Қазіргі заман жастарының көбісі нашақорлыққа, есірткі мен темекіге тәуелді болып жүр. Осылардың әсерінен адамдардың денсаулығына көп зиян келеді. Есірткіні қолданған адамның денсаулығында қан айналымы мен түрлі түзілістердің жұмысы қиындап, адамның өмір жасы азаяды. Сонымен қатар, түрлі ауруларға ұшырап, бет - әлпеті өзгеріске ұшырайды. Ісік ауруларымен көп ауыратын болып кетеді.......
Қазақстан – кең байтақ Отаным. «Отан, Отан, Бәрінен биік екен, Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем,-деп Мұқағали Мақатаев атамыз жырлап өткендей, мен қазақ елінде туғаныма мақтанамын. Менің елім көркем табиғатымен, кең даласымен, пайдалы қазбасымен, салт-дәстүрімен, әдет-ғұрпымен әлемге танымал. Менің елім жер көлемі бойынша тоғызыншы орында. Елімнің дәл ортасында, Еуразия жүрегінде елордамыз Астана қаласы орналасқан . Осынау жас қаланың өркендеуіне, гүлденуіне зор үлес қосқан елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың еңбегі орасан зор.......
Адам баласы , адамзат қоғамы қашанда алдағы болатын оқиғаны әрі аңсай, әрі абыржи тосқан ғой. Әсіресе, ғасыр, мыңжылдық сынды ,тарихта өшпес ізі қалатын межелі кезеңдер таянғанда қатты қобалжығаны рас. Үшінші мыңжылдыққа аяқ басу үшін де бір ғасыр бойы дұрыстап әзірленіп, әр қилы милленаристік қозғалыстарды бастапты . Сарыуайымшылдар қауымы: «Киелі кітапта айтылатын қиямет-қайым деген орнаса, осы жолы орнайды. Жасаған күнәміз,істеген жаман істеріміз шашымыздан да асып кетті. Ол үшін күллі адамзат болып жауап беретін кезіміз енді келді», – деп қорқыпты. Қиялшылдар қауымы: «Жаратқанның жердегі,ақ желкенді кемемен жақсылық жағасына асыққан үмбетін тегіс жарылқайтын заманы енді орнайды. Қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын заман орнауын талай күтсек, енді сол заманға аяқ бастық», – деп қуаныпты.......
Ежелден ер тілегі-ел тілегі, Адал ұл ер боп туса-ел тірегі. Біздің Отанымыздың тарихында ұмытылмайтын 4 жыл бар.Бұл -19411945 жылдар.Бұл- фашизммен бетпе-бет келген сұрапыл шайқастар.Осы жылдар Отанын қорғап,жер бетіне бейбітшілік орнату үшін,болашақ ұрпақтың бақыты үшін күрескен батырлар,майданда қаза болған жауынгерлер туралы көп кітаптар жазылды. Таң алдында тәтті ұйқыда жатқан Отанымыздың шекарасынан ұрланып өткен жау оғымен адам баласының тарихында болмаған бір ғаламат соғыс басталады.Сол күні жау тәтті ұйқыңды ғана бұзған жоқ,зұлым жау бейбіт өмірге бүлік әкелді.Бала әкесімен, ана баласымен қоштасты.Қырда қойшы қойын тастады,қолындағы таяғын винтовкаға айырбастады.Ойда диханшы трактордан түсіп,танкіге отырды.Ол кезде бүкіл ел солдат болды.Сол жылдардың бозбала,бойжеткендері ақын болуды ,инженер болуды,оқымысты болуды армндаған еді... Соғыс-адам баласы үшін ең үрейлі,ең қорқынышты сөз.Өйткені соғыс атаулы адамзатты қырып-жоюға бағышталған.Адам адам болғалы осылай. Талай рет үстемдік, байлық үшін адам қаны суша аққан.Соғыстың алғашқы күндері алдын-ала дайындалған жау ұшақтары мен танктері,әскерлері кеңес елінің жеріне өтіп жатты.Фашстерде «кеңес елін тез арада жаулап алу» жоспары болды.Олар 1941 жылдың қарашасында Москваны жаулап алып жеңіс шеруін өткізбекші болды.Бірақ фашистердің өктемдік көрсетуі,жаулап алуы соғыстың алғашқы айларында ғана болды.........
«Қазақстан Республикасы»! Неткен керемет, киелі ұғымдар! Бұл ұғымдардан, Отанымыздың тәуелсіз, еркін мемлекет екенін бірден аңғаруға болады. Бүгінде біз – қанатын кеңге жайған егеменді елміз. Көк туымыз желбіреп, сол жағымыздағы мақтаныш сезімімен дүрсілдеп тұрған жүрек әнұранымызға әуен қосып, әнұранымыз асқақтай шырқалуда.......
Бұл шығармада автор өмірден өз орнын таба алмай жүрген, өмір сүру керек пе, оның маңызы қандай деген сұраққа жауап таба алмай жүрген кейіпкер Алексей Александрович туралы баяндайды. Шығарма басталғанда, өзі жетім, ата – анасынан ерте айрылған, өзінің жазғы демалысын, өмірлік естеліктерін екі жүз......
Мен отымның әсем де көркем болып өсіп өркендеп, келе жатқанынан әрбір қаламыздың өз көркемдігімен мақтанамын. Астана отанымыздың елордасы. Ел басымыз Нұрсұлтан Назарбаевың ұсынысымен 1997 жылы қала Қазақстанның жана астанасы болып жарияланды.......
Жыл сайын елімізде елбасының кезекті жаңа жолдаулары жолданады. Халық болып қабыл аламыз. БАҚ беттері жарыса жазып, ол туралы түрлі түсіндірме сабақтарын жүргізеді. Бірақ жолдау деген не? Оның мақсаты қандай деген сұрақтарға толыққанды жауап алған емеспіз. Тек жолданған жолдауды талдаймыз. Әр елдің президенті өзінің халқына жолдауды жыл сайын немесе араға жыл салып жолдайды. Жолдау бір тармақтан, не бір бағыттан ғана тұрмайды. Оның бағыты мен бағдары көп. Жолданған жолдауды талқылау арқылы халық арасында елдің сыртқы және ішкі саясаты туралы ақпарат беріледі. Экономикалық-саяи көзқарастар негізінде халық жаппай ел билігі мен елдің бүгінгі жетістіктерімен танысады. ТМД елдерінің ішінде....
Экологиялық тәрбиенің мақсат-міндеті жас ұрпақты өзі мекен еткен табиғи ортаның әсемдігін сезінуге тазалығын сақтауға қоршаған ортаға мейірімділікпен жанашырылықпен қамқор болуға тәрбиелеу. Осы бағдарлама аясында мектептебімізде «Жасыл мектеп» бағдарламасы арқылы мектеп іші мен ауласын көгалдандыру, гүл мәдениетін дамыту арқылы оқушыларды табиғатты аялап, қастерлеуге үйрету, жауапкершілікті қалыптастыру міндеті қойылған.......
Қорықпай соғыстық, бірлесіп тоғыстық. Дөйлерге бас имей, Осалға болыстық. Жүрекке жеңістің, Әлі де нұры ыстық, Шындықтан айнымау, Шынайы дұрыстық. Мұзафар Әлімбаев
1941 жылдың 22 маусымында фашистік германия әскері Кеңес Одағының тұтқиылдан, соғыс жариаламастан басып кірді. Жау жағының басымдығына қарамастан, шекарашылар, олардың қатарында Брест қорғаушылары алғашқы ұрыстың өзінде теңдесі жоқ ерлік көрсетті.Соғыс жылдарында толарсақтан қан кешіп, бүгінгі бейбіт өмірді сыйлаған майдангерлер-ардагерлерімізді мәңгі жадымызда сақтаудамыз. Миллиондаған қарапайым солдаттар мен офицерлер көтерді. Қазақ қыздары да соғыс ауыртпалығын ер азаматтармен бірдей көтерді. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап соғысқа сұранып, хат жазған қазақ қыздары өте көп болды. Солардың қатарында қазақтың батыр қыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Маметова. Қан төкті, жаралы мүгедектер болды, аштыққа да, суыққа да төзді, сөйтіп фошистерді жеңуге ортақ Отанды қорғап қалуға өлшеусіз үлес қосты. Немістер ол кезде көп нәрсені білмеді. Өз тұсында төрткүл дүниені ат тұяғымен дүбірлеткен даңқты бабалардың лайықты ұрпағы қарсы тұрғанын білмеді. Азаттық жолында қаншама қиындықтарды бастан кешкен қазақ халқының ауыртпалықтардан қабырғасы қайысса да, морт сынбайтының, еңсесі езілсе де, рухы түспейтінің, асылын берсе де, намысын бермейтінің білмеді.ұлттың рухын теңселтіп, адамдардың санасын шайқалтқан дүрбелеңдер қазақ халқының рухани кемелдігін, батырлық тамырының тереңдігін жеріне жеткізе дәлелдеп бере алады. Батырлар туралы естелік бізге отаншылдықты оятатын, намысты қамшылайтын, рухты асқақтататын қырларымен қымбат. Менің ойымша мұндай қасиеттерді қастерлеп, үкілей ұстай алсақ, жеңісті күндеріміз көп болары күмән келтірмейді........