...Соғыс деген суық сөз Жүректі дір еткізер Ойланатын келді кез Тілекке не жеткізер... Қадыр Мырзалиев Тәтем қалада тұрады. Ауылға анда санда келгенде бізді, балаларды ертіп, ауыл сыртындағы Өтеген батырдың кесенесіне алып барады. Жаз айы аяқталып қалған кез болатын. Бабамыздың кесенесіне барып үш шақырымдық жолда жаяу келе жатқанбыз. Тәтем жол бойындағы бір қабірге тоқтап Құран аяттарын бағыштады, ойланып көп отырды. –Тәте бұл кісі кім? Ескерткіштің төменіндегі мына сандар қандай мағына береді, деп сұрадым. Сол кезде тәтем:- Тайыр ата соғыс басталғанда он сегізде екен. Ағаларынан қалмай соғысқа аттанады. Сталинград қаласын жаудан азат етуге қатысады. Кейін Белорусь майданына қосылады. Кеңес әскері Польшаның астанасы Варшава қаласына барғанда тұтқынға түсіп, қамалады. Неміс фашистерінің түрмесінде отырған жерінен Освенцим концлагеріне алып кетеді. Нағыз тозақты сонда көрген болса керек ата. «Тірідей адамдарды үлкен пештерге лақтырғанын, иттердің балалардың етегінен тартып,тістелегенін көрдік қой. Концлагерге келгенде екі күннен соң мына санды білегімді күйдіріп жазды. 15777-бұл менің реттік саным. Кейін сол қолыма 74/2/113 деп жазды. Бұл менің концлагердегі орным. Қыстың аязды күндері жалаңаяқ, жалаң бас лагердің сыртын айнала жүгірткен кездерді есіме алғым келмейді, небір азапты балаларым көрмесін деп тілеймін.......
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды. Үсті-басы ақ қырау, түсі суық, Басқан жері сықырлап, келіп қалды. Абай
Иә, шіркін, Абай атам қалайша қыс мезгілін ерекше паш еткен! Менің сүйікті мезгілім қыс келді. Бұл мезгілді қалай ұнатпауға болады? Қыс- ең тамаша жыл мезгілі.Қыс мезгілі өзіндік аппақ қарымен, қаһарлы мінезімен,үскірік аязымен ерекше. Бұл мезгілде жер бетін ақ қар басады. Қарша қыз үлпілдеген сәнді көйлегін киіп, айналаға сән бергендей.Қыс мезгілін әсіресе балалар асыға күтеді. Шаналарын арқалап,сырғанақ жасайды. Жүздерінде толған күлкі, қуаныш сәттері.Бұл мезгілді тағы да асыға күтуімнің бір себебі-қысқы демалыс.
Әне-міне дегенше екінші тоқсан да аяқталды. Барлық оқушылар қысқы демалысқа шықты.Мен де көптен күткен қызығы мен қуанышы мол қыстың ғажайып ұмытылмас күндеріне жеттім. Нұрын төккен шуақты күндер маған көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Қыс аппақ қарымен сәнді. Күн бірде жылынып, бірде суытып тұр. Бұл кезде бәріміз Жаңа жыл мерекесін қарсы аламыз.Адамдар жылы киімдерін киіп, далада серуендейді. Балалар далаға шанамен сырғанауға, аққала жасауға шығады. Мен сыртқа шығып, достарыммен қар атысып ойнадым. Содан кейін қардан аққала, қорғандар жасадық.Қысқы ойындар, әдемі жерлердегі серуендер өте керемет болды......
Қазақстан. Бұл мен туып, өсіп келе жатырған мемлекет. Иә, мен көзімді ашқалы осы елдің топырағына аунап, ауасын жұтып келемін. Қазіргі заманда басқа елдермен терезесі тең тұрған, қарқынды дамып келе жатырған мемлекет. Бірақ, қазір осыншама жетістікке жеткен ел бұрын қандай еді... Иә, осыдан тұп-тура 550 жыл бұрын «Қазақ хандығы» құрылған болатын. Міне, сол сәттен бастап-ақ қазақ деген елдің қилы тағдыры басталған болатын. Қазақ өзінің егемендігі, еркіндігі жолында не көрмеді десеңші?! Тарихқа көз жүгіртсек қазақ қазақ болып қалыптасқалы талай сыннан өткенін байқаймыз. Яғни, сонау 18 ғасырдан бастап-ақ қазақтың басынан қара бұлт үйірілмеген екен. Сұм жоңғарлардан бастап, қанды көз фашисттерге дейін еліміздің байлығына, кеңдігіне қызығып өз қол астына өткізгісі келген болатын. Бұдан бөлек, қазақтың есінен кетпестей өзінің ізін салған Ұлы Отан соғысы... Соғыс... Ол ешкімге аяушылық танытпайтын айдаһар іспеттес. Жер бетіндегі бүкіл тіршілік атаулыға өзінің ыстық жалынын шашып, бар жақсыны жалмаған болатын. Бұл соғыстың елге әкелген қасіреті шексіз еді. 22 маусымның таңы ешкімге қуаныш әкелмеген еді. Себебі, дәл осы күні барлық радиолардан фашисттік Германияның Кеңес одағына соғыс ашқанын хабарлап жатқан болатын. Кенеттен басталған бұл соғыс бүкіл елді абдыратып тастаған еді. Бірақ, соған қарамастан қазақ азаматтары елін-жерін қорғап қалу үшін, ертеңгі ұрпақтың күліп атар таңы үшін майдан даласына аттанған еді......
Ұлы Отан соғысының ардагері Жүнісов Солтан Жүнісұлы 1926 жылы 25 қыркүйекте Ақтоғай ауданы Әбжан ауылында дүниеге келген.2004 жылдың 27 тамызында дүние салды, Әбжан ауылында жерленді. Көп жыл бұрын Германияның астанасы – Берлиннің іргесінде қатал ұрыс жүріп жатты. Біздің жерлесіміз, жас жауынгер қатардағы Жүнісов ең қызу орында, Қызыл Армияның алдыңғы отрядтарында болды. Бірақ амал не, оған бұл ұрысты аяқтау сәті түспеді, ол ауыр жарақат алып, тікелей ұрыс алаңынан госпитальға жіберілгендіктен, қаланы алу онсыз өтті. Солтан Жүнісов біздің ауданымызда туды. Оның балалық шағы жеңіл болмады. Ата-анасы есінде жоқ, олар үш баласын қалдырып соғыс басталардан көп бұрын қаза тапты. Және ол үлкен ағасымен және апасымен әкесінің інісінің қолында тәрбиеленеді. 1941 жылы радиодан қауіпті хабар – соғыстың басталғаны туралы хабарлады. Алғашқы күндері ағасы майданға кетті, көп ұзамай оның қайтқаны туралы қара қағаз келді. Бірақ ұзақ қайғыруға болған жоқ, 1942 жылы он жеті жасар Солтанды армияға шақырып әкетті. Алматы қаласында төрт ай оқытқаннан кейін оны алдыңғы шепке жөнелтеді. - Түнде бізді әскери эшолонға отырғызды, дейді ол, - сөйтіп алып жөнелді, ал қайда алып бара жатқанын біздің өзіміз де білмедік. Бір-екі күннен кейін әлдебір орманның жанына түсіріп, біздің алдымызға бір төбе киімдер қойды және киінуге бұйырды, сонан соңсапқа тұрғызып алып жүрді. Сол минөттерден оның: ауыр да қатал болған жауынгерлік жолыбасталды. Ол өзі бүкіл қызмет еткен уақытта Ш Белорус майданының 13-дивизиясының құрамында жаяу әскер болды....
Болғанда сұлу сырлы жаздың айы Дүкеннің себілгендей иіс майы Санаттай даласының жайнап гүлі, Ән салып көтерілер боз торғайы. Еркелеп сұлу гүлдің қойнына еніп Жұтқанда жібек желін кеуде керіп. Күлерсің, қуанарсың, шаттанарсың Баладай ана сүйген емшек беріп. Бәу - бәулеп маңдайынан сипап желі, Тербетер мейірленіп сонда сені. Ән салып тоқсан түрлі күй тартады, Өнерпаз сауық құсы дүниедегі. Тамаша талай сыр бар бұдан өзге......
Адамзат баласы айрықша атап өтетiн есте қаларлық тарихи даталар аз емес. Соның ішінде Мамырдың 9-ы ең шоқтығы биiк жасампазы, ең салтанаттысы, бiрегейi. Ұлы Жеңiс мерекесi - бір жағынан қуанып, бір жағынан ұрыста опат болғандарды аза тұтып, қабырғамыз қайысар күн ретінде атап өтіледі. 1941 жылы 22 маусымда таңғы сағат 4-те тыныш ұйқыда жатқан елдi басып кіріп соғыс ашқан фашистiк Германия 1945 жылғы мамырдың 9-ында тізе бүгіп, жеңіліске ұшырады. Рейхстагқа Жеңіс туын қазақ жігіті Рақымжан Қошқарбаев 1945 жылдың 30 сәуірде тігіп желбіретті. Ұлы Отан соғысы Жеңіспен аяқталды! Жеңіс күні тарих қойнауына тереңдеген сайын халықтың сұрапыл соғыс жылдарындағы ерлігінің, мұқалмас қажыр- қайратының, ынтымақ-бірлігінің тарихи мәні мен маңызы арта береді. Ұлы Отан соғысы ә дегеннен бүкілхалықтық сипатқа ие болды. Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының барлық ұлттары мен ұлыстары фашизмге біркісідей көтеріліп, елін жерін қорғап қалды. Соғыстың сұрапыл жылдарында халықтар достығы мен бірлігінің беріктігі сыннан өтті. Жау күшті еді, өшіге, өршелене шабуылдады. Біздің ел тек жанқиярлықтың, рухани бірліктің, ұлтаралық достық пен өзара демеушіліктің арқасында ғана жеңіске жетті. Соғыс 25 миллионнан астам адамның өмірін қиды, ондаған миллион адам жарымжан, жетім болып қалды. Ұлы Отан соғысы жылдары қазақстандықтар өзге де халықтармен бірге, қолына қару алып, жерін, елін қорғауға аттанды. Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін 96648 қазақстандық жауынгер ордендерімен, медальдармен марапатталды. Бұлардың ішінде 509 қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағын алса, солардың ішінен облысымыздан 47 адам, ал ауданымыздан 4 жерлесіміз Кеңес Одағының Батыры атанды. Олар Таштемір Рустемов, Ботабай Садықов, Зиямат Хусанов, Владимер Вишневецкий. Жерлестеріміз қанды шеңгел дұшпанмен ерлерше шайқасты. Ұлы Отан соғысы жылдары ауданымыздан 20195 адам майданға аттанып, соның 8115-і еліміздің бостандығы мен тәуелсіздігі үшін сұрапыл соғыста қаза тапты....
Сәлем сізге, сәлем сізге, Ұлы съезд астанам. Мен балаңмын еркін өскен Шаттық әнін шырқаған. Мен армансыз бұл жалғанда, Күлімдеген күнде өстім, Балаусалы балғындайын, Желкілдеген түрде өстім. Мен туғанда Октябрьде, Жарқыраған таң екен. Мен туғанда Отанымның, Төрт түлігі сай екен. Бесіктен - ақ қызықты өмір, Мені әлдилеп күлдірген. Бесіктен – ақ анам менің!......