Ұлы Жеңіске биыл міне 75 жыл толғалы отыр. Жеңіс! 1945 жылдың 9 мамыр күні дәл осы шаттық хабарды естіп тұрып, бүкіл әлем теңселіп кетті. Жер жүзі халықтарының жүректері қуаныштан лүпіл қақты... Кеңес Одағының тұрғындары 5 жыл бойы күндей күркіреген соғыста – 1418 күн мен түндерде, бүкіл жігерімен Жеңіске ұмтылған... Миллиондаған адамдар мерт болды. Миллиондаған адамдар мүгедек болып қалды. Миллиондаған адамдар бет алдына босып кетті. Бірақ бәрібір Берлиндегі рейхстаг үстінде жеңіс туы желбірей көтерілді. Осы Жеңісте Қазақстаннан шыққан қаһарман мен жауынгерлердің қанымен, жанымен мына жарық өмір үшін аянбай ұмтылған зор үлестері мол еді. Біз жеңіс күнін жақындатқан, қаратүнег фашизмге қарсы жан аямай күрескен әрбір жауынгерге қарыздармыз. Ұлы Отан соғасы және Ұлы Жеңіс. Бұл екі сөз бір-бірінен толықтыра түседі. Ұлы Жеңістің біздің жауымыздың орасан зор құрбандықтарымен келген қасіретті арифметикасы. Осылайша біздің ата-бабаларымыз келешек ұрпақтары үшін жан аямай соғысты. Мен сол ата-бабаларымызға арнаған өлең жолдармен барынша жеткізуге тырысайын: Тәуелсіз ел тұғыры көкке өрлеген Ұлы Жеңіс дүбірі көк терлеткен Қазағым құтты болсын егеменің Байрағың желбіретсің ел тұғырын Талайлар бұл соғыста құрбан болған Жасы да, кәрісі де жерді құшқан Отаның қорғаған жан бар тәнімен Келешек ұрпағына жеңіс берген Міне бүгін тағы бір биікке өрлеп Егемендік атағын алып бердік Жеңіске бүгін міне 71 жыл Қазағым құтты болсын жеңістерін.....
1941 жылғы 22 маусым –тарихта мәңгі есте қалатын қасіретті күн.Осыдан жетпіс бір жыл бұрын осы күні Ұлы Отан соғысы басталды. Ұлы Отан соғысы майдандарында , жау тылындағы партизандар мен Еуропа елдеріндегі қарсыласу қозғалысы қатарында шайқасып , фашизм концлагерьлерінде қаза тапқан өжет , қайсар қандастарымыздың рухына бас иеміз . Соғыс салған зардап әлі күнге толық жойылған жоқ . Олардың Отан үшін қан кешкен әр қадамы , жеңісті жақындата түскен әр күні ұмытылмайды . Ұлы Отан соғысы дүние жүзі халықтарының бестен төртінің тағдырына әсер етті . Соғыс қимылдары әлемнің қырық мемлекетінің аумағында жүрді . Ең соңғы деректер бойынша бұл апатта 60 млн адам қаза тапқан . Кеңес Одағының адам шығыны ресми түрде 27 млн. деп есептелінді. Әлем 1941 жылы соғысты кім бастап , оған адамзат тарихында бұрын - соңды болып көрмеген қандай қатер төніп тұрғанын бірден сезген . Соғыс жылдары Қазақстанға Кеңес Одағының аудандарынан көптеген өнеркәсіп көшірілді. Ауыр машина жасау зауыттары , сондай-ақ тоқыма , мақта- мата аяқкиім фабрикалары Қазақстан жеріне өніпм беріп , майдан қажетін өтеуге кірісті .Қазақ халқының да Жеңіс күнін жақындату үшін қосқан үлесі зор болды......
Ешкім іштен батыр болып тумайды. Батырлық та мінез секілді өскен орта,көрген тәрбиеге байланысты қалыптасады. Б. Момышұлы Қанша уақыт өтсе де халық зердесінде мәңгі сақталатын күндер мен оқиғалар болады. Сондай күндердің бірі – Ұлы Отан соғысы мен 9 мамыр Жеңіс күні. ХХ ғасырдың аса маңызды, орасан зор тарихи мағынасы бар уақиғасы – 1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістен бізді 70 жылдан астам уақыт бөліп тұр. Әлемнің мемлекеттері мен халықтары фашизмнің құлшылығынан миллиондаған адамдардың бейнеті мен құрбандылығы арқасында сақталып қалды. Олардың теңеуі жоқ ерліктерінің ұлылығы алдында біз бүгін басымызды иеміз. Қазақстандық жауынгерлердің осы Жеңіске жету жолындағы үлесі орасан зор. Мыңдағандары өшпес даңққа бөленді, олардың есімдері тарих бетінде алтын әріппен жазылды. Сталинград түбінде жаумен шайқасқан, генерал Панфиловтың дивизиясы құрамында Москваны қорғаған қазақстандықтарды біз мақтан тұтамыз. Ұлы Отан соғысының даңқты шежіресіне алтын әріппен жазылған жауынгер жерлестеріміздің майдандағы ерлігін біз ерекше мақтанышпен бағалаймыз. Біздің халқымыздың Ұлы Отан соғысындағы қаһармандық ерлігі жеңіспен аяқталды. Бұл жеңіс 20 миллион жерлестеріміздің қанымен, тірілердің табан ет маңдай терімен келді. Соғыста ерлікпен қаза тапқан қыршын жастарымыздың қаһармандық рухы ұрпақтан – ұрпаққа мәңгі өнеге. Ер басына күн туып, етегімен су кешкен, ат басына күн туып, ауыздықпен су ішкен ауыр сын кезінде біздің ондаған мың жерлестеріміз кеуделерін оққа тосты. Олардың көпшілігі қан майданнан оралмады, хабар – ошарсыз кетіп, кейінгі тағдырлары беймәлім күйде қалғандары да аз емес. Қанды қырғынның лаңы әрбір отбасын қамтыды. Соғыс қасіретінің әлі күнге дейін жазылмаған жарасы жүрегімізді сыздатады.......
Әлі есімде, біледі жұрт, біледі, Ел басына қатер төнген жыл еді. Қимастарын қан майданға ұзатып, Қарс айырылған аналардың жүрегі. Аманжол Шамкенов Соғыс –барды жоқ ететін, тауды жер ететін, жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын ажал. 1941 жылда бастау алып, бүкіл КСРО қарамағындағы халықтың, оның ішінде қазақ халқының басына төнген бұл зұлмат та ұлы қасірет әрқайсымыздың жүрегіміздің төріне ұмытылмастай, ойып тұрып жара салды. Отан деп жүректері қарс айырылып, кіндік қаны тамған жерлерін қорғау үшін әкелеріміз, аға- бауырларымыз, тіпті апаларымызға дейін қолдарына қару алып, жалындаған жастық шақтарында қасиетті Отанымызды, туған өлкені қаңқұйлы жауға таптатпас үшін өрт пен оқтың арасындағы қанды кешуге аттанды. Асқар таудай әкеден, адал жардан, бауыр еті балаларынан айырылған ана байғұстың басына барлық ауыртпашылық түсті. Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр, азапты күндер болды. Төрт жылға созылған соғыстың көрсетпеген қиындығы, жетім- жесірді жылатпаған күні болмады. Майдан алаңына аттана алмай қалған қарттар, жас жеткіншектер мен денсаулығы жарамаған азаматтардың өкініштен өзектері өртенді. .....
Дүниеде тәуелсіз Қазақ елі бар. Әлемде егемен Қазақстан бар. Оның көп ұлтты, тату, ынтымақшыл халық бар. Қуатты экономикасы, сенімді саяси жүйесі бар. Ең бастысы – бүгіннен нұрлы, бүгіннен кемел болашағы бар. Сол күнге берік сенім бар! Нұрсұлтан Назарбаев Халықтың тілеуі бабалар арманы орындалған, Тәуелсіздігіміздің 25 жылы құтты болсын»,-деген құрбымның хаты мені ерекше жылулық нұрымен өзіне тарта түсті.Әрбір Ұлы Даланың перзенттері бұл мерекені жүрегімен сезіне және мақтана білу керек... Одан әрі досым ойын жалғастыра түсіп: - Бәйтерек –Астананың сондай-ақ менің мәңгілік мақтанышым. Мұнда өзге ұлт өкілдерінің балаларымен бірге сабақ оқимыз және ойнаймыз. Бір шаңырақтың астында тату-тәтті тұрамыз. Біздің өзгелерден ерекшелігіміз осында,- депті. Хатты оқып шығып, мен де бір сәт ой құшағына бөлендім: - Мен Тәуелсіз еліміздің бақытты ұрпағымын. Халқымызда «Бақ берерде елге ырыс қонады, ұстанған жолы дұрыс болады» деген даналық сөз бар. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Біздің жас мемлекетіміз өсіп-жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді» деген Елбасы сөзі менің келешегімнің жарқын болатынына сенім ұялатады,- дедім құрбыма жазған хатымның алғашқы сөйлемінде. Естеміс, Бумын, Ер Түрік, Сөз сөйле содан келтіріп. Білге қаған, Елтеріс, Жеңіске жеткен жең түріп Күлтегін, Тоныкөк тегіміз, Ежелгі түрік еліміз. Алтайдан Альпыға дейін Созылып жатқан жеріміз. - Құрбым, қарашы біздің Тәуелсіз жеріміз қандай кең, бабаларымыз «Мәңгілік Ұлы даланың» тарихын атының тұяғымен жазған дегені осы емес пе?. Көк айдынды Каспийден – кенді Алтайға, қарт Оралдан – ақ басты Алатауға дейінгі аралықты алып жатқан кең байтақ қазақ жеріне - тұтас алғанда: 40 Израиль, 10 Швейцария, 2 франция, 6 Албания, 5 Белгия, қос Германия сыйып кетеді екен. Қазақтың осы ұланғайыр маң даласын Қоңыраттан шыққан Алпамыс батыр, Қарақыпшақ Қобыланды, Қамбар батыр мен Ер Тарғын, Қабанбай мен Бөгенбай, Бұқарбай мен Ағыбай, үш жүздің басын қосқан Абылай, Кенесары мен Наурызбай, Жалаңтөс пен Жанқожа батырлар қоғап келді, қорған болды. Иә, бұл – Үлы Даланың тарихы.. Енді, міне, сол Тәуелсіздігімізге 25 жыл. Көне тарих халықтары өзінің ерік-жігерін, ақыл-парасатын, қажыры мен қайратын биік мұрат жолындағы жасампаздық істерге жұмылдырған кезеңдерде небір қиындықтарды еңсеріп, дамудың ғажайып асқар биігіне көтерілгенін көрсететін жарқын мысалдары көп. .....
Дүние есігін ашқалы бері біз тәуелсіз елдің ауасымен тыныс алып келеміз. Кіндік қанымыз тамған жердің қандай ыстық, әрі жақын екенін өсе келе көз жеткіздік. Отан амандығы-ел тәуелсіздігінің таңы бір дәлелі.
Көптеген адамдар тәуелсіздіктің қасіретпен келгендігін біле бермейді. Яғни, қазақ елінде болған жағдайы сезіне алмай, ұмытып жатады. Ал ата-бабамыздың сан жылдардан бері армандарын мақсатқа айналдырып жан аямай күрескен батырларымызды қалай ұмытпақшымыз? Олардың болашаққа деген сенімінің арқасында мәңгі ұмытылмас бақытты жеңіп берді. Біз үшін құрбан болғандардың ерлігі естен шығармау керек деп қорытынды шығаруға болады.
Ал енді біз жаңа заман келбетінің әдемілігін өз көзімізбен көре аламыз. Жарқыраған күнді, көк аспанды,көз тартардай керемет табиғатты, көңілді адамдарды күн өткен сайын көру қандай бақыт. Ата-бабамыздың берген бақытын жәй ала қоймай оны аманат ретінде қарастырып, қайтадан жоғалтудан аулақ болу міндетіміз деп санаймын. Осылайша біз тарихымызға көз жүгіртіп өз аманатымыз бар екенін еске түсіріп отырсақ міндетті түрде әлем картасынан ойып тұрып орын алатынай дәрежеге жетіміз. Қазіргі заманда айнала қарасақ, бақытты аманатқа ие миллиондаған адмадар жүреді, және әрқайсынын бір-біріне ұқсамайтын елге тигізер үлестері көп-ақ. Әрюбір өз елін көркейтуге байланысты міндетін атқарып жүр деген сеніммен, тәуелсіз елімізді мәңгілік дәрежеге көтереміз. Ел дамуына барша халыққа жәрдемші тұңғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың сөзіне қосылмасқа болмайды. Шыныменде "қазыр бой жарыстарын емес ой жарыстыратын заман". Мысалы осы күнге дейін әлі де аты өшпеген ұлы- ақын жазушаларымыздың өмірбаянын оқысақ олардың қолдарынан ешқашанда кітап түспеген, ерте кезден сауаттарын ашып, оқудан жалықпаған деп жазылады.......
Қара өлең қасиетін анық берген , Бойыма бабалардан дарын келген. Жыл сайын бір келетін Жеңіс күні Бабалардың рухымен анық келген. Соғыс-күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін- Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын- ажал. Сол қанді кезеңді еске түсірсек, содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, ешнәрсе ұмытылмаған. Ұлы Отан соғысы ... Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін , тарихта мәңгі қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Неменеңе жетістің бала батыр, Қариялар азайып бара жатыр. Бірі мініп келместің кемесіне, Бірі күтіп , әнеки, жағада тұр, - деп тебіренген Мұқағали мұңында жұмыр басты пенде үшін теңдесіз құндылық ұрпақаралық қимастық, сыйластық сезімдері мөлдіреп тұр. Қариялар азайып бара жатқанын әсіресе оларды ортасындағы Ұлы Отан соғысынан аман оралған ақсақалдарымыздың қарасы жыл санап азайып барады емес пе?! Солардың жанымен, күшімен, қанымен,ісімен, ерлігімен, терімен, көз жасымен, атаның туын жықпай, ананың намысы үшін туған жердің топырағын жауға таптатпай, еңіреп жүріп жауды жеңіп,тауын шағып,туын жағап, жеңістің таңбасын басқан күн-Жеңіс күні. Бұл күннің толғағы ашшы болса да, туғаны бар халқы үшін қуаныш болған күн. Сондықтан бұл Ұлы мереке. Оққа ұшқан қарулас жолдастарының аманатын арқалап. аман оралған ардагер аталарымыздың өздері қорғап,Қамқор болып оралған арттағы қалың елдің қамығып жеткен Жеңіс күнін, біз ұмытсақ та тарих ұмытпайды. Ол-өмір заңы. Біз Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіске ештеңеге теңеспейтін ғажап күшпен жеттік. Ол күш - әрине "бірлік". Қаншама халық бір тудың астына бірігіп күштерін бір арнаға салды. Ұлы Жеңіс он бес одақтас болған мемлекеттердің ортақ мерейтойы. .......
Пай! ПАй! Пай! Киелі неткен жер! Батырлар дүрілдеп өткен жер. Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер. Ғашықтар бір-бірін өпкен жер. Сарылып сал-сері кеткен жер. Бас иіп, иіскеп топырағын, Тағзым жасамай өтпеңдер! М.Мақатаев Қазақстан – Алтайдан Атырауға, Қаратаудан Көкшеге созылып жатқан қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы, ата-бабамыздың кіндігі кесілген кең байтақ жер. Жазира жерді мекендеген ата-бабамыз басынан қиын-қыстау күндерді аз кешірген жоқ. Жаугершілік замандарда қаншама батыр ұлдарынан айырылып, ұлы –құл, қызы – күң болып кетпесін деп, елін, жерін сақтап қалу жолында қаншама тер төкті. Ер басына күн туса етегімен су кешуге даяр ерлер ұлтарақтай жері үшін қасықтай қаны қалғанша аянып қалмады. Соның барлығы да жері, елі, ұрпағы үшін күресіп, жер жастанғандар. «Ер ел үшін туып, ел үшін өледі» деген мақал осыдан қалса керек. Тәуелсіздік жолында шейіт болған батырларын еліміз ұмытпай, тағзым етеміз. Айдынды көлдер, асқарлы таулар, күні от шашқан шөлдер, арналы өзендер, ну ормандар, сылдырлаған бұлақтар Қазақстан жерінде. Даласы дархан, топырағы қасиетті, қойнауы қазыналы еліміз жерінің кеңдігімен, байлығымен мақтана алады. Міне, ежелден еркіндік аңсаған қазақ халқы тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына табалдырық басты......
Әрбір адам үшін ең асыл қазына- отанын, туған елін сүю. Халық батыры Бауыржан Момышұлы былай деген екен: «Біздің тарихымыз батырға бай тарих, халқымыз батырлықты биік дәріптеп, азаматтық пен кісіліктің символы, үлгісі санаған. Батырлық , ерлік деген ұрпақтан ұрпаққа ата дәстүр болып қала бермек. Өткенін білмеген, тәлім — тәрбие, ғибрат алмаған халықтың ұрпағы — тұл, келешегі тұрлаусыз. Біздің қазақ халқы — батыр халық».
Елімізде көптеген ұлт өкілдері тұрады.Олар өзара тату-тәтті өмір сүруде.Еліміздегі ынтымақ пен бірлік мақтан етуге тұрарлықтай.Ынтымақ бар жерде бақыт бар.Біз бақыттымыз.Қазақстан Республикасы – өзінің тәуелсіз мемлекет екендігін бүкіл әлемге дәлелдеді. Енді басты міндет – осы мемлекеттің өркендеп өсуі.
Мына алтын күн алаулаған зеңгір аспанның аясында баяу қалықтаған дала бүркіті-қазақтың қыран көңілін, дарқан, бітімшіл бейбіт көңілін шырқау биікке алып шыққандай.Мазмұнына өрнегі жарасқан тәуелсіздіктің қасиетті Туы мәңгі желбіресін, күніміз мәңгі сөнбесін! Қазақ өмірінің ұлы белгісі-шаңырақтан тараған таң шапағындай уықтар аясындағы ай мүйізді, алтын қанатты ғажайып пырақтар халқымыздың болашаққа ұмтылған асқақ арманның бейнесіндей болып көрінеді.Қос пырақтың ортақ шаңырақты қанатымен қорғап тұрғаны да көп ой салады.Елтаңбада ұлы идея-Еркіндік идеясы біздің есімізге қазақтың: «Отан үшін күрес-ерге тиген үлес» деген қанатты сөзін еске салып тұратын болсын»,-деген.....