Елу жаста «елім бар» деп айта алмай, Кетпес естен күйінгенің мұңлы Абай. Қасым Аманжолов
Қазіргі қоғамда, әсіресе жастар арасында еліміздің тәуелсіздігіне салғырт, немқұрайлы қарау етек алып бара жатқанын жоққа шығара алмаймыз. Бұл құбылыстың негізгі себептерінің ең бастысы – «Қазақстанға тәуелсіздік ХХ ғасырдың аяғына таман КСРО-ның ыдырауы барысында оның құрамындағы республикалар егемендігін алып жатқан тұста, 1991 жылдың желтоқсан айының он алтыншы жұлдызында ешқандай қантөгіссіз, өзінен-өзі келе қалды, бұл – қазаққа Құдайдың берген сыйы болды» деген солақай түсініктің қалыптасуы. Осының нәтижесінде жастар ел тәуелсіздігіне «мәңгілік сыйдай», еш алаңсыз қарайтын сияқты. Бұл эсседе тәуелсіздіктің ешқандай оңайлықпен келмегенін, оны арман еткен бабаларымыз бен аналарымыз, ағаларымыз бен апаларымыз ғасырлар бойы күресіп өткенін, сондықтан бүгінгі біз өмір сүріп отырған тәуелсіз, бейбіт елдің іргесі атажұртты аман сақтап қалу үшін төгілген есепсіз қан мен көз жасына суарылғанын ешқашан ұмытпай, ел тәуелсіздігін сақтауға әрқайсысымыз зор жауапкершілікпен қарап, бұл бақытты келесі ұрпаққа табыстау – біздің парымыз, ұлы міндетіміз екенін таратып айтамын......
Екінші дүниежүзілік соғыс 1939 жылы Германияның Польшаға шабуылымен басталды.Олардың жетекшісі Адольф Гитлер Германияда қатаң тәртіп орнатады. Гитлер КСРО-ны басып алу мақсатында «Барборосса» атты жоспар құрады. Ең алдымен КСРО-ның батысына шабуыл жасап, Украина, Белоруссия, Ресейдің еуропалық бөлігі Мәскеуге дейінгі аумақ түгел жаудың қолында қалады. Ал КСРО-ның әскері кері шегінеді.Себебі: соғыс басталғанда репресиялық уақыт болған.Сол кезде ең жақсы деген офицерлер ату жазасына кесілген болатын. Соның әсерінен армияны басқаратын талантты командирлер қалмады. Кейін шегінген әскер Мәскеуге 25-30 шақырым таяп келді.Мәскеу тұрғындары түгелдей сапқа тұрып қорғауға шықты. Осы шайқаста Қазақстанда құрылған 316-атқыштар дивизиясы қатысады. Бұл дивизияны генерал-майор И.В.Панфилов басқарады.И.В.Панфилов Мәскеуді қорғау кезінде үлкен ерлік жасап қаза табады. Панфилов қаза тапқаннан кейін дивизия жауынгерлері өздерін панфиловшылар деп атаған. 28 батыр жаудың 20, содан кейін 30 танкісін 4сағат бойы қалаға жібермей ұстап тұрып қаза табады. 28панфиловшылардың барлығына Кеңес Одағының батыры деген атақ беріледі. Осы Мәскеу үшін шайқастарда белгілі қазақ батыры аға- лейтенант Бауыржан Момышұлының басқарған батальон жауынгерлері үлкен ерлік көрсетеді. Мәскеу үшін шайқастарда Мәлік Ғабдуллин, Төлеген Тоқтаров т.б. жауынгерлер мемлекеттік наградаларға ие болған. Ұлы Отан соғысы тарихында қаһарман қала – Ленинградты қорғаудағы және азат етудегі кеңес халқының ерен де ерлікке толы батырлығы ерекше........
Бiздiң жүрегiмiз темiр емес. Бiрақ бiздiң кек отымыз қандай темiрдi болса да ерiтiп, күйдiрiп жiбере алады. Бiздiң үрейдi жеңетiн ең күштi қаруымыз бар,ол – Отанға деген сүйiспеншiлiк. Бауыржан Момышұлы Соғыс... Осы сөзді естігенде жан дүниемді қорқыныш сезімі билеп, жұдырықтай жүрегім кеудеме сыймай атқақтайды. Міне, соғыс дауылының бізден алыстап бара жатқанына да 71 жыл толмақшы. Әрине, ауызға айтуға оңай.... Бұл соғыс қаншама боздақтың жанын қиды, қаншама ананы жесір қалдырды, қаншама баланың ең бір қимас кезеңі балалық шағын ұрлады. Ұлы Отан соғысы...Бұл сол кездегі қайсар халқымыздың ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Иә, содан бері 71 жылға жуық уақыт өтсе де ешкім де, ешнәрсе де ұмытылған жоқ. Немене жетістің, бала батыр, Қариялар азайып бара жатыр. Бірі мініп келместің кемесіне, Бірі күтіп, әнеки жағада тұр, - деп тебіренген Мұқағали мұңында жұмырбасты пенде үшін теңдессіз құндылық,ұрпақтар қимастығы мөлдіреп тұр. Аталарымыздың жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен, күшімен, ісімен, ерлігімен атаның туын жықпай, ананың намысы үшін туған жердің топырағын жауға таптатпай, қасық қаны қалғанша беріспей, жаудың тауын шағып, өз туымызды тігіп, жеңістің таңбасын басқан күн- Жеңіс күні. Бқл күннің толғағы ащы болса да, болашақ ұрпақтары үшін қуаныш төгілген күн. Сондықтан бұл Ұлы мереке. Оққа ұшқан қарулас жолдастарының аманатын арқалап, аман оралған ардагер аталарымыздың өздері қорғап, терімен, қанымен сыйлаған Жеңіс күнін ұрпақтары ұмытпақ емес, тіпті оны тарихтың ақтаңдақ беттері де ұмытпайды. Ол- өмірдің заңы. Біз Ұлы Отан соғысындағы жеңіске ештеңеге теңеспейтін ғажап күшпен жеттік. ......
Көк киімді көп неміс Кеше — «қожа», бүгін — күл Өңірі жыртық, көзі жас Көшеңде кірпіш тасып жүр, Автомат жоқ қолында, Бал жинамайды — жан атып, Біздің күш басын идірген, Өлер күнін санатып, Ол жеңілген, сен — қожа, Киев — совет қаласы. Азат мәңгі, мәңгі азат, Украина даласы......
Бар жүректің бірдей соғып тынысы. Бар қуаныш құйылғандай бір көлге. Бар өмірдің зырыл қағып жүрісі, Барлық бақыт жиналғандай бір жерге. Алматыда шаттық хабар тарады: Қанат берді әр адамның жанына, Екеу-екеу әне кетіп барады, Айтып барады — досына да, жарына. Ана айтады баласына мақтанып: «Бірінші боп мен барамын бәріңнен!» Әлдеқалай мен озар деп сақтанып, Атаң - дағы ерте кетпек сәріден......
Тәуелсіздік! Біз тәуелсіздікке аталардың қаны, бабалардың арманы, ұрпақтардың сан ғасырлық күресінің арқасында жеттік. Қазақ қазақ болғалы қаншама жаугершілік пен қиыншылықты, қаншама қасірет пен қанды қырғынды, қаншама қара зұлмат пен тоқырауды басынан өткізді. Халақымыздың тарихына үңіліп, өткеннің естелігін таразыласақ менің халқымның көргенін, басынан кешіргенін ешбір халық көрмеген екен. Жоңғардың шапқыншылығынан құтыламын деп Ресейдің қоластына паналағанда басқаға тәуелді боламын деп ойламаған еді. Қытай мен жоңғардан құтыламын деп Ресейдің отына түсерін аңғал халқым сезбей де қалды емес пе? Талай шұрайлы жері мен құнарлы өлкесін өзгеге беріп өзегі өртенсе де, сенімін жоғалтпады. Еркіндік үміті кешегі өткен Сырым, Махамбает, Кенесары сынды батырлардың көтерілісі кезінде жандана түсті. Бірақ бұл үкілеген үміт ұшқыны ер рухты батырлардың ажалы мен қазақтың қайғысын басынан кешіргенде жалыны өшкен оттай төмендеген кезеңдерді де өткізді. Кеңес үкіметі орнаған жылдары қолына қалам алып күрескен қазақтың зиялылары Сәкен, Ілияс, Ахмет, Мағжан ағаларымыздың арманы да елімнің еркіндігі мен халқымның тәуелсіздігі үшін болған күрес емес пе еді?! Ұлтым деп еңіреген Алаш арыстары да, қазақтың азаттық, бостандығын жырлаған, кеңес үкіметінен көп нәрсені күткен ағалардың үміті де ақталмай кетті. Олар екі жолды таңдаса да, екі майданда күрессе де ,армандары бір, үміттері жалғыз-қазақтың еркіндігі еді. Қазақ халқының кеудесіндегі оттың жалыны төмендегенмен, жүрегіндегі сенім ұшқыны өшпеген еді. Талай дауылды топандар мен қаралы қырғындардан аман қалған халықымның еркіндікке деген сенімі жоғалмады. Еңсесін көтеретін күнді асыға күтті, күресін тоқтатпады, сергелдеңге түссе де сенімін жоғалтпай, желтоқсанның ызғарында жас қыршын жауқазындарын үсікке шалдырып, аңырап қалған кезеңді көрді. Міне, талай батырдың күресімен, талай ақынның жырларында жырланып, талай қазақтың қанымен жеткен Тәуелсіздікке 25 жыл болып отыр. Осы 25 жылдың ішінде еліміз жылдар бойы жетпеген жетістіктерге, шықпаған белестерге шықты. Еленбеген ерліктері ескеріліп, айтылмаған ойлар айтылды. ....
«Алдыңғы жақсы артқы жасқа тәлім айтпаса,ел болғаның қайсы?» деп қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезов айтып өткендей біз өзімізден үлкендерден үлгі-өнеге алып,ал кішілерге тәрбиелік қағидаларды көрсетеміз. Дүние есігін ашқаннан бастап ана сүтінен нәр алып,әке өнегесін тыңдап,тал бесіктен бойымызға нағыз тәрбие жиямыз. «Отан отбасыдан басталады» демекші, отбасының әр адам өмірінде алар орны бөлек деп ойлаймын.Әрине,тек отбасы емес, дос-жаран мен ұстаздардың да атқарар рөлі зор.Мектепке барған кезде де өзімізге керек мәліметті жинап,болашағымызды ойлауымыз қажет.Себебі,он бір жыл көзді ашып жұмғанша өте шығады екен.Осы уақыт ішінде сабақты жақсы оқумен қатар,достарымыздың арасында да сыйлы бола білу қажет деген ойдамын.Дос арасында сыйлы болу-жаман қылықтармен алда болу емес,керісінше ақылдылықпен,жақсы мінезбен,қайырымдылықпен өмір сүре білу.Дегенмен,қазіргі жаман әдетке салынып,болашағын ойламайтын жастардың әрекетін көргенде ішім ашиды.Біз жастар қазірден,тіпті,бала кезден ел үшін қандай іс жасай аламын,қалайша ата-анамның абыройын асқақтатамын деген сұрақтарды миымызда қорыта білуіміз керек деп есептеймін.Себебі, туып-өскен жеріміз бен мәпелеп өсірген ата-анамыздың орны бәрінен жоғары тұрады.Қандай жағдай болмасын ұлтымызды жоғалтып алмауымыз керек.
Әр баланың өміріндегі ең маңызды жан-ата-ана.Біздің мінезіміз бен қылықтарымыздың басым бөлігі сол кісілерге ұқсайды.Өзіміз байқамасақ та,біз көп жағдайда ата-анадан көрген іс-әрекеттерімізді қайталап жататын секілдіміз.Сондықтан отбасы құру,отбасындағы бала тәрбиесі жөніндегі проблемалар әрдайым өзекті деп ойлаймын.Қазіргі таңда байлық,атақ-абырой сияқты түкке тұрғысыз заттарға ғана қарап отбасы құрып жатқан жастар бары рас.Ал адам байлықтан да жалығатын күн жетеді.Дегенмен отбасы құрған адамның ойы жан-жарымен самай шашы ағарғанша бір болып, қиындыққа мойымай, саналы ұрпақ тәрбиелеу болады деп ойлаймын.Өкінішке орай жастардың ойы адами қасиеттерге жетпек түгілі, көк қағаздан әрі асатын түрі жоқ.Ал бұның арты әрине жастардың ажырасуымен аяқталады.Ал ортадағы баланың жағдайы тіптен қиын деп ойлаймын.Менің ойымша баланы бір адам тәрбиелеген жеткіліксіз.Бала отбасында кімнің қандай рөл атқаратынын,қандай міндеттері бар екендігін фильмдер мен кітаптардан ғана емес, өмірде де көруге құқылы......
Біз соғысты көрген жоқпыз... Алайда тарих қойнауына кеткен сол зұламат жылдар жайлы ел дегенде езіліп, жұрт дегенде жұмылып, жерге тер төгіп, халыққа қан төгіп қызмет еткен, Отан алдындағы борышын адал өткерген майдангерлеріміздің, тыл ардагерлерінің естеліктерінен қанықпыз.
Анасы бауыр еті баласынан, отбасы тірегі мен сүйеніші болған азаматынан айрылған, жас аруды жесір, жас баланы жетім етіп, даланы қанға бөктірген соғыс - Фашистік Германияның, оның басында тұрған Гитлершілердің қанқұйлы әрекетінің жемісі екеніне тарихтан қанықпыз. Жер жаһанды жалмап, "тұлымдыны құл етсем, бұрымдыны күң етсем" деген дұшпанның басты мақсаты орындалмады. Елі үшін аянып қалуды ерлігіне сын, жұрты үшін аянуды жігіттігіне сын деп ұғынар ерлер барда қай дұшпанның болмасын пиғылы орындалмақ та емес еді.
Тумысынан ерлік білекте емес, жүректе екенін ұғынып өскен қазағымның ұл-қыздары да Отан қорғау жолында жан алып, жан берісті. Ықылым заманнан бері ата-бабасының үкілі найзасының ұшымен, жүректен шыққан ерлік ісімен аман сақтап келген туған жерін жау табанына таптатуға олардың намысы жібермеді.Тағдырдың өзі Ұлы Отан соғысының қаһармандарын біздің елімізде туғызып,олардың атағын өзімізде ғана емес, өзге елдерге де шығарғаны - ерлік қазақтың қанына сіңген асыл қасиет екенінің тағы бір дәлелі.Ерлік пен елдікті жырлаған батырлық дастандарды естіп өскен аға буын қазақтың қасиетті ұғымы намысты ту етіп, жауға қарсы тайсалмай ұрыс салды......