Шығарма: Мен әкеме ұқсағым келеді, еліктегім келеді

Әкең – қазақ, шешең – қазақ қарағым,
Сен де ұлысың мынау дархан даланың.
Әр халықта ұлттық намыс деген бар,
Оны биік қасиет деп санағын, деп әрбір әке баласына өсиет қалдыратыны анық.

Әке – асқар тау, ана – мөлдір бұлақ деген өнегелі ұғымды ойға түйіп, отырып мен өз әкеме ұқсағым келеді. Әкем содай мейрімді , қарапайым жан. Әкемнің ағасы, інілері бар оларда мейрімді және қарапайым адамдар. Атамызда ақ көңіл, балаларын өзінен артық көреді. Әсіресе қыздарын жақсы көреді. Менің әкем өз әкесіне ұқсайды, ал мен әкеме ұқсағым келеді. Әкем өте намысшыл, жаман қылық көрсетпеуімді талап етеді. Оның кейбір істеріне еліктегім келіп тұрады. Адам баласы отбасында нені көрсе, үлкен болып, өскенде, сол көрген нәрсені қайталауы мүмкін ғой. Менің әкеме атамыз қандай тәрбие берсе, әмекем маған сондай тәрбие беруде. Олар балалық шақтарында өте тату-тәтті болып өстік, сендер де тату болыңдар дейді,- бізге әкеміз. Менің ағам, әпкем бар. Олар анамызға жақын. Әкем өзін бізбен достық қатынаста ұстауға тырысады. Бос уқытында бізбен бірге уақыт өткізуге , мүмкіндік туғызады. Ол жұмыс көп істейді, ерте кетеді кеш келеді. Сонда да бізге көп көңіл бөледі. Әрбір мерекеге бірге барамыз. Ақылын айтып , өзі бізге үлгі көрсетеді. Оның достары көп. Сабақ орындауға ,ойнауға маған көмектеседі. Ол оқушы күнінде спортпен, би үйірмесіне баратын екен. Мен билеуді ұнатамын. Оның достары көп. Әкемнің сыныптастары, достары келгенде айтып отырады менің әкем туралы. Достары жыл сайын бізге қонаққа келеді. Әкемдер оларға барады. Олар үнемі балалық кездері туралы айтады. Маған әкем туралы тыңдау ұнайды. Ол адамдармен тез тіл табысады. Барлығын бірдей қабылдайды. Оны жұмыс орнында да сыйлайды, беделі жоғары әріптестерінің арасында.....
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Бір үзік сыр

Демім ішіме сыймай, жүгіріп, табалдырықтан аттаған бойы үйдің тыныштығына көзім жетті. Сықырлап басқан әрбір қадамым күнде көретін, қабырғада ілініп тұрған, көздерінде терең мағына жатқан, әкемнің көздерінен аумайтын суретке бүгін де көзім түсіп, қасына еріксіз жақындадым. Атам болатын. Мойнына асылып, иіскеп-иіскеп сүйіп, арқасына жүгіріп барып құшақтап, дауысын өз аузынан естімесем де, оны қатты жақсы көретінмін. Бір-ақ сурет. Мауқымды басатын. Әкем мен анамнан естіген ең әдемі, керемет сөз - «атаңа ұқсайсың» деген сөз. Әкеме келіп: «Атам қайда? Неге ол бізбен бірге емес? Неге мен атамды көрген емеспін?» деген мыңдаған сұрақтарыма естіген жауабым «Ол да сені жақсы көреді. Атаң өте алыста» деген бір ауыз сөз болатын. Мүмкін мені аузынан сүті кетпеген сәби көрді ме, әлде кішкентай кеудемдегі үп-үлкен жүрегімді жаралағысы келген жоқ па, әйтеуір сөздері ащы емес еді. Бірақ сөздері алдаса да, көз алдамайды ғой. Сұрақтарыма жауап тым кеш, қолыма жырым-жырым, беттері санаулы ғана, сарғайып, тозып кеткен, құдды бір отқа кіріп шыққандай дәптер мен бір уыс хаттарды ұстаған кезде айтылды.
Жасым отыздың жартысына келгенде ғана әкем менімен ересек адамдарша сөйлесе бастады. Жүрегім қас айырылғандай болды. Дәптерді құшақтаған күйі бөлмеме жүгіріп келіп, үстелдің астына кіріп, беттерді сабырсыздана ақтара бастадым. Атамның иісі. Бауырыма басып, қатты-қатты құшақтап алдым......
Шығармалар
Толық
0 0

Өлең: Жұмағали Саин (Жаңа жылға тарту)

Күн еді қарлы аяз,
Борандап жел тұрды,
Ескі жыл қарт ата
Кетуге бел буды.
Сөйтті де салмақпен
Артына ол қарады,
Не тапты, не берді?
Бәрін де санады...
Көзіне жарқ етті:
Табыстар, жеңістер,
Тізілді қалалар,
Түрленді жемістер.
Біреуді күткендей,
Аттанбай кідірді......
Өлеңдер
Толық
0 0

Шығарма: Атам жайлы естелік

Менің ұлы нағашы атам Құлжанов Үкітай Құлжанұлы 1918 жылы дүниеге келген. 1938 жылы Совет армиясының қатарына алынған. 1939-1940 жылдарда Совет Фин соғысына қатысып, атты әскерде болған. Әскер қатарынан 1941 жылы Ақпан айында босатылуға тиісті екен. Бірақ, Қазақстанға қайта орала алмай Ленинград қаласында қалдырылған. Совет үкіметі екінші дүниежүзілік соғыстың болатынын болжап, Ленинград қонақ үйлеріне орналастырып рұқсат етпеген. Атам Ұлы Отан соғысы жылдарында Ленинград фронтының атты әскерінде соғысқа қатынасыпты. Ленинград Фронтын басқарған лейтенант Поповтың қарамағындағы атты әскерінде «Воскресенское», «Родина Еремина» таулы жерлерінде соғысыпты. 1941жылы 8-інші Қыркүйекте блокадада қалыпты. Үкітай атамның әңгімесінде соғыста үлкен қайғылы, естен кетпес, қан жұтатын оқиғалары көп болыпты. Ойламаған жерден Неміс самалеттері бомбалай жөнелгенде, жазықсыз сәбилер, қариялар, бүтін бір жанұя да, өртеніп қаза болыпты. Соғыста бес атар мылтықпен бес рет атқанда, мылтықтың басы қызарып, тез қызып кете береді, оны суығанша күтіп отыратынбыз, Немістердің технологиялары өте күшті дамыған, қолдарында оқ жаудыратын автоматтары бар болатын, біз мылтығымызды оқтағанша, олар оқты жаудырып жіберетін, осындай кезде көптеген жауынгерлерлерімізден айрылдық. Осы кездерде әскерімізбен бірге соғысып жатқан жерімізге жауларымызды майдан сызығынан өткізіп алдық, орман арасында өзіміздің майдан сызығымызға жеткенімізше, екі аптадай уақыт зымырап өте шығатын. Соғыста азық-түлік таусылып қалатын да кездер болды. Күз айында әсіресе аш өзек жауға қарсы шабуылға шығамыз. Ертеңгі еліміздің жау қолына өтпеуі, негізгі арманымыз ғой, аштық ондайда ештеңе емес.....
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Тәуелсіз мемлекетімнің жарқын болашағы

Жаутаңдап қарап дала тұр, ,
Көз жасын сүртіп жаңа бір.
Хабарсыз ұлын сұрауға,
Жолыңды тосып ана жүр.
Қанша үйдің ұрлап адамын,
Қанша үйде сөніп қалды оттар.
Көрдің бе ұлын ананың,
Соғыстан қайтқан солдаттар?
Сырбай Мәуленов
Қазіргі таңда тәуелсіз мемлекетімнің болашағы жарқын. Келешек ұрпақтың ұйқысы тыныш, тамағы тоқ, киімі көк. Әр қазақ баласының бал- бұл жайнаған жүздерін көреміз. Аллаға шүкір, уайымсыз ,бейбіт өмір кешудеміз. Алайда, осы бейбіт өміріміздің қалай келгені, қаншама қан төгілгені туралы жадымыздан шығару мүмкін емес.
Осыдан 75 жыл бұрын жер бетін шарпыған сұрапыл Ұлы Отан соғысы келді. Халқымыздан береке қашып, тыныш ұйқымыздан айырылдық. Бұл соғыс қаншама жас қазақ жігіттерінің өмірін қиды. Қаншама ананы баласыз қалдырды, қаншама бейкүнә сәбиді асқар тауы әкесінен айырды. Қаншама нәзік жанды қыздарымызды сүйгендерінен айырды. Әрине, қайтып келгендері де болды. Бірақ, оларда саусақпен санарлықтай еді. Отанына келген жауынгер батырлардың басым көпшілігі мүгедек болды......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Жеңісті жақындатқан қаһармандар

Мен Қазақстанды жақсы көремін. Себебі мен осы елде тудым. Қазақ елі басынан талай қиындықты өткерді. Отанымның мақтанышы да өте көп. Оның тарихының түбі тереңде жатыр. Қазақтың батырлары да жетерлік. Ғалым, ғұламасы да жетіп артылады. Қазақстан даму үстінде. Өскелең жас ұрпақ оны көркейтуге атсалысуымыз керек. Қазақстанның әсем жерлері, тау мен тасы өте көп. Зерттелмегені де қаншама. Қазақтың даласы тұнып тұрған байлық. Тек оны ысырап қылмауымыз керек. Қазақтың жүрегінде мәңгілік өшпес от қалдырған жылдар, әрине, соғыс жылдары. Қазақ жерінде небір қантөгіс майдандар болған. Сонау елімізге моңғолдардың шабуыл жасауынан бастап, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жариялануына дейін қаншама майдан болды. Сондағы батыр бабаларымыз өсиет етіп қалдырған жері бабадан балаға дейін мирас болып сақталуы тиіс. Оны ары қарай жалғастырып, көркейту - біздің міндетіміз. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі. Оны әр заманда да сақтап қалуымыз қажет. Тілімізді шұбарлап сөйлеудің тіпті де қажеті жоқ. Біз шет тілде сөйлесек, өзімізден кішілерге қандай үлгі, тәлімтәрбие береміз?! Ұлы Отан соғысы - қазақтардың басынан өткерген ең бір қиын кездердің бірі. Мен әрине ондай қасіретті көрмедім. Бірақ бабаларымның ондай азап шеккені өте аянышты. Сол заманда данышпан елім «Катюшаны»ойлап таппағанда , біз мұндай бейбіт өмір сүрмес едік.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Шын жеңіске жеткен елім

Соғыс – күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын қасірет. Сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестететін газет-журнал материалдары немесе радио, телехабарлар, кинолар аталар ерлігін мақтаныш тұта отырып бізге жеткізді.
Ұлы Жеңіске биыл 71 жыл толып отыр. Жеңіс! 1945 жылдың 9 мамыры күні дәл осы шаттық хабарды естіп тұрып, бүкіл әлем теңселіп кетті. Жер жүзі халықтарының жүректері қуаныштан лүпіл қақты... Кеңес Одағының тұрғындары 5 жыл бойы күндей күркіреген соғыстың күн мен түндерінде бүкіл жігерімен жеңіске ұмтылған... Миллиондаған адамдар мерт болды. Миллиондаған адамдар мүгедек болып қалды. Миллиондаған адамдар бет алдына босып кетті. Бірақ бәрібір Берлиндегі рейхстаг үстінде жеңіс туы желбірей көтерілді. Осы жеңісте Қазақстаннан шыққан қаһарман жауынгерлердің қанымен, жанымен мына жарық өмір үшін аянбай ұмтылған зор үлестері бар еді. Біз Жеңіс күнін жақындатқан, қаратүнек фашизмге қарсы жан аямай күрескен әрбір жауынгерлерге қарыздармыз.
Ұлы Отан соғысы және Ұлы Жеңіс! Бұл екі сөз бірін-бірі толықтыра түседі.
Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды.
Неменеңе жетістің бала батыр,
Қариялар азайып бара жатыр
Бірі мініп келместің кемесіне,
Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр, - деп тебіренген Мұқағали мұңында жұмырбасты пенде үшін теңдесіз құндылық ұрпақаралық қимастық, сыйластық сезімдері мөлдіреп тұр.......
Шығармалар
Толық
0 0

Эссе: Дұрыс таңдау – адами арманның биік шыңы

Өмірде кездескен қиындықтарды көре жүріп, дұрыс қабылдаған шешіміміз- ертеңгі күннің бағдаршамы. Өйткені, сенің таңдауыңа қарай өмірдің кілті ашылады. Сол кілт бізді өз ортамызға жетелейді. Олай болса, дұрыс таңдау жасау – адами арманның биік шыңы.

Шешім дегенде бәрінің ойына түсетін бірінші таңдау мамандыққа келіп тіреледі. Мамандық таңдау – маңызды іс. Мамандық таңдау деген өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау. «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ оның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе», - деп Жүсіпбек Аймауытов айтып кеткендей ол – сенің алға қойған мақсатың. Мақсатқа жету- тек жақсы маман болу емес, сол мақсатқа жету жолындағы сенің адамдық қасиетің мен қажырлылығың. Ал, менің мақсатым – ұстаз болу. Ұстаз – таусылмайтын кен, тоқтамайтын бұлақ. Менің ұстаз болғым келетін себебі, мұғалім қоршаған ортаға, бүкіл әлемге нұр шашып тұратын жарқыраған күн секілді. «Ұстаз... Жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын, алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі», - деп әлемнің екінші ұстазы Әл – Фараби атамыз айтқандай, бар әлемге өз білгенін үйретіп, қаншама жандарды тәрбиелеп, білім көзін ашқан аяулы жан – ұстаз. Мен де осылай өз еліме, соңымнан ілескендерге ұлттық қадір- қасиетіміздің өзге ұлт өкілдерінен артық тұратын ең құнды ерекшеліктерін таныта алатындай үлесімді тигізгім келеді.......
Эсселер
Толық
0 0

Эссе: Ұлттық рух пен ой сананың кемелдігі тоғысқанда

Өзінің ұлтын сыйламаған, ұлтын мақтаныш тұта да алмайды,ол сөз жоқ арамза, тексіз әрі қаңғыбас. Б.Момышұлы

Өткен жылдан бері Қазақ халқының мемлекет ретінде қалыптасуына үлес қосқан,аянбай еңбек етіп,тынымсыз күрес жүргізген қазақ хандары,батырлары,одан кейінгі ғасырлардағы Сталиндік репрессияға ұшыраған ұлт зиялылары,Ұлы Отан соғысына қатысып,ерлікпен қаза тапқан қазақ батырлары, бертін келе, Желтоқсан құрбандары жайлы кітаптар,шығармалар оқып, олардың өмір жолына қанығып,сол тұлғалардың бойындағы еліне,ұлтына деген патриоттық сезім мен Қазақ жерінің әрбір тау-тасы мен кең байтақ жеріне, ұшқан құсына дейін бойымнан шынайы махаббат пен кіршіксіз сезімдерімді оята бастап едім. Сол қайталанбас тұлғалардың Қазақ жері мен халқына сіңірген өшпес ерлігі,еңбегі арқылы мен өз бойыма үлгі-өнеге жинап, тәлім-тәрбие алып, Тәуелсіз Қазақстанымның нағыз патриоты болып қалыптасып келемін. Асылында, әрбір патриот-өз елінің туын көкке көтеріп, мақтанышпен, зор мәртебемен оны асқақтатуды қалайды емес пе?! Сол сияқты, менің де көңілімде сондай ойлар жүретін.

1 қыркүйек күні болатын.Шашымды қос бұрымға өріп, ақ бантик пен Туымызға ұқсас көк галстук тағып әсем киініп мектепке келдім. (Биыл, Бисмиллә деп 10-сыныпты бастағалы тұрмын.) Салтанатты жиын басталуға таяпты.Келе сала Туды көтеретінімнен хабардар болып,аңтарылып,бір жағынан қуанып қалдым. Мектепте Ту көтеру мәртебесі маған бұйырады деп кім ойлаған?! Бәз біреу үшін бұл жай ғана бір жіпті тартып тұрып, Туды көтере салу шығар.Бірақ, мен үшін-өз елімнің, Қазақстанымның туын көкке көтеру зор мәртебе. Көк туды қалықтатқан кезімде, желбіреген көк Тумен бірге менің де төбем көкке жеткендей болды.Осы сәтте Тәуелсіз Елімнің аспанына қарап тұрып жүрегімдегі алапат патриоттық сезімнің күшейгенін сезіндім......
Эсселер
Толық
0 0

Шығарма: Жеңдік жауды күресте

Ер есімі – ел есінде
Сүйінші, халқым, сүйінші!
Сүйіншіге сүйінші!
Шаттан, ата-анамыз,
Шаттан, аға-бабамыз,
Кек қайтарып фашистен,
Соғыс бітті жеңіспен,
Жеңдік жауды күресте
Жасалсын той-мереке.
Т. Жароков
Міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына бірнеше жыл өтті. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің тылдағы қажырлы еңбегімен жеңісті шыңдаған, станоктың қасынан, егін даласында, күні-түні мал бағып, тынымсыз жұмыс істеген жұмысшылар, ауыл адамдары тойлайды. Бұл мейрамды біздің аяулы да даңқты әйелдеріміз - өздерінің әкелерін, ерлерін, ұлдарын және сүйіктілерін көзінен жасы сорғалай жүріп төзімділікпен күткен, олардың орнын жоқтатпаған аналар мен жұбайлар, қалыңдықтар мен қыздар тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің әкелері мен ағалары қанын төгіп, жанын қиып бақытты өмірін қамтамасыз еткен Ұлы жеңістің құрдастары тойлайды.....
Шығармалар
Толық
0 0