Когда я была маленькой, я не знала, что моя родина, так прекрасна. Один раз осенью мы поехали на рыбалку за город. Я ехала в машине и смотрела в окно. На скошенных пастбищах паслось множество животных: коров, овец и лошадей, которых пас пастух. Мы приехали на Иртыш. Я вышла из машины и посмотрела на небо, оно было розовое - это был закат. Я подошла к воде и посмотрела вдаль, и увидела как на баржу подъемный кран грузил песок, в воде он отражался замком.....
Мен Қазақстанды жақсы көремін. Себебі мен осы елде тудым. Қазақ елі басынан талай қиындықты өткерді. Отанымның мақтанышы да өте көп. Оның тарихының түбі тереңде жатыр. Қазақтың батырлары да жетерлік. Ғалым, ғұламасы да жетіп артылады. Қазақстан даму үстінде. Өскелең жас ұрпақ оны көркейтуге атсалысуымыз керек. Қазақстанның әсем жерлері, тау мен тасы өте көп. Зерттелмегені де қаншама. Қазақтың даласы тұнып тұрған байлық. Тек оны ысырап қылмауымыз керек. Қазақтың жүрегінде мәңгілік өшпес от қалдырған жылдар, әрине, соғыс жылдары. Қазақ жерінде небір қантөгіс майдандар болған. Сонау елімізге моңғолдардың шабуыл жасауынан бастап, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жариялануына дейін қаншама майдан болды. Сондағы батыр бабаларымыз өсиет етіп қалдырған жері бабадан балаға дейін мирас болып сақталуы тиіс. Оны ары қарай жалғастырып, көркейту - біздің міндетіміз. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі. Оны әр заманда да сақтап қалуымыз қажет. Тілімізді шұбарлап сөйлеудің тіпті де қажеті жоқ. Біз шет тілде сөйлесек, өзімізден кішілерге қандай үлгі, тәлімтәрбие береміз?! Ұлы Отан соғысы - қазақтардың басынан өткерген ең бір қиын кездердің бірі. Мен әрине ондай қасіретті көрмедім. Бірақ бабаларымның ондай азап шеккені өте аянышты. Сол заманда данышпан елім «Катюшаны»ойлап таппағанда , біз мұндай бейбіт өмір сүрмес едік.......
Соғыс – күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын қасірет. Сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестететін газет-журнал материалдары немесе радио, телехабарлар, кинолар аталар ерлігін мақтаныш тұта отырып бізге жеткізді. Ұлы Жеңіске биыл 71 жыл толып отыр. Жеңіс! 1945 жылдың 9 мамыры күні дәл осы шаттық хабарды естіп тұрып, бүкіл әлем теңселіп кетті. Жер жүзі халықтарының жүректері қуаныштан лүпіл қақты... Кеңес Одағының тұрғындары 5 жыл бойы күндей күркіреген соғыстың күн мен түндерінде бүкіл жігерімен жеңіске ұмтылған... Миллиондаған адамдар мерт болды. Миллиондаған адамдар мүгедек болып қалды. Миллиондаған адамдар бет алдына босып кетті. Бірақ бәрібір Берлиндегі рейхстаг үстінде жеңіс туы желбірей көтерілді. Осы жеңісте Қазақстаннан шыққан қаһарман жауынгерлердің қанымен, жанымен мына жарық өмір үшін аянбай ұмтылған зор үлестері бар еді. Біз Жеңіс күнін жақындатқан, қаратүнек фашизмге қарсы жан аямай күрескен әрбір жауынгерлерге қарыздармыз. Ұлы Отан соғысы және Ұлы Жеңіс! Бұл екі сөз бірін-бірі толықтыра түседі. Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Неменеңе жетістің бала батыр, Қариялар азайып бара жатыр Бірі мініп келместің кемесіне, Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр, - деп тебіренген Мұқағали мұңында жұмырбасты пенде үшін теңдесіз құндылық ұрпақаралық қимастық, сыйластық сезімдері мөлдіреп тұр.......
Өмірде кездескен қиындықтарды көре жүріп, дұрыс қабылдаған шешіміміз- ертеңгі күннің бағдаршамы. Өйткені, сенің таңдауыңа қарай өмірдің кілті ашылады. Сол кілт бізді өз ортамызға жетелейді. Олай болса, дұрыс таңдау жасау – адами арманның биік шыңы.
Шешім дегенде бәрінің ойына түсетін бірінші таңдау мамандыққа келіп тіреледі. Мамандық таңдау – маңызды іс. Мамандық таңдау деген өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау. «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ оның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе», - деп Жүсіпбек Аймауытов айтып кеткендей ол – сенің алға қойған мақсатың. Мақсатқа жету- тек жақсы маман болу емес, сол мақсатқа жету жолындағы сенің адамдық қасиетің мен қажырлылығың. Ал, менің мақсатым – ұстаз болу. Ұстаз – таусылмайтын кен, тоқтамайтын бұлақ. Менің ұстаз болғым келетін себебі, мұғалім қоршаған ортаға, бүкіл әлемге нұр шашып тұратын жарқыраған күн секілді. «Ұстаз... Жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын, алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі», - деп әлемнің екінші ұстазы Әл – Фараби атамыз айтқандай, бар әлемге өз білгенін үйретіп, қаншама жандарды тәрбиелеп, білім көзін ашқан аяулы жан – ұстаз. Мен де осылай өз еліме, соңымнан ілескендерге ұлттық қадір- қасиетіміздің өзге ұлт өкілдерінен артық тұратын ең құнды ерекшеліктерін таныта алатындай үлесімді тигізгім келеді.......
Өзінің ұлтын сыйламаған, ұлтын мақтаныш тұта да алмайды,ол сөз жоқ арамза, тексіз әрі қаңғыбас. Б.Момышұлы
Өткен жылдан бері Қазақ халқының мемлекет ретінде қалыптасуына үлес қосқан,аянбай еңбек етіп,тынымсыз күрес жүргізген қазақ хандары,батырлары,одан кейінгі ғасырлардағы Сталиндік репрессияға ұшыраған ұлт зиялылары,Ұлы Отан соғысына қатысып,ерлікпен қаза тапқан қазақ батырлары, бертін келе, Желтоқсан құрбандары жайлы кітаптар,шығармалар оқып, олардың өмір жолына қанығып,сол тұлғалардың бойындағы еліне,ұлтына деген патриоттық сезім мен Қазақ жерінің әрбір тау-тасы мен кең байтақ жеріне, ұшқан құсына дейін бойымнан шынайы махаббат пен кіршіксіз сезімдерімді оята бастап едім. Сол қайталанбас тұлғалардың Қазақ жері мен халқына сіңірген өшпес ерлігі,еңбегі арқылы мен өз бойыма үлгі-өнеге жинап, тәлім-тәрбие алып, Тәуелсіз Қазақстанымның нағыз патриоты болып қалыптасып келемін. Асылында, әрбір патриот-өз елінің туын көкке көтеріп, мақтанышпен, зор мәртебемен оны асқақтатуды қалайды емес пе?! Сол сияқты, менің де көңілімде сондай ойлар жүретін.
1 қыркүйек күні болатын.Шашымды қос бұрымға өріп, ақ бантик пен Туымызға ұқсас көк галстук тағып әсем киініп мектепке келдім. (Биыл, Бисмиллә деп 10-сыныпты бастағалы тұрмын.) Салтанатты жиын басталуға таяпты.Келе сала Туды көтеретінімнен хабардар болып,аңтарылып,бір жағынан қуанып қалдым. Мектепте Ту көтеру мәртебесі маған бұйырады деп кім ойлаған?! Бәз біреу үшін бұл жай ғана бір жіпті тартып тұрып, Туды көтере салу шығар.Бірақ, мен үшін-өз елімнің, Қазақстанымның туын көкке көтеру зор мәртебе. Көк туды қалықтатқан кезімде, желбіреген көк Тумен бірге менің де төбем көкке жеткендей болды.Осы сәтте Тәуелсіз Елімнің аспанына қарап тұрып жүрегімдегі алапат патриоттық сезімнің күшейгенін сезіндім......
Ер есімі – ел есінде Сүйінші, халқым, сүйінші! Сүйіншіге сүйінші! Шаттан, ата-анамыз, Шаттан, аға-бабамыз, Кек қайтарып фашистен, Соғыс бітті жеңіспен, Жеңдік жауды күресте Жасалсын той-мереке. Т. Жароков Міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына бірнеше жыл өтті. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің тылдағы қажырлы еңбегімен жеңісті шыңдаған, станоктың қасынан, егін даласында, күні-түні мал бағып, тынымсыз жұмыс істеген жұмысшылар, ауыл адамдары тойлайды. Бұл мейрамды біздің аяулы да даңқты әйелдеріміз - өздерінің әкелерін, ерлерін, ұлдарын және сүйіктілерін көзінен жасы сорғалай жүріп төзімділікпен күткен, олардың орнын жоқтатпаған аналар мен жұбайлар, қалыңдықтар мен қыздар тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің әкелері мен ағалары қанын төгіп, жанын қиып бақытты өмірін қамтамасыз еткен Ұлы жеңістің құрдастары тойлайды.....
Ұқсаттым өршіл тұлғаңды Ақша қар жапқан шыңдарға. Жүректен туған жырларды Асқар тау-ата тыңдар ма. Ә. Ысқақ Ұлы Жеңістің 71 жылдығы қарсаңында елімізде соғыс ардагерлерінің ерлігін паш етіп, Отан үшін, келешек ұрпағы үшін, жан аямай майдан кешкен майдангерлер үшін Елбасының қолдауымен жасалып жатқан игі істер баршылық. Солардың арқасында бейбіт өмір сүріп отырған ұрпаққа майдангерлерге осындай құрмет көрсету парыз деп ойлаймын. Соғыс жаңғырығы жылдан-жылға алыстап барады... Ол туралы үлкендерден, көнекөз қариялардан естіп жүреміз. Кинолардан, деректі фильмдерден көреміз. Әйтсе де өткенге көз жүгіртпей, болашаққа бағдар жасау мүмкін емес. ХХ ғасырдың орта кезінде болған алапат соғыс Екінші дүниежүзілік соғыс болса, соның бір бөлшегі Кеңес Одағының тарихындағы Ұлы Отан соғысы болды. Жан алысып, жан берісер майдан шебінде қасық қаны қалғанша жау оғына қасқая қараған аталарымыз да ұрпақ жүрегінен ұмытылмақ емес.....
Ұлы Жеңіске биыл 71 жыл толып отыр. Жеңіс! 1945 жылдың 9мамыры күні дәл осы шаттық хабарды естіп тұрып, бүкіл әлем теңселіп кетті. Жер жүзі халықтарының жүректері қуаныштан лүпіл қақты... Кеңес Одағының тұрғындары 5 жыл бойы күндей күркіреген соғыста 1418 күн мен түндерде, бүкіл жігерімен Жеңіске ұмтылған... Миллиондаған адамдар мерт болды. Миллиондаған адамдар мүгедек болып қалды. Миллиондаған адамдар бет алдына босып кетті. Бірақ бәрібір Берлиндегі Рейхстаг үстінде жеңіс туы желбірей көтерілді. Осы жеңісте Қазақстаннан шыққанжауынгерлердің қанымен, жанымен мына жарық өмір үшін аянбай ұмтылған зор үлестері бар еді. Біз, Жеңіс күнін жақындатқан, қаратүнек фашизмге қарсы жан аямай күрескен әрбір жауынгерге қарыздармыз. Ұлы Отан соғысы және Ұлы Жеңіс. Бұл екі сөз бір-бірінен толықтыра түседі. Ұлы Жеңіс біздің халқымыздың орасан зор құрбандықтарымен келген қасіретті арифметикасы. Соғыс салған зардап әлі күнге дейін толық жойылған жоқ. Олардың Отан үшін қан кешкен әрбір қадамы, жеңісті жақындата түскен әрбір күні ұмытылмайды. Өйткені, ерлік шежіресі ұрпаққа ұлағат, ертеңгі күнге үлгі боларлық сабақ. Біз соғыстан кейін туған ұрпақ, кешегі Ұлы Отан соғысы жылдарындағы аға ұрпақтың – қазақтар мен қазақстандықтардың жанкешті ерлігі туралы тек оқулықтардан, көркем әдебиеттен және кинотуындылардан ғана білеміз. Жеңістің 71 жылдығы қарсаңында Ұлы Отан соғысында қаза тапқан боздақтардың рухына бас иіп, олардың ерлігін ұастерлеу– кейінгі буынның азаматтық парызы. Соғыста біздің әкелеріміз ежелден еркіндік аңсаған ер қазақтың өршіл рухын, батырлығын әлемге паш етті. .....
Қағаны – батыр, ақылгөйі кемеңгер болған елдің бағы жанады. Тоныкөк
Арман... Арман таусылар ма?! Аты аңызға айналған Астананы көруге құштар едім... Игі жақсылардың арқасында жазғы каникулда жол түсіп, еліміздің шаңырақ қаласына бардым. Ғасырлар тоғысында жұлдызы жанған шаһар күлімдей қарсы алып, дем арасында баурап алды. Даңқы алысқа жайылған Бәйтерек жақындаған сайын ажарлана түсті... Астанада болған үш күнім ғажайыптарға толы түстей болды... «Бір кездері «Арқалық» атанған жазық далалы кең мекенді адам баласын қанаттандырар, мынадай көрікті шаһарға айналдыру кімнің ойына келді екен?» деп ойлайсың. Иә, жауабын да білесің. Ол – ата-баба басынан өткен қиын-қыстау кезеңдерге қанық, білігі мен еңбекқорлығын серік еткен, талай сынға төзе білген, жүрегі «менің елім, менің жерім» деп жырлаған Елбасының идеясы, Елбасының ерлігі.
Біз тәуелсіздік алғанымызға аз уақыт өтсе де, әлем таңдай қағып, қызыға қарайтын елміз! Біз Туымыз көк аспанда желбіреп, Гимніміз асқақтай орындалып, ұрпағы бақытты балалық шағын өткізіп жатқан елміз! Бұл – үлкен құндылық. Мұндай бақыт қалай бұйырды? «Алтау ала болса, ауыздағы кетер, төртеу түгел болса, төбедегі келер» демекші, бұл бақытқа қол жеткізген бірлігіміз бен көреген саясаты бар Елбасымыз деп ойлаймын......
С начала существования человечества у него зарождалось чувство любви к своей земле, своему краю. Если бы человек не обладал этим чувством, он не знал бы своей истории, своего прошлого, а значит, не задумывался бы о своем будущем. Я родилась и живу в городе Жезказгане. Здесь я произнесла свои первые слова, сделала первые шаги. Я очень люблю своих родителей. Не только за доброту и понимание, а, скорее всего за то, что они самые близкие и родные.....