Сыртың сенің жылтырар, ішің мұздап, Сөз айтасың әркімге сен жалғыздап. Бітеу жара секілді тырс-тырс етіп, Жұмбақ денең тұрады әр күн сыздап, Сен күлмейсің өмірде кеудең жарып, Өз үйіңе қайтпайсың соны із салып, Ескі заман шырмауық соқпағымен, Әлденені іздейсің панар жағып. Өзің шешен көрініп, өзің мұнар, Баяғыдан келесің сен қу бас шал, Сатылған ар, сарғайған санаң сенің, Сайқал әйел секілді мінезің бар......
Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Неменеңе жетістің бала батыр, Қариялар азайып бара жатыр Бірі мініп келместің кемесіне, Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр, - деп тебіренген Мұқағали мұңында жұмырбасты пенде үшін теңдессіз құндылық ұрпақаралық қимастық, сыйластық сезімдері мөлдіреп тұр. Жеңіске биыл 71 жыл толып отыр. Жеңіс! 1945 жылдың 9- мамыры күні дәл осы шаттық хабарды ес тұрып, бүкіл әлем теңселіп кетті. Жер жүзі халықтарының жүректері қуаныштан лүпіл қақты... Кеңес Одағының тұрғындары бес жыл бойы күндей күркіреген соғыста- 1418 күн мен түндерде,бүкіл жігерімен Жеңіске ұмтылған... Жеңістің 71 жылдығы қарсаңында Ұлы Отан соғысында қаза тапқан боздақтардың рухына бас иіп, олардың ерлігінің саяси- кейінгі буынның азаматтық парызы. Соғыста біздің әкелеріміз ежелден еркіндік аңсаған қазақтың өршіл рухын, батырлығын әлемге паш етті. Қазақ ұлты ұландарының антқа адалдығын көрсетті. Қариялар азайып бара жатқанын әсіресе олардың ортасында Ұлы Отан соғысынан аман оралған ақсақалдарымыздың қарасы жыл санап азайып барады емес пе?! Солардың жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен, күшімен, ісімен, ерлігімен, атаның туын жықпай, ананың намысы үшін туған жердің топырағын жауға таптатпай, еңіреп жүріп жауды жеңіп, тауын шағып, туын тігіп, жеңістің таңбасын басқан күн – Жеңіс күні. Бұл күннің толғағы ашшы болса да, туғаны бар халқы үшін қуаныш болған күн. Сондықтан да бұл Ұлы мереке. Оққа ұшқан қарулас жолдастарының аманатын арқалап, аман оралған ардагер аталарымыздың өздері қорғап, қорған қамқор болып оралған арттағы қалың елдің қамығып жеткен Жеңіс күнін, біз ұмытсақ та тарих ұмытпайды.......
Атты жау, Алды өлім бүгін кімді? Қақ жарған ерді алды ма қара түнді! Кім жоймақ от жүректі, Ақыл, ойды, Кім жоймақ халық үшін туған ұлды?! Оқ тиді. Құлады ер жерді құшты. Ұрыдай түнде жендет қанын ішті. Бірақ та өмірі оның үзілмеді, Жүрегі жалын болып аспанға ұшты. Қақ жарып Греция қара түнін Жүрегі лаулап жанып тұрды мұның......
Кел, бауырым! Орыс ұлы өзімсін. Ақыл, ойым, аузындағы сөзісің Шаршағанда сүйенетін тірегім, Әрқашан да жарық берер көзісің. Кел, бауырым! Той, мереке жасайын, Саған ыстық құшағымды ашайын. Тың жерлерді сенімен бір жыртайын, Енбек әнін сенімен бір шырқайын. Кел, бауырым! Партия ұран тастады, Тағы да зор игілікке бастады. Сол ұранға жұмылайық бірлікпен.....
Не адамзат соғысты құртады, не соғыс адамзатты құртады. Джон Кеннеди Соғыс. Сонау бір қанды құйлы заман. Толарсақтан саз кешкен, етігімен қан кешкен кезеңде кеңестік дәуірде өмір сүрген еліміздің әрбір азаматы бастарын өлімге тікті. Әлемнің тең жарты бөлігін алып жатқан қызыл империяны қорғады. Өзге ұлттар секілді қолындағысын майданға жөнелтті, «жаным арымның садағасы» ұғымын берік ұстанды. Республикада танк және ұшақ жасауға ақша жинау қозғалысы жүрді. 1941 жылдың күзінде Бүкілодақтық лениндік коммунистік жастар одағы (ВЛКСМ) атындағы танк дивизиясын құруға қаржы жинала бастады да, бір жылға жетер-жетпес уақыттың ішінде армия қазақстандық комсомолдардан 45 жаңа танк алды. Кейінірек халық қаражатына тағы 10 танк колоннасы, бірнеше авиациялық эскадрилия, торпедо катерлер мен атаулы ұшақтар жасалды. Соның нақты дәлелі - қазақ халқының біртуар ұлы, ұлт атын әлемге көтерген Қажымұқан Мұңайтпасовтың қартайған шағында ел арасында өнер көрсетіп, тапқан қаражатына ұшақ жасап майданға жіберуі. Жалпы соғыс жылдары Қазақстан халқы жауынгерлік техникалар жасауға 480,3 миллион рубль жинап берді. Соғыс жылдарында Қазақстанның ауыл шаруашылығы да өз үлесін қосты. Атап айтқанда, еліміз 30,8 миллион пұт астық, 14,4 миллион пұт картоп және көкөніс, 15,8 миллион пұт ет, 3 194 мың центнер сүт, 17,6 мың центнер жүн берді.....
Қазақ мәдениетінің сонау көне заманнан бері жасап келе жатқан халықтық туындылары аз емес . Сан – салалы өлең – жыр , асыл сөз үлгілері – әдебиет саласындағы халық мұрасының куәсі. Дәуірлік мәні бар поэзия туындылары, әдеби шығармалар – халқымыздың рухани байлығы.Осынау асыл туындыларымен танымал болған ақын – жазушыларымыз қаншама ? Міне , солардың бірі – Хамза Есенжанов. Бұл есімді ойға алған кезде, талай адамның тағдырын талқандаған келеңсіз оқиғалар ойға оралады. Ол табиғаттың берген ақыл – ойымен талантының арқасында ажалға қарсы тұрып, өмірге деген құштарлығын жоғалтпай , адамдар мінезіндегі аярлыққа кешіріммен қарап , қуғын – сүргіннен құтылған уақытта ғана қаламын қолға алып, аз уақытта қазақ әдебиетіне көптеген өзінің үлесін қоса бастады. Жерлес жазушымыз Хамза Есенжанов өз шығармаларында Ақ Жайық атырабында болған алуан оқиғаларды сипаттады. Жазушы Хамза Есенжанов сол кезеңдегі жағдайларды шеберлікпен анықтап көрсете алды. Х.Есенжанов негізінен қазақ прозасында сирек кездесетін образдар жинағын жасады. Оның кейіпкерлерлерінің көбі қайсар мінезді , қиын тағдырмен күресе алатындай, алғыр болатын. Х .Есенжановтың кейіпкер жасаудағы тәжіребиесі, оның « типтік жағдай », « типтік орта », « типтік мінез» деген ұғымдарға мейлінше салмақ салғанын аңғартады. Негізінен менің ойымша, қазақтың тарихында Хамза Есенжановтың « Ақ жайық» эпопеясындай басқа шығарма болған емес. Хамзаның өз туған жері туралы көлемді шығарма жазуы – бұл өзінің патриоттық сезімі мен ұлттық намысының жоғары деңгейде қалыптасуының көрсеткіші болса керек Жазушы Хамза Есенжанов осы туындысы үшін Абай атындағы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды. « Ақ Жайық » эпопеясының өмірге келуіне себепші болған бірден – бір адам София Жақияқызы Тастемірова болатын.
Хамза Ықсанұлы туралы әңгіме еткенде, оның өмірлік серігі София Жақияқызына тоқталмай өтуге болмайды . Ол айдаудағы жарының артынан еріп, қуғын - сүргіннің ауыр тауқыметін бірдей көрді . Хамза ағаны тікелей мағынасында ажал аузынан аман алып қалды . Хамза Есенжанов романдары - қазақ прозасында бұдан бұрын жасалған тұлғалы туындылардың ешқайсысын қайталамай, тарихи шындықтың панаромасына өз картинкаларын қосып , типтік образдар галериясына өз кейіпкерлерін қосқан кесек туындылар. Октябрь революциясы мен азамат соғысының дауылды жылдарының Батыс Қазақстанда өріс алған оқиғаларын әр қырынан суреттеп берген бұл туындыларда оның кейіпкерлері сол оқиғаларға қатысқан әлеуметтік топтардың сырын ашып, ролін анықтаған жинақты да нақты образдарға айналған . Олардың даралық қасиеттері өзді – өзіне тән айқын да айрықша ерекшеліктерімен көрінуі әрқайсысын айнытпай танытады ......
Қариялар азайып бара жатқанын, әсіресе олардың ортасында Ұлы Отан соғысынан аман оралған ақсақалдарымыздың қарасы жыл санап азайып барады емес пе? Биыл — Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 71жыл толмақ. 1941жыл 22 маусым — барлық посткеңестің елдердің тарихындағы ең қайғылы датаның бірі. 1941жылдың дәл осы күні таң қылаң бере фашистік Германия Кеңестік Социалистік Республикалар Одағына шабуыл жасады. Соғысты бірінші болып қарсы алғандардың қатарында Кеңес Одағының батыс шебін күзеткен ондаған мың қазақстандық-шекарашылар болды. Атақты Брест гарнизонының өзінде 1941 жылдың көктемінде біздің 3 мыңдай жерлесіміз қызмет еткен, шілде айында олардың көпшілігі әскерден елге қайтулары керек болған. Бірақ жаудың шабуылы олардың бұл жоспарларын күл-талқан етті. Соғыс өрті ішке қарай тез еніп, Брест қамалының тірі қалған қорғаушылары партизандар қозғалысына қосылды. Олардың қатарында 190 қазақстандық болған және олардың көбісінің сүйегі беларусь жерінде қалған. Соғыс кенеттен басталғанымен, Қазақстан, бүкіл Кеңес Одағы сияқты, алғашқы күннен бастап, жұдырықтай жұмылды. Республиканың түкпіртүкпірінде әскери комиссариаттарға еріктілер ағылды. Кеше ғана мектеп партасында отырған бозбалалар мен бойжеткендер де, қала мен ауыл тұрғындары да соғысқа сұранды.......
Жарқылдап жаңа жылым, келдің маған Көзім де, көңілім тасып масайраған. Алтынды таңғажайып бақыт заңын Жырлайын әшекейлеп мен де саған. Жақында, төріме шық, отыр бермен! Қонақсың елімізге бүгін келген. Сыйлайын құрметіне отанымның Кәусардай күмісті жыр — жаңа өлеңмен. Қабыл ал жүрегімнің маржандарын, Сусын ет шөлдесеңіз тілдің балын. Арала саяхат қып отанымның Керікті күн сәулетті бақшаларын. Көресің Кавказдағы Қазыбекті, Төбесі оның бұлттан асып кетті. Гүл егіп баурайына мал қаптатып, Кәріңді біздің заман еркелетті.......
Жағасы жасыл барқыттай Жайраңдап Есіл ағады. Жайраңдап Есіл ағады Ағысы қайда барады? Күміс су ерке сәуледей Күнде сылқ-сылқ күледі. Күнде сылқ-сылқ күледі Күнде ойнақшып жүреді. Жағасы Есіл жапырақ Жапырақ емес ерім тал. Жапырақ емес өрім тал Өрім талда жеміс бар. Айдынында аққудай Жүзем күнде келемін.......