Курстық жұмыс: Экономика | Еңбек өнімділігі мен тауар өндіру тиімділігі

КІРІСПЕ
Қазіргі жағдайда кадрлық қызмет кадрлар мен жұмыстың барлығында ұйымдастырушы және үйлестіруші болуы қажет. Ол құрылымдық бөлімшелерде кадрлар саясатын жүзеге асыруда бақылаушы функциясын, еңбекақы төлеуді, жұмыскерлерге медициналық қызмет көрсетуді, ұжымдағы әлеуметтік-психологиялық жағдайды, жұмыскерлерді әлеуметтік қорғауды кадағалауы керек.
Кәсіпорындағы кадрлық қызметтің тиімділігі оның әрбір құрылымдық бірлігінің атқаратын функциясының құрымдылығы мен нақтылығына, қызметтің өз ішіндегі құрылымдық бөлімшелердің өзара байланысқан жұмыстарына, кадрлық қызметтің кәсіпорындағы техникалық және экономикалық қызметтерінің жұмысымен тиянақты байланыстарына, қызметті кадрлармен қамтамасыздандыруға байланысты болады.
Персоналды басқару қызметінің құрылымын жобалау кезінде бөлімнің құрамында жеке топ құру үшін оның жұмыс көлемі екі-үш адам атқаратын көлемнен кем болмауы керек.
Кадрлық қызмет оны құрайтын бөлімшелердің (бөлімдер, бюролар) атқарымдық құрылымын анықтағаннан кейін, әрбір бөлімшелер шешетін мәселелердің тізімін, олардың функцияларын, ондағы жұмыскерлердің сандық құрамы мен лауазымдық құрылымын, олардың әркайсысының қызметтіқ міндеттемелерін, сонымен қатар кадрлық қызмет көлеміндегі және кәсіпорынның кіріс және шығыс ақпараттары бөлігіндеп басқа да бөлімшелерімен өзара қарым-қатынасын, кадрлық жұмысты әдістемелік қамтамасыз ету, олардың орындалуын бақылау және қадағалау функцияларын жүргізу мәселелерін шешеді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының баға жүйесі

Кіріспе
Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғалы бері өзі қатарлы ТМД мемлекеттері арасында экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени салаларында көш басшы атанып келеді. Бұл еліміздің қай саласын алып қарасақ та халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында жасалынып жатқан игі істер мен экономикалық жағдайды көтеруде алдыңғы қатарлы озық ойлар мен пайдалы қадамдар жасалынып жатқандығын көрсетеді.
Мемлекет өзінің ішкі экономикасын біршама тұрақтылықта дамытуда. Бағаны тұрақтандыру әр қашаан алдын ала өз жоспарлары арқылы есептелінетін елдің экономика саласындағы ұтымды қадамдарымен қамтамасыз етіледі. Осы орайда баға мен елдегі инфлиясия шараларының арасындағы байланыстарды жүйелі түрде шешу мен мемлекеттің игілігіне қызмет жасауын қадағалау негізгі бағыттардың біріне саналады.
Бұл курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасының экономика саласындағы ерекшеліктер мен бағаны тұрақтандырудың математикалық модельдеу әдістерін талқылау, ондағы тиімді модельдеу әдістерін таңдап алу, мемлекеттің баға тұрақтылығын қалыптастырудағы, оны реттеудегі өзіндік ұстанымдарына тоқталу табылады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Биржа және оның мәні

Қор биржасы деген бағалы қағаздар сатып алынатын және сатылатын негізгі нарық орны. Қор биржаларында ірі банктер қожалық етеді. "Биржа" деген термин ежелгі грек сөзі - "бурзэ", яғни әмиян деген мағынаны аңғартады. Алғашқы қор биржасы XVIғ. Голландияда бағалы қағаздар (облигация, содан кейін акция) шығару және сату үшін пайда болған. Ал XVII ғ. биржалар тауар және қор биржасы болып бөліне бастады. Қор биржаларының ең кең түрде дамыған кезі капитализмнің монополизм сатысына өту кезі, яғни XX ғ. бас кезі. Ол уақытта қор биржаларының негізгі операциялары өндіріс кэсіпорындарының акцияларын шығару және сату болды. Биржа өнеркөсіп циклын және жалпы елдің экономикасы мен саясатындағы өзгерістерді қадағалап отыратын барометр сияқты. Сондықтан қор биржасы өнеркәсіптің өрістеу фазасында экономиканың өсуіне, ал дағдарыс фазасында оның баяулауына себепші болады.
Экономикасы дамыған мемлекеттерде биржалар бірнеше түрге бөлінеді. Мысалы,
• қор биржасы (бағалы қағаздар сатады);
• валюта биржасы;
• тауар биржасы;
• еңбек биржасы.
Сонымен, биржа - нарықтың ұйымдасқан түрі, онда сұраным мен ұсыным негізінде тауармен, бағалы қағаздармен "сауда жасалады және қызметкерлер жалданады. Ол - сатушылар мен сатып алушылар келісімге келу үшін кездесетін орын.
Қор биржасы жеке кәсіпкерлік принципінде жұмыс істейді (мысалы, Лондон, Нью-Йорк биржалары), немесе оны мемлекет ұйымдастырады (мысалы, Францияда, Италияда). Қор биржасын ұйымдастыру және оны басқаруда әр елде көптеген өзгешеліктер бар.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Жоспарлаудың жалпы түсінігі

Бұл курстық жұмыстың тақырыбы « Қазақстан Республикасы өнеркәсібін жоспарлаудың дамуы». Курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады. Алғашқы бөлімде жалпы жоспарлаудың түсінігімен мәні, әдістері мен қағидалары, Қазақстандағы жоспарлаудың жағдайы мен жүзеге асырушы органдар туралы толық мәлімет тиісті бөлімшелерде жазылған. Жоспарлау дегеніміз ұлттық экономиканың әртүрлі деңгейлерінде жүзеге асырылатын басқару нысаны. Макрожоспарлау кез келген мемлекеттің саясатында үлкен роль атқарады.
Екінші бөлім Қазақстан Республикасының өнеркәсібіне арналады. Өзіне барлық салалар мен олардың салалық құрылымын қосатын елдің өнеркәсіптік кешені мыналарды да қамтиды: көптеген шаруашылық субъектілер, ірі корпорациялар, қаржылық институттар, өзінің жеке қызығушылығы, мотивы, мүмкіндіктері бар акционерлік қоғамдар мен күшті шаруашылық құрылымдар. Мұнда қазіргі Республикадағы өнеркәсіптің жағдайы, даму беталысы нақты статистикалық мәліметтермен көрсетіледі.
Үшінші бөлімдеөнеркәсіптің дамуының бірден – бір себепкері,соңғыкезде актуальды проблемалардың негізгісіне айналған кластер ұғымы туралы айтылады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау механизмдері

Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор маңызы бар екендігін республикамыздың тәуелсіздігінің 10 жыл ішінде атқарылған жұмыстар көз жеткізе дәлелдейді.Реформа қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеулі өзгерістер енгізді және сайып келгенде әрбір еңбекшінің мүддесін қамтыды. Сондықтан бұған дейін ынта-ықыластың уақыт өткен сайын әлсіремейтіндігінің, қайта арта түсетіндігін қмір көрсетіп отыр.
Нарық экономика жағдайында экономикалық қызметтің барлық экономикадағы негізгі буыны-бұл кәсіпорын. Міне, сондықтан да бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі тиіс. Бұған жағдайлар да бар.Өйткені кәсіпорында ең білікті кадрлар жинақталады. Мұнда ресурстарды үнемдеп жұмсау, жоғары өнімді техникалар мен технологияларды қолдану мәселелері кең түрде шешіледі.Кәсіпорында өндірісті және өнімдерді сатуға кететін шығындарды мейлінше азайтуға қол жетеді. Сол сияқты бизнес- жоспарлар әзірленеді, маркетинг қолданады, тиімді басқару жүйесі – менеджмент іске асырылады.
Мұның барлығы терең экономикалық білімді қажет етеді.
Қазіргі кезде кәсіпорынның мәртебесі, оны құрудың тәртібі мен жойылуы, мүлікті пайдалану, шаруашылық жүргізу, экономикалық және әлеуметтік қызметтер, кәсіпорынның мемлекеттік және жергілікті өзін - өзі басқару органдарымен қатынасы негізінде ұлттық заңдармен реттеледі.Отандық ұйымдардың инвестициялық белсенділігінің жеткіліксіздігі кәсіпорын экономикасының тұрақтануына кедергі келтіреді. Нәтижесінде инвестицияларды лизингі арқылы тарту қажеттілігі туындайды. Лизингілік өызмет белгілі бір қауіптермен байланысты, ол залалға әкеліп соқтыруы мүмкін және меншікті ресурстары есебінен дами алмайтын кәсіпорындарды қолданылады.Кредитке қабілеттілігін арттыру үшін кәсіпорынды дамытудың жаңа стратегиялық тұжырымдамасын ендіру қажет.
Осындай және одан басқа ақпараттар осы жұмыс барысында қамтылған. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Экономика | Қазақстан экономикасының бәсеке қабілеттілігі және оны дамыту мәселелері

Қазіргі кезде әлемде және отандық экономикада терең әлеуметтік-экономикалық өзгерістер орын алуда. Аталған өзгерістер экономикалық парадигманың өзгеруіне қажетті тарихи алғышарттарды қалыптастырды. Ұзақ уақыт бойы қоғамдық әл-ауқат көздері ең алдымен материалды-техникалық базаның қалыптасуы тұрғысында қарастырылды, ал елдің даму деңгейі материалды өндіріс көлемін арттыру қарқындарымен анықталды. Адам заттай капиталмен бірге өндіріс ресурсы қызметін атқарды. Сонымен қатар, рыноктық экономикаға өтуді іске асырып отырған бұрынғы социалистік елдер мен республикалар қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымның ерекшеліктерін, алдағы өзгерістер мен оның іске асырылу мүмкіндіктерін, шаруашылық жүргізудің рыноктық жүйесінің оптималды үлгісін және тағы басқа негізгі кезеңдерді ескеретін халық шаруашылығын реформалаудың өзіндік әдісін жасау қажет болды.
Біздің еліміздің рыноктық экономикаға өтуіне байланысты рыноктың қызмет ету механизмін және оның негізгі элементтерін талдап, оларды экономикамыздың тиімді дамуына қолдана білу бүгінгі күні өзекті мәселе. Экономика дамуының қозғаушы күштерінің бірі бәсекелестік, барлық салаларда қарқынды дамуда. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Кәсіпорынның қаржы нәтижелерінің қалыптасуын талдау

Қоғамда қаржылық жоспарлау және талдау біреудің орынсыз тілегінен емес, өмірлік аса қажеттілік салдарынан туындадыды: салмақ, ұзындық өлшемін және есептеу жүргізбей, шаруашылық субъектінің мүліктік жағдайы мен оған әсер ететін себептерді білмей, табыс пен шыгыиды өзара салыстырмай, біріншісінің екіншісінен артық болуына қол жеткізбей шаруашылықты ойдағыдай жүргізу мүмкін емес.
Қай уақытта да болмасын бұл өте маңызды. Қазіргі қоғамның әкімшілік-әміршілік жүйеден шығып, нарықтық қатынасқа ену кезеңінде оның мәнділігі одан әрі арта түседі. Басқаша айтқанда, жалпы мемлекеттік («иесіз») меншік жағдайында кеңінен орын алған ұқыпсыздық пен жауапкерсіздікті іскерлік, басқарушылық, қатаң орындаушылық тәртіп, ұқыптылық және үнемділікпен алмастыру - нарықтық экономиканың өзіне тән ерекшеліктері.
Нарықтық экономика оған қатысушылардың барлығынан ой жүйесі мен өзгеше іс-әрекетті талап етеді. Ол зауыт қоймалары мен ашық алаңдарда, материалдар мен шикізаттың қисапсыз қорларының көгеріп, тот басып жатуына, яғни миллиондаған теңгенің доғарылып, бекерге ысырап болуына жол бере алмайды. Кәсіпорын мүлкіне салынған әрбір теңге жаңа табыс әкелу үшін осы қорларды қозғалысқа келтіреді. Жасанды көрсеткіш пен жоспар үшін жүмыс істеу келмеске кетеді.
Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың шаруашылықты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бе-тінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы рынокта білікті серікті таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі көбінесе осыган байланысты болады. Кәсіпорындар бұрынғыдай жоғаргы жақтың жөн сілтеуімен емес, контрагенттерді (жабдықтаушы, сатып алушы, мердігер, банк және т.б.) қазіргі кезде өз қалауы бойынша алады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Қоғамдық өндіріс

Қазіргі қоғамның экономикалық өмірінің шындығы кәсіпорындарда шығарылған өнімдер жоспарлы түрде тауар формасына айналуында. Қазіргі шынайы өмір фактілері адамзат қоғамының бүгінгі тағдыры экономикалық өмірінде әрі қарайғы даму жолын айқындау үшін теориялық түрғыдан ой елегінен өткізілуі қажет. Саяси жүйеге,мемлекет құрлысына тәуелді емес әр түрлі қоғамдық өндіріс формалары бар екенін көрсетіп отыр. Оқулықтарда және ғылыми әдебиеттерде адамзат қоғамының тарихында қоғамдық өндірістің екі ғана формасы натуралдық және тауарлы өндіріс болған және солай болуда деген пікір терең тамыр жайған. Қоғамдық өндірістің жалпыға танылған формаларымен қатар әдебиеттерде тікелей қоғамдық өндіріс, сондай-ақ жоспарлы шаруашылықтар туралы да айтылады. Натуралдық шаруашылық түсінігіне жеке тұтынуға қажетті өнімді өз қолымен жасау жатады. Ол өндіргіш күштердің әлсіз дамуымен, өндірілген өнімді қосымша еңбек үлесінің жоғары еместігімен сипатталады. Еңбектің қандай түріне болсын жеке меншік немесе қоғамдық, жеке немесе бірлескен еңбекке негізделсе, натуралдық шаруашылық артық өніммен өзара айырбас жүргізбейді. Натуралдық өндірістің айқын сипатына оның бөлшек түрдегі, шаруашылық өмірдің тұйықталушылығы жатады. Осыған байланысты еңбек өнімі тек қауым шеңберіде, құл иеленушінің немесе феодалдық шаруашылығында ғана кәдеге асты. Осының салдарынан, қоғамдық байланыс қатаң түрдегі сипатта болады-өнім қауым мүшелері,құл иеленуші, феодал, олардың отбасы мен бала-шағасы тұтыну үшін ғана өндіріледі. Еңбек нәтижесі шаруашылық ауқымынан аспайды,ал сыртқы байланыс болған жағдайда ол тұрақты емес, кездейсоқ сипатта болады. Еңбекті ұйымдастыру принципі оның негізінде бола тұра қоғамдық шаруашылық жүргізуді айқындауда шешуші рөлге ие емес. Өндіріс түрі байланыс түрімен, яғни шаруашылық жүргізудің қайсібір типінің бейімдік түрін айқындайтын қатынастармен сипатталады.
Натуралдық шаруашылықты жүргізуді өнім жеке адамның немесе көптің біріккен еңбегімен де өндіріле береді. Соңғысының негізіне дара бастың, оның еңбек жағдайының қожасы алдындағы міндеткерлігі жатады, осылайша олар өнім арқылы бір-бірімен қарама-қарсы тұрады, бір жағында-дара еңбек, екінші жақта-еңбек жағдайын меншіктеуші. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Қазақстан Республикасындағы туризм индустриясының қазіргі жағдайы мен даму тенденциялары

Туризм әлемдік экономикада басты рөлдің бірін атқарады. Бүкіләлемдік Туристік Ұйымның деректері бойынша ол әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін, халықаралық инвестицияның 11%-дан астамын, әлемдік өндірістің әрбір тоғызыншы жұмыс орнын қамтамасыз етеді.
Туризмнің қазіргі индустриясы табысы жоғары және серпінді дамып келе жатқан қызмет көрсетулердің халықаралық сауда сегменттерінің бірі болып табылады. Туризмнен табыс мұнай, мұнай өнімдері және автомобиль экспортының табысынан кейінгі тұрақты үшінші орында келеді. Әлемдік туристік нарықтың дәстүрлі аудандары өзінің рекрециялық сыйымдылығының шегіне іс жүзінде жеткендіктен, туризмнің өсуі туристер баратын жаңа аумақтар есебінен басым дамитын болады. Осыған байланысты, Қазақстанның әлемдік туристік нарықта өзінің лайықты орнын табуға бірегей мүмкіндігі бар.
Қазіргі туризм еңбекшілердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына шығуымен байланысты, мұның өзі адамның демалуға және бос уақытын өткізуге деген негізгі құқығын тану болып табылады. Ол жеке адамды, адамдар мен халықтар арасындағы өзара түсіністікті дамытудың факторына айналды.
Қазіргі туризм – бұл әлемдік экономиканың құлдырауды білмейтін саласы. Мамандардың есебі бойынша, орташа есеппен, бір шетелдік туристің беретін табысын алу үшін оған барабар, шамамен 9 тонна тас көмір немесе 15 тонна мұнай немесе 2 тонна жоғары сұрыпты бидайды әлемдік нарыққа шығару керек екен. Бұл ретте, шикізат сату елдің энергия көздерін азайтады, ал туристік өндіріс таусылмайтын ресурстармен жұмыс істейді. Шетелдік экономистердің есебі бойынша, 100 000 турист қалада орташа есеппен екі сағат болған кезде кемінде 350 000 доллар немесе адам басына бір сағатта 17,5 доллар жұмсайды. Сөйтіп, шикізат сату өзіндік экономикалық тығырыққа тірелу болса, ал туризмді дамыту – ұзақ мерзімді, экономикалық тиімді болашақ.
Туризм жалпы алғанда, мемлекеттің экономикасына үш оң нәтиже береді:
1. Шетел валютасының құйылуын қамтамасыз етеді және төлем теңгерімі мен жиынтық экспорт сияқты экономикалық көрсеткіштерге оң ықпал жасайды.
2. Халықтың жұмыс пен қамтылуын көбейтуге көмектеседі. Бүкіләлемдік Туристік Ұйым мен Бүкіләлемдік туризм және саяхат кеңесінің бағалауы бойынша туризм өндірісінде құрылатын әрбір жұмыс орнына жұмыс орны келеді екен. Туризм тура немесе жанама түрде экономиканың 32 саласының дамуына ықпал жасайды.....
Рефераттар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | ВЧД 23 Семей пайдалану вагон депосының өндірістік-шаруашылық қызметін талдау

Қазақстан экономикасының басқарудың және шаруашылық жүргізудің нарықтық механизміне өтуіне байланысты соңғы жылдары кәсіпорындардың бірнеше ұйымдастырушылық-құқықтық формалары пайда болды. Олардың ішінде негізгілердің бірі болып табылатын акционерлік қоғам (АҚ). Нарықтық экономика жағдайында басты мақсат ретінде АҚ бастарудың тиімді жүйесін алу және кәсіпкерліктің осы перспективалық құқықтық формасының басымдылығын іске асыру болып табылады.
АҚ ұйымдастыру және басқару іскерлігін қамтамасыз ететін құжаттардың негізгілердің бірі – Қазақстан Республикасының «АҚ туралы» заңы.
Қазақстан экономикасының өтпелі кезеңінде «АҚ туралың заңының тиімсіз болуы, ал кейбір жағдайда АҚ-ның осы заңды орындалмауына әкеп соқтырды. Осыған байланысты заңның кейбір бөлімдеріне өзгертулер мен толықтырулар еңгізіп, АҚ басқару және іскерлік формасына ең тиімді жайдайлар жасала басталды.
Өтпелі экономика елдері үшін ірі акционерлік компанияларын басқару аса өзекті мәселенің бірі болып табылады. Ірі кәсіпорындар өндіріс қызметінің орталықтандырылған жоспарлаудан, ірі ауқымды бизнесті ұйымдастырудың нарық нышандарын пайдалануға көшу, ірі ұйымдастыру құрылымдардың ұзақ мерзімді тұрақты даму проблемаларына көп көңіл бөлуді талап етеді. Олардың көбі акционерлік нышанға лайық келеді.
Қандай да ұйым жұмысындағы жетістік, ол мемлекеттік құрылудағы немесе өндірістік кәсіпорын болсын, басқарудың оптимальды құрлымын қамтамасыз ету жағдайында жүзеге асуы керек. Басқарудың оптимальды құрлымын құру үшін ең алдымен, басқару органның жұмысшыларының тәжірибесі мен біліктілігі керек. АҚ басқарудың тиімді жүйесін құрудағы тағы бір қиыншылығы, ол «бір ғана қожайынған мойынсынатын қазақстандық менталитеттің ерекшелігі. Нарық тек менталитеттің өзгеруге әкеліп қоймай, сонымен қатар АҚ басқаруы да жаңа функциялардың пайда болуы мен фирманы басқарудың ұйымдастырушылық жүйенің өзгеруіне әкелді.
Қарастырылып отырған мәселенің өзектілігі, ғылыми тұрғыдан алғанда оның жеткілікті зерттелмеуі курстық жұмыс тақырыбын «Акционерлік қоғамдар қызметінің экономикалық тиімділігін талдау» деп таңдауға себеп болды.
Курстық жұмыстың мақсаты – республикамыздағы акционерлік қоғамдардың қазіргі жағдайларын талдай отырып, олардың қызметінің негізгі мәселелерін зерттеп талқылау, сондай-ақ, олардың қызмет тиімділігін арттыру жолдарын анықтау болып табылады ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0