жосықсыз жыртылды. Соның салдарынан бүгінгі таңда адам баласына экологиялық апат үлкен қауіп төндіріп отыр.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Ұлы Жеңіске 75 жыл! Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес!

Еліміздің сан ғасырлық тарихында мақтаныш тұтар, бүгінгіміз бен келешегіміз үшін ғибрат алар, кеудемізге қиналғанда үміт отын жағар оқиғалар мен Отан алдындағы адал қызметінен үлгі алар ұлы тұлғалар аз болмаған. Олардың қатарына: қазақтың ұлт болып ұйысуы мен оның ұланғайыр ата-қонысының қалыптасуын, ата-бабаларымыздың елімізге, тән өзіндік шаруашылық жүргізу жүйесін қалыптастыруын, батырларымыздың елі мен жерін, халқын сыртқы жауларынан қорғаған үлгісін жатқызамыз.
Елбасымыздың “ Нұрлы жол – болашаққа бастар жол “ атты Жолдауында “ 2015 жыл – ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы“ деп атады. “ Қазақ хандығының 550 жылдығын“, “ Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын“, “ Ұлы Жеңістің 70 жылдығын“ ерекше атап өткен болатын. Бұл атаулы мерекелер 2016 жылы да аталып өтілмекші.
“ Соғыс басталды! “
Қандай қасіретті үн. Қазақтың мамыражай даласын қалың тұман басты. Тарихқа таңбаланған қаралы күндер бойы сіркіреген ажал рухы онымен тапталмайды. Арада қаһарлы 1418 күн откенде, бүгін бір ұрпақтың жанқиярлық ерлігі – Жеңіс те келіп жетті! Көктемнің көкорайлы сәтінде, бұлбұлы сайрап, құскөбелегі жадырап, жеңіс күнін олжалаған халқымыз әсем даланы “ Көктем “ биіндей құлпыртты. “ Жеңіс “ тойын тойлатты........
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Менің ауылым

Менің ауылым – Ақтөбе. Мен өз ауылымды жақсы көре­мін. Себебі бұл – менің туған жерім. Әркімнің туған жері өзіне ыстық. Ауылым аудан орталы­ғынан 42 шақырым жерде орналасқан. Өзім осындағы №109 қазақ орта мектебінде білім алып жүрмін. Сондай-ақ, сабақтан тыс уақытта газет-журналдар оқы­ғанды ұнатамын. Әсіресе бала­ларға....
Шығармалар
Толық
0 0

Қазақша шығарма: Менің Отаным – Қазақстан

Егеменді елімнің тамаша табиғаты мені еліктіргені сонша, қолыма қалай қаламды алғанымды да сезбей қалдым. Енді біраз күндерден соң, еліміз болып «Тұңғыш Президент» күнін тойлаймыз. Мені ойландыратын жайт, осы күндерге қалай жеттік. Ата-баба армандаған Тәуелсіздікпен, арайлап атқан таң мен тамашасына......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Менің міндетім – Отанға қызмет ету және қорғау

«Мен – қазақпын, мың өліп, мың тірілген.
Жөргегімде таныстым мұң тіліммен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген»
деп Жұбан Молдағалиев айтқандай, біз не көрмеген қазақпыз? Әйтсе де, қуанғанда күлкімізден түн түрілген қазақпыз. Адамгершілігі, қонақжайлылығы, төзімділігі біздің халықтың мінезіндегі өзге жұрттан ерекше маржан - байлығы.
Бабаларымыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен жерімізді мирас қып қалдырған. Еңбегі еш кетпеді де. Үміті ақталып, кейінгі ұрпаққа саналы, дана адам билік басына отырды. Олардың арманы орындалып, көсегесі көгерген кезге жеттік. Ең алдымен, досқа адал, дұшпанға қатал болуды, сонан соң досқа күлкі, дұшпанға таба болмауды, рухы биік болып, намысты қолдан бермеуді әрқашан есте сақтаған ел басымыз осы қасиеттерді бізге де үлгі етті.......
Шығармалар
Толық
0 0

Қазақша шығарма: Қазақтың салт - дәстүрлерін құрметтеу - борышым

Қазақ халқы – салт - дәстүрге өте бай халық. Ал салт - дәстүрге бай болу елдің мәдениетті әрі тәрбиелі екенін айғақтайды. Жалпы салт - дәстүр деген не, соған тоқталып өтейік. Салт - дәстүр – ел өмірімен біте қайнасып кеткен рухани және мәдени азық. Біздің халқымыз өз ұрпақтарын қасиетті салт - дәстүрмен, өнегелі әдет - ғұрыппен, ырым - тыйыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл мен инабатты қызды теріс жолға түсірмей тәрбиелей білген. Б. Момышұлы «мен өзімнің ұрыстағы тәжірибемнен жауынгерлік қасиетті тәрбилеуде ұлттық дәстүрдің маңызы зор екеніне көзім жетті» деп жазады. Бұдан отаншылдық, ерлік, мәрттік, жомарттық, адамгершілік қасиеттердің.....
Шығармалар
Толық
0 0

Қазақша шығарма: Тәрбие басы – тал бесік

Ел боламын десең – бесігіңді түзе!

Барша ұлтты бауырына басқан бауырмал Қазақ халқы татулық пен достықта өмір сүруді ежелден серік еткен. Қазақстан-өз ұлты, халқы, діні, тілі, мәдениеті, тарихы, салт-дәстүрі бар құдіретті де қасиетті ел. Тарихқа үңілсек: «Кеше кім едік, бүгін кімбіз,ертең кім боламыз?»- деп ойлансақ бұл-туған елінің, халқының өткені мен келешегіне ....
Шығармалар
Толық
0 0

Қазақша шығарма: Әже (апа)

Әже - баланың әкесінің, сондай-ақ, анасының шешесін атайтын, туыстық қатынасты білдіретін атау. Одан арғылары үлкен әже немесе ұлы әже деп аталады.

Қазақ отбасындағы әже орны ерекше әрі қадірлі. Әже - отбасының ғана емес, әулеттің де ұйытқысы, ағайын- абысындардың бірлігін, татулығын сақтайтын сыйлы анасы, кейінгі жастардың, келіндердің....
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Адал дос

Достық - адамдардың бір-біріне мүлтіксіз сеніп, ортақ көз қараста болатын қасиеті. Менің достарым өте көп. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың рухани белгісі. Дос-жарандарымыздың әр түрлі мінезді болуы мүмкін. Достың біреуі жақсы мінезді болса, екіншісінің мінезі қызбалаң болса онда оны нағыз......
Шығармалар
Толық
0 0