Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі – салауатты өмір салтын сақтау қолдауда. Қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Көп қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең, көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан-жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық – денсаулық. Денсаулық – бұл адамның еңбекке белсенді болуы, әрі ұзақ өмір сүруі, тәннің саулығын және рухани саулығын сезіну.
... Қанша үйдің ұрлап адамын, Қанша үйде сөніп қалды оттар, Көрдің бе ұлын ананың, Соғыстан қайтқан солдаттар. ..Көтерді бәрін ауырдың Азамат болып арды ақтар. Көрдің бе жарын арудың, Соғыстан қайтқан солдаттар... С.Мәуленов Жылыой ауданы, Жаңатаң ауылында тұратын нағашы атамның ауылына барған сайын мен ыстық ықыласқа, шексіз мейірімге бөленіп қайтамын. Әсіресе, ұнататын ермегім- нағашы атам мен әжемнің басынан өткен естелік әңгімелерін тыңдау.Ол кісілер айтып отырған әңгімелерді естіп отырып, бейне бір ертегі тыңдағандай әсерде боламын. Ал анам, балалық шағын еске түсіргісі келе ме, ауылға барған сайын , міндетті түрде отбасылық альбомды қарайды, әрине, онымен бірге біз де отыра қалып альбом ақтарамыз. Сондай бір альбом қарау кезінде мен альбомның алдыңғы жағына ұқыптылықпен жапсырылған ескі фотолардағы екі әйел адамның суретін көрдім де, қасымда отырған әжемнен «Мына кісілер кімдер?» деп сұрадым.Сол кезде әжемнің жүзінде ерекше бір толқыныс пайда болып: «Бұл кісілер-менің әжем мен анам» -,деп жауап берді. Мен: «Олардың аттары кім?Қашан қайтыс болған?»-,деп сұрағымды жалғастырдым........
Атадан жақсы ұл туса, Елінің туы болады. Атадан жаман ұл туса, Көшінің соңы болады. Қазыбек би Отаншылдық ! Осы қасиетті сөзді естігенде тұла бойыңды бостандық пен еркіндік билеп, өз ұлтыңды ерекше жан-тәніңмен сүйетініңді рахаттана сезінесің. Алайда Отанының азаттығы жолында қасық қаны қалғанша күресіп, «тар жол тайғақ кешіп», бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарған жандарды есімізге алғанда көңіліңде көңілсіздік кемесі қалқып, жанарың жасқа үйіріліп, олардың алдында мәңгілікке борыштар екеніңді сезіне бастайсың. Отаншылдық – елжандылық туған отбасына, туып-өскен ортаға, туған топырағы мен табиғатына деген құрметтен басталады. Отаншылдықтың іргетасы – ұлтжандылық. Өз ұлтын сүйіп, оның мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын азамат қана отаншыл болады. Отаншылдықты рухани құбылыс ретінде зорлықпен, нұсқаумен биліктің басқаруымен енгізу мүмкін емес.......
Моя отчизна - это Казахстан. Это – великое, прекрасное государство с богатой историей, древней культурой и неповторимой природой. Народные традиции сплотили людей и легли в основу устойчивого мира. Культура казахов по-своему уникальна. Широки просторы казахстанских земель. Казахская степь, природа поражает своей невиданной красотой. Я никогда не перестану ими восхищаться. Президентом нашей страны является поистине мудрый человек, тонкий политик, стратег и настоящий патриот, Н.А.Назарбаев. Благодаря ему мы достигли стабильности и процветания.....
Ұлы Отан соғысы талай адамның қаны төгілген майдан алаңы. Соғыс - жер үшін, кейінгі ұрпақ келешегі үшін, елдің намысы үшін жауапты майдан. Бірі атасынан, бірі әкесінен, бауыр – қарындастарынан айырылса, бірі ұлынан айырылған сұрапыл жылдар. Бірақ азапқа толы сол жылдардың өз нәтижесі, тарихы, маңызы бар. Жеңіске жеткен сол күнді одақтас он бес ел, соның ішінде қазақ елі де 71 жыл бойы тойлап келеді. Ол ешнәрсе де, ешкім де тарих беттерінен өшпейтінінің, халықтың жүрегінен де, жадынан да мәңгі орын алатынының белгісі. Бұл соғысқа қазақ елінің тікелей қатысы жоқ деушілер де бар шығар. Бірақ бұл оймен мен мүлдем келіспеймін. Кеңес Одағының құрамында болған Қазақстан үшін де бұл соғыстың маңызы зор. Қызыл армиядағы қазақ жауынгерлері алдыңғы шепті басқарып, Брест қамалынан Берлинге дейін барды. Қазақ жауынгерлерінің ержүрек, өжет мінезі мен жауынгерлік шеберлігіне барлық өзге ұлт өкілдері тәнті болған. Оған дәлел бес жүз қазақ жауынгері Кеңкс Одағының батыры атағын алған. Осындай мақтануға тұрарлық деректерді тарих, әдебиет беттерінен кездестіргенде бір ерекше сезім пайда болады. Ал Жеңіс күнінде қуаныш, мақтанышқа толы айрықша көңіл – күй жүрегіңді баурайды. Дегенмен, қарттар мен ересек жандардың көңілдері босап, көздеріне жас толады. Қуанышты күні жас алуларының себебі: бір мезет көз алдарына сол соғыс уақытын елестетіп, оққа ұшқан талай қазақ бауырларын естеріне алады. Бұл соғыстың қуанышы мен азабы ел жадында қатар жүреді......
Думая о родине, мы думаем о той великой и прекрасной стране, в который родились, связываем свою родину со сложной и интересной, насыщенной и, иной раз даже трагической историей родной земли. Моя Родина – Казахстан. Казахстан гордится храбрыми батырами, талантливыми поэтами и акынами, писателями, которые воспевали любовь к казахской земле, призывали любить и уважать друг друга, сохранять мир и заботиться о будущем. ....
С книгой я открываю взрослый мир…Что такое книга? По моему мнению, книга – это не просто напечатанный текст, а огромное количество информации. Зачастую книга даже может изменить человеческую жизнь, судьбу. В наше время можно издать книгу за две-три недели, и абсолютно каждый может воспользоваться столь быстрым изданием своего творения, но далеко не все из них оказываются «съедобными». С каждым днём ценишь всё больше и больше книги, которые могут воспитать вкус, привить интерес к литературе. Лев Толстой и Александр Пушкин прославились не «пустыми» рассказами, а серьёзными произведениями. Они навсегда оставили своё имя в истории страны и мировой литературе.....
Болса егер менің саған керегім, Күндерімді,түндерімді, Ой толқынын, сыр толқынын Саған ғана беремін!- деп Бауыржан атамыз от-жалын кешіп жүріп айтқан сөзі, ерлікті, елдікті, отансүйгіштікті насихаттайды. Менде өзімнің батырлар қаласы атанған Арыс қаласынан алты бірдей Кеңес одағының батырлары- Бейсен Оңтаевтың, Берген Исахановтың, Садық Исмаиловтың, Нағи Ілиясовтің, Ережепбай Молдабаевтың шыққандығын мақтанышпен жеткіземін. Бүгінде Арыс ауданында көзі тірі сегіз ардагерлеріміз бар. Отан алдындағы борышын сақтап, қанды қырғын соғысты тұншықтырып ұрпағына бақыт әкелген ардагерлерімізге мың алғыс айтамыз. Бұл жеңістің келе жатқан 71 жылдығы бәріміз үшін айтулы мереке. Бұл мереке әр кезде де батылдық пен сүйіспеншілікпен адалдықтың өлшемі. Ұлы Жеңіс күні-тек соғыс ардагерлерінің ғана емес,барша Қазақстандықтардың айрықша мерекесі. Бұл сұрапыл соғыста жанқиярлықпен ерлік жасаған, елі үшін жанын құрбан еткен бабалар рухына тағзым етудің қиян-кескі ұрыстан аман келген ата әжелерді құрметтеудің нағыз үлесі көрсетілетін күн. Ұлы Жеңіске жеткенімізге қаншама жылдар өтсе де, біз әлі күнге дейін Отан соғысы майданында қаза тапқандарды еске алып, олардың алдында басымызды иеміз.Осы батырларымыздың ерліктері біздің жүрегімізде мәңгі сақталады және фашизмді жеңген батырлардың өшпес даңқы да мәңгі жарқырап тұрады. ......
Уақыт деген сөздің мағынасын әр адам, әр тарихи оқиға өзінше түсіндіреді. Біреулер бір күннің, бір сағаттың қадірін білмей жатса, әр минуттың қадірін білетін адамдар да бар. Уақыт кейде сәт сияқты көрінгенмен, кейде минут ғасырдан да ұзақ... Бір минутта жарылған снарядтан қаншама адам көз жұмуы мүмкін, бір сәтте, бір кезде. Елден сағына күткен хатты тосқанда уақыт, тіпті, тоқтап қалғандай болады. Әттең, тарих бетін шимайлаған осындай уақыттарды, оқиғаларды сызып тастап, бейбіт, тыныш, бақытты сәттерді жазуға мүмкіндік болғанда ғой! Миллиондардың, мыңдардың арманы – соғыста қаза тапқан жақындарын, ойрандалған отбасыларын қайтару. Алайда, уақыт өтті, соғыс бітті, қалғаны сол соғыс туралы ойлар мен естеліктер, сол соғысты өз көзімен көрген азды-көпті жауынгер аталарымыз. Осыдан 71 жыл бұрын жер бетін шарпыған, сұрапыл Ұлы Отан соғысы еді. Ұлы Отан соғысы дегенде, төрт жыл бойы қазақ жері, қазақ халқы үшін өз жанын аямай күрескен батырларымыз, атам елестеп, көзіме жас келеді. Сол сұрапыл жылдарда қанша азамат жер құшты, қанша бала әкесінен, қанша ана баласынан, қаншама үй тірегінен айырылды. Ауылдан сән, өмірден мән кетіп, сұрықсыз бір дүниеге айналды. Бұл соғыс миллиондаған адамдар өмірін қиды, көптеген қалалар мен елді мекендер төңкерілді. Соғыс әр шаңыраққа, әр отбасының өміріне жазылмас жара қалдырды. Сол сұрапыл соғысқа менің атам Кәмен Оразалин да қатысқан. Атам 1920 жылы Абай ауданында дүниеге келген. 1939 жылы 19 жасында атам әскерге шақырылған еді......