Эссе: Сен туралы айтпауға хақым бар ма?

Туған жер деген кезде көз алдыма ең бірінші туған өлкем "Қайыңды" елес береді. Асқар тау, жасыл орман, мөлдір бұлақсыз-ақ осы бір ауыл сәл жырақтасам өзіне тартып, сағындырып тұрады. Туған жер әр тасымен де, тамшы суымен де, күн қақтаған топырағымен де ыстық болатыны да содан болар?! Балалық шақтың бал күні өткен, тәтті күндердің естеліктері сақталған, арманымның асқар шыңына қадам бастаған ауыл ыстық болмаған да ше?
Мұхит та емес, теңіз де емес, көл де емес
Ойыл-өзен!
Терең де емес, енді емес,
Көктем келіп, мұз жарылып жатқанда,
Сол бір кезден көз алдыма келді елес-деп, осы ауылдың түлегі, ақын Ертай Ашықбаевтың жырына арқау болған Ойыл өзенінің оң жақ бүйірінде орналасқан, қырға шықсаң шашыраңқы орналасқан жүз үйдің арқа-жоңы анық көрінетін ауыл, сол – Қайыңды. Біздің Қайыңды! Менің Қайыңдым! Менің жұмақ мекенім...

Жүйіткіп өткен жүрдек пойыздай зымырап өте шыққан алаңсыз балалық шағым осы ауылдың шаңы бұрқыраған көшелерімен, есіп аққан толқыны бұйра-бұйра Ойыл өзенінің жағасында өтті. Аспанмен таласар биік-биік таулары болмаса да, арқасын қыста қар жауып әсемдейтін, баурайы көктемде қызылды-сарылы әсем гүлге оранып тәтті иіс сыйлайтын, жазда күн қақтайтын қыраттары мен үшін әсте асқар таудан кем емес. Асық атып, асыр салып жүріп-ақ осы ауылға ғашық болғам. Бетімнен сүйіп өткен самалы желіне, даланың жұпарын аңқытқан ақ жауынына ғашық болғам. Жаздың аптаған ыстығын, қыстың сұрапыл боранын елемей, жазы бауға, қысы тауға жетелеген ауыл маған асқақ арман, шым шабыт, қайтпайтын қайрат сыйлады. .....
Эсселер
Толық
0 0

Өлең: Жұмағали Саин (Жаз еді)

Жаз еді хош иісі аңқып жатқан,
Жер сұлу қымбатты әсем алқа таққан.
Майысып қызғалдағы, талы үлпілдеп —
Өзен де күміс суын сылдыратқан.

Бал құрақ, балауса шөп елдің маңы
Тотының секілденіп құбылғаны.
Мың түрлі тәтті күйін балбыратып
Есімде бұлбұл құстың сайрағаны.......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Жұмағали Саин (Мен келдім)

Алыстан аңсап мен келдім,
Азат киіп қолымды ал!!
Туғаның өмірлік,
Сен үшін ақ қан қаным бар.

Қаралы күнде жау басқан
Қайғыңды бірге бөлгем мен,
Қатарында партизан
Қан жорыққа енгем мен........
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Жұмағали Саин (Бақташы мен бұлбұл)

Талда бұлбұл, жерде гүл,
Төгілді әсем ақты жыр.
Толқыды үні терең сыр...
Бөленді сазға ой мен қыр.
Құшақтап адам баласын,
Тербелді дүние сол шақта.
Қыдырып таудың арасын
Бір күй шықты аулақта...
Құбылды сол кез кең дала,
Жарқылдап барлық тіршілік.
Сайрады орман, сай-сала,
Құлақпен тыңда, жанмен ұқ!
Басталды сауық, қосты саз
Талда бұлбұл, тауда шал......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Жұмағали Саин (Өлім жоқ)

(Николай Островскийге)

Гүлденіп талант құлпырып,
Сәулеленсе көрмеде,
Талпынып асқар құзына
Ойнақтаса көрмеде,
«Ұланым» деп сүйер жұрт
Сұңқарына теңгере
Жұрт сүйгені өлместік
Атақ болар пендеге,
«Шынықтырып болатты»
Басқан көрік терлене,
Жоғалмастық ол мұра
Тарихтайын көмбеде,
Ол мәңгілік жүректе
Түспе ойыма әр неме.........
Өлеңдер
Толық
0 0

Шығарма: Өмір құндылықтары

Өмір – теңіз, тағдыр – кеме, ал кемең суға батпас үшін өзің капитан болуың керек.

Халық нақылы

Өмір – әрбір адам баласы үшін бір рет берілетін сынақ. Өмір – сүру бәріне бірдей берілген мүмкіндік. Халық арасында «Өмірге адам болып келу – Алладан, ал өмірден адам болып өту – адамнан» деген тұжырым бар. Сондықтан әрбір адамның өмірінің мәнді болуы тікелей өзіне байланысты. Бірақ , өкінішке орай кейбір адамдар өз өмірлерін бағалай білмейді.

Өмір, ең алдыменен өз отбасымен құнды. Өзіңізге жақын: еркелетер мейірімді – анаңыз болса, асқартаудай арқа сүйер – әкеңіз болса, өз өсиетімен жөн сілтер – атаңыз болса, рухани адамгершілік тәрбиемен сусындататын ертегішіл – әжеңіз болса, әрдайым қол ұшын берер жанашыр – бауырларыңыз болса, - бұл өмірде сіз ең бақытты жансыз. Себебі,кей адамдар мен балалар үйіндегі балалар отбасының жылулығын сезбей де , білмей де өсіп келеді.

Өмір - жан-жағымызға жақсылық жасап, қуаныш сыйлауменен құнды. «Сыйлық алғаннан гөрі, сыйлықты өзгеге берген жақсы» демекші, бұл өмірде жақсылық жасаған сайын ол өзіңе Алладан екі есе болып қайтады. Бұл арқылы біз өмір – бумеранг екенін түсінеміз. Әйгілі психолог Виктор Франкл да өмір мәнін осылай түсіндіреді......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Ұстаз берген бағыт

Жүректе тұрар жалқы үнің,
Жанымнан жалын жігер күт.
Ұстазым, сенің әр күнің,
Әр сәтің тұрған бір ерлік!

Фариза Оңғарсынова

Ұлықбек атындағы жалпы орта білім беретін мектебіндегі еңбекке баулу пәнінің мұғалімі, менің сүйікті ұстазым Бабаханова Гүлнар Қорғанбайқызына арнаймын.

Ұстаз-таудан аққан өзен секілді, жер бетін нұрландыратын, шәкірттеріне шуақ сыйлайтын Күн-Ана.Мен үшін ұстаз –екінші ата-анам, болашаққа айқын жол сілтер ақылшы. Оның жүрегі мейірімге толы.Біздің ағаттықтарымызды кешіре біледі.. Сондықтан үлгі-өнеге болған сүйікті мұғалімімді ұстазым деп атаймын.

Ұстазым менің, ұстазым! Өзіңмен өткен қыс- жазым. Менің ұстазым-Гүлнар апайымның үні әсерлі, асықпай мәнерлеп сөйлейтін жан. Оның бойынан бізге деген қамқорлығы,аналық сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрады.Иә, апайым менің жанымды түсінеді, ренжітпей, қателігімді сездіреді. Бұл тек қана дүниетанымы терең және кең жүректі адамның қолынан келеді.Ол -нағыз ұстаз. Өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін шексіз сүйеді......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Жастардың қуаты – білім білігінде

Мен білімді болғым келеді. Болашақта өзімді жан-жақты, көзі ашық, білікті азаматтардың қатарынан көремін. Бұл менің ғана қалауым емес, ұстаздарымның және ата-анамның да қалауы. Сабақтан бос уақытымда ғаламтордан, теледидардан елімізде болып жатқан кей жаңалықтарды оқып, тыңдап отырамын. Ара-тұра шәй үстінде әкем екеуміз мемлекетімізде болып жатқан оқиғаларды талқылайтынымыз да бар.

Жуырда мен Қазақстаннан өткен жылы 300 мың адамның шетелге тұрақты түрде жұмыс істеуге кеткені туралы ақпарат оқыдым. Елімізден көптеген жастардың Корея, Түркия, Америка, Ресей секілді шет мемлекеттерге жоғары жалақы үшін кетіп жатқанын білемін. Бірақ бір жылда 300 мың жастың бірден шетел тұрғынына айналып кетуі мені біраз ойландырды. «Сонда барлық жастар, аға-әпкелеріміз басқа елге жұмыс істеуге, сонда өмір сүруге осылай ағылып кете берер болса, Қазақстанда кім қалады? Үлкендер болашақ жастардың қолында дейді. Олай болса болашағымыз не болмақ?» деген ойға қалдым.

Өз басым, мен мұны қолдамаймын. Шетелге кетпей-ақ, Қазақстанда да жайлы әрі жақсы өмір сүруге болады. Ол үшін елімізде барлық мүмкіндік бар. Жоғары білім алғысы келетіндер үшін жақсы деңгейлі оқу орындары жетерлік. Жыл сайын талапкерлерге сан мыңдаған гранттар бөлінеді. Әр жақсы оқыған студент шәкіртақы алады, жатақханамен қамтамасыз етіледі. Кәсіп бастап, табыс тапқысы келетіндер үшін де жеңілдіктер бар. Түрлі мемлекеттік бағдарламалар негізінде өз ісін бастағысы келетін жастарға қаржылық қолдау жасалады, бизнес бастауды үйретіп, оны оқытатын курстар да аз емес. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев жастарға көп көңіл бөліп келді. Биылғы жылдың «Жастар жылы» деп аталуы да осының дәлелі. Ол кісінің сындарлы саясатын жалғастырып жатқан қазіргі Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев та жастардың рухын көтеріп, оларды білімге, еңбекке шақыруда. Яғни, еңбек еткісі келетіндерге елде ешкім кедергі емес. Елімізде бейбіт, мамыражай заман орнап тұр. Соғыс, қырғын-жойқындардан аулақпыз......
Шығармалар
Толық
0 0

Өлең: Жұмағали Саин (Май сипаттары)

Таңның сыры таң қалғандай,
Тарихта еш болмаған,
Күннің көзі от жанғандай,
Көріп көңілі тоймаған.
Елі күліп, құсы сайрап,
Күні күлім қаққандай.
Ағаштары тұр масайрап,
Бүгін шолпы таққандай.
Шолпылары көк жапырақ,
Ағашына берген сән,
Дәл басында құстар шулап,
Мәз болады шырқайды ән.
Қаз қаңқылдап, үйрек ұшып,
Сұлу аққу көлінде.
Табиғат бай түрге түсіп,
Ажар кірген жеріне.......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Жұмағали Саин (Ұрыстан кейін)

Қабақ қатқан сұрланып,
Үнсіз...Айқас басталды.
Жосыды оқтар зыр қағып,
Екі жақ та бас салды.
Ажал ашып аранын,
Жұтты жанды талғамай,
Қолда қару-жарағын
Қалған кім бар қандамай?
Өтті нөсер...
Тынды айқас.....
Өлеңдер
Толық
0 0