Халық саны жағынан әлемде алғашқы орынды иеленетін, жер көлемі жағынан әлемде үшінші орын алатын Қытай елі көптеген ғалымдардың қызығушылығын тудыруда. Бұл көбіне Қытай елінің экономикалық өсімі жағынан алдыңғы қатарлы елге айналғандығымен байланысты. Қытайдың экономикалық дамуы мен оның әлемдік экономикадағы орнын көптеген ғалымдар зерттеген. Қытай еліне Ресей, Қазақстан экономисттері қызығушылық танытуда. Ұсынылып отырған жұмыста Қытайдың Хайнань университетінің экономика ғылымдарының докторы Хуан Дингуй, ҚХР қоғамдық ғылымдар академиясының ғалымдары Ван. Лолинь, Вэй Хоукайдың мақалалары қолданылды. Сондай-ақ Ресейдің экономика ғылымдары докторы Владислав Иноземцев, Санкт-Петербург экономика және қаржы университетінің профессоры А.С.Селищев сияқты ғалымдар Қытай экономикасының мәселелерімен айналысқан. Дегенмен, Қытай экономикасының дамуы жөнінде ғалымдар бір шешімге келе алмай отыр, экономикалық жетістіктердің себептері әр түрлі етіп көрсетіледі. Сонымен бірге Қытай экономикасының дамуының Қазақстан үшін қандай әсері бар екендігін біздің ғалымдар терең қарастырмайды. ....
Нарықтық қатынастар жағдайларында кәсіпорынның қоршаған ортадағы өзгерістер, сондай-ақ, осы өзгерістерден туындайтын қосымша мүмкіндіктер мен тәуекелдер де тұрақты өсіп отырады. Сондықтан кәсіпорынды басқару стратегиясы осы өзгерістерден мүмкіндіктерді алу мүмкіндіктерін, шаруашылықты жүргізу үшін барлық қосымша мүмкіндіктерді және тәуекелдерді қамтитындай болуы керек. Бәсекелестік ортада кәсіпорынның қаржы менеджменті оның нарықтық және өндірістік стратегиясын анықтайтын басқару қызметінің басты буыны болып табылады. Осы жағдайға байланысты қаржы менеджменті кәсіпорынның өндірістік барысы қаржы ресурстарымен қажетті көлемде қамтамасыз етілуін, тартылған қаржы ресурстарын өндіріске тиімді орналастырылуын, өндірілген өнімнің шығындарын барынша азайтуды, нәтижесінде кәсіпкерлік қызметтен табыс алуды қамтамасыз етуге байланысты міндеттерді атқарады. Табыс кәсіпорын қызметіндегі атқаратын ролі үлкен, ол кәсіпорынның мүлкінің ұлғаюының, қарыз қаражаттар тартудың, жалпы әлеуметтік-экономикалық дамуының алғы шарты болып табылады. Табыс таппай кәсіпорын кредиторлар мен инвесторлар тарапынан қосымша қаражаттар тарту мүмкіндігіне үміт арта алмайды. Сонымен қатар, табыс кәсіпорынның ішкі қаржылық мұқтаждықтарының негізгі көзі болып қоюмен шектеліп қана қоймайды, ол қоғам өмірінде, мемлекеттік бюджет ресурстарының, бюджеттен тыс қорлардың және қайырымдылық қорларының қаражаттарының қалыптасуында да үлкен роль атқарады. Кәсіпорынның өндіріске салынған активтерінің табыстылық деңгейі инвестициялық шешімдер қабылдау барысында, қаржылық жоспарлау жұмыстарында, жоспарлық көрсеткіштерді нақты көрсеткіштермен салыстыру және үйлестіру, сондай-ақ шаруашылық қызметі мен оның нәтижесін бақылау мен бағалауда маңызды роль атқарады. Үлгілі басқарылатын кәсіпорындар табыстың қалыптасуын, оның әрбір орталықтары бойынша қатаң түрде бақыланып отырады және сәйкесінше, осы нәтижелер негізінде құрылымдық басшыларға сыйақылар беріледі, бұл өз кезегінде олардың өз қызметіне деген ынтасын арттыруға септігін тигізеді. өндірістік активтерге немесе инвестициялық жобаларға жаңа қаржы салымдарын салу қажеттілігін бағалаған кезде, олардан алынатын табыс есептеледі және бұл есептер қаржылық сипаттағы шешімдер қабылдауда негіз болып табылады. ....
КІРІСПЕ Жапония Шығыс Азиядағы Хоккайдо, Хансю, Синоку және Кюсю секілді шағын ғана аралдарда орналасқан жоғары дамыған мемлекет. Бүгінгі таңда өзінің экономикалық мүмкіндігі жағынан әлемдегі алдыңғы қатарлы мемлекеттер құрамында. Елдің жалпы ішкі өнімі шамамен 2,4 трлн. долларды құрады. Әлемдік өнеркәсіп өндірісінің 12 пайызы Жапония үлесінде. Бұл мемлекет автокөлік, кеме, темір өңдеу жабдықтарын, тұрмыстық-электрондық техника, робаттар шығарудан әлем бойынша бірінші орында/1/. Территориясы -377,8 мың шаршы км. Шекаралық орналасуына қарай: оңтүстік-шығысында Ресеймен, шығысында Оңтүстік және Солтүстік Корея елдерімен әрі Қытаймен, солтүстігінде Сахалин және Курил аралдарымен шектеседі. Бұл елде табиғи жер сілкіністері өте жиі болғандықтан, жыл сайын бір мың бес жүзге жуық жер дүмпулері тіркеледі. Ал, қуаты күшті сілкіністер әрбір он жыл мен отыз жылдың аралығында қайталанады. Сондай-ақ, Жапон аралдарында теңіз дауылы – цунами жиі болады. Су астындағы сілкіністерден пайда болатын цунамилердің биіктігі 10 метрге дейін жетіп, теңіздің шығыс жағалауына жиі «шабуылға» шығады. Тегінде, табан астындағы топырақтың тайдай тулауына жер қыртысындағы вулкандар ағысының әсері бар. Бүгінде Жапонияда 200 жанартау анықталған. Ондағы 40 жанартау жиі-жиі буырқанып тұратындықтан, мамандардың тілінде «ояу» отты таулар деп аталады. Халқының саны – 127,33 млн. Астанасы - Токио. Ресми тілі –жапон тілі. Негізгі діндері- синтоизм және буддизм. Хонсюда аралында 101 миллион, Кюсюда 13,4 миллион, Сикокуда 4,2 миллион және Хоккайдода 5,7 миллион адам тұрады. ....
Көлік құралдарына салынатын салық, тікелей салық және мемлекет пен көлік құралдарының арасындағы экономикалық қатынастарды реттейтін салықтарға жатады. Көлік құралдарының иелері көлік құралдарын иемдену барысында республиканың автомобиль жолдарын пайдаланады. Ал осы автомобиль жолдарын қаржыландыруды мемлекеттік бюджет жүзеге асырады. Сондықтан көлік құралдарына салынатын салықтың экономикалық, мәні зор деп айтуға болады. Көлік құралдарына салынатын салык салу обьектісіне қарай тікелей салықтарға жатады. Ал пайдалану белгісіне қарай бұл көлік құралдарына салынатын салық арнайы салықтарға жатады. Өйткені, бұл салықтан жиналған ақша қаражаттары сол көліктер жүретін жолдарды жөндеу үшін арнайы мақсатқа жұмсалады. Салық салу объектісін бағалау дәрежесіне карай көлік құралдарына салынатын салықтар нақты салықтарға жатады. Өйткені бұл салық көлік құралдарының сыртқы белгісіне қарай табыстың түсуін есептеместен салынады. Ал салық салынатын органға қарай көлік құралдарына салынатын салық жергілікті салықтарға жатады. Бұл салықты төлеушілер болып меншік құқығында салық салу объектілері бар заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлімшелері көлік құралдары салығын төлеушілер болып и табылады. Салық салу объектілеріне уәкілетті органда мсмлекеттік тіркелген және есепте тұрған көлік құралдары (тіркемелерді қоспағанда) жатады. Жүк көтергішті 40 тонна және одан асатын карьерлік автосамосвалдар; мамандандырылған медициналық көлік құралдары салық салу обьектілері болып табылмайды. Көлік құралдарына салынатын салық жылына бір рет төленіп отырады жане айдық есептік көрсеткіштен мынадай ставкалар бойынша есептеледі.....
Қытай – ежелгі мемлекеттердің бірі. Қытай елінің тұрғындары - ерекше материалдық және рухани мәдениетті жасаушылар болды. Олар өмірді - құдайдың табиғаттан тыс күштерінің сыйы екндігіне кәміл сеніп, дүниедегінің бәрі де ұдайы қозғалыста болады және жарық пен қараңғылық атты бір – біріне қарама – қарсы екі космостық күштердің өзара қақтығысының әлем ұдайы өзгерістерге ұшырап отырды деп санады. Қытайлықтар жер жүзіндегі басқа да халықтар сияқты табиғат күштеріне, яғни жердің, күннің, айдың, таулардың, өзендердің, желдің, жаңбырдың және т.б. рухына табынды және олардың құрметіне құрбандықтар шала отырып, халықтың қажеттілігіне байланысты игі өтініштер жасады. Соладың ішінде барлық рухтар мен о дүниедегі адамдардың жандарын өз ырқында ұстайтын «жоғарғы құдай» ерекше бағаланды. Кейіннен қоғамдық өмірде болған өзгерістерге байланысты патша билігін дәріптеушілік пайда болды. Патша «аспанның ұлы» деп танылып, ол- құдайдың жер бетіндегі өкілі ретінде мойындалды. Б.з.б. ХІІІ ғ. бастап – ақ бұрын тек қана «жоғарғы құдайды» белгілеуге арналған иероглифтермен жаңа патшаларды да белгілей бастады. Ерекше атап өтетін бір жәйт, Қытайда ата-баба рухына табынуға үлкен мән берген. Бұл дәстүрлі наным-сенімнің негізінде адам өлгеннен кейін де оның жаны өмір сүруін жалғастыра береді, тіпті ол тірілердің істеріне араласа береді деген ұғым жатыр. Қытайлықтардың бұл қағидаларға кәміл сенгендігі соншалық, олар өлген уақытта адамдар мен құлиеленушілердің қызметшілерін, құлдарын, тіршілікте пайдаланған заттарын (қару-жарақтарын, әсемдік бұйымдарын және т.б.) қоса көмдірген.....
Аумағы, шекаралары, жағдайы: әйгілілігі мен құрамы туралы түсінік. Қытай Халық Республикасы - жер көлемі жағынан дүниедегі үшінші мемлекет. Ол батыстан шығысқа қарай 5,7 мың км-ге, солтүстіктен оңтустікке қарай 3,7 мың км-ге созылып жатыр. Қытайдың құрлықтағы шекарасы (21,5 мың км) теңіздегісінен (15 мың км) ұзын. Бірақ та құрлықтағы шекараларының көбі аяқ жете қоймайтын табиғи кедергілермен қоршалған. Сыртқы экономикалық байланыс үшін негізінен Желтомға, Шығыс-Қытай мен Онтүстік-Қытай теңіздеріне шығатын «қақпалар» пайдаланылады. Алыс түкпірдегі аудандардың теңізге шығуына Янцзы өзен жолы қызмет етеді. Әкімшілік-аумақтық ерекшелігі жағынан Қытай 23 пропинцияға (Тайванды қоса есептегенде) бөлінеді. Олардың кейбіреуінің халқы шетелдік Еуропаның ең ірі деген елдерінің халқынан асып түседі және Қытайда бес автономиялық аудан, орталыққа тура бағынатын төрт қала (Шанхай, Пекин, Тяньцзин, Чун-цин) бар. 1949 жылы Қытайда халық революциясы жеңіске жетті, мемлекет ҚХР деп аталғаннан кейін талқандалған гоминдан үкіметінің қалдығы Тайваньға қашып барып, аралды «Қытай Республикасы» деп жариялады. Алайда, Қытай оны өзінің бір провинциясы деп есептеп, ҚХР Тайваньның бейбіт жолмен бірігуі бағытындағы саясат жүргізеді. 1997 жылы Ұлыбритания Азиядағы соңғы иелігін — үлкен емес, бірақ сауда-экономикалық, қаржылық жағынан саяси маңызы зор Гонконг аумағын 99 жыл жалға пайдаланудан кейін Қытайдың өзіне қайтарды. Сянган (қытай-лықтар Гонконг деп атайды) өзінің ерекше статусы 50 жыл бойы сақталатын ҚХР-дың құрамындағы Арнаулы экімшілік аудан болып жарияланды. 1999 жылдың аяғында елдің оңтүстігіңдегі тағы бір шағын аймақ, бұрыш португалдық отарлық империяның соңғы тұяғы - Аомынь да Қытайдың құрамына өтті.....
Қазақстанға гуманитарлық көмек көрсету және оның тұрақты экономикалық дамуына жәрдемдесу мәселелерінде халықаралық қаржылық ұйымдармен ынтымақтастық Еуропалық Одақтың маңызды міндеті болып табылады.1995 жылы 23 қаңтарда Президент Н. Назарбаев Брюсельде Қазақстан Республикасымен Еуро Одақ арасындағы әріптестік пен ынтымақтастыққа қол қойылды. Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі таңда Еуро Одақ әлемдік аренада жоғары дамыған аса алпауыт одақ. Оның осы белеске жетудегі ұстанған саясаты қандай және дамудың принціптері мен әдістері қандай соны білу. Еуро Одақ валюталық одаққа басшы бола отырып одан әрі өркендеп дамуда, әрі тұрақтылық тепе-теңдігін ұстануда. Еуро Одақтың Қазақстанмен дипломатиялық қатынасының мәнін ашу. Еуро Одақ Қазақстан экономикасының өркендеуіне айтарлықтай үлес қосты. Тақырыптың мақсаты мен міндеттері: Бұл курстық жұмысты жазудағы басты мақсат Қазақстан мен Еуро Одақтың арасындағы саяси, экономикалық, әлеуметтік байланыстарды анықтау. Осы мақсатқа жету барысында келесідей міндеттер орындалды: • Қазақстанның даму эволюциясын зертеу және оның ішкі саясаты; • Аса дамыған кезеңдерін бөліп алып зерттеу және стратегиялық мақсатын көрсету; • Еуро Одақтың даму тенденцияларын зерттеу; • Қазақстан мен Еуро Одақ арасындағы байланыстарды зерттеу. Тақырыптың дерекнамалық негізі: Дерекнамалық негіздер ретінді Еуро Одақ пен Қазақстанның ішкі және сыртқы саясаттары және халықаралық қатынастарда алатын орыны алынды. Тақырыптың хранологиялық шеңбері. Курстық жұмыс 1995 жыл мен одан қазіргі кезеңге дейінгі аралықтарды қамтиды. Тақырыптың теориялық - методологиялық негізі. Зерттеудің теориялық негізі отандық және шетел ғалымдарының еңбектерінің негізінде алынған. Ал методологиялық негізі хронологиялық, салыстырмалық әдістер негізінде шықты. Тақырыптың зерттелу деңгейі: Зерттеуге соңғы жылдары шыққан кітаптар, мақалалар пайдаланылды, және де мемлекет басшыларының арнайы сөздері пайдаланылды. Жұмыс барысында отандық авторлар еңбектері және Ресей ғалымдарының еңбектері пайдаланылды. Курстық жұмыс тақырыбының бұрындары зерттелуі. Отандық және Ресей тарихнамасында бірнеше осы тақырыпқа қатысты еңбектер бар. Осыған қарамастан Еуро Одақ пен Қазақстан арасындағы байланыстар туралы толық зерттеулер жүргізу қызықта әрі болашағы бар жұмыс. Сондықтан осы жұмыс арқылы тақырыптың ашылуына сәлде болса өз үлесімді қосуды жөн көрдім......
КІРІСПЕ Қазақстан Республикасы ХХ ғасырдың 90 жылдарынан бастап егеменді ел болып өз экономикасын дамытуға мүмкіндік алып әлемдік еңбек бөлісіне қатыса бастады. Он бір жыл ішінде елімізде бұрын-соңды болмаған тарихи маңызды, орасан зор өзгерістер болды. Осы жаңалықтардың негізі материалдық өндірістің, бұрынғы экономикалық қатынастардың орнына жаңа қатынастардың пайда болуы. Социалистік деп аталған мемлекеттік және кооперативтік меншіктің орынына көп түрлі меншік формаларының келуі, оның ішінде жеке меншік түрлерінің пайда болуы. Меншіктің жекешелендірілуі, мемлекет иелігінен алынуы әкімшілік жүйенің құлауына жол ашты. Бірақ шаруашылықты тиімді ұйымдастырушы, ортақолды меншік иелерін қалыптастыру оңай жүргізілетін шаруа емес. Оның басты себебі совет елінде 70 жылдан астам мемлекетке қызмет атқарған адамдар психологияс жеке адамдарды кәсіпкерліктен алшақтатты, шынын айтқанда кәсіпкерлік теорияс болған жоқ, керісінше бұл қызметті мемлекет басқару органдары атқарады деген пікір қалыптасты. Совет экономикасы пролетарлық саяси экономия догмасына сәйкес бір орталықтан басқарылатын күрделі фабрика ретінде қаралды. Оның үстіне кәсіпкерлер - қанаушы тап капиталистер деген ұғым халық санасына молынан енді. Кейбір ынталы, жігерлі, өз бетімен еңбекке, кәсіпкерлікке талпынушы адамдар алдында заң жүзінде кедергі қойылып, олар жазаға тартылған жағдайлар да кездескен. Бүкіл Совет Одағына аты шыққан қазақстандық шаруа Худенко А.В. мердігерлік егіншілік бригадасын құрған үшін жауапқа тартылып мезгілсіз, жазықсызда дүние салды. Әлемдік тәжірибе мен ғылымда кәсіпкерлік теориясы кең қолданылды да индустриясы дамыған елдер экономикасында айтарлықтай жетістіктер болғаны жұртқа мәлім. Теориядағы сыңаржақтық, я болмаса тура бұрмалаушылық экономикаға орасан зор кедергі келтіреді, қоғам мүшелерінің әл-ауқатын, мәдени дәрежесін төмендетері сөзсіз. Осыған орай, теориядағы догмалардың кесірі ұзақ жылдар бойы бүкіл совет халқының, оның ішінде қазақстандықтардың материалдық жағдайына қолайсыз болғаны белгілі. Трансформациялық экономика жағдайында шаруашылықты ілгері дамыту үшін кәсіпкерліктің бастапқы нысандарын қалыптастыру үлкен мәнге ие болды. Себебі, ұдайы өндіріс тұрғысында кәсіпкерлік құрылымдар ғана экономикалық жүйелерді бір-бірінен айырма алады. Осыған байланысты, нарықтық принциптерге негізделген кәсіпкерлік сектордың жүйелі факторлары маңыздылыққа ие болады. Методологиялық тұрғыдан нарықтық сектор кезеңі фирманың өндірістік, қаржылық және ақпараттық жүйесін қайта бағыттау мен кәсіпкерліктің қазіргі заманғы институционалдық құрылымын қалыптастыруды анықтайды. Әдістемелік тұрғыдан қазіргі заманғы кәсіпкерлік табиғатына ішкі және сыртқы ынталылықты, жоғары табысты әрекетке деген ынталылықты жүзеге асырудың мінез-құлықтық құралдары енеді. Кәсіпкерлік нысандар көшпелі жағдайда ұдайы өндірістік қатынастарды келесідей жүйелі нәтижелерге әкелетіндей реформалау тұрғысынан қарағанда іс жүзінде шешуші рөл атқарады. Трансформациялық жағдайда кәсіпкерліктің түрлері туралы мәселе Ұдайы өндірістік реформалау тұрғысынан маңыздылықты иеленеді. Кәсіпкерліктің өзі нақты нысандарда жүзеге асырылады, солардың ішінде ең пәрменділері - корпорациялар (ірі бизнес деңгейінде), лизинг, франчайзинг, венчурлық бизнес кәсіпкерліктің орта және шағын деңгейлерінде болып табылады. Акционерлік қатынастарды дамыту нәтижесі ретіндегі корпорациялау нақты өндірістік сектор мен қатар қаржылық сектордың белсенділігін арттырады. Бұл өндіріс сатысында (комбинаттар, трестер) және айналыс деңгейінде (банкілік консорциумдар, брокерлік ассоциациялар) бірлескен нысандардың пайда болуына әкеледі. Осының салдары қорпоративтік құрылымдардың (ҚӨТ, ТҰК) қалыптасуы болып табылады. Бұл өз кезегінде солардың тиімділігінің қосымша талдауын талап етеді. Сондықтан, мәселенің негізгі элементтеріне: - біріншіден, кәсіпкерліктің қалыптасуының шаруашылық тетігі, егер оның құрылуы үшін технологиялық негіз болса; - екіншіден, тұрақсыз экономикалық орта жағдайында базалық кәсіпкерлік нысандарының факторлық ерекшеліктері; - үшіншіден, кәсіпкерліктің экономикалық және әлеуметтік тиімділігін дәл көрсететін оның оңтайлы нысандарын іздестіру; Кәсіпкерлік қызметінің қандайы болмасын мемлекеттің экономикасы аясынан өзіне тиісті орнын, дәреже-деңгейін тапқаны бүгінде баршаға мәлім. Ал бүгінгі таңда Қазақстандағы кәсіпкерлікгің туындап, дамуы жүргізіліп жатқан зкономикалық реформалардың өзегі ретінде көрініс табуда. Өйткені, нарық экономикасына көшудің (өтудің) бірден-бір жолы, бұл кәсіпкерлік құрылымдардың материалдық базасы жекеменшік инвестициялар болып табылуымен қатар, олардың басқару бастауында білікті және қайратты кәсіпкер тұруы қажет. Мемлекет тарапында жүзеге асырылатын кызметтерге тұлғаның жұмысқа кіруі еркін сипатта болғанымен, басқару қызметі басқарушы органың мүддесіне соған жету жолында жүзеге асыратын функциаларына, әдістеріне және т,б, негізделгендіктен қызмет істеу еріксіз болып табылады. Жалпы экономикалық прогресс кәсіпкерліктің дамуымен тікелей байланысты. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлік – шаруашылық қызметтің маңызды түрі болып табылады. Өйткені, нарықтық экономиканың өзі – кәсіпкерлік экономика. Оның ролін көрсетуде, Адам Смит кәсіпкерді коммерциялық идеяны жүзеге асыру және пайда табу үшін экономикалық тәуекелге баратын меншік иесі ретінде сипаттайды. Кәсіпкерлік өндірістің, нарықтың және бүкіл қоғамның дамуына ықпал етеді. Осыған байланысты кәсіпкерліктің теориясы мен тәжірибесіне деген мүдделілік өсіп отыр.....
Қазақстанның нарықтық экономика жағдайына өтуіне байланысты, шағын және орта кәсіпкерлікті жүргізудің әдісі ретінде біздің нарыққа - франчайзинг термині енді. Бұл тақырыпты таңдғаған себебім, еліміздің экономикасындағы елеулі құбылыстардың бірі болып отыр. Франчайзинг – белгілі бір бизнесті жүргізуге арналған фирманың ұзақ мерзімдік келісім-шарттық қатынастары. Ол кәсіпкер өз тауарларын сату құқығын немесе лицензиясын шектеулі сауда кәсіпорындарына тік кооперация арқылы ұсынатын өткізу жүйесі. Экономиканың қазіргі заманғы жағдайы мен оның интернацианалдандыруы бизнестің біріккен нысанын қалыптасуының ұйымдық-экономикалық негізін әзірлеу қажеттілігімен шарттастырылады. Атап айтсам, бұл тенденция өндірістік және қаржылық көрсеткіштердің төмендеуі жағдайында, әр өндіруші тұтынушы назарын өздерінің өнімдеріне аударту арқылы қызмет атқарушы кәсіпорындарға тән сипат алуда. Осындай себептерге байланысты, бизнесті ұцымдастырудың франчайзингтік нысанының қалыптасуы мен дамуы ұйымдық-экономикалық тетіктерін дайындаудың басым бағыты болып саналады. Мұндай қажеттілік елдегі кәсіпкерлік қызмет жағдайларымен байланысты. Қазіргі таңда көптеген адамдардың арман-мақсаты франчайзингтің арқасында шынайлыққа айналуда. Бүгінгі франчайзинг - өздерінің арман -мақсаттарына берілген және оны іске асыруда франчайзинг иесінің атауымен, өзінің меншікті бизнесін құштарлы түрде бастаушы дербес тұлғаларға кең мүмкіншілік беретін жан-жақты реттелген өнеркәсіп. Франчайзинг құбылыс ретінде өз істеріне берілген, жігерлі және талантты адамдар үшін ерекше шектеусіз мүмкіншіліктерді ұсынады. Бизнесті ұйымдастырудың франчайзингтік нысаны қарапайым әрі тиімді. Оның негізгі мәні - бір компанияның немесе франчайзердің өзінің тауарлық белгісін, атауын (бренд) белгілі бір анықталған шартта басқа бір кәсіпорынға немесе франчайзиға қолдану құқығын ұсыну. Франчайзинг – жеңілдік, кәсіпкерлік , жалғасымды іскерлік ынтымақтастық нысанындағы үрдісте, ірі компания, жеке дара кәсіпкерге немесе кәсіпкерлер тобында өнімді өндіруге , тауарлар сауда –саттығында және осы компанияның сауда маркасымен белгілі бір шектелген аумақта өзара шартпен анықталған бір мерзімде және белгілі бір шарттағы қызеттерін ұсынады. Франчайзинг - бизнесті жүргізудің ең тиімді түрі. Қазіргі таңда шағын және орта бизнесті дамытуда франчайзингтің орны үлкен болып табылады. Бұл құбылыс экономиканың көтерілу деңгейіне де өз үлесін қосады. Дамыған мемлекеттердің экономикасындағы кәсіпкерліктің қарқынды дамуында франчайзингтің рөлі жоғары. Сол себепті , мен осы тақырыпта ғылыми баяндама жазуға бет алдым ....