Қазақ тілінен сабақ жоспары: Батыр туса-ел ырысы №3 (7 сынып, IV тоқсан, 3 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Батыр туса-ел ырысы
Сабақтың тақырыбы: Батыр туса-ел ырысы №3
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Ж5. Тақырып бойынша сөздердің маңызды бөліктерін дұрыс жазу (күрделі сөздер); оқшау сөздерге қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану.
Сабақтың мақсаттары: Барлық оқушылар
Тақырыпқа қатысты сөздерді түсінеді
Көптеген оқушылар
Оқшау сөздерге қойылатын тыныс белгілерді біледі
Кейбір оқушылар
Оқшау сөздерге қойылатын тыныс белгілерді орынды қолданады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру Ырыс – Сыр (аңыз) (3 сынып, IV тоқсан)

Пән:Әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Су – тіршілік көзі
Сабақ тақырыбы:Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру Ырыс – Сыр (аңыз)
Оқу мақсаттары: 3.2.2.1 қолдануға (практикалық), бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру
3.2.1.2 шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп/ шолып/ түртіп алып/ қажетті ақпаратты тауып/ белгі қойып/сын тұрғысынан бағалап оқу
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: қажетті ақпаратты тауып оқиды, шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қоя алады;
Көптеген оқушылар: шығармадан қажетті ақпаратты анықтайды, қолдануға, бағалауға негізделген сұрақтар қояды және оған жауап бере алады.
Кейбір оқушылар: шығармадан қажетті ақпаратты тауып салыстырады, бағалауға негізделген сұрақтар қойып, жауап бере алады, мысалдар келтіре өз ойын айтады......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әңгіме: Бекболат Баян | Жақсы сөз жарым ырыс

Жақсы сөз жанның жылуы. Бір бірімізге жылы қабақ танытып, жақсы сөзімізді арнап жүрген қандай ғанибет. Қарыштап дамыған өркениетке ілесеміздеп осынау жақсы қасиетімізден айырылып бара жатқандаймыз. Асығыспыз... Тіпті ет жақынымызбен араласуға уақыт жоқ. Қайда асығамыз?... «Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын...», «Жақсы сөз жарым ырыс», т. б. толып жатқан мақал – мәтелдерді естіп жүрміз. Жақсы сөз естіп көңіліңнің көтеріліп қалғанын өзің де байқамай қаласың. Тұнып тұрған психология! Жаз жайлау, қыс қыстау мал соңында жүріп, психология оқымаған қазақ осының бәрін қайдан білген?! Сірә, халық даналығы деген осы болар.

Мектеп қабырғасында оқып жүргенде, қабырғаларда ілініп тұрған түрлі мақал – мәтелдерді, нақыл сөздерді көріп, біріміз болмаса да, біріміз ойланып жүретін едік. «Тәрбие тал бесіктен емес пе?». Бірақ бұл өскен соң тәрбиені тоқтатып қоюға болады деген сөз емес қой. Айтқым келгені біздің ҚазҰУ - нің механика – математика факултьтетіне келгелі мен ол тәрбиені көре алмадым. Ұлы адамдардың портреттері ілініп тұр, олда тәрбие, бірақ, тәрбие көптік етпейді ғой.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, біздің факультетте және өзге де факултьеттерде, егер жоқ болса, мақал – мәтелдеріміздің және нақыл сөздеріміздің ілініп тұрғанын қалар едім. Бір жағынан тәрбие, екінші жағынан қазақы дәстүр университетіміздің ажарын аша түсер еді. Көрген көзде жазық жоқ, естіген құлаққа алтын сырға.

Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Механика – математика факультеті

Бекболат Б. baian-gt@mail.ru

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қаржы | АҚША ҚАРАЖАТТАРМЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ЕСЕБІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ

Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер өз ақша қаражаттарын банкі мекемелерінің тиісті шоттарында сақтап және міндеттемелері бойынша төлемдерін, әдетте, осы мекемелер арқылы ақшасыз нысанда, ал қажет жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің нормативтік құжаттарымен белгіленген шегінде нақты ақшамен есептесуді жүзеге асырады. Егер де заңды, тұлғалардың арасындағы төлем сомасы 4000 айлық есептік көрсеткіштен асып түссе, онда олар тек, ақшасыз тәртіпте айырысуларды жүзеге асырады.
Бұл келтірілген мәлімет заңды тұлғалардың арасындағы әрбір мәміле бойынша шартты түрде пайдаланылады.
Егер де мміле сомасы көрсетілген лимиттен асатын болса, онда төлем ақшасыз тәртіпте орындалуы керек, тіптен олар жартылай орындалса да әрбір төлемнің сомасы 4000 айлық есептілік көрсеткіштен аспауы керек.
Ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банк шоттарын ашады. Банк шоттары – бұл банк пен клиенттер арасындағы келісім шарттың қатынастарын көрсететін әдіс. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де жүргізіледі және ол ағымдық, жиынтық және корреспонденттік болып бөлінеді.
Корреспонденттік шоттар – банк шоттары банктер мен ұйымдардың кейбір операция түрлері жүзеге асырады.
Ағымдағы (есеп айырысу) және жинақ шоттары – бұл да банктік шоттар, бірақ олар жеке және заңды тұлғалар үшін, сондай-ақ заңды тұлғаның ақшаланған бөлімшелері үшін де ашылады.
Ақшалай қаражатты басқару қаржы рыногындағы өте күрделі қиындықтарға байланысты үлкен мәнге ие. Бәсекеге қабілеттілік техноогиялық процестерді заманға сай жаңғырту мен одан әрі даму үшін фирмадан ақшалай қаражат талап етеді. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Есеп айырысу операциялары және олардың жіктелуі

Кіріспе
Кәсіпорын және ұйымдардың ақшалай қаражатары банктерде олардың қызмет сипатына сәйкес ағымдағы және есеп айырысу шоттарында сақталады. Шаруашылық қызмет үрдісінде субъектілер арасында анықталған талаптар мен міндеттемелер пайда болады, оларды реттеу үшін төлем жүйесін ұйымдастыру қажет. Бұл кезде төлем борышқордың өз міндеттемелерін орындау үрдісі болып табылады, ал оның соңғы кезеңі – есеп айырысу.
Отандық банктер есеп айырысу операцияларын ұйымдастырушылар болып табылады.
Есеп айырысу міндеті болып қолма-қол ақшалай және қолма-қол ақшасыз нысанда төлем айналысына қызмет ету табылады.
Кәсіпорындар және ұйымдар арасындағы төлем айналысы негізінен екінші деңгейлі банктерде ашылған бнктік шоттар жүйесі арқылы қолма-қолсыз ақша түрінде жүзеге асырылады.
Курстық жұмыстың мақсаты болып банктерде болатын негізгі есеп айырысу операцияларын қарастырып және олардың есебі туралы жалпы түсініктеме беру, сонымен қатар тақырыптың мазмұнын ашуға тырысу табылады.
Есеп айырысу операциялары және олардың жіктелуі
Отандық банк тәжірибесінде банктердің есеп айырысу операциялары мынандай түрлерге бөлінеді:
- банктік шоттар ашу;....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Бюджетпен есеп айырысу

Кіріспе
Ұйымдық-құқықтық жағынан салықтар – бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген,белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.
Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында.
Қазіргі кезде бухгалтерлік есеп ең басты бір орын алады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап, басқарушы шешім қабылдаудың негізі. ҚР аймағында әрекет етіп тұрған барлық субъектілерге қаржылық есеп беруді және бухгалтерлік есепті жүргізу міндеттілігі жүктеледі. Жалпы алғанда салық міндеттемесі мемлекет алдындағы әрбір салық төлеушінің міндеттемесі болып табылады және ол салық заңына сәйкес жүргізіледі. 2001 жылғы 12 маусымда №209-11 Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (өзгертулер және толықтырулармен) салық Кодексі қабылданды. Кодекске сәйкес жеке және заңды тұлғалардан алынатын салықтар мемлекеттік бюджетті толықтырудың негізгі көзі болып табылады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Батыр туса – ел ырысы №1 (7 сынып, IV тоқсан, 3 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Батыр туса-ел ырысы
Сабақтың тақырыбы: Батыр туса – ел ырысы №1
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 7.Т4. Повестердің және лирикалық поэзиялық шығармалардан үзінді тыңдау, тақырыбы мен идеясын талдау
Сабақтың мақсаттары: Барлық оқушылар
Өлең үзіндісін тыңдап, тақырыбы мен идеясын анықтайды
Көптеген оқушылар
Өлеңнің негізгі мазмұнын түсінеді
Кейбір оқушылар
Өлең мазмұнын түсінеді, идеясын талдайды. .....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Есеп және аудит | Еңбекақы бойынша есеп айырысу есебiнiң аудитi

Нарықтық қатынастық экономикаға көшу барысында бухгалтерлiк есеп және аудит қызметiнiң алатын орны және қажеттiлiгi артуда.
Нарық қатынастары жағдайында шаруашылық жүргізуші ұйымдарда бухгалтерлік есептің маңызы ерекше зор. Шаруашылық ұйымдарында бухгалтерлік есеп жұмысы «Бухгалтерлік есеп туралы», »Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жасалған бухгалтерлік есеп стандарты мен қаржы шаруашылық қызметі бухгалтерлік есептерінің типтік шоттар жоспарына сай бекітілген ортақ принциптер мен ережелері және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бухгалтерлік есеп жөнінде шығарған нұсқаулары мен ережелері ,сондай-ақ ұсыныстары негізінде ұйымдастырылады.Қазіргі кезде елімізде қолданылып жүрген бухгалтерлік жүйесі халықаралық бухгалтерлік есеп стандартына барынша жақындатылған.
Халық шаруашылы есептерінiң арасында бухгалтерлiк есептiң шаруашылықтың қаржы- шаруашылық қызметінде алатын орны зор. Бухгалтерлiк есептiң негiзгi мiндетi- халық шаруашылығының барлық салаларында нақты тұжырымды мемлекеттiк талапқа сай есептеу жұмысын жүргiзу.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0