Кіріспе Еліміздің егемендік алып, тәуелсіздіктің даңғыл жолына түсуі саяси-әлеуметтік өміріміздің басты буыны - білім саласына да көптеген өзгерістер алып келді. Бүгінгі заман талаптары білім мекемелері мен ұстаздар алдына орасан зор міндеттер жүктейді. Сондықтан қазіргі таңда ауыл мектебіне, оның ішінде шағын комплектілі мектепке ерекше көңіл бөлініп, оның мәселелері мемлекеттік деңгейде көтерілуде. Ауыл мектебі - қашанда дана мен даралар шыққан білім ордасы, тәрбие мен білімнің сарқылмас кәусар бұлағы. Сондықтан да болар Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолдауымен 3 жылымызды «Ауыл жылы» атағаны, яғни сондықтан ғылыми жұмысты «Шағын комплектілі бастауыш мектепте математикадан өз бетінше жұмысты ұйымдастыру» атты курстық жұмыс жазудан бастадым. Зерттеу әдісі — педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерден тақырыпқа сай материалдар жинақтау, озат тәжірибелі мұғалімдер сабағына қатысу, бақылау ізденушілік және зерттеушілік жұмыстары. Зерттеу объектісі - шағын комплектілі мектепте оқушыларға математиканы оқыту процесі. ....