Шығарма: Астана және Президент

Шығарманың жоспары
1.Кіріспе: Елім, жерім - Қазақстаным, Ата Заңым – тірегім.
2.Негізгі бөлім:
а) Астана қаласының тарихы.
ә) Елорда және Елбасы.
б) Астана – Азияның ең солтүстігінде орналасқан елорда.
в) «Бәйтерек» кешені жаңа ел орданың - басты символы.
г) Астана - Еуразия кеңістігінің орталығы.
3.Қорытынды:
а) Елбасының - ізгі саясаты, арманы.
ә) Астана - бүгін өскелең қала.
Қазақстан Республикасының Конституциясы — Қазақстан мемлекетiнiң Ата (негiзгi) заңы. 1995 жылы 30 тамызда Республика референдум өткізу (бүкіл халықтық дауыс беру) жолымен қабылданды. Конституцияны қабылдай отырып, Қазақстан халқы мемлекеті билiктiң қайнар көзi — өзiнiң егемендiк құқығын баянды етті. Ата заң қабылданған күн демалыс — мемлекеттік мереке — ҚР Конституциясының күні деп жарияланды. Бұл жаңа Конституция Қазақстанның төртiншi Ата заңы (1937, 1978, 1993, 1995). Оның құрылымы кiрiспеден, 9 бөлімнен, 98 баптан, көптеген тармақтар мен тармақшалардан тұрады. Жаңа Конституцияның ең жоғары заңдық күші бар және ол ҚР-ның бүкіл аумағында тікелей қолданылады.
Бүгінде Қазақстанның негізгі ұлтын қазақ халқы құрайды. Одан кейін славян халықтарының өкілдері орыс және украин халықтары. Сонымен қатар ең елеулі этносты құрайтындар өзбек, немістер және татар халықтары. Осы біздің елдегі халықтар басын біріктіріп, олардың ұлттық тегіне қарамастан, теңдігін бекітетін құжат бар. Ол еліміздің Ата Заңы, Конституциямыз. 2а) Қазақстанның ең бірінші астанасы 1920 жылы Орынбор болған. 1925 жылы астана Қызылордаға көшті.Түрксібтің салынғанына байланысты астана Алматыға көшті. Заң түрінде бұл оқиға 1927 жылдың 3-ші сәуірінде болды, шындығында көшу 1929 жылы болған. Ақмоланың тарихы 1830 жылдан бастап, яғни Қарауыткөл алқабында Ақмола бекінісі салына бастаған кезден басталады. Ақмола – Есіл өзені жағасындағы Ақмола округінің Сібір қазақтарының негізгі қаласы болған. XIX ғасырда да Ақмола сол кездегі сауда – экономикалық орталығы болды. 1863 жылдың 16-шілдесінде Ақмола ашық түрде округтік қала болып саналды. 1868 жылдың қазанында “Орынбор және Батыс Сібір генерал губернаторлығының уақытша басқару жағдайына” байланысты Омбы орталығымен Ақмола облысын тудырды. .....
Шығармалар
Толық
0 0

Эссе: Ел тірегі-Елбасы

Біз тарихы терең,рухы мықты елдің ұрпағымыз. Осы елдің ұрпағын жоғалтпай,одан әрі өрбтіп,бүкіл әлемге танытып отырған жеке дара ақылшымыз,тірегіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев болашақтың бағдарламасы ретінде Қазақстан 2050 стратегиясын жарыққа шығарып ,2050 жылға дейін әлемдегі 50 дамыған мемлекет қатарына кіруіміз керек екенің мақсат етті. Ол дегеніміз бүкіл әлемді өзіне қаратқан,дамыған мемлекет ретінде өз мемлекетімізді тану. Біздің елбасымыз –ол көшбашымыз. Көшбасшы мықты ел-ешқашан құрдымға кетпейтіне кімге болса да мәлім.

Біздің еліміздің тірегі,көшбасшысы,жүрегі,елімізді әлемге танытқан дара тұлғамыз-біздің елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ол біздің патша,патша деген атқа кез-келген адам ие бола алмас. Ол кісінің атқарған жұмыстары Қазақстан үшін ұлы мәртебе. Біздің ата-бабаларымыз қасық қаның төгіп,осы жерімізді бізге аманат етіп кеткен.Дәл бүгінгі күні біздің елімізді бүкіл әлем таниды десек қателеспейміз. Бұл кімнің арқасы? Әрине,елбасымыздың арқасы,оның дұрыс құра білген саясатының арқасы,оның елге деген сенімі, жерге деген махабатының арқасы. Ол кісінің біздің мемлекет үшін атқарған жұмыстары,елім деп соққан жүрегі,барлығы біздің болашағымыз үшін,яғни Қазақ елінің болашағы үшін жасалып жатқан дүниелер. Сонымен қатар рухани жаңғыру бағдарламасын құру мақсатында көптеген белестерге,елімізді рухани жағынан жаңғырту да сол кісінің алға қойған мақсаттарының бірі десек те қателеспейміз. .....
Эсселер
Толық
0 0

Шығарма: Ғабит Мүсірепов шығармаларындағы әйел бейнесі

Еліміздің ірі қоғам қайраткері, ХХ ғасыр қазақ әдебиетінің көрнекті өкілінің бірі – Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов. Жазушының шығармашылық жолы өте бай, туындылары әдебиет тектерін толық қамтыған. Қай туындысын алсақ та Ғ.Мүсіреповтің қаламгерлік ерекшелігін қыр-сырынан тани аламыз. Ол қазақ әдебиетінің барлық жанрын дамытуда аянбай еңбек еткен академик-классик жазушы. Ғабит Мүсірепов өзінің қоғамдық, публицистік, журналистік, сыншылдық қызметімен де туған халқының мәдениетінің дамуына зор еңбек сіңірді. Алайда қазақ халқы оны үлкен суреткер жазушы деп таниды, көркем сөздің хас шебері деп біледі, құрмет тұтады.

XX ғасырдың басындағы қазақ прозасында әйел теңсіздігі тақырыбы ерекше орын алғанын білеміз. Қазақ әдебиетіндегі ірі, орта эпикалық туындылардың алғашқыларының -«Бақытсыз Жамал», «Қалың мал», «Шұғаның белгісі» атауларынан-ақ олардың тақырыптық-идеялық сипатын айқын аңғарамыз.

Жалпы осы тақырыпта да қазақ әдебиетінің кемеңгері Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов ана бейнесін ашуда үлкен үлес қосты. Әйел-Ана тұлғасын сомдауда бүкіләлемдік аналар галереясын байыта түсті. Сонымен қатар сөз өнеріне де тақырыптық-идеялық сипатта зор үлес қосты. Жазушының әдеби-шығармашылық еңбегіне үлгі болған Пушкин, Лермонтов, Гоголь, Крылов, Чехов, Толстой, Салтыков-Щедрин сияқты орыс классиктері және батыс классиктері болды. Отызыншы жылдардың орта шенінде жазушыны М. Горькийдің ана тақырыбына жазған романтикалық әңгімелері қызықтырады. .....
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Тарих - тағылым -Тәуелсіздік

«Ата – бабаларымыз аңсаған азаттық пен тәуелсіздікті алдық.
Ендігі мәселе соны ертеңге жеткізу.
Келесі ұрпаққа, болашаққа Қазақстанның осы тәуелсіздігін аманаттау
Н.Ә. Назарбаев
Еліміз үлкен мереке қарсаңында. Ол - қазақ халқының ғасырлар бойы арман болған Тәуелсіздік мерекесі. Қазақ елінің бүкіл тарихында тәуелсіздік үшін күрес ешқашан ұмытылған емес. Менің түйгенім - ерте кезеңдерде қытай және қалмақ басқыншыларына қарсы күрестер, ата –бабаларымыздың ерлік істері ертегілеріміз бен аңыздарымызға, әдеби шығармаларымызға арқауы болып келген. Жуықта ғана шыққан «Жаужүрек мың бала» атты көркем фильмінде қазақ жастарының ел бостандығы үшін жан аямайтын күресінің бір бейнесі ғана көрсетіледі. Біздің Батыс Қазақстан өңірінде орын алған Сырым Датов, Исатай, Махамбет батырлар бастаған көтерілістер туралы өз оқулықтарымыздан, әдеби шығармалардан оқып білдім. Әсіресе, көтеріліс басшысы - Исатай мен оның жолдасы ақын Махамбет туралы біздің Жаңақала ауданының жеріндегі «Тастөбе шайқасы» жөнінде облыстық газетте көп жарияланып жүр. Жақында Ақжайық телеарнасынан осыған арналған қойылымды көрдім. Ата –бабаларымыздың тәуелсіздік жолындағы өнегелі істері көп.
Солардың бірі 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы жалпы Кеңес халқының, соның ішінде қазақ жауынгерлерінің патриоттық ерліктері, тылдағы елдің балалардан бастап, еңкейген қарияларға дейінгі бейбіт еңбегінің нәтижелі белгісі. Біздің аталарымыз неміс-фашист басқыншыларынан елімізді қорғап қалды, көбісі қан майданда қаза тауып, елге оралмады. Сол соғыста Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова апаларымыз ерлік көрсетіп, Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Олар өз өмірлерін ел тәуелсіздігі үшін құрбан етті.
Ертең тойлағалы отырған мерекеміздің орны ерекше. .....
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Тәуелсіздік - азаттық үшін алысқан мың-мыңдаған азаматтырдың қасиетті қанының өтеуі

Ұлттық патриотизмсіз ұлтты сақтап қалу мүмкін емес, ал ұлт болмаған жерде мемлекеттік деген ұғым да жойылады. Біз қазақ ұлтын сақтап қалғымыз келсе, ұлттық патриотизмді мықтап дамытуымыз қажет
Қазақ халқы

Біз – қазақ ұлты терең тарихы, бай мәдениеті, озық өнері мен шешен де маңызды тілі бар елміз. Арғы тарихымыз біздің дәуірімізге дейінгі V-ІІІ ғасырлардағы сақ, ғұн, үйсін тайпаларынан басталатын болса, «қазақ» деген атауға ие болып, қазақ мемлекетінің құрылғанына 550 жыл толып отыр. Римді жаулаған ғұн патшасы Еділ (Атилла), Кирдің басын алған Томирис ханшайым, түркі дүниесінің төріндегі Бумын, Тоныкөк қағандар, Мысыр билеушісі Сұлтан Бейбарыс, Үнді жеріне иелік еткен Бабыр, Шыңғыс хан, Абылай, Кенесары, Дінмұхамед, Нұрсұлтан есімдері біз үшін тек зор мақтаныш қана емес, рухани әлеміміздің шамшырақтары екені даусыз.
Түркі мәдениетінің жауһарлары өз дәуірінде ғана емес ХХІ- ғасырда да әлемдегі ең озық мәдениет екенін тарих дәлелдеп отыр. Египеттің пирамидаларынан Қожа Ахмет Яссауи мовзолейі, перғауындардың саркафагтарынан қазақ даласының алтын сауыттары кем емес екені әлде қашан дәлелденген. Көшпенділер өнері, шумерлік мәдениет әлемді мойындатқалы қашан.
Ғылыми зерттеулер бойынша қазақ тілінің түп атасы-түркілердің сына жазуы славян-кирилл жазуынан 15 ғасыр, грузин және армян жазуынан 10 ғасыр бұрын пайда болған. Қазақстан жер көлемі жағынан әлем бойынша 9-шы, ТМД бойынша 2-ші орынды иеленеді. Қазақ ұлты тарихта тағдыр талайын аз көрмеген халық. Жер шарының жартысын табанының астына салған дүбірлі дәуірімен бірге халқының үштен екісін жоғалтып, өз жерінде жалпы халықтың 24 пайызын ғана құраған, зиялысымен бірге ер азаматтарынан мүлде айырылып қалудың аз алдында қалған, соған қарамастан ұлттық намысын, салт-дәстүрін, діні мен тілін, ұлттық болмысын ғана емес мемлекеттігі мен жерінің тұтастығын сақтап қалған қайсар да жауынгер, кемел де кемеңгер халық......
Шығармалар
Толық
0 0

Эссе: Жанайқай

(күнделік парақтарынан)

Сәлеметсің бе, күнделік! Әдеттегідей.. сенің әппақ беттеріңе ішімде бұлқынып жатқан алапат әлемімнің бейнесін сызу үшін қаламымды қолыма қапсыра ұстап алдым. Айтайын бүгін не дертпен келдім. Жақсы көру.. иә-иә, жан жүрегіңмен сүю бақытының азаптары жайлы шер тарқатам. Көп көріп жүріп сүйікті ету емес, бір қарап ес кету.

...Мен де сенбейтін сезім болған. Солай болып қала берсе ғой, жәй-күйім дәл бүгінгідей болмас па еді.? Неге дейтін шығар иә, кім болса да? Күнделік! Ендеше мен көз моншағыммен сырымды жазайын, ал сен кіршіксіз көркіңе түртіп ала бер, бұлжытпай.

Сүйікті адамды пәк көңілменен сүю үшін оның көз әлеміндегі тұңғиыққа бір сәт қана сүңгіп, аз уақыт жанарына жанарыңды түйістірудің өзі жетіп, артылып жатыр. Рас айтам. Мен кешіп жүрген күй осы!.

.. Бір-ақ сәт қана.. дәрменім жетіп сырлы сұлулығына жанар бердім де - өз-өзіммен жүрегімнің әміршісіне айналдырдым, көңіл-күйімнің жалғыз себепкеріне, көмейіме тұнған асыл сөздерден туындайтын титтей жырларымның кейіпкері де - сол! Жүрегімнің төрінен орын да беріп қойғам, әрдайым амандығы алаңдататын қиялымдағы ғажабым да - сол жан! Өзіне жалғыз-ақ рет қарауыма мүмкіндік беріп, бүтін бір өмірімдей көретін ардақтым боп шыға келді.......
Эсселер
Толық
0 0

Өлең: Жұмағали Саин (Кәрібай шал)

Сексенде дәл осы жыл Кәрібай шал.
Ер еді тынысы кең, бейне бір нар.
Бақытты бұл колхоздың қариясы,
Не керектің үйінде бәрі де бар.
Түскен ақ сақал-мұртқа, анау шашқа,
Алтынмен жазылғандай бейне тасқа,
Қайрат пенен енбектің айғағыңдай,
Бір ғасыр үлгі болған талай жасқа.
Бір кезде балғын дене, албырт жанды
Көрдім мен, көргенсің сен осы адамды.
Ауылда сонет құрған, колхоз ашып,
Ұйқысыз өткізіп бұл талай таңды.
Лениндік біздің заман тартқанда ірге,
Мұның адал жүрегі соққан бірге......
Өлеңдер
Толық
0 0

Шығарма: Жаса мәңгі, тәуелсіздік

Тәуелсіз елдің ұлы – өжет, қызы – қайратты, халқы – қаһарман
Н.Ә. Назарбаев

Бағзы замандарда бабаларымыз алдағысын байырқалап, келер күннің еншісін қашанда көңіліне түйе жүріп тұрмыс кешкен ғой. Алып аумақта атқа қонып, жұртына жайлы қоныс іздеп жортқанының өзі де елдің ертеңін ойлағандық, келешектің тереңіне бойлағандық емес пе. Ойламаса, Асан қайғы бабамыз Желмаясымен желіп жүріп жер жәннаты Жерұйықты іздеп, әрлі-берлі сабылар ма еді. Құдайға шүкір, сол “күндіз отырмаған, түнде ұйықтамаған” бабалардың тілеуі шығар, тынымсыз тірлігінің арқасы болар, алаш жұрты бүгінде әлемнің тоғызыншы территориясы саналатын алып аумаққа тамырын жайып, Жерұйыққа бергісіз жерде өрісін кеңейтіп, түтінін түтетіп отыр. Ол бүгін солай. Ал оның ар жағында, бұл қазақ жұртының көрмегені жоқ-ты. “Жайық үшін жандасып, Қиғаш үшін қырылған” кезі де аз болмады. Бодандықтың бұғауы жанына қатты батқан кезде ғой Махамбет сынды ақиық ақынның ақыра отырып, көкейдегі күйкіге толы арман-тілегін еріксіз ақтарғаны. “Еділдің бойы ен тоғай, ел қондырсам деп едім, Жағалай жатқан сол елге, мал толтырсам деп едім…”, - деген Махамбет сынды өр тұлғалы бабалардың азаттық үшін арпалысының жақсылығын араға ғасырлар салып үрім-бұтағы, ұрпағы көрді. Осыдан ширек ғасыр бұрын ғана Қазақ елі бодандық бұғауынан құтылды. Қазақ елі......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Туған өлкем – тұнған шежіре

Көгінде күн нұрын төккен,
Жерінде гүл жұпар сепкен.
Неткен сұлу, неткен көркем!
Осы менің туған өлкем!

Ө. Тұрманжанов

«Туған жердің қадірін туғалы түзге шықпаған елдегі адам қайдан білсін?» – деп Ж.Аймауытов айтқандай, мен осы уақытқа дейін туған өлкемнен алыс кетіп, сағыныш сезімін басымнан кешіріп көрмеппін. Бірақ туған жеріме деген мақтаныш сезімім ерекше. Сол сезімнің жетегіне ере отырып, ұлттық-рухани тамырыма нәр берген туған өлкем Хромтау туралы сыр шертейін.

Біріншіден, жер қойнауы хром мен мысқа, мырыш пен никельге, қоңыр көмір мен басқа да қазба байлықтарға өте бай. Бүгінгі күні еліміз үшін аса маңызды үш ірі өндіріс орны – «Дөң» кен байыту комбинаты, «Восход-Ориел» ЖШС және «Ақтөбе мыс компаниясы» АҚ жұмыс жасайды. Жері ырысты Хромтау – астықты өңір. Егер біздің өңірге жолыңыз түссе, көктемнен күзге дейінгі дала бояуының сан түрге өзгергенін көріп, тұрғылықты халықтың ерен еңбегі мен ырысты несібесінің куәсі боласыз......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Ұлы Жеңісті жүрегімізде сақтаймыз!

Орағың өткір болса,
Қарың талмайды.
Отаның берік болса,
Жауың алмайды
Cоғыс, соғыс! Қандай қатал, қандай зілді, ауыр батпаны бар сұрапыл айқастың мағынасын ашатын ауыр сөз десеңізші. Осы бес әріптен тұратын қасіретті көп сөздің астарында қаншама тағдыр, адамның көз жасы мен талай адамның басынан кешкен елеулі оқиғасы тұр. Соғыс – адам баласы үшін ең үрейлі, ең қорқынышты сөз. Өйткені, соғыс атаулы адамзатты қырып – жоюға бағышталған. Адам, адам болғалы осылай. Талай рет үстемдік, байлық үшін адам қаны суша аққан. Кімге қажет болып, не мақсатты көздеп еді сол соғыс? Әдетте, соғысты әділетсіздік, жауыздық, қанішерлік бастайды ғой. Ол сонысымен лағынетті. Қарапайым халыққа қасірет туғызған, қарғыс арқалаған соғыс ешқашан жеңбек емес. Гитлердің жер бетінде тек асыл текті неміс халқы ғана өмір сүруі қажет деп, өркөкіректік пен шектен шыққан менмендікке бағытталған зұлым саясатының салдарынан тұтанған алапат соғысқа тек қазақ жерінен ғана аттанған мыңдаған қазақ қайтып еліне оралмады. Олар соғыс жылдарында Отанын, туған жерін жаудан асқан ерлікпен қорғай білді.
Миллиондаған боздақтар майданда шейіт болды. Біреуі әкесінен, ал біреуі жарынан, қанаты қатып, бұғанасы бекіп болмаған бауыр еті баласынан, отбасы ошақ қасынан айырған қанды айқасты ұмыту, сірә мүмкін емес......
Шығармалар
Толық
0 0