«Адамзатқа ең алдымен білім емес тәрбие берілу керек. Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» деп жерлесіміз ғұлама ғалым Әл-Фараби айтқандай, өсіп келе жатқан жас ұрпақтың бойына тәрбиенің нәрлі дәнін егетін ең басты ошақтың бірі мектеп болса, сол тәрбие жүйесінің өзегі – мектеп ұжымы. Қазіргі уақытта руханилық пен адамгершілікке негізделген, демократия мен гуманизм ұстанымдарына сәйкес білім беру мен тәрбиелеудің қазақстандық үлгісі жүзеге асырылуда. Қазақстандық ұлтжандылықты, азаматтықты, рухани құндылықты, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру мақсатында тәрбие беру жұмысының 12 бағыты айқындалды.......
Қазақстанның бірінші жаңғыруы 25 жыл бұрын КСРО-ның қирандысынан шығып, өз жолымызды дербес мемлекет ретінде бастағанымыздан басталған болатын. Екінші жаңғыру «Қазақстан-2030» стратегиясының қабылдануымен және жаңа елорда - Астананың салынуымен басталды. Үшінші жаңғыру Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласымен жалғасын табуда. Ұлт санасының жаңғыруын мақсат еткен бұл еңбек – бағдарламалық құжат. Үлкен екі бөлімнен тұратын мақаланың екінші жартысында Елбасы кез келген жаңғырудың ең алдымен Ұлттық болмысқа, дәстүрдің замана сынынан сүрінбей өткен озығына негізделуін қадап айтып отыр. Бұл іргелі мақаланы халық Мәңгілік Ел мұратын жүзеге асырудың......
Адам - жер бетіндегі тіршілік иесі, қоғамның басты байлығы. Сол адамның өміріндегі ең бағалы дүние не дейсіз ғой? Қымбат көлік, бағалы дүние, кең сарайдай үй, ақша, өмір бойы қалталы азамат болып өту, мүмкін, мансап шығар...Жоқ, адам өміріндегі басты байлық – оның Өмірі мен Денсаулығы. Өміріңді қалдырып, денсаулығыңды алса, адам болудан қаласың. Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты. Халық айтпай ма, «Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің» деп.
Пенде болған соң ауырмай бола ма. Денсаулығың сыр беріп, басың ауырып, тісің сыздап дегендей түрлі ауруға шалдығасың.Жаның мұрныңның ұшына келіп қысылғаныңда, сол бір азаптан құтқаратын жан іздейсің. Ол- дәрігер. Науқастың жанына желеу болып, ем-домын жасап жататын – дәрігер. Ол – адам өмірінің сақшысы. Дәрігер ажалдан қорықпайды. Қорықпағаны сондай – онымен аяусыз күреседі, адамның қымбат жанын оған бермес үшін барын салады, адамға екінші өмір сыйлайды......
We are in the 21st century of information, when a free flow of ideas and views is increasingly intersecting huge distances and geographical boundaries. Mass communication, information today acquires a global character, its development, improvement becomes an important element of the development of society. In many countries, the state of affairs in the information industry is considered crucial for economic development. Countries make enormous efforts to make wide use of all types of communications. And for today the most powerful medium of information is television.......
Осындай аз ғана уақыттың ішінде көптеген ірі экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді. Қазіргі таңда Қазақстан жас мемлекет бола тұра, көптеген елдерден әлдеқайда алда. Еліміздің аяғынан нық тұруы, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және экономикамыздың жедел қарқынмен дамуы-қазіргі таңда негізгі стратегиялық бағыттар. Бүгінгі Қазақстан-тек өзі орналасқан аймақта ғана емес, бүкіләлемдік проблемаларды талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын ел. «Қаз тұрып, қадам басқан» тәуелсіздік сәбилік тұсауын өміршең уақытқа кестірген кезден бастап, осынау 22 жылдың ......
9 мамыр – сол бір қанды қырғыннан қайтпай қалған қыршын боздақтардың асқақ рухтарының аспандайтын күні. Бұл күн-әділеттің әділетсіздікті жеңген күні. Бұл күн-бүгінгі ұрпақтың сіздер сыйлаған бейбіт даму жолын одан әрі жалғастырып жатқан күні. Н.Назарбаев Ұлы Жеңіс Тәуелсіз Мемлекеттер достастығы елдері үшін ғана емес, сонымен қатар әлем халықтары үшін де үлкен оқиға. Соғыс миллиондаған адамдардың өмірін қиып, жүздеген қала мен елді мекендерді тып-типыл етті. Сөйтіп, соғыс әр үйге, әр отбасының өміріне жазылмас жараның ізін қалдырды. Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы халықтарының тарихындағы қасіретті бет қана емес, сонымен қатар ол халықтарымыздың теңдесі жоқ ерлігі мен қажыр-қайратының, бірлігінін дәлелі.Соғыста қазақстандықтардан жасақталған әскери бөлімде ата-бабаның ежелгі қаһармандық дәстүріне адал бола білді. Сол бір сұрапыл да отты жылдарда «Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін!» деген ұранмен еңбек еткен тыл қаһармандарының ерлік істері де ешқашан ұмтылмақ емес. Осынау күн-бейбітшілік сүйгіш адамдар асыға күтетін қасиетті күн. Біз майдангерлер алдында және соғыстың ауыр жылдарында тылда жан аямай еңбек етіп, зауыт-фабрикаларды, ұжымдық шаруашылықтарды жеңісті жақындатуға үлес қосқан қажырлы жандар алдында басымызды иеміз. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев «Біз жеңімпаздар ұрпағымен мақтанамыз. Бүгінгі Отан қорғаушылары, біздер үшін олардың соғыс жылдарында көрсеткен жан қиярлық ерлігі-Отанға қызмет ету ісінде мәңгілік өнеге»,-деп айтқан болатын. Уақыт өткен сайын сонау сұрапыл қырқыншы жылдар оқиғасы тарих қойнауына еніп, оған қатысушылар қатары азайып келеді. Ендігі біздің парызымыз-ардагерлерді қамқорлыққа бөлеу........
Жер бетіндегі барлық адамның туған жеріне деген ыстық ықыласы мен сезімдерін жинаса ғой... Мүмкін ол шалқар мұхиттай болар ма еді, мүмкін ол асқақ Алатаудай болар ма еді?! Иә, әр адамға сүйікті Отанынан , туған елінен қымбат ешнәрсе жоқ. Мен де Қазақстанымды адал жүрегіммен сүйемін . «Қазақстан» деген кезде менің ойыма бірден небір тарих сынынан өткен, батыл да батыр, ержүрек, қандай қиындыққа болса да шыдап, төзе білетін рухы берік Қазақ халқы елестейді.......
Көрнекті мемлекет қайраткері, ғұлама ғалым, ұлағатты ұстаз, нар тұлғалы азамат Төлеген Тәжібаевтың туғанына биыл 104 жыл толып отыр. Өзі жоқ болса да, оның шоғы әлі басылмаған жарық жұлдыз 1910 жылы қасиетті де, киелі Арыс топырағында дүниеге келді. «Жігітке – жеті өнерде аз» - дегендей Төлеген Тәжібаев сегіз қырлы – бір сырлы кісі болған. Оған дәлел қазақтың тұңғыш психолог-ғалымы, Қазақ КСР-і ғылым академиясының академигі болған. Осындай азаматы бар қазақ елі бақытты. Төлеген Тәжібаевтың балалық шағы қиын қыстау кезеңде өтті, соғыстың зұлмат жылдарында көзінің ағы мен қарасындай ата-анасынан ерте айрылып,......