Курстық жұмыс: Экономика | Алматы облысы бойынша астық өнімдері
Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында анықталған мәселелерді шешу үшін 2003-2005 жж аралығына жоспарланған мемлекеттік азық-түлік бағдарламасы қабылданды. Оның ішінде мемлекеттік қолдаудың басым бағыттары белгіленген. Олар – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйелерінің тұрақтылығын көтеру, аграрлық кәсіпкерлік жүйесінің тиімділігін құрастыру, отандық өнімдердің бәсекелестік қабілетін көтеру мен ішкі және сыртқы нарыққа сату көлемдерін ұлғайту, азық-түлік импортының деңгейін азайту, мемлекеттің ауыл шаруашылығы өндірісін қолдау шараларын тиімді жүргізу. Сонымен қатар 2003-2005 жж, мемлекет Президенті ұсынысымен ауыл шаруашылығын өркендету жолында «Ауыл жылдары» деп жарияланды.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің ең бағалысы астық болып табылады. Астық өндіру агро-өндірістік кешенінің барлық салаларының дамуының белгісі, өйткені ол АӨК соңғы өнімдерінің ішінде 40 % құрайды. Тауар өндірушілер үшін ол негізгі табыс көзі болып саналады және өндірістің шоғырлануына мүмкіндік береді.
Қазақстанда астық өндірісі рентабельділігінің болашағы жерді интенсификациялау жүиелерін қолданбай болмайтынын көрсетеді. Республиканың астық өндірісі экономикасы дамыған елдерден материалдар мен техникалық қамтамасыз етілуімен, қолданатын технологиядан артта қалуымен қатаң бәсекеде шыдамайтындығы белгілі. Сондықтан жерді пайдалану мәдениетін біртіндеп көтеру тыңайтқыштардың тиімділігін көрсетеді, гербицидттерді қолдану қажеттілігін азайтады, өсімдіктердің ауруларға тұрақтылығын жоғарылатады, нәтижесінде жалпы өнімнің өзіндік құны төмендейді және оның бәсекелестік қабілетінің жоғарлауына әкеледі.....

Курстық жұмыстар