Курстық жұмыс: Экономика | ҚР ғы және шетелдердегі шағын кәсіпкерлікті қолдау құрамы

Соңғы жылдары Қазақстанда жеке тұлғалар және заңды тұлғалардың табыс алуға бағытталған кәсіпкерлік жұмысы кең даму алды.
Бүгінгі күнде кәсіпкерлік өндірістің, нарықтың дамуына ықпал етеді, яғни ол бүкіл қоғамның дамуына әсерін тигізеді. Шет елдер кәсіпкерлік жұмыстың арқасында, ал кәсіпкерлер өздерінің мемлекеттің қолдауының арқасында дамып отыр.
«Экономика біздің дамуымыздың басты басымдығы, ал экономикалық өсімнің барынша жоғары қарқынына қол жеткізу – негізгі міндетіміз болып қала береді» деп Президентіміз Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында айтқан.
Сонымен қатар Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында «Мемлекеттің бәсекелестік қабілеті елдің халықаралық аренадағы ролі мен беделінің артуынан, мемлекеттің өз азаматтарының өзекті проблемаларын шешу қабілетінен, мемлекет ұсынатын қызметтер сапасының артуынан көрінеді» деп атап айтқан. Яғни ол мемлекетіміз бәсекеге қабілетті, экономикамыз дамыған болсын деген ұсыныспен халыққа жеткізді.
Нарықтық экономиканың дамуы кәсіпкерліктің құрылуымен кәсіпкерге тәрбие берумен қадағалайды. Қазақстан өтетін экономикалық реформа кәсіпкерліктің дамуына жаңа перспективалар ашты.
Кәсіпкерліктің жақсы дамуы жеке мүлікпен экономикалық қызмет еркін болғанда кең даму алады. Қазір Қазақстан кәсіпкерлік қызметсіз іске аспайтын нарықтық қатынастың құрылу стадиясында болып тұр – және осы аксиома менің таңдалған тақырыбымның актуалдылығы болып табылады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Шағын және орта бизнестi мемелкеттiк қолдау және дамыту

Кiрiспе
Нарықтық қатынастар аясында жүзеге асырылып жатқан кәсiпкерлiк қызметтiң мемлекет тарапынан қолдау және кәсiпкерлiктiң экономика өмiрiнде аткаратын ролiнiң ұшан-теңiз екендiгi дәлелдеудi қажет етпейдi. Казiргi заманда кемелiне келiп дамып тұрған өркениеттi елдердiң қайсысы болмасын кезiнде шағын жөне орта кәсiпкерлiктi дамыта отырып, айтарлыктай дөрежеге жеткенi баршаға мәлiм.
Кәсiпкерлiк қызмет (кәсiпкерлiк) бiз үшiн жаңа, бүгiнгi таңда экономикалық және теориялық тұрғыдан әлi де болса айтарлықтай, толығымен қамтамасыз етiле қоймаған өте тың құбылыс болып табылады.
Оның өзектi проблемалары әлi де болса жеткiлiктi денгейде зерттелмеген. Сонымен бiрге, кәсiпкерлiк қызметтi реттейтiн заңдардын даму мен жетiлдiрiлуiне арналған зерттеулердiң де жоқтың қасы екенiн бiлемiз. Бүгiнде республикамызда экономиканы қайта құру жолында оның негiзi болып табылатын кәсiпкерлiк қатынастарды дамытып жандандыру оны мемлекеттiк реттеу әдiстерiн жетiлдiру күн тәртiбiндегi мәселелер бойынша бiрiншi кезекке қойылып отыр. Оған куә ретiнде Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметi тарапынан жасалынып жаткан кәсiпкерлiктi қолдау оны жандандырып нығайту туралы шараларды, сондай-ақ осы шараларды материалдық және құқықтық жағынан камтамасыз ету жөнiнде қабылданған экономикалық маңызы бар нормативтiк актiлердi атап өтуге болады. Сондықтан бiз кәсiпкерлiктi елiмiздiң шаруашылық кызметiнiн жандандырғыш күштерi деп бiлуiмiз кажет.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Экономика | Қaзaқстaн Рeспубликaсының аймақтарындағы шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды жетілдіру

КІРІСПE
Диплoмдық жұмыстың өзeктілігі: «...Шaғын жәнe oртa бизнeсті дaмыту – ХХІ ғaсырдaғы Қaзaқстaнды индустриялық жәнe әлeумeттік жaңғыртудың бaсты құрaлы» - дeп, Қaзaқстaн Рeспубликaсының Прeзидeнті Н.Ә.Нaзaрбaeвтың 2012 жылғы 17 қaңтaрдaғы Қaзaқстaн хaлқынa «Қaзaқстaн жoлы – 2050: Бір мaқсaт, бір мүддe, бір бoлaшaқ» aтты Жoлдaуындa Қaзaқстaнның eң дaмығaн 30 мeмлeкeттің қaтaрынa қoсылуы бaсты мaқсaт бoлды.
Aнглияның aтaқты мeмлeкeт қaйрaткeрі Уинстoн Чeрчиль шaғын бизнeсті дaмыту турaлы: «Бaтыс қoғaмындa кәсіпкeрлікті дaмытудың ұзaқ жылғы тaрихынa қaрaмaстaн, aдaмдaр әлі күнгe oның әлeумeттік-экoнoмикaдaғы рөлі бoйыншa бір көзқaрaстa eмeс. Шындығындa, кәсіпкeрлік жeрдің сөлі мeн нaрықтық экoнoмикaның мoтoры» дeп aтaп көрсeткeн бoлaтын. Oсының өзінeн-aқ, кeз-кeлгeн мeмлeкeттің әлeумeттік-экoнoмикaлық сaясaтының бaсым бaғытының бірі шaғын бизнeсті дaмыту мәсeлeсінe кeліп тірeлeтінін көругe бoлaды. Нaрықтық, aшық экoнoмикaғa бaғыттaлғaн Қaзaқстaнның дaмуындa дa шaғын кәсіпкeрлік қызмeті бeлгілі бір дeңгeйдe жoлғa қoйылды. Дeгeнмeн, шeшуді тaлaп eтeтін мәсeлeлeр әлі дe жeткілікті.
Шaғын бизнeс субьeктілeрі кeз-кeлгeн мeмлeкeт экoнoмикaсының дaмуындa мaңызды рөл aтқaрaды. Нaрықтық экoнoмикaсы дaмығaн eлдeрдeгі шaғын кәсіпкeрлік үлeсінe ІЖӨ 40% дaн 60% кeлeді. Oсығaн oрaй ҚР Прeзидeнті Н.Нaзaрбaeв 2010 жылы Қaзaқстaн хaлқынa жoлдaғaн «Жaңa oнжылдық – жaңa экoнoмикaлық өрлeу – Қaзaқстaнның жaңa мүмкіндіктeрі» дeп aтaлaтын жoлдaуындa: «Oнжылдықтың сoңындa шaғын жәнe oртa бизнeстің ІЖӨ-дeгі үлeсі 40%-ғa дeйін көтeрілуі тиіс» дeп aтaп көрсeткeн бoлaтын [1]. Oның стрaтeгиялық мaңыздылығын бaғaлaу үшін Қaзaқстaн экoнoмикaсының мынaдaй eркшeліктeрінe көңіл бөлу қaжeт:
- aйқын көрініс aлғaн шикізaттық бaғыт;
- қaйтa өндeу өнeркәсібінің нaшaр дaмуы;
- импoртқa тәуeлділігі;
- инфрaқұрылымының нaшaр дaмуы;
- aймaқтaр бoйыншa өндіргіш күштeрдің біркeлкі oрнaлaспaуы[2];....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | ҚАЗАҚСТАН XXI ғ ҚАРСАҢЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ БОЛЖАУЫ ЖӘНЕ ШАҒЫН БИЗНЕС ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҰТҚАСЫ

І ҚАЗАҚСТАН XXI ғ. ҚАРСАҢЫНДА. ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ БОЛЖАУЫ ЖӘНЕ ШАҒЫН БИЗНЕС ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҰТҚАСЫ......................................................................5

1.1 Қазақстандағы экономика, әлеуметтік, саясат және интеграция.......5

1.2 Қазақстандағы шағын бизнес, кәсіпкерлікті дамытудың шетелдік тәжірбиесі..............................................................................................................10

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..........................................................27 ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Банк ісі | ШАҒЫН БИЗНЕСТІ НЕСИЕЛЕУ

КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алып, нарықтық экономикаға жол ашты. Еркін экономика кезінде, алғашқы жылдары әлеуметтік – экономикалық нарықтық қатынастарда әр түрлі қиындықтарды, дағдарыс кезеңін бастан өткерді. Бұл дағдарыс өндірістің құлдырауы мен сауда – экономикалық қатынастардың жаппай бұзылуының, бағалардың қарқынды өсуі мен инфляцияның өршей түскінің салдары, мұның нәтижесінде инвестициялық белсенділік күрт төмендеді.
Қазақстан экономикасының дамуының өзекті мәселерінің бірі, қаржы – қаражат саласындағы нарықтық кезеңге бейімді, тұрақты несие жүйесінің құрылуы болып табылады.
Қолда бар ақша – қаражатсыз кәсіпорындар аяқтан тұра алмайды. Сондықтан, қолма – қол ақшасыз дамып кетудің бір жолы — банктік несиелерді кеңейту . Олар арқылы шағын, орта, ірі инвестициялық жобаларға банктерден қысқа, орта және ұзақ мерзімді несиелердің қолайлы пайыздық қойылымдарымен қанағаттандыру керек.
Несие жүиесі – жалпы банктердің (ұлттық және комерциялық) және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктік емес мекемелердің жиынтығы.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Шағын кәсіпорынның экономикалық дамуындағы алатын орны мен рөлі

Кіріспе.
Қазақстан экономикасы әкімшілік-әміршілдіктен нарықтық экономикаға өтудің қиын кезеңінде. Негізінен ТМД елдерінің үкіметтері нарықтық қайта құруларда іске асыру үшін қажетті, мынадай бағыттарды ұстануда – мемлекеттік меншікті жекешелендіру, қаржылық, несиелік саясат, құнды қағаздар нарығын құру, жалпы нарықтық инфрақұрылымды қарастыру. Кезек күттірмейтін шаралар қатарында кәсіпкерлік қызметті қолдау, шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері тұр. Экономикалық дамудың экономикалық моделі қазіргі заманғы экономикалық даму теорияларының арасында ең соңғы орында емес, оның мәні – экономика жағдайын жақсартуда жаңа шағын және орта кәсіпорындардың үлкен потенциалы бар екендігінде. Осы теорияға сәйкес мемлекет кәсіпорын белсенділікті ынталандырудың жеткілікті дәрежеде тиімді және оңтайлы әдістерін табуы тиіс. Өтпелі экономика кезеңінде экономиканы сауықтырудың маңызды факторы және дағдарыстан шығу жолындағы алғашқы қадам болып табылуы мүмкін. Кәсіпорынды дамытудың теориялық және методологиялық мәселелері отандық, сондай-ақ шетелдік ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапты. Дегенмен, бұл салада жасалған жұмыстардың бар екендігіне қарамастан, ол жұмыстарда негізінен, кәсіпорын қызметін дамытудың жалпы экономикалық көзқарастары ғана қарастырылып отыр. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Шығарма: Халқымның жарқын болашағына сенемін

Осыдан 71 жыл бұрын, дәл осы күні таң қылаң бере фашистік Германия Кеңестік Социалистік Республикалар Одағына шабуыл жасады.
Соғысты бірінші болып қарсы алғандардың қатарында Кеңес Одағының батыс шебін күзеткен ондаған мың қазақстандық-шекарашылар болды. Атақты Брест гарнизонының өзінде 1941 жылдың көктемінде біздің 3 мыңдай жерлесіміз қызмет еткен, шілде айында олардың көпшілігі әскерден елге қайтулары керек болған. Бірақ жаудың шабуылы олардың бұл жоспарларын күл-талқан етті. Соғыс өрті ішке қарай тез еніп, Брест қамалының тірі қалған қорғаушылары партизандар қозғалысына қосылды. Олардың қатарында 190 қазақстандық болған және олардың көбісінің сүйегі беларусь жерінде қалған.
Соғыс кенеттен басталғанымен, Қазақстан, бүкіл Кеңес Одағы сияқты, алғашқы күннен бастап жұдырықтай жұмылды. Республиканың түкпір-түкпірінде әскери комиссариаттарға еріктілер ағылды. Кеше ғана мектеп партасында отырған бозбалалар мен бойжеткендер де, қала мен ауыл тұрғындары да соғысқа сұранды.
Қазақстан армия мен флот үшін офицерлік кадрлар және резервтік күштер дайындауға да лайықты үлес қосты. 1941-1945 жылдары әскери оқу орындарына 42 мыңнан астам жас қазақстандық жолданды, ал Қазақстанның аумағында сол жылдары жұмыс істеген 27 әскери оқу орны толық емес мәлімет бойынша 16 мыңдай офицер дайындап шығарған. .....
Шығармалар
Толық
0 0