Қазіргі кезде өнім сапасын көтеру мәселесі бүгінгі таңда өзекті болып отыр. Қазақстанның әлемдік нарыққа қосылуы Бүкіләлемдік Сауда Ұйымына мүше болуға ұмтылуы сапа мәселесін алдыңғы қатарға шығарды. Сонымен қатар бәсекеге қабілетті өным шығару үшін де сапаға үлкен мән беру қажет. Қазақстан Республикасы индустриялық-инновациялық даму жолына бет алған кезде сол сияқты әлемнің дамыған елу елдің қатарына қосылу міндеті анықталған уақытта отандық тауар өндірушілер өз өнімдерінің сапалық қасиеттеріне мән беруі тиіс. Бұл орайда Қазақстан Республикасының Президентінің 2006 жылдың 1 наурызындағы халыққа жолдауында мынандай мәселе көтерген болатын: «Біз Қазақстанның жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел болуын қалаймыз. ....
Жергілікті ұлтаралық (елдер арасында) интеграция процестері бүкіл әлемде қарқынды жүруде. Шаруашылық процестерінің ұлттандырылуы жеке капиталистік мемлекетаралық интеграциялық үрдістердің нәтижесінде тереңдетіліп жатыр. Ерекше маңызға әлемдік кеңістіктегі кең таралған нарықтық құрылым болып табылатын трансұлттық корпорациялар ие болуда. 80-ші жылдардың аяғында трансұлттық корпрациялардың үлесіне тауар мен қызмет көрсетудің әлемдік өндірісінің 15 % астамы келді. ТҰК ұлттық экономикаларды географиялық белгісіне (ортақ шекараларды есепке ала отырып) ғана қарай емес, сондай-ақ терең экономикалық, ұдайы өндіріс қарым-қатынастар негізінде де біріктіреді. Бүгінгі таңда әлемде шамамен 44 мың трансұлттық компаниялар бар. Ұлттық экономикалардың даму қарқыны құрылымдық өзгерістерге, әрдайым шектеулі қордың салалық қосымшаларындағы таңдап алынған артықшылықтардың негізділігіне тәуелді болып келуде. ....
Зертттеу тақырыбының өзектілігі. Білім мемлекеттің интелектуалдық және рухани ресурстарының сарқылмас бұлағы ретінде адамзат капиталының сапасын арттыруда басты роль атқаратын белгілі. Мемлекеттердің экономикалық және әлеуметтік жетістіктері, ең алдымен, олардың білім жүйесімен, азаматтарының білімділігімен анықталады. Бүгін еліміздің өзінің даму барысындағы басты ұстанымы – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың әлемдегі бәсеке мейлінше қабілетті озық елу ел елдің қатарына қосылу. Жаһандану жағдайында барлық индустриалды дамыған елдер білімге, интеллектуалды және білім әлеуетіне, инновацияларға, озық технологияларға, негізделген экономиканы дамытуға бетбұрыс жасады. Бүгінгі жаһандану дәуірі - заман шындығы. Сондықтан Қазақстан ғаламдану кезеңіне қалай ілесе алады, елдік ұлттық бет-бейнемізді қайтіп сақтаймыз, ең бастысы біз ғаламдануға не қоса аламыз - осы сұрақтар төңірегінде ойланып - толғанған абзал. Ал мұны білім мәселесімен сабақтастыра айтсақ, әлемдік білімнің ғаламдануы Қазақстанның алдына көптеген сынақтарды көлденең тартады. ....
Байқоңыр космодромы қазақ жеріндегі ең үлкен және өте күрделі инженерлік құрылыс. Мұндай инженерлік кешенді адамзат баласы бұрын-соңды жасаған емес. Бұл ғажап құрылыста космос корабльдерін, космос станцияларын, зымырандарды, зымыран-тасымалдаушыларды сынау, космос кеңістігін зерттеу үшін кең көлемде ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Байқоңыр космодромындай құрылыс жер шарында жоқ . Сондықтан Байқоңыр космодромы дүниежүзі халықтарының назарын аударып, алаңдатып отыр . Ол тек космос корабльдері мен зымырандарды космос кеңістігіне ұшыру мақсатына жасалған емес. Сонымен қатар, әскери қару-жарақтардың жаңа түрлерін сынау мақсатын да көздеді. Байқоңыр космодромы әскери ғылыми-техникалық орталық болып есептеледі. Космодромда өнеркәсіп және шаруашылық орындары шоғырланған. Олар да космос кеңістігін зерттеуге атсалысады. Мұнда космосқа ұшырылатын космос корабльдерінің, зымырандардың, зымыран-тасымалдаушылардың бөлшектері жиналып, космосқа ұшырылып отырады. Космосқа ұшқан космос корабльдерінің ұшатын бағыты белгіленіп, ұшу жылдамдығы анықталады. Онда зымырандардың бағытын және жылдамдығын анықтайтын электронды есептеу орталығы бар ....
1815-1848 жылдары герман мемлекеттерінде капиталистік қатынастар қарқынды дамыды. Пруссияда помещиктік шаруашылық буржуазиялық –юнкерлік шаруашылыққа айнала бастады. Батыс және Оңтүстік-батыс Германияда ірі шаруашылықтардың пайда болуы және шаруалардың кедейленуі кең ауқым алды. Жеке мемлекеттердің экономикалық бірігуінде 1834 жылы Пруссияның ынтасы бойынша құрылған Неміс кеден одағының зор маңызы болды. Неміс мемлекеттерінде өнеркәсіптік төңкеріс кең орын алып, темір-жолдар салынды, тау-кен және металлургиялық өнеркәсіп өсті. Машина жасау және тоқыма өнеркәсібі дамыды. Германияның бірігуі. Пруссия Сардиния корольдігіне қарағанда, ХІХ ғасырдың ортасына қараай ұлы дәрежесі бойынша соңында болды. ХІХ ғасырдың басындағы әскери реформаның нәтижесінде күшті әскер құрылып, Пруссия ұлы державалар қатарына қосыла алды және басқа герман мемлекеттерінің есебінен өз аумағын ұлғайтты. Пруссияның құрамына табиғи ресурстары бай Германияның дамыған аумақтары кірді. Пруссия аумағына өзге герман мемлекеттері сыналай кіріп жатқандықтан, Пруссия жалпыгермандық істерге араласуға мәжбүр болды. Пруссия неміс тұрғындары мекен еткен протестанттық мемлекет болды. Неміс ұлттық қозғалысын жақтаушылар Пруссияның Германияны біріктіру әрекеттеріне үлкен үміт артты. Король ІV Фридрих Вильгельм науқастанып, өз өкілеттігін ағасы І Вильгельмге бергеннен кейін Пруссия ішкі германдық істермен айналыса бастады. Оны толғандырған басты мәселе Австрияны әлсірету және барлық герман мемлекеттерін Пруссия маңына біріктіру болды. 1862 жылы жаңа король өзінің бірінші министрі етіп 47 жастағы Отто фон Бисмаркті тағайындады. ХІХ ғасыр басындағы реформалар пруссия әскерін жалпыхалықтық әскерге айналдырды. Бисмарк әскерге баса көңіл бөлді. Бисмарктің және оның көмекшілері - әскери министр Альбрехт фон Роонның және Бас штаб басшысы гельмут фон Мольткенің арқасында пруссиялық әскер Еуропадағы ең күшті әскердің біріне айналды. 1864 жылғы Пруссия мен Австрияның Данияға қарсы соғысы Австрияның талқандалуына бастама болды. Дания мемлекетінің құрамында немістер тұратын екі провинция –Шлезвиг және Гольштейн болатын. Дания бұл соғыста жеңіліске ұшырағаннан кейін Пруссия Шлезвигті, ал Австрия Гольштейнді басқару билігін иемденді. Даниямен соғыс аяқталғаннан кейін, Бисмарк провинцияларды басқару жөніндегі келісімді бұзды деп Австрияны айыптай бастады. Пруссия Герман одағының қарауына Одақты қайта ұйымдастыру жоспарын ұсынды. Жоспарға сәйкес, Австрия одақтан шығарылатын болды. Герман одағының жалпы әскері және жалпы дауыс беру негізінде сайланатын парламент – рехстаг құрылды. Австрия Пруссияның әрекеттерін айыптады. Жауап ретінде Пруссия Герман одағынан өз еркімен шықты және герман мемлекеттерінің өз жағына шығуын талап етті. 1866 жылы сәуірде Пруссия Италиямен австрияға қарсы әскери одақ құру туралы шарт жасасты.....
Инвестициялар деп өнер кәсіптің, құрылыстың, ауыл шаруашылығының және эканомиканың басқа да салаларының кәсіпорындарына капитал түрінде салынып, жұмсалатын шығындардың жиынтығын айтамыз. Инвестициялық қызыметтің мақсаты – түпкі нәтижесінде кәсіпкерліктен табыс немесе процент алу болып табылады. Инвестицияның көзі болып жаңадан қалыптасқан (құрылған) құн немесе таза табыстың жинақталған бөлігі саналады. Кәсіпкерлер (кәсіпорындар) оны өзінің табысының қаражаттарының есебінен жұмылдырады негізгі капиталды жанартуға арналған инвестиция көзі болып кәсіпорынның меншігінде қалған табыс саналады. Бағалы қағаздардың көп түрлілігі инвестицияны жіктеудің көптеген критерийлерін алдын ала айқындайды. Қаржылық инвестиция өзінің пайдалану мерзіміне қарай, қысқа және ұзақ мерзімді болып бөлінеді. Инвестиция өзінің арналымы немесе алынған мақсаты бойынша қаржылық және нақтылық болып бөлінеді. ....
Жұмыс тақырыбының өзектілігі. Қазіргі таңда елімізде әлеуметтік-экономикалық даму барысындағы кәсіпкерліктің маңызы зор. Сондықтан да орта және шағын кәсіпкерлікті мемлекет қолдауға бар мүмкіндігін жұмсауда. Дегенменде мемлекет тарапынан шешілмей жатқан түйіткілдерде бар. Мәселен Қазақстан Республикасында орта және шағын кәсіпкерлікті қолдау аясын, оның даму барысындағы проблемаларды шешу жолдарына арналады. Шетел тәжірбиесін зерделей және тұжырымдай отырып, ең тиімді тәжірбиені іс-жүзінде орындау және ондағы кемшіліктерді түзетіп, еліміздегі орта және шағын кәсіпкерлікке ыңғайлы етіпқолданысқа енгізу. Сонымен қатар орта және шағын кәсіпкерлікті әлеуметтік талдау бұнда олардың даму тенденциясы, әлеуметтік жағдайға ықпалы, қаржы және несиелендірудегі кемшіліктер. Жұмыстың зерттелу деңгейі. Кәсіпкерлікті зерттеудің басталуы 18–ші ғасырға жатады. Және «кәсіпкер» терминінің негізін салушы Р.Кантильонның атымен байланысты. М.Вебердің «Протестанттық этика мен капитализм рухы» мен В.Зомбарттың «Буржуасының» пайда болуына дейін кәсіпкерлікті зерттеу экономитка ғылымдарының артықшылығы болып табылды. Дәл осы еңбектер, сондай-ақ, Й.Шумпетердің «Экономикалық даму теориясы» кәсіпкерлікті талдауға әлеуметтік келудің негізін қалады. Олардың идеясын И.Кирцнер, Ф.Мизес, Ф.Хайек, П.Дракер, Д.Макклеланд, Дж.Шэкль дамытты. Й.Шумпетердің кәсіпкерлік әлеуметтану саласында сіңірген еңбегі тұтастай теориясын жасауында. Ол теория кәсіпкерліктің инновациялық қызметі мен кәсіпкерліктің психзологиялық бейнесін жасауға талпынуды үйлестіреді. Сондай-ақ, кәсіпкерлікті зерттеуге функционалдық келудің негізі қаланды. ....
Көпшілік өндірісте және халық қажеттілігінде нан өнімдері маңызды роль атқарады. Көпшілік өндіріс - өндірістік процестің күнделікті қайталануын және оның үздіксіз жаңартылуын көрсетеді.Өндірістік процесс бұл – бүтіндей алғанда бәрінен бұрын көпшілік өнім өндірісі және біріккен өнім, бөлінген өнім, қажеттілік және айырбас болып табылады, осы процестер бір – бірімен тығыз байланысты. Тауарлық бидайды сатып алу – қажеттілік сферасының бастапқы сатысы.Бидай өзінің натуралдық түрінде дайын өнім болып саналмайды.Ол спирт суларын жасауда, крахмал, консервы өндірістерінде шикізат болып есептеледі. Қалдықтар аралас жем өндірісінде шикізат қызметін атқарады. Өз кезегінде ұн мен жарма да нан зауытында, кондитерлік зауыттарда және макарон өндірістерінде шикізат болып табылады. ....
Жер шарындағы ең ірі тұзды көл, бірақ көлеміне, даму тарихына, физикалық-геологиялық процестерінің сипатына қарай теңіз қатарына жатады. Каспий теңізіне Кавказдың шығыс жағалауын мекендеген байырғы тайпа аты қойылған. Ежелгі тарихи аттары: Гирхан, Хазар, Хвалын (Хвали). Каспий теңізі солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатыр. Ұзындығы 1200км, орташа ені 320км, жағасының ұзындығы 7000км, оның 6000км-ден астамы Қазақстанның, Ресейдің, Әзербайжанның үлесіне тиесілі. Ауданы 371 км². Су деңгейі мұхит деңгейінен 28,5 м төмен. Ең терең жері 1025м. Ірі шығанақтары: солтүстігінде Кизляр, Комсомол; шығысында Маңғыстау, Кендірлі, Қазақ, Қара Бұғаз Гол, Красноводск; батысында; Аграхан, Баку қойнауы. Оңтүстігінде таяз лагуналар көп. 50-ге жуық аралдары бар. Олардың ірілері; Құлалы, Түлен, Шешен, Артем, Жылай, Булла. Каспий теңізіне солтүстіктен Терек, Еділ, Жайық, Жем (жылдықағын жиынтығы Каспий теңізіне құятын өзен ағындарының жылдық нормасының 88%-і); Батыстан Сулақ, Самур, Кура ( су балансындағы кірістің 7 % ) оңтүстігіндегі Иран жағалауынан Горган , Сераз, Сифидруд өзендері ( жылдық өзен ағындарының 5 %-і) құяды. Шығыс жағалауында тұрақты ағынды өзендер жоқ. Жағалауы. Солтүстік жағалауы ойпатты, жатық. Мұнда теңіз суының шалқып шегінуі әсерінен кең алапты қайран қалыптасқан. Өзен сағаларында ( Еділ , Жайық , Терек ) атыраулық жаға ұлғаюда. Батысы мен шығысындағы Маңқыстау жағалауы жарқабақты абразиялық жаға , батыс жағасының кейбір жерлері , Қара – Бұғаз –Көл қайраңдары, Красноводск түбелінен бастап оңтүстікке аккумляциялық жаға болып бөлінеді. Рельефі. Каспий теңізі рельефі мен гидрологиялық ерекшеліктеріне қарай Солтүстік Каспий және Оңтүстік Каспийге бөлінеді. Солтүстік бөлігінің ауданы 80 мың км ², тереңдігі 4 – 8 м. Теңіз түбінің рельефі белесті келген аккумуляциялық жазық қайырлар және аралдар тізбегінен қалыптасқан. Солтүстік Каспий орталық бөлігінен Маңқыстау шоңғалы арқылы бөлінген.Орталық Каспийдің ауданы 138 мың км ² , мұнда теңіздің түптік шұңғымасы ( Дербеит шұңғымасының ең терең жері 788 м ) шельфі және құрлықтың беткейі айқын байқалады. Құрлықтың беткейінде су астылық жылжымалар , каньондар және ежелгі аңғарлар көп. Оңтүстік Каспий орталық бөлігінен Пашерон шоңғалы арқылы бөлінген.Оңтүстік Каспий табаны абиссальды жазық ( ені 30 км.) болып келетін шұңғыма (тереңдігі 1025 м ) мен шельфтен тұрады. Геологиялық құрылысы мен пайдалы қазындылары. Каспий теңізінің солтүстік Шығыс – Европа платформасы құрамына кіретін Каспий маңы синеклизасының оңтүстік шетін қамтиды, ал Маңқыстау шоңғалы теңіздің батысындағы су астына шөккен Карпинск бұйраты ( герциндік құрылым ) мен шығысындағы Маңқыстау сілемдерінің жалғасы болып табылады. Орталық бөлігінің түбі гетерогенді құрылымнан тұрады. ....
Шағын кәсіпкерліктің дамуына көптеген иялық жұмыстар арналған. Онда шағын кәсіпкерліктің дамуының әлемдік тәжірибесі, сонымен бірге бәсекелестік механизімінің арқасында олардың кейбіреулерінің ірі бизнеске айналуы, бүгіегі нарықтық экономикакаға дейінгі мәселелер қарастырылған. Нарықты экономикасы дамыған елдерде шағын кәсіпорындар бірнеше жүз жылдарда табиғи дамыған, ал Қазакстанда мүлде басқа жағдай. Нарықтық экономикаға өткенге дейін бұрынғы Кеңес Одағының құрамындағы мемлекеттерде ірі өнеркәсіп кәсіпорындары болды да, олардың артықшылықтары абсолютті деп саналып шағын кәсіпорындар мәселесі жоспарға кірмеген болатын. Бұл ойдың қателігі командалық орталықтанған жүйеден нарықтық экономикалық жүйеге өту кезінде, шағын кәсіпорындар мемлекеттің стратегиялық бағыттың негізгі құралына айналғанда мойындалды. Осы орайда Қазақстан Республикасының Президенті осы жолдағы жолдауында Жапония, Германия, Бельгия, Италия сияқты елдерде шағын және орта бизнес, олардың барлық кәсіпорындары санының 90 пайызын құрағандығын және көптеген дамыған елдерде олар жалпы өнімінің 50 пайыздан астамын беретіндігін айта келіп, біздің шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың түбірінен идеологиясын бүзу қажеттігін баса айтты. Біз кәсіпкерлік ортаның бастамашылығын іске асыру үшін қолайлы жағдай туғызуымыз керек. 1990 жылдардың басында жаңа экономикалық жүйеге өтуге байланысты кәсіпкерліктің жаңа түрлеріне жол беріліп, шағын кәсіпорындарға ерекше ынта қойылып оларды ұйымдастырудың құқықтық нысанына, критерилеріне, есеп және есеп беру жүйесінің нормативтік заңдық базасы қамтылды. Қазақстанда шағын кәсіпорындардың даму тенденциясы мынадай: • шағын кәсіпорындардың және онда жұмыс істейтіндердің санының тұрақты өсуі; • өнеркәсібі дамыған аудандардағы шағын кәсіпорындардың шоғырландыруы; • шағын кәсіпкерліктің сауда мен қызмет көрсетудегі үлесінің көптігі;....