Қазақ әдебиетіндегі шоқтығы биік ақындардың бірі де бірегейі Ілияс Жансүгіров. Ілияс Жансүгіров – ақын, драмашы, прозашы, оның поэзиясы ұлттық әдебиеттің классикалық байлығының қатарына жатады, қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі. І.Жансүгіровтың шығармашылығы көп қырлы, алуан сырлы. Ол поэзия, проза, драма саласында өнімді еңбектеніп, өзіндік қолтаңбасы айқын көркем шығармалардың маржан шоғырын дүниеге келтірген құнарлы да тегеурінді қаламгер Ілияс-тек шебер айтушы ғана емес сонымен бірге көрген – білгенін, естігенін шебер жазып жеткіз білетін талантты жазушы.
Заман көрінісі мен өмір шындығын бейнелейтін жазушының алғашқы әңгімелерінің бірі «Күң өлімі».Әңгіменің негізгі идеясы қазақ әдебиетіндегі мәңгілік тақырып болған бақытсыз әйел образы.Жазушы бұл туынды арқылы асқан ана махаббатының құдіретін дәрменсіздік пен кедейліктің талқысына сала отырып оқырманға ой салады. Ол 1922 жылы жазылған. 1933 жылы Семейде шыққан «Толық жинағының» 2-томында, «Жол аузында» (1935) деген әңгімелер жинағында жарияланды. Сонымен бірге әңгіме қазақ әйелдерінің тұңғыш басылымы - «Жетісу әйелі» журналында жарияланған. Ілияс Алқаны өз көзімен көріп, әңгімелескендігі туралы дерек бар . /1965 жылғы «Жұлдыз» журналының№5 саны/
Алқа жайында былай деп жазады: «Алқа егде тартқан кісі еді, өңі сіріңке қара. Мінез орнында ерекше қуаныш минуты болмаса, қабағын ашып, ыржиып күлген емес.Бөтен қатындардай не болса соны сөйлеп, өсек- аяңға үйір болмай, тиісті кезекте ғана сөйлейтін. /Бұл қасиеті жөнінде әңгімеде де талай айтып өтеді/ Егер бір сөйлесе тізбегін әдемілеп, ұзақ-ұзақ сөйлеп кетуші еді. Сөзінің көбі өз басының мұңы болатын. Мұның атының Алқа екенін үйі аралас кісі білмесе, сырт кісі «Сандыбайдың күңі» дейтін......
Жанымда зәулім ағаш, Бұтақтары толған алма, — Ағын соған қойныңды аш Ал құшақтап қапы қалма. Қойнымды аштым кел дегендей, Алмадайын алқаларға. Құшағыма ең дегендей, Наз көтерер сүйген жарға. Күнді сүйе көріктеніп, Қан қызыл боп піссін алма. Бұтағынан үзілсін де Аузыма кеп түссін алма. Сыбдыр етті алма ағашы, Сықақ етіп күлді ме әлде? Тым кекжиді ұшар басы Мені мазақ қылды ма әлде? Ашу қысты бар денемді......
Барша халық жеңіс күнін тойлайды, Жас сәбилер думандатып ойнайды. Ардагерлер көздеріне жас алып, Ұрпақтардың амандығын ойлайды. Aдaмзaт тaрихындaғы eң сұмдық сoғыстың бoлып өткeніне 71 жылғa тaяп қaлды. Бірaқ Ұлы Жeңістің ұмытылмaйтыны сияқты, сoғыс тa ұмытылмaстaй ізін қaлдырды. Жeңіс күні-бұл сaн мыңдaғaн ұрпaқ үшін oртaқ мереке. Бұл мeрeке-бeйбітшілік пен қaйырымдылықтың мәңгі жaсaмпaздығын, Oтaнын қoрғaғaн жaуынгeр-сoлдaттaр мен oфицерлeрдің aйбыны, тылдaғы Жeңісті жaқындaғaн жұмысшылaрдың eрлік eңбeктерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін бeлгі болып қaлмақ. Екінші дүниежүзілік соғыс адамзат тарихындағы ең қатыгез соғыс болып табылады. Майданға 61 мемлекет, жер шары тұрғындарының 80% қатысты, соғыс қимылдары 40 мемлекеттің аймағында, сондай-ақ, теңіздер мен мұхиттар аумағында жүргізілді. Қарулы күштерге барлық елдерді қоса алғанда 110 млн. адам біріктірілді. Әлем халқы фашизмді жеңу үшін құндылықтарын құрбан етті. Барлық елдердегі адам шығыны - 50 млн-ды құраса, оның ішінде 27 млн. адам – кеңес үкіметінің халқы. Соғыс аяқталғаннан бері 71 жыл өтті. Уақыт өте келе бұрынғы окоптардың орны білінбей де қалды, шайқастар өткен далада қазіргі таңда егістік алқаптары жайқалып тұр, фашистер талқандаған қалалар мен ауылдар қайта тұрғызылды. Соғыс іздері Жер бетінен өшіп қалғандай, әйтсе де, жаңғырығы әр адамның жадында сақталуда.....
Қарттық жасқа келдің де,- деп Абай өкініш білдірген балдай тәтті балалық шақ десеңші!?Қанбаған ойын, тарқамаған құмарлық алаңсыз еркелік... айта берсем таусылар емес. Біз - әлем балаларымыз. Әлемде қанша халық бар, сонша халықтың ұрпағы- балалары ғой. Бәрі-бәрінде бақытты балалық па, ойланып көрейікші... Мен бейбіт елде бақытты өмір сүріп өз қалауыммен білім алып, ата-анамның қамқорлығына бөленудемін. Не ішем, не кием деген қажеттілік жоқ. Мен- сондай бақытты баламын. Санам- сергек, ойым- ұшқыр, жан жағым- аман. Бұған артық не керек маған?!
Теледидарды қосып, шетел хабарларын тыңдасам немесе газет ақтарып оқып отырсам, неше түрлі оқиғаларды оқып ,жағамды ұстаймын. Соның көбі- балалар десем де болады. Өйткені мені өзім құралпы балалар өмірі, тағдыры қызықтырады ғой. Құлдықта ұсталған балалар, зорлық- зомбылыққа ұшыраған сәбилер, зиянды әрекетке бой алдырған балалар, тіпті панасыз қанғыбастар қаншама? Оларды көргенде, қатты қиналамын. Сәбилік күлкі алаңсыз бақытты балалық шақ қайда қалды деп?..
Әлемнің барлық балаларының тілегі- бейбітшілік. Қатыгез жандар оған да қаяу салды. Жазықсыз зардап шегіп, ата-аналарынан айырылғандарын естігенде, көкірегің қарс айырылады.Анау Беслан оқиғасы, ұшақ апатының құрбандары, қанды қақтығыс арасында құрбан болғандарды айтпай кетуге болмас......
Прозасын оқысаң тарихтың қойнауына кіріп кеткендей боласың, поэзиясын оқысаң өзіңнің ішкі дүниеңмен сырласқандай боласың. Әдебиеттің екі жүгін жығып алмай тең көтеріп, замана көшіне ілестіре білу кез келгеннің қолынан келе бермейтін дүние деп білемін. Бұл тек қана қазақтың Әбішіне тән қасиет болар. Абыз жазушы Әбіш Кекілбаевтың өзі бұл туралы былай деп түйіндейді: “Адамдар мен халықтардың арасындағы жарастыққа қызмет ету – менің суреткерлік те, азаматтық та парызым.» Сөзінің растығын «Жер - ананың мен сүйікті перзенті...» өлеңімен дәлелдейтіндей.
Жер - ананың мен сүйікті перзенті, Осалсың деп айта алады маған кім?!
Менің ізім - жердің бүкіл келбеті, Ажарымын дүниенің, адамымын!
Өкпелетіп көрген емес жер мені, Жер - ананы өкпелетем неден мен. Өз қолымнан салынған бар өрнегі, Жыртығын да жамаймын өз денеммен!.....
Қайсар теңіз, неге көбік атасың, Бұрқылдайсың ойран болып ақырып? Ақ төсіңде мен келемін әндетіп, Сен тулайсың дауыл, боран шақырып! Жүзген кеме, менің салған әндерім: Сенің сәнің, болашағың емес пе, Дүлей, тағы да уіліңмен айқасып Жеңгем сені тартыстар мен егесте! Енді неге Толқындармен атқылап Лақтырасың көлдеріңді, құздарды, Мен тынымсыз көнемін де, жырлаймын, Сенің жүзің неге сонша ызғарлы.......
Көлденеңдеп әр жерден кез келесің, Сұм ниетпен күнде қырық өзгересің. Өзің алтын секілді жарқ-жұрқ еткен
Адам алмас өзгені жез кересің. Тұңғиық ой түбіне бір бармаған. Өз анаңды сұмдықпен күнде арбаған... Ішің жауыз... Қап-қара жан жүресің, Ит екенсің, ежелден ел қарғаған......