Салауатты өмір салты – бұл ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған іс – әрекет. Бұл сөз тіркестері соңғы кездері барлығымыз жиі еститін жалаң ұранға айналып барады ма деймін. Уақыт өткен сайын маңызы артып бара жатқан бұл салтқа бей-жай қарайтындар қатары, өкінішке орай, артып барады. Менің сабағым сағат 9:00 де басталады. Оған дейін таңертең ертерек тұрып, таза ауада жүгіріп, сергіп қайтқанды жақсы көремін. Таңғы жүгіріс адамға өзін сергек сезінуге және көңіл күйінің көтеріңкі...
Мен өз өмірімде соғыс дегенді көргенде, білгенде емеспін. Соғыс - деген сөздің өзі өте ызғарлы, суық деген сезім туғызады. Соғыс деген сөздің өзі артынан зұламат, азатпен қан төгілген адамдар, қираған қалаларды қалдырған тарихи жағдайларды есіме салады. Соғыс туралы тек қана көргендерім ғана бар. Мен үшін соғыстың оты, оның зардабы, өмір бойы бітпейтін қиыншылықтары секілді. Көрген киномен оқыған кітаптарымда, соғысты көрген адамдардың қаншалықты қиналатынымен оның әкелген қасіретінен қаншама ұрпақтар зардап шегетінін ойласам, осыншама қайғы мен қасірет әкелетін сөзді кім ойлап тапты екен деген ойға қаламын. Ұлы Отан соғысы, бұл соғысты екінші дүние жүзі соғысы депте атайды. Бұл адамзат тарихында зұлымдық пен қаншерлікті паш еткен соғыс дер едім. Қырық бір миллион адамның өмірін жалмап, жүзде он миллион адам жарақат алған үлкен алапат қасірет. Осы соғыста қаншама адам зардап шегіп, мүгедек атанды. Қаншама ана жесір қалып, қаншама бала жетім атанды десеңізші. Оңай келмеген жеңісте ерең еңбегімен көзге түсіп, үлкен сый құрметке ие болған, мыңдаған жауынгердің ішінде өзіміздің қазақ жастары да бар. Солардың бірі Атыраулық жерлесіміз ұшқыш Хиуаз Доспанова. Өрімдей жас қыздың, үлкен алапат соғысты бастан кешіріп, өмірдің ащысы мен тұщысын ерте татады. Жаумен алысып, аспандағы шайқаста үш жүз рет болып қайтқан Хиуаз ұшақтан он төрт рет құлап, төрт мәрте ауыр жарақат алған.......
Елбасымыздың «Нұрлы жол-болашаққа бастау жол» атты жолдауында «2015 жыл-ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы» деп атап өтті. Қазақстанның жарқын болашағының салмақты ұрпақтары тәуелсіздіктің қандай қиындақпен келгенін білу керек деп те айта кетті. Жетпіс жылдың жетегіне тығылған, Сұм соғыс ол әр жүрекке сұғылған. Балалары қимай, жылап әкесін, Жүгірем деп соңдарынан жығылған. Осынау өлең жолдары сұм соғыстың қианатынан, көрсеткен азабынан сыр шертетіндей. Қаншама бейкүнә сәби әкелерінен айырылып, жетім қалды. Соғыс болған жылдар аралығында көп қиындықты бастан өткеріп, отбасыларына асықты. Кейбір жандардың арманы орындалып, отбасыларына оралғандар бар, бірақ жастай кетіп, майданда жан тапсырғандары қаншама. Жау жетегінде кеткен батырларымыздың көз жасы, елім үшін деп тамған қан, аққан тер бәріде ел есінде мәңгі сақталады. Ұлы жеңіске биыл 71 жыл толып отыр. 1945 жылдың 9-мамырында дәл осы қуанышты хабарды естіп халық дүр сілкінді, қуаныштарында шек болмады. 5 жыл бойы айдаһардай төнген күн, осы күні қуанышпен ашылды........
С непривычки трудно на фронте, А казаху трудно вдвойне: С непривычки к взводу, к роте, К танку, к пушке, ко всей войне. Постепенно привыкли к грохоту Учителя и чабаны. Приросли к океанскому рокоту Той Великой и Громкой войны. Б.Слуцкий. Все дальше и дальше уходят в прошлое военные годы. Но память о тех, кто приближал великий День Победы, живет. Много пришлось пережить каждому в те суровые годы.....
Моя Родина – Казахстан. Она расположилась на самом большом континенте мира. Её просторы тянутся с запада на восток, от Каспийского моря до горного Алтая. В моей стране есть и огромные степи со своим особенным животным и растительным миром, и высокогорные хребты, увенчанные снежными шапками, и уникальные озера, и современные города. Но душа моей Родины – это ее народ. Уникальность населения Казахстана в том, что не смотря на многонациональность, люди живут в мире и согласии.....
Ұлы Жеңіске 70 жылдан асып барады. Жеңіс деген сөзді естігенде қанша адамның жүрегі қуаныштан лүпілдеді, қанша адам қуаныштан көз жасын төкті. Кеңес Одағының халқы күндей күркіреген соғыс жылдарында 1418 күн мен түнде, бүкіл жан-тәнімен Жеңісті жақындатуға тырысты. Қанша адам мерт болды, қаншасы мүгедек болды. Қазіргі бейбіт күннің ұрпақтары Жеңіс күнін жақындатқан, фашизмге қарсы аянбай күрескен әрбір майдангерге қарыздармыз. Менің аталарым да соғыс басталғанда ер азаматтармен бірге майданға аттанған екен. Үлкен атам Әлібек 1942 жылы соңғы хатынан кейін хабар-ошарсыз кеткен. Әбдіраман атам еңбек майданына алынып, соғыстың аяғына дейін еңбек етті. Біздің бейбіт заманда өмір сүруіміз үшін өз өмірлерін қиған аталарымды мақтан тұтамын. Өзім оқитын мектепте Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне арналған стенд бар. Тәрбиеші апай соғысқа қатысқан аталарыңның суреті болса әкеліңдер дегенде мақтанышпен екі атамның суретін елден бұрын әкеп бергенмін. Күн сайын мектепте олардың суреті ілулі тұрған 1-қабатқа арнайы барып, қарап өтемін. Үлкен тәтем осы мектепте тарих пәнінен сабақ береді. Тәтем айтады: жоғары оқу орнын бітірген соң өз туған ауылыма келіп мектепке орналастым. Жас маманмын, жұмыс істеуге құлшынысым зор, қайда жиналыс болса мені жібереді. 1986 жылы 9 мамыр Жеңіс күніне орай, совхоз партия ұйымының хатшысы шақырып алып, 9 мамыр мерекесіне байланысты салтанатты жиын болады, соған баяндама оқисың деді. Қолыма бір парақ қағаз берді, бұл ардагерлердің тізімі деді. Баяндаманың соңында ардагерлердің аты-жөндері аталып алғыс айтылды. Үйге қайтып келе жатқанда көрші ата: балам, жаңа баяндамаңда Жұматайды атамадың ғой деді. Мен: маған парторг берген тізімді оқыдым дедім. Ертеңіне мектепке барған соң да бір-екі үлкен ағайлар маған осы ескертуді тағы айтты. Сосын парторгке бардым. Мына кісінің атыжөні неге сіз берген тізімде жоқ? деп сұрақ қойдым. Ол кісінің сондағы айтқаны: ол тұтқынға түскен. Түркістан легионында болған. Өзім тарихшы болған соң ба, сол кісі жайлы ауылдағы ардагерлерден сыр тартамын. Таң қалғаным ардагерлер ол кісіні опасыз, сатқын санамайды, керісінше сыйлайды, аяушылық білдіреді. Ол кісі де ауылда тәп-тәуір қызмет атқарады, кадр бөлімін басқарады. Содан кейін сол кісіні көрсем өз-өзімнен қуыстанамын, сол кісіге әділетсіздік жасағандай сезініп жүрдім өзімді....
Биыл Ұлы Отан соғысының басталғанына 71 жыл толып отыр.Осыдан 71 жыл бұрын фашистік германия КСРО еліне шабуыл жасады.Осы соғыс жолында қаншама қазақ азаматы елі,жері үшін барын салды.Ұлы Отан соғысы 1941-1945 жылдары болған.Бұл кез ешбір адамның есінен кетпейтіні анық. Соғыс басталысымен Қазақстан алғашқы күндерден бастап бір жұдырықтай жұмылды.Осынау жер-ананы шарпыған соғыс жылдарында елі мен жерін,ұрпағының болашағын қорғаған.Бейбіт өмірді тарту еткен қан майданда от кешкен ер жүрек жауынгерлер бүгінгі ақсақалды ардагерлер мен ақ жаулықты аналар.Олар әрқашанда құрметке лайық.Сондықтан оларға деген алғыс еш толастамасы анық.Сол кездерде қазақ ұлдарының жеңіске қосқан үлесі зор.Халқымыз осының бәріне ерекше төзімділік пен шыдамдылық танытты.Ұлы Отан соғысы жылдарында бірнеше Қазақстандық аталарымыз Кеңес Одағының батыры атағын алды.Олар өз Отанын қасық қаны қалғанша қорғады.Осы бейбіт күнді ата әжелеріміз бес жыл бойы минуттап, сағаттап күтті.Осы қиын кездерден бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, ешнәрсе ұмытылған жоқ.Сол кездегі халқымыздың ер жүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін тарихта мәңгі қалатын күн.Біз Ұлы Отан соғысында жеңіске ештеңеге тең келмейтін ғажап күшпен жеттік.Ол күш әрине бірліктің арқасында қаншама халық бір тудың астында бірігіп күштерін бір арнаға салды. Қаншама аналар боздақтарын айырылып ,қаншама бала жетім өсті. .....
Сары ала күздің келбеті, сары даланы сыйқырлағанына бүгін төртінші күнге таяп келеді. Қоғамға тұлға ретінде, сара жолымның алғашқы баспалдағына ақырын ғана қадам басып келемін. Адамның арманы шексіздікпен тоғысатын, санада жарқ ететін саф идеялар жиынтығы іспеттес. "Күз келбетін салқын санап, көпшілігіміздің жатсынатынымыз жасырын емес. Бірақ білесіз бе, кеше ғана кіріп келген табиғаттың бұл мезгілін алғаш рет сұлу келбетте күтіп алдым". Қабағы- қатулы, жаңбырын төгіп жіберетін- жылауық, жасыл даланы күн көзіндей келбетке орандыратын сары күзді- мен жаны нәзіктік пен сұлулыққа құштар қыз баласындай көрдім.
Қатулылығы- еркек жаратылысына оңайлықпен ере қоймайтын қайсар қызды еске түсірсе, толассыз жаңбыры- сылаң қағып, сыбдыр күлкісімен жаныңды баурайтын нәзік жандылардың мамықтай көңілдерінің сүйкімді келбетте бұртия қалатыны, айналаны алтынға орауы- әйел табиғатының қолынан келетін қауқардың қаншалықты мықты екенін көрсетуге ұмтылғысы келетіндей. Бұл ойлардың тууына Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университетінде оқысам, тұнып тұрған білім мен тәрбиенің ордасына еніп, 75 жылдық тарихы бар "Ұстаздардың шеберханасына" айналған, қазақ қыздарының киелі мекені болған, қара шаңырақта білім алсам деген асқақ Арманымның орындалып отырғанында.
Елімізде жоғары оқу орындары көп. Бірақ, менің таңдауым не үшін ҚазҰҚПУ?
- Ол жаны мен тәні таза қазақ қыздарының келбетін тереңінен танып, апаларымның ізін басып, даналығы мен өсиеттерін бойға сіңіріп, құндылықтарына қанық болып, келешекке нағыз батыр, өр мінезді, тазалық пен сұлулыққа жаны құштар, қазақилық тәрбиеге сусындап, бәсекеге қабілетті, кез-келген ортада көшбасшылыққа лайықты ретінде, өз ісінің нағыз маманы атанып, Еліме, Халқыма қызмет етіп, үлкен кісілердің батасын алып, ел азаматтарын тәрбиелеп, тәлім беріп, егде тартқанда өмірімнің бос өтпегенін сезінгім келген осындай болашаққа құрылған сүйкімді арманым мен қиялымның жетегінде, ақыл мен жүрек қалауы түйіскен ортасында таңдау жасап келіп отырған оқу ордам- осы ҚазҰҚПУ! Қас пен көздің арасында зымырайтын алтын уақыт несімен ерекше деген сауалға, жақсы жандардың тәлім мен тәрбиесі тоғысқан алтын ордада бас қосып, игі жақсылардың ықпалынан болашақ маман ретінде өткізген кезеңім дер едім!.....
Бұл сөз ақын Абайдың сөзі, өзінің жүрек ақтарысы. Жанының айнасы. Абай болашаққа осылай хат жолдады. Бұл өткен ғасырлардан бүгінгі өмір сүріп жатқан біздерге арналған жолдауы. Сол кездегі қиыншылық торлаған заманда адамдарға өз жанының сәулесін төгіп, күн шығатын жақты көрсеткісі келді.
18 тіл білген әдебиетші, профессор Құдайберген Жұбанұлы «Абай қазақ әдебиетінің классигі» атты мақаласында былай деп жазды: «Абайдың ақындығын, басқа қасиеттерін былай қойып, тек әдеби тілімізді жасаудағы еңбегінің өзін ғана алсақ та, ақымыз кететін түрі жоқ.»
Оның үстіне Абайдың ірі болғаны, оның өлеңі болсын, қара сөзі болсын, бұрынғы халық ақындарынан да, шағатайшыл молда ақындарынан да озып шығып, соны жол салғанын ескерсек Абайдай бейнелі сол кезде қазақ ақындарынан ғана емес, көрші елдерде де болып жарымағанын көру қиын емес.».....
Қазірде компьютерлік ойындарға әбден әуестеніп алғандар,бүгінде өздерін «геймерлер» деп атайды , Ал геймерлердің көбі киберспортпен айналысатын командаларға мүше болып табылады. Осы ретте, «киберспорт» деген ұғымға түсінік берейік. Себебі, компьютерлік ойындар арқылы пайда болған бұл термин әлі күнге құлаққа тосын естіледі. Сондықтан, «гейлер» мен «геймерлерді» шатастыратындар әлемде жетерлік. Ғаламтордағы анықтамалықтарға....