Дипломдық жұмыс: Есеп және аудит | Қызметкерлер мен еңбек ақы бойынша есеп айырысудың есебі мен аудиті

Экономикалық нарықтық жолмен дамуы барысында ұйымдар қызметінің қаржылық мәселелері күшейе түсуде. Осыған сәйкес ұйымның басшылығының ерекше көңілі бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуына мән беріп отыр. Әсіресе, елімізде халықаралық стандартына сәйкес жаңа бухгалтерлік есеп стандартының енгізілуі ел экономикасының дамуына оң әсерін тигізуде. Бұл еліміздің қазіргі даму кезеңінде ол шет ел инвесторларымен қарым-қатынасының нығаюы кезеңінде маңызды болып саналады.
Еңбекті қалыптастыру барысында жалақы жетекші орын алады. Кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметкерлері мен жұмыскерлернің жалақылары ақшалай көріністегі ұлттық табысты жеке тұтыну қорындағы олардың үлесі болып табылады. Біздің елде еңбекақы төлеу екі жақты функцияны атқарады: бір жағынан жұыскердің табысының негізгі көзі және олардың өмірлік деңгейін көтеру, басқа жағынан - өндірістік тиімділігін арттыру болып табылады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ырыс алды - ынтымақ (5 сынып, IV тоқсан, 1 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қазақстандағы ұлттар достастығы.
Сабақтың тақырыбы: Ырыс алды - ынтымақ
Жүзеге асатын оқу мақсаттары: А5. Берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу.
ТБ1.5.Болымды, болымсыз етістіктерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану.
Сабақтың мақсаты: Графиктік мәтінді негізге ала отырып, сұрақтарға жауап береді, сөйлеу кезінде болымды және болымсыз етістіктерді қолданады.
Барлық оқушылар:
Білу, түсіну деңгейінде жауап бере алады.
Көптеген оқушылар:
Бағалау деңгейіндегі сұраққа жауап бере алады.
Кейбір оқушылар:
Жасау деңгейіндегі тапсырманы орындай алады. ....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қаржы | АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ЕСЕП АЙЫРЫСУ ЖӘНЕ ВАЛЮТАЛЫҚ ШОТТАРДАҒЫ ЕСЕБІ

Ақшалай қаражат қозғалысы олардың операциялық инвестициялық және қаржылық қызметінің нәтижесіндегі түсімімен жұмсалады. Кассадағы ақшалай қаражатты сақтау, жұмасау және есептеу тәртібі есеп саясатына сәйкес шаруашылық жүргізуші субъект дербес жасайтын кассалық операцияларды жүргізу ережелерді белгілейді. Банк шоттары теңгеменде, шетелдік валютамен де ашылуы мүмкін.
Ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банк шоттарын ашады.
Банк шоттары — бұл банкмен клиенттер арасындағы келісім-шарттың қатынастарын көрсететін әдіс. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де жүргізіледі және ол ағымдық, жинақтық және корреспонденттік болып бөлінеді.
Корреспонденттік шоттар — банк шоттары банктер мен ұйымдардың кейбір операция түрлерін жүзеге асырады.
Ағымдағы (есеп айырысу) және жинақ шоттары — бұл да банктік шоттар, бірақ олар жеке және заңды тұлғалар үшін, сондай-ақ заңды тұлғаның оқшаланған бөлімшелері үшін де ашылады.
Шетелдік валютадағы қаражаттардың қолда бары мен қозғалысын есептеу үшін субъектіге арнап ағымдағы (есеп айырысу) шоттар ашылуы мүмкін.
Ақшасыз есеп айырысудың негізгі нысандары: төлем тапсырма; чек; вексель; тапсырма-талап төлемдері; кеден мен салық қызметінің органдарының инкассалық жарлықтары болып табылады.
Банк көшірмелері оған қоса тіркелген құжаттармен тексеріледі. Банкінің қате аударған сомаларының мән-жайын анықтағанға дейін 1040- "Есеп айырысу шотындағы қолма қол ақша" шоты кредитінен 1280 -"Басқа да дебиторлық қарыздар" шотының дебетіне есептен шығарылады, ал есепке алынған сомалар 1040- шотының дебеті және 3370- "Басқа да кредиторлық қарыздар" шотының кредиті бойынша көрініс табады.
Валюталық операцияларды жүргізу үшін 24 желтоқсан 1996 жылғы №54-1 "Валюталық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы және 20 сәуір 2001 жылғы № 115 Ұлттық банкінің Қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасында валюталық операцияны жүргізудің Ережесі" негіз болып табылады.
Қазақстан Республикасында валютаны реттеудің негізгі органы болып Ұлттық банкі саналады. Кез келген валюталық операцияны өкілеттілігі бар банксыз жасауға рұқсат етілмейді. Осындай операцияларды жасау үшін өкілетті банктер заңды тұлғалар үшін валюталық шоттар ашады.
Қолма-қол валютаны беру Тапсырмамен (валюталық шығыс ордерімен) рәсімделеді, оның толтырылған үлгісі төменде келтіріліп отыр. Банк куәландырған тапсырманың (валюталық шығыс ордерінің) көшірмесі валюталық кіріс касса ордерін жазу үшін негіз болып табылады....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0