Мақсаты: Балалардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу. Көрнекіліктер: Ұрандар,қима көгершіндер, шарлар, гүлдер, ұлттық көстюмдер. (Ән ұран орындалады.) Жүргізуші: Бірлік пен ынтымағы халықтың Көгімізде жарасқан жарық күн! Ырыс, дәулет бақыты үшін халықтың, Жайнай берсін, жайнай берсін алтын күн! - дей келе Қазақстан халқының бірлігіне арналған «Береке-бірлікте, ырыс-ынтымақта» атты мерекемізді тамашалауға шақырамыз. .....
Пән: Әдебиеттік оқу Бөлім: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен Сабақ тақырыбы: Батыр туса-ел ырысы Қобыланды батыр Оқу мақсаттары: 3.2.7.1 мұғалімнің көмегімен шығармадағы әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, эпитет, кейіптеу) табу 3.2.6.1 кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен дәлелдер келтіріп бағалау 3.3.3.1 шығармашылық жұмысын сурет/сценарий түрінде ұсыну Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: кейіпкердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып баға береді; Көпшілік оқушылар: кейіпкердің мінез-құлқының өзгеру себебін анықтай алады, шығармадағы көркемдегіш құралдарды табады, шығармашылық жұмысын сурет түрінде ұсынады; Кейбір оқушылар: кейіпкердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептеріне баға береді, сөйлеу барысында көркем- бейнелі сөздерді қолданады, шығармашылық жұмысын түрлі формада ұсынады......